Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2013 в 22:30, реферат
Қазақстан кеден саясаты жалпы түрде – саяси, әлеуметтік-экономикалық қайта құруды жедел іске асыруға, оның ішкі және сыртқы экономикалық мүддесін қорғауға, оны жүзеге асыруға бағытталған саяси-құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық және т.б. шаралар жүйесі. Кеден саясаты Қазақстан Республикасы ішкі және сыртқы саясатының құрамдас бөлігі болып табылады («Қазақстан Республикасының кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы). Ол ұлттық экономиканың жан-жақты дамуына жағдай жасауға, оны сырттан келетін құрылымсыз элементтер мен басқа да бүлдіргіш әсерлерден қорғауға міндетті. Егемен мемлекеттің терең ойластырылған, жан-жақты қарастырылған кеден саясаты сыртқы экономикалық мүддені сенімді түрде іске асырады, экономиканы күйреуден сақтайды, оның сауығуы мен көтерілуіне жол ашады.