Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2015 в 20:41, реферат
Кез келген автокөлік жанармай(бензин,солярка немесе газ) құюды талап етіп тұрады.Заманауи автокөлік толық бакпен 600-800 км жол жүре алады.Жалпы автокөліктің қоректендіру жүйесін адамның қоректену жүйесімен салыстыруға болады.Ең алдымен жанармайды құйып алу керек,одан кейін автокөлікті «қоректендіру» керек.Жанармай «асқорыту жүйесі» арқылы қозғалтқышқа,ал қалдық пайдаланылған газ ретінде сыртқа шығарылады.
КІРІСПЕ
1 Тарау
1.1 Карбюраторлы двигательдердіің қоректендіру жүйесі қызметтер.
1.2 Жанғыш қоспалар түрлері және олардың қасиеттері
2 Тарау
2.1 Дизель қозғалтқыштарының қоректендіру жүйесінің элементтерін диагностикалау
3 Тарау
3.1 Қоректендіру жүйесінің приборлары
3.2 Қоректендіру жүйесінің ақаулары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қоректендіру жүйесі
МАЗМҰНЫ 1.1 Карбюраторлы двигательдердіің
қоректендіру жүйесі қызметтер. 2.1 Дизель қозғалтқыштарының қоректендіру жүйесінің элементтерін диагностикалау 3 Тарау 3.1 Қоректендіру жүйесінің приборлары 3.2 Қоректендіру жүйесінің ақаулары Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі
КІРІСПЕ 1.1 Карбюраторлы двигательдердіің қоректендіру жүйесі Карбюраторлы двигательдердіің қоректендіру жүйесі жану қоспасын дайындау қызметін атқарады. Ал жану қоспасы деп жанар май мен ауаның араласқан қоспасын айтады. Ондай қоспаның құрамы двигательдің жұмыс істеу жағдайына байланысты әртүрлі болуға тиіс. Қоректендіру жүйесі осындай талаптарға сай келетін жану қоспасын дайындайды. Қоршаған ортаны қорғау мақсатында двигательден шыққан газдағы зиянды заттарды азайту көбіне қоректендіру жүйесінің жұмыс істеуіне байланысты. Мысалы: Европалық стандартқа сай дүние жүзінде карбюраторлы бензинді двигательдер пайдалануға тыйым салынған. Қазіргі автомобиль двигательдеріенде орталық және тікелей бүрку бензинді қоректендіру жүйелері пайдаланылады.
Карбюраторлы двигательдердің қоректендіру жүйесін шартты түрде үш бөлікке бөлуге болады. Олардың бірінші бөлігі жанар маймен, екіншісі ауамен, ал үшіншісі жанған газды сыртқа шығаратын бөліктер. Осылайша құрылған. Қоректендіру жүйесінің принципиалдық жұмыс схемасы 2.14 – көрсетілген. Енді сол схема бойынша құрылысы мен жұмысын талдаймыз. Двигательде жанатын жанар май қоры арнаулы ыдысқа (8) құйылады (2.14 – сурет). Карбюраторлы двигательдерде жанар май үшін көбінесе мұңайдан алатын ең жеңіл және тез буланатын қоспаларынан жасалған бензин қолданылады. Сол ыдыстағы бензин майда сүзгі (14) арқылы бензин насосымен (19) сорылып алынады. Бензин насосы двигательден қозғалыс алады. Ол үшін арнаулы білікте экцентрик орнатылған. Ол айналған Кезде насостың тұтқасын әрі – бері қозғайды да насос жұмыс істейді. Насоспен (2.15 – сурет) сорылған бензин енді карбюраторға (3) (2.14 – сурет) беріледі. Карбюраторда бензин құйылатын арнаулы қалқымасы бар қуыс жасалған. Қалқыма осы қуыстағы (4) бензин деңғгейіне байланысты жоғары – төмен қозғалып тұрады. Оның осы қозғалысы үстінде орналасқан инелі клапанға әсер етеді. Бензин насосының құрылысы 2.15 – суретте көрсетілген Газ – 53 автомобилінің мысалынджа қараймыз. Қорап (2) үстіне қосалқы қорап (7) орналасады және ол қақпақпен (6) жабылады. Негізгі қорап (2) пен қосалқы қорап аралығында мембрана (3) бекітіледі. Ол ортасында оське (10) берік бекітіліп, осьтің екінші ұшы рычагқа (13) киіліп тұрады. Мембрананы жоғары қарай серіппе (9) итереді, ал рычаг (13) арнаулы жетекке бекітілген жұдырықшша тәрізді эксцентрикпен қозғалысқа келгенде, мембрананы төмен итереді.
Ауа мен жанар майды араластыру процесін “карбюрациялық” процесс деп атайды, ал осындай жұмысты іске асыратын құралды карбюратор деп атайды. Карбюраторлы двигательдердегі қоректендіру жүйесіндегі негізгі құрал осы карбюратор болып табылады. Жоғарыда, қоректендіру жүйесінің принципилдық схемасын қарағанда тек қарапайым карбюратордың жұмысы көрсетілген. Ал двигательдерге орнатылған крбюраторлардың құрылысы өте күрделі болады. Себебі ол жанар май мен ауаны араластырып қана тұрмайды, осыған қосымша двигательдің жұмыс жағдайына қарай сол араластырып жасалынған жану қоспасының сапасын да әртүрлі етіп өзгертіп отырады. Жану қоспасын сапасына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Оның негізгі белгісі ауа мен жанар майдың өзара қатынасы болып табылады. Жалпы 1 кг жанар май толық жануы үшін 15 кг ауа қажет болады. Егер жану қоспасы осы мөлшерде жаслса, онда оныв қалыпты жану қоспасы деп атайды. Ал қажетті ауаның мөлшері аз болса, онда байытылған, керісінше болса кедейлетілген қоспа деп атайды. Осы қажетті ауа мен нағыз шығын болған ауаның қатынасын a - деп белгілесек, онда қалыпты жану қоспасының бұл коэффициенті a=1,0. Егер a<1,0 ден болса, онда байытылған, ал a>1,0 ден болса, онда кедейлетілген қоспа деп атайды. Ондай байытылған немесе кедейлетілген қоспалар бірнеше түрге бөлінеді. Егер a=0,8:0,9 мөлшерінде болса, онда ондай қоспаны аздап байытылған қоспа, ал a<0,8 ден аз болса өте байытылған қоспа дейді. Сол сияқты a=1,01 шамасына дейін аздап кедейлетілген, ал a>1,1 болса өте кедейлетілген қоспа болады. Сонымен, двигательдің жұмыс істеу кезінде карбюратор осы аталғандай қоспа жасап бере алатын қабілеті болуға тиіс.Сол үшін оның құрылысына бірнеше қосалқы қондырғылар жасалады. Олар двигательдің мынандай жұмыс жағдайына байланысты төмендегідей қоспамен қамтамасыз етуге тиіс: оталдыру кезінде жанар майдың булануы төмен болғандықтан өте байытылған (a=0,6 – 0,8) жану қоспасы; бос айналыспен немесе аз қуатпен жұмыс істеген кезде аздап кедейлетілген жану қоспасы; толық қуатпен істеген кезде аздап байытылған (a=0,8:0,9) жану қоспасы. Осыларға қосымша, двигатель бір жұмыс жағдайынан екінші жұмыс жағдайына тез ауыса қалған кезде де байытылған жану қоспасы жасалуға тиіс. Осындай двигательдің жұмыс жасау жағдайына байланысты қажетті жану қоспасының сапасын өзгертіп тұру үшін карбюратор мынандай қондырғылармен жабдықталады: іске қосатын қондырғы; бос айналыс жүйесі; басты мөлшерлегіш қондырғы; экономайзер; эконостат (кейбір ғана карбюраторларда); тездеткіш насос. Бензин мен ауа қоспасы қопарылыс тәрізді өте тез жануын детонация дейді. Двигательдің осындай жағдайда жұмыс істеуіне болмайды, өйткені поршеньге, поршень саусақтарына, шатунға және түпкі подшипниктерге соққылы күшпен, бөлшектердің жергілікті қызуымен, поршеньдердің және клапандардың жануымен, түтін шығуымен, двигатель қуатының төменделуімен және жанармай шығынының артуымен қабаттаса жүреді. Оның пайда болуына поршень мен цлиндрдің қалпақшасында күйеніңғ қалыңдауы, ерте от алу әсер етеді. Жанармайдағы октан саны деп детонациялық беріктілігі бойынша сыналатын жанармаймен бірдей болатын қоспадағы изооктан мен гептанның ппроценттік құрамын айтады. Мысалы, егер 93% изооктаннан және 7% гептаннантұратын қоспа детонациялық қасиеттері бойынша сыналатын бензинге сәәйкес келсе, онда мұндай бензиннің октан саны 93 – ке тең болады. Жанармайдағы октан саны неғұрлым жоғары болса, оның детонацияға қарсы беріктілігі соғұрлым артығыраұқ болады. ГОСТ – қа сәйкес автомобиль бензинінің маркасы Шығарылады: А-66, А- 72, А – 90, А – 95, АИ – 93 және АИ – 98. А әрпі – автомобиль бензині екендігін, ал цифры – бензиннің октан санын көрсетеді.
1.2 Жанғыш қоспалар
түрлері және олардың қасиеттері |
2.1 Дизель қозғалтқыштарының қоректендіру жүйесінің
элементтерін диагностикалау
Соңғы жылдары машиналардың жеке агрегаттары мен жабдықтарын, сондай-ақ машинаның жалпы техникалық жағдайын бұзбай бағалау диагнос-тикалау әдістері бағыты қарқынды дамуда. Оларды пайдалану ақаулықтардың санын 2…2,5 есе азайтып және техникалық ақаусыздық нәтижесінде машиналардың тұрып қалуын қысқар-тып, жөндеу аралық техникалық ресурсын 1,5…2 есе арттырып, техникалық қамтуға және жөндеуге шығыны 30…40% азайтып, машина – трактор агре-гаттарының
өнімділігін 15…20% көбейтіп, отын шығынын 15…25% төмен-детіп және
қозғалтқыштың жұмыс ұзақтығын 14…20% арттыруға мүмкіндік береді.
Машинаның жасы және оның тозуы өскен сайын отын шығынының ұлғаюы
анықталған. Мысалы ДТ-75M, МТЗ-80 тракторларының бесінші жылы пайдалану
уақытында отынның меншікті шығыны 20…25%, оныншы жылға 40% артатыны
белгілі болған. Сондықтан дизель қозғалтқыштар-ының жанармай жүйесінің
кезеңділігін, олардың жасын және қажалу дәреже-сін ескеріп, түзету қажеттігі туындайды. Жанармай беру параметрлерін диагностикалау, бағалау және бақылау белгілі әдістері осы кездегі тракторлардың жанармай беру жүйесінің жұмыс істеу ерекшеліктерін, олардың даму келешегін және олардың жағдайын бақылау құралдарының жетілдірілуін ескермейді. Олар негізінде тек қана осы жүйенің нақты жұмыс істеу барысының бүліну белгісі незінде техника-лық жағдайын және жеке элементтерінің ақаулығын анықтауға арналған.
Соңғы кезде диагностикалық параметрлерді шапшаң өлшеп алуға көп-теген
электрондық аспаптар кең қолдануда. Әрине келешекте машина-лардың
параметрлерін тіркеу және орнатылған басқару жүйесін жетілдіру барысында,
олар көптеген белгілі аспаптарды ысырып, кең колданып табуы сөзсіз.
Осы кезде Қазақстанда және ТМД елдерінде пайдаланудағы күрделі
техникалар мұндай электрондық аспаптармен онша жабдықталмаған, олар алыс
шет елдер техникаларында кең орын алған.
Күрделі техникалардың кейбір маңызды жүйелерінен диагностикалық
ақпарат алу үшін күрделі де қымбат электрондық және компьютерлік диаг-
ностикалау жүйелерін қолдану міндетті емес.
Егер де дизель қозғалтқыштарының ақаулықтарының әжептәуір үлесі
қоректендіру жүйесіне келетін болса, оның агрегаттарын диагностика-лауға
қолданылатын аспаптар өте қымбат және белгілі бір машиналар тобы-на
3.1 Қоректендіру жүйесінің
приборлары
Қоректендіру жүйесі сақтауға қолданылатын
прибордан, отынды тазарту және оны беретін,
ауа тазартатын және отын булары мен ауадан
жанатын қоспа дайындауға арналған прибордан
тұрады. Мұндай приборларға (1-сурет): жанармай
багы, сүзгі-тұндырғыш және насос, карбюратор,
ауа сүзгісі, отын өтетін түтік, енгізу
және шығару трубопроводтары, өшіргіштер
кіреді. Бұл приборлардың әрқайсысының
өзінің атқаратын қызметі бар.
^ 1 сурет. ВАЗ 2106 автомобилінің
жанармай багі
Жанармай
багі - автомобильдің май
құймай белгілі бір қашықтыққа жүруі үшін
керекті бензин құятын ыдыс. Жанармай
багі екі дәнекерленген болат металдан
тұрады. Автомобильге керекті отын сақталады.
Оны жүк автомобильдерінің кузовының
астына, жеңіл автомобильдердің
артқы жүк салғыштың астына резина төсем
арқылы екі тартпамен рамаға бекітеді.
Бактың аузы бумен ауа өткізбейтіндей
клапанды тығынмен жабылады.
Отын сүзгі-тұндырғышы —
отынды механикалық қоспалар мен су қалдықтарынан
тазарту үшін керек. Оны жүк автомобильдерінің
бензин багінің жанына рамаға бекітеді.
^ Жанармай
насосы - отынды бактан карбюраторға
жеткізіп беру үшін керек. Оны ВАЗ-2106 автомобилі
двигателінің бөлгіш білігі жағнан картерге
бөлгіш шестернясының қақпағының бүйіріне
бекітеді.
Жанармай насосы –
диафрагмалы типтьі, механикалық жетекті;
цилиндр блогының сол жағында орналасқан,
теплоизоляциялық проставкамен және реттеуші
төсемде екі шпилькамен бекітілген. Жанармайды
қолмен айдау рычагымен жабдықталған.
^ 2-сурет.
Жанармай насосы.
Карбюратор - бензин мен ауадан
жанғыш қоспаны дайындау үшін керек. Ол
двигательдің енгізу трубопроводына орналастырылған.
Қаралып отырған ВАЗ-2106
ауа сүзгісі – штампталған болат металдан
тұрады. Ауа сүзгіші корпусы карбюратордың
үстіңгі жағына 4 гайкалы болтпен бекітіледі.
Карбюратор мен ауа сүзгішінің арасына
резина төсем салынады. Ауа сүзгісінің
қақпағы 3 гайкалы болтпен бекітіледі.
Ауа сүзгішінің элементінің элементі
арнайы қатырма қағаздан дайындалады.
^ 3-сурет.
Ауа сүзгісі.
Карбюратор. Жанғыш
қоспаны дайыпдау процесін карбюрация,
осы процесті іске асыратын приборды карбюратор
деп атайды. Карбюраторлардың жұмысы бүріккіш
пульверизатор процесіне негізделген.
Карбюратор қалтқысы бар қалтқылы камерадағы
және инелі клапан мен араластырғыш камерадан
тұрады. Араластырғыш камераның ішінде
диффузор, жиклерлі бүріккіш және дроссель
орналасқан (4-сурет). Қалтқылы камера –
карбюратордың ішіндегі отынның мөлшері
мен қысымын бірқалыпта ұстау үшін керек.
Отынның бетінде қалқып жүрген іші қуыс
қалтқының рычагына инелі клапан тіреліп
тұрады. Қалтқылы камераны белгілі бір
деңгейге дейін толтырғанда қалтқы инелі
клапанды өзінің ершігіне қысып, отынның
бұдан әрі келу жолын бекітіп тастайды.
Отынның деңгейі азайғанда
^ 4 с у р е
т. Карбюратор.
қалтқы мен инелі клапан
төмен түсіп, қалтқылы камераның отын
енгізетін жолын қайта ашады. Қалтқылы
камераның жоғарғы жағында атмосферамен
жалғасып тұратын тесігі бар.
Араластырғыш камера
- диффузордан дроссельге дейінгі карбюратор,
келте трубасының бір бөлегі. Араластырғыш
камерада жанғыш қоспа пайда болады. Одан
калибрленген тесік-жиклер арқылы қалтқылы
камерамен байланыстыратын түтік-бүріккші
шығарылған. Өзара қатынасушы ыдыстар
заңына сәйксс бүрік-кіштегі отынпың деңгейІ
қалтқылы камерадағымен біршамада болады.
Бүріккіштің жоғарғы жағы араластырғыш
камераның тартылған бөлігі - диффузорында
орналасады. Карбюратордың араластырғыш
камерасы енгізу трубопроводына бекітіліп,
клапан ашылған уақытта двигательдің
цилиндрімен жалғасып отырады.
Енгізу тактісінде
двигательдің цилиндрінде жанған газдың
қысымы ыдырап азаяды, себебі бұл уақытта
енгізу клапаны ашылады да, ауаның ағымы
араластырғыш камерасына одан әрі цилиндрге
тарайды. Ауа ағымының ең үлкен жылдамдығы
онын, араласу камерасынын, ең тар жерінде
(днффузор) бүріккіш тесігінің түбінде
болады.
Қалтқылы (атмосфералық)
және араластыргыш (газ қысымының сиреуі)
камераларының ішіндегі қысым әр түрлі
болғандықтан, отын бүріккіштің тесігінен
ездігінен ағып шыққан жолында ауаның
ағынымен араласып, бұлт тәрізді тұманданған
белгілі бір қатынастағы жанғыш ұсақ қоспаға
айналады. Цилиндрлерге кіретін жанғыш
қоспаның шамасы жүргізуші кабинасынан
басқарылатын дроссель жетегімен реттеліп
отырады.
3.2 Қоректендіру
жүйесінің ақаулары
Коректендіру жүйесі
дұрыс жұмыс істемеген жағдайда қоспа
сұйык немесе қою болып, осыған сай отын
белгіленген нормадан артық жұмсалады.
Сұйық қоспа карбюратордың немесе май
жіберетін приборлардың ақауы болған
жағдайда жасалынады. Двигатель сұйық
қоспамен жұмыс істегенде карбюратор
салдырлап соғады. Двигатель қызып кетеді,
оның қуаты төмендейді. Мұның мәні мынада:
сұйық қоспа баяу жанады, ол енгізу кақпақшасы
ашылып болғанға дейін жанып үлгірмейді,
осының салдарынан қоспа енгізу түтігінде
және карбюраторда тұтанады. Сұйық қоспамен
жұмыс істегенде двигатель қызып кетеді,
қуатынан айрылады, сондықтан автомобильді
жоғары жылдамдықпен жүргізуге мумкіндік
болмайды, жанар май артық жұмсалады.Сұйық
қоспа жасалуының себептері мыналар: ауа
қақпакшасының май багы мойыншасының
тығынында қисайып кетуі, май жүргізетін
түтікшелер мен сүзгіш-тұндырғыштардың
ластанып-бітелуі; май насосының
ақаулы болуы, осы жағдайда майдың беріліп
тұруы нашарлайды немесе ол мүлде тоқтап
қалады. Бұл көбіне диафрагма дискілерінің
зақымдануы, қақпақшалардың жымдаса жабылмауы,
жетек рычагы ұшының желінуі, қалтқылы
камерада май деңгейінің төмен болуы;
жиклерлердің ластануы; карбюратор бөлшектері
қосылмаларында, карбюратор фланецінің
енгізу түтігімеп, енгізу түтігінің цилнндр
ұршықтарымен жалғасатын орындарында
ауаны сорылуы себепті орын алады.
Қою қоспа. Двигатель қою қоспамен
жұмыс істеген жағдайда өшіргіштен қара
бурыл түтін және мылтық атылғандағыдай
дауыс естіледі. Қою қоспамен ұзақ мерзім
жұмыс істегенде двигательдің қуаты жойылады,
қызып кетеді, жанар майды белгіленген
мөлшерден артық жұмсайды, жану камерасы
кабырғаларында және свеча электродтарында
қара күйе пайда болады. Қою қоспа жзсалуының
себептері мыналар: инелі қакпақшаның
тығыз жымдасып жабылмауы себепті калтқылы
камерада жанар май деңгейінің жоғарылап
кетуі; инелі клапан белдеуінің бітеліп
қалуы және жанар майдың салмағы неғұрлым
жеңіл түрлерінің (сорттарының) пайдаланылуы;
жиклер тесіктерінің желінуі; экономайзер
клапан тығыз жабылмауы; ауа жапкышының
ашылмауы. Жанар майдың жіберілуі пневматикалык
жолмен тежеліп отыратын карбюраторларда
ауа жиклердің ластануы салдарына қоспаның
қоюланып кетуі кездеседі бұл жағдайда
жиклерді үрлеп жіберу керек. Ластанылған
түтіктер қойылтылған ауамен үрлеп тазартылады,
ал сүзгіш-тұндырғыштар бөлшектеніп, таза
жанар маймен шайып, жуылады. Қалтқылы
камерадағы жанар майдың деңгейі өзгерсе,
оны қалпына келтіру қажет, тесіктері
желініп қалған жиклерлер алмастырылады,
ал тесігі ластанып-бітелген жиклерлер
қойылтылған ауамен үрлеп тазартылады.
Егер ауа жапқышы толық ашылмаса, онда
жетек тартқышының узындығын өзгертедіжәне
тығыз жалғастырылмаудың салдарынан ауа
сорылатын жағдайда бекіткіштің гайкаларын
қатайта бұрау қажет, ал бүлінген төсемді
алмастырады. Май насосындағы желінген
диафрагма дискілерінің орнына жаңасы
қойылады. Осындай ақау жол үстінде кездессе
(уақытша шара ретінде) зақымы тұспа-тұс
келмейтіндей етіліп дискілер орнынан
қозғалтылады. Насостың тығыз жымдаспай
тұрған клапандарын жуу, белдемені тазарту
керек, бұдан пайда болмаса, клапандар
ауыстырылады. Жетек рычагының сыртқы
жақ ұшы желінсе, оны қалпына келтіру немесе
алмастыру керек. Осындай ақау сапарға
шыққанда кездессе, насос корпусы астындағы
төсемнің орнына анағұрлым жұқа қағаз
төсем салуға болады. Май багы мен май
жүргізетін түтікшелердің зақымдануы,
жалғастырғыштар мен карбюратор тығынының
тығыз тартылмауы, сондай-ақ төсемдердің
ақаулы болуы ссбепті жанар майдың ағып
тұруы да қоректендіру жүйесінің кемістігі
болып табылады. Бұл ақауларды жою жағын
қарастыру керек, өйтпеген жағдайда отынның
ысырап болуымсн қатар өрт шығу хаупі
де туады. Осы ақаулар бак пен май түтікшелерінің
тесілген жерін дәнекерлеу, жалғастырылатын
жерлерді тартып, төсемдерді алмастыру
арқылы жойылады. Май багы орнынан алынып,
ішіне су толтырылғаннан кейін дәнекерленеді,
өйткені бак жарылып кетуі мүмкін.
Қорытынды
Бүгінгі оқыту жүйесінде
әртүрлі жаңа технологиялар пайдаланылып
тәжірибеге еніп нәтижелер беруде. Педагогикада
жаңа әдістер, тәсілдер, құралдар, оқулықтар,
оқыту мен тәрбие үрдісінде өзгерістер
енгізіп, олардың сапасын арттыруға бағытталады.
Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту мен
тәрбиелеудегі ең озық, тиімді әдістерін,
тәжірибелерін жалғастырып, тың жолдар
іздеу, классикалық педагогиканың озық
үлгілерін жаңашылдықпен дамыту қашанда
жалғаса бермек, қазіргі таңда оқытылатын
пәндердің оқушылардың таңдайтын мамандығына
қарай тұлғаны қалыптастыру оқушының
өзі арқылы, оның іс-әрекетін ұйымдастыру
арқылы ойлау дағдыларын дамыта отырып
жүзеге асырылады. Сабақта кейстік оқыту
технологиясын жиі пайдаланудың тиімді
жағы оқушының ақыл-ойы мен өзіндік тұжырымы
арқылы жаңа тақырыпты саналы түрде меңгеру
дағдыларын қалыптастырады. Білімді меңгеру
осы жүйенің әр сатысында дами түседі.
Қазіргі заман талабына сай жастарды автомобильдің
жалпы құрылысымен және қызметімен таныстыру;
пәннің жекелеген тарауларын оқытудың
тиімді әдістерін қарастыру; пән бойынша
оқушылардың техника-технологиялық білім
деңгейін көтеру маңызды мәселелердің
бірі болып отыр. Сондықтан да «Авто ісі»
сабағында автомобильдердің қоректендіру
жүйесі мен оған қажетті құрал-жабдықтар
түрлеріне терең талдау жасауға және негізге
алуға, икемділігі мен дағдысын қалыптастыруға
оқушыларды баулу мәселесі бүгінгі таңда
басты назарға алынуда, сонымен қатар
оқушылардың өз бетінеше инициативашылдықпен
туындап отырған проблемалық ситуацияларды
зерделу және шешім жасай білу практикалық
іс әрекет дағдылары артады.
Әдебиеттер
Момынбаев Б.,Өстеміров К. Тракторлар мен
автомобильдер пәнін оқыту методикасы:
Кәсіптік-техникалық училищелердің мұғалімдеріне
арналған оқу құралы. –Алматы: «Рауан»,
1990. -144б.
Калинский В.С. Автомобиль. –Алматы, 1976.
Плеханов И.П. Автомобиль. –М.:Просвещение,1987
Қосымша