Автомобильдердің жалпы құрылысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2015 в 14:01, курсовая работа

Описание работы

Жалпы автомобиль тарихы ежелден басталады.Адам баласы өз жұмысын жеңілдетумен қатар өнімділігін арттыру үшін көптеген ізденістердің нәтижесінде автомобиль жасалған.Қазіргі таңда автомобиль көлігінсіз бірде – бір тасымалдау жұыстары атқарылмайды немесе тракторсыз бірде – бір ауыр жұмыс істелмейді.Сондықтанда олардың халық шаруашылығында алатын орны ерекше. Халық шаруашылығында автомобильдерді төрт түрлі жағдайларда пайдаланады.Олар ауыр жүктерді тасымалдау, көптеген жолаушыларды тасымалдау, көлік орнына пайдалану және спорттық мақсаттарда қолдану.

Содержание работы

КІРІСПЕ
1. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1. АВТОМОБИЛЬДЕРДІҢ ЖАЛПЫ ҚҰРЫЛЫСЫ
2. ДВИГАТЕЛЬДІҢ ТҮРЛЕРІ. ІШТЕН ЖАНАТЫН ПОРШЕНЬДІ ДВИГАТЕЛЬДЕРДІҢ ЖҰМЫС ПРИНЦИПТЕРІ
2.1. ІШТЕН ЖАНАТЫН ПОРШЕНЬДІ ДВИГАТЕЛЬДЕРДІҢ ЖҰМЫС ПРИНЦИПТЕРІ
2.2. ДВИГАТЕЛЬДІҢ ЖАЛПЫ ҚҰРЫЛЫСЫ
2.3. КАРБЮРАТОРЛЫ ДВИГАТЕЛЬДЕРДІІҢ ҚОРЕКТЕНДІРУ ЖҮЙЕСІ
3. АВТОМОБИЛЬ ТРАНСМИССИЯСЫ
4. АВТОМОБИЛЬДІҢ ЖҮРІС БӨЛІГІ
5. ҚОРЫТЫНДЫ
КОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Файлы: 1 файл

721_Dyc.doc

— 532.50 Кб (Скачать файл)

Дөңгелек аспаларының осы екі элементі, машина түрлеріне қарай әртүрлді жағдайларда жұмыс істейді және бірнеше түрлерге бөлінеді. Солардың түрлері 4.2 – суретте көрсетілген.

Дөңгелек аспалары жұмыс істеу принциптеріне қарай негізінен екі түрге бөлінеді: тәуелді және тәуелсіз аспалар. Тәуелді аспада (4.2 а – сурет) бір дөңгелектің жүріс жағдай өзгеруіне байланысты екінші дөқңгелектің де жағдайы өзгереді. Әрине бұл құбылыс машина жүрісіне жағымсыз әсер етеді. Сондықтан мұндай тәуелді аспалар жүріс жылдамдықтары онша  жоғары емес жүк машиналарында немесе жеңіл машиналардың артқы басқару қызметін атқармайтын белдемелерде пайдаланылады.

Көпшілік жағдайда, әсіресе басқарылатын дөңгелектердің аспасы үшін тәуелсіз аспалар қолданылады. Олардың өзі бірнеше түрге бөлінеді. Солардың ішіндегі бір рычагты немесе ұзындықтары әртүрлі екі рычагты немесе ұзындықтары әртүрлі екі рычагты немесе ұзындықтары әртүрлі екі рычагты немесе ұзындықтары әртүрлі екі рычагты тәелсіз аспаларда (4.2 б, г  – суреттер) дөңгелектер бір –біріне тәелсіз қозғалғанымен, қозғалған дөңгелектің өзі әрі l - бұрышына бұрылып, әрі көлденең бағытта – қашықтығына жылжиды. Осындай өзгерістер ол дөңгелектің  жұмысына жағымсыз әсерін тигізеді. Ұзындықтары бірдей екі рычагты тәуелсіз аспада (4.2 в – сурет) дөңгелек бұрылмаса да, көлденең – жылжуы болады. Ондай жылжуды болдырмайтын телескоптық тәуелсіз аспа (4.2 д – сурет). Бұл кезде дөңгелек бұрылса да, көлденең жылжу болмайды. Ал көлденең жылжуды ұзындық бағытына ауыстыратын ұзындық бойында орналасқан екі рычагты тәуелсіз аспа (4.2 ж – сурет) басқаларына қарағанда жұмысы едәуір жақсарады. Бірақ бұл кезде машинаның құрылысы    күрделірек болады. Кейбір кездерде серпімді элемент үшін, цилндрлі серіппелер мен жазық рессорлардың орнына, торсионды біліктер қолданылады (4.2 д – сурет). Ол кезде тек аспаның құрылысы қарапа»йымды болады, ал жұмыстар алғашқы аспалармен бірдей.

Осы көрсетілген аспалардың барлығында да еекі түрлі элемент болады. Олардың бірі серіппелі элемент, ал екіншісі жұмсартқыш элемент. Серіппелі элементтердің негізгі міндеті жол бедерінің әсерінен пайда болған күштерді бірден машина тұғырына бермей, өзіне қабылдау болып табылады. Сонда өзі майысып, машина тұғырына күштің біразы ғана беріледі. Ал жол бедерінің әсерінен пайда болған күш әсері тоқтаған кезде ол қайтадан жазылып, өз бойында жинақталған энергияны қайтарып машина тұғырына береді. Осылайша машина тұғырында тербеліс пайда болады.

Серіппелі элементтің әсерінен пайда болған тербелісті тоқтату үшін жұмсартқыш элементтер қолданылады Олардың міндеті осы тербелістің кинетикалық эннергиясын өзінне қабылдап, әрі қарай қоршаған ортаға таратып жіберу болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

  1. П. Жүнісбеков, М. Жетпейісов - Автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет. Астана: Фолиант, 2007.
  2. Алиев Б – Тракторлар мен автомобильдер құрлысы. Алматы: Наз 2005.
  3. Жүнісбеков П. Ж – Автомобильдің құрлысы және пайдалануы – Астана: Фолиант, 2007
  4. Родичев В – Тракторлар мен автомобильдер – Алматы: Мектеп - 1986     

 


Информация о работе Автомобильдердің жалпы құрылысы