Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Июня 2014 в 15:30, реферат
Еліміздің қазіргі қызу талқысы да, әңгімесі де, жеңісі де – ЭКСПО-2017. Бұл – үлкен жауапкершілік. Қазақстанның әлемдік деңгейдегі шараларды өткізуде тәжірибесі мол екені рас. Астананың ЭКСПО-2017 арналған негізгі тақырыбы – «Болашақ энергиясы». Бұл тақырып альтернативті энергия көздерін, «жасыл» технологияларды іздеу мен дамыту мәселесіне арналған.
Осы тұста болашағы жаңа бағыт күн батерия саласы. Күн батарея немесе күн панелі термині арқылы бірнеше біріккен фотоэлектрлі түрлендіргіш – жартылай өткізгіш құрылғыны айтамыз. Ол күн сәулесін тікелей тұрақты электрлі тоққа түрлендіреді. Кішкентай кезімізде күнделікті көріп жүрген калькулятор, плеерлер, фонарик, және тағы да басқа бұйымдарда күн сәулесінен қуат алатын батарейлердің қолданылатынын білеміз.
Бағдаршамдарды гелиоэнергетикалық қондырғылардың көмегімен қуаттау
Балтабаев Серикбай 1410000 3-курс «Автомобиль жолдары мен аэродромдарды салу және пайдалану» Ғылыми жетекші: Кенганова А.Т
Еліміздің қазіргі қызу талқысы да, әңгімесі де, жеңісі де – ЭКСПО-2017. Бұл – үлкен жауапкершілік. Қазақстанның әлемдік деңгейдегі шараларды өткізуде тәжірибесі мол екені рас. Астананың ЭКСПО-2017 арналған негізгі тақырыбы – «Болашақ энергиясы». Бұл тақырып альтернативті энергия көздерін, «жасыл» технологияларды іздеу мен дамыту мәселесіне арналған.
Осы тұста болашағы жаңа бағыт күн батерия саласы. Күн батарея немесе күн панелі термині арқылы бірнеше біріккен фотоэлектрлі түрлендіргіш – жартылай өткізгіш құрылғыны айтамыз. Ол күн сәулесін тікелей тұрақты электрлі тоққа түрлендіреді. Кішкентай кезімізде күнделікті көріп жүрген калькулятор, плеерлер, фонарик, және тағы да басқа бұйымдарда күн сәулесінен қуат алатын батарейлердің қолданылатынын білеміз. Үлкен көлемдегі күн батериялары және күн коллекторлары тропикалық және субтропикалық аймақтарда кеңінен қолданылады. Жерорта теңіз елдерінде өте көп дамып, үйдің төбесіне альтернативті электр тоғы ретінде қолданылады. Тіпті ондай күн батериялары космоста да кеңінен қолданылады.
Күн батареялары қатты кремний материалынан жасалынады, бұл жер қойнауындағы оттегіден кейін ең көп таралған элементтердің бірі. Күн батареясының әрбірі күніне 14 сағатқа жететін электр энергиясын жинайды. Шуақты күндері қондырғы 4-5 сағатта қуаттанса, күн бұлтты кезде 10 сағатқа дейін созылады.
Энергия көзі Қазақстанның да өзекті мәселелерінің бірі. Қазақстанның климаттық жағдайы күн энергиясын пайдалануға қолайлы болып табылады. Елімізде күн энергиясын өндіру мүмкіндігі жылына 2,5 млрд кВт/сағатқа бағалануда. Бірақ өкінішке орай көптеген себептерге байланысты ол қолданысқа кеңінен ене алмай отыр.
Маңғыстаудың табиғаты үшін күннен энергия өндіру әзірге ең тиімді жоба болып тұр. Жалпы өзіміздің Маңғыстау облысына тоқталар болсақ, Маңғыстаудың климаты басқа облыстарға қарағанда жазы өте ыстық. Шілде айларында орташа температура +25 – +28º С максималды температура - +43º С. Орташа температурасы +10º С-тан жоғары күндер саны орташа есеппен жылына 180-200 күнді құрайды екен. Сол себепті облысқа күн энергиясын пайдаланған өте тиімді деп ойлаймын. Жалпы Қазақстан Республикасына оның ішінде Маңғыстау облысына баламалы энергия қажет.
Ғылыми жобама материал жинақтауда зерттеу жұмыстары Жаңаөзен қаласында жүрді. Жаңаөзен қаласында 15 бағдаршам бар. Әрбір бағдаршамның орташа электр тұтынуы 1 айда шамамен 72кВт/сағ. Егер Жаңаөзен қаласында осы күн сәулесінен энергия алатын қондырғыны орнатсақ, онда орташа есеппен жылына 12960кВт/сағ. электр энергиясын, ал теңгеге шаққанда жергілікті бюджеттен – 218 764,8 теңге үнемделеді екен.
Жобаға келетін болсақ, мұнда әрбір бағдаршам бағанысының төбесіне екі тармақты панельдер орнатылады. Жоғарыда айтылып кеткендей әрбір пластина 5-10 сағат арасында қуатталып, 14 сағат бойы үздіксіз электр тоғын бөле алатын болса, екі қондырғы автоматты түрде кезектесіп қосылып отырады. Бағдаршам түнгі сағат 00.00-12.00ге дейін бірінші панельдің бойындағы тоқ көзімен жұмыс жасаса, осы уақыт аралағында екінші панель күн сәулесінен қуатталып отырады, сөйтіп 12.00-00.00 дейін автоматты түрде қосылады. Қуатталу бұлтты күндерде де, қыс мезгілінде де жүріп отырады. Бағдаршам құрылысына қуат бақылаушы құрылғылары орнатылады да, ол батареяның толық қуатсыздануына жол бермейді. Сонымен қатар бағдаршамдардың энергияны аз тұтынуының арқасында 3 тәуліктей күн сәулесінің қуатынсыз жұмыс жасай алады. Сонымен бағдаршамға тәулік бойы үздіксіз 24 сағат жұмыс жасауға мүмкіндік туады. Автономды бағдаршамдар толықтай автоматтандырылып адамның көмегін қажет етпейді.
Жобаның ерекшеліктері:
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
3. Дала мен қала газеті
Тіркелу үлгісі
Фамилиясы, аты-жөні |
Балтабаев Серікбай Кемалатдинұлы |
Оқу орны |
О.Тұрмағанбетұлы атындағы Жаңаөзен мұнай және газ коледжі |
Телефоны, факс, E-mail |
87781215985 |
Баянадама тақырыбы, секциясы |
Тақырыбы: Бағдаршамдарды гелиоэнергетикалық қондырғылардың көмегімен қуаттау
Секция –Көлік техникасы |
Информация о работе Бағдаршамдарды гелиоэнергетикалық қондырғылардың көмегімен қуаттау