Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2013 в 06:09, реферат
Технология дегеніміз өнім алу үшін оған керекті материалдарды өңдеу әдістері және өнім шығаруға керекті жүйелі процесс.
Кез - келген технологияның (өндірістік, әлеуметтік) негізгі бөлігі - түпкі нәтижені мұқият анықтау және оған қалай да жету.
Процестің жобасы жақсы болса, шығарылатын өнімнің қандай болатындығы анықталса, оны жасау құралдары белгіленсе, жағдай жасалса, онда өндірістік және әлеуметтік саладағы процестер «технология» деген атауға ие болады.
Педагогикалық технологиялар.
Технология дегеніміз
өнім алу үшін оған керекті материалдарды
өңдеу әдістері және өнім шығаруға
керекті жүйелі процесс.
Кез - келген технологияның (өндірістік,
әлеуметтік) негізгі бөлігі - түпкі нәтижені
мұқият анықтау және оған қалай да жету.
Процестің жобасы жақсы болса, шығарылатын
өнімнің қандай болатындығы анықталса,
оны жасау құралдары белгіленсе, жағдай
жасалса, онда өндірістік және әлеуметтік
саладағы процестер «технология» деген
атауға ие болады.
Технологияның артықшылықтары. Әдістемеге
қарағанда технологияның артықшылықтары
көп. Біріншіден технологияда түпкі нәтиже
дәл анықталады. Дәстүрлі педагогикада
мақсатқа жету жолдары анық болмайды.
Технологияда мақсат негізгі болғандықтан
оны дәл анықтауға мүмкіндік бар. Екіншіден
мақсат сүйеніп қойылғандықтан, оған жету
үшін істелетін жұмыстардың нәтижесі
объективтік әдістер арқылы тексеріледі.
Үшіншіден мұғалім дайындықсыз оқыту
процесін жүзеге асыра алмайды. Төртіншіден
әдістемеде сабақ жоспарлары – мұғалімнің
жоспары, оқыту процесінде жұмыс істейтін
мұғалім. Ал технологияда оқушылардың
оқу іс – әрекетінің түрлері және мазмұны
көрсетілген жоба жасалады. Әдістеме бойынша
әр мұғалім сабақ жоспарын өзінше тәсілдерін
ғылыми тұрғыдан суреттеу. Технолгияны
педагогикада қолдану шекарасы бар, себебі
технологияның нақты мақсаты болады. Білім
беруде мақсат қою мүмкін бе? Білім оқыту
мен тәрбие деген анықтамаға сүйенсек,
онда болмайды. Оқыту мақсаты – оқушыны
болашақтағы мамандығына керекті іс -
әрекет тәсілдеріне үйрету. Оқушының оқу
материалын қалай меңгергенін оңай тексеруге
болады. Олай болса оқытуда технологияны
қолдану әбден мүмкін. жасайды, демек сабақта
оқушылардың іс - әрекеті де түрліше ұйымдастырылады.
Өндірістік және әлеуметтік технологиялардың
айырмашылықта. Технологиялар өндірістік
және әлеуметтік деп екіге бөлінеді. Өндірістікке
табиғи шикі заттарды(мұнай, ағаш т. б.)
өңдеу технологиясы немесе одан алынған
өнімдер жатады.
Әлеуметтік технологияда адаммен жұмыс
істеліп, оның басты бір немесе бірнеше
қасиеттері өзгертіледі. Әлеуметтік технологияға
оқушыларды оқыту технологиясын жатқызуға
болады. Әлеуметтік технологияның өндірістік
технологиядан көп айырмашылығы бар.
Басты айырмашылығы өндірістік технологияның
нақты жүйелі операциялардан тұруында.
Бір жерде өзгеріс болса, іс – қимылдардың
орындары алмастырылып, нәтижені төмендейді.
Әлеуметтік технологияда түрлі шараларды
іріктеу жақсы нәтиженің кепілі емес,
себебі адамға одан басқа да жағдайлар
әсер етеді. Сондықтан әлеуметтік технологияға
нақты іріктеліп процестердің жүйесі
деп анықтама беруге болмайды. Әлеуметтік
технологияда кері байланыс орасан зор
роль атқарады. Мұғалім оқушылардың дайындық
деңгейлерін қайта - қайта тексеріп, оқу
материалын меңгермейтіндермен қосымша
жұмыс істеп, стандартты меңгертеді. Сонымен
біз жаңа материалды түсіндіру мен бекітудің
қайталанатындығын байқаймыз. Бірақ оқушылардың
бәрі емес, тек оқу материалын шала түсінгендер
ғана қайталайды.
Оқушылар дұрыс түсінбеген тақырыптар
да қайталайды.
Сонымен әлеуметтік технология әдістеменің
кемшіліктерін түзете алады. Әлеуметтік
технологияны ұйымдастыру және жүзеге
асыру өндірістік технологияға қарағанда
қиындау. Бірақ екі технология негізінен
бір - біріне жақын. Екеуі де технологияны
ұйымдастырушыға белгілі өнім береді.
Сондықтан «Әлеуметтік технология» ұғымын
«Өндірістік технология» ұғымымен қатар
қолдануға болады. Әлеуметтік технологияның
өндірістік технологиядан айырмашылығы
оның жүйесінің онша қатаң еместігі, кері
байланыстың (нашар жерді анықтау және
сол жерде қосымша жұмыстар істеу) болуында.
Педагогикалық технологияның мақсаттары.
Қазіргі мектептің ірі кемшілігі мақсаттың
жалпылама қойылуы. Түпкі мақсат адамды
жан - жақты және үйлесімді дамыту. Жақсы
ұсыныс, бірақ әлде де мағынасы дұрыс ашылмаған.
Мақсаттың оқыту мазмұнын іріктеуге, педагогикалық
процесті құруға ықпалы әлі де жеткіліксіз.
Мақсат бізге керекті түпкі нәтиже, нәтижені
көріп «Мақсатқа жеттік пе?»- деген сұрақтарға
жауап беру. Мұндай мақсатты педагогикада
«диагностика арқылы анықталған мақсат»
дейді. Диагностика арқылы оқушылардың
білім, іскерлік, дағды деңгейлері және
қабілеті анықталады, нәтижесінде оқушыға
тағы да қандай білім, іскерлік, дағдылар
беру керектігі жоспарланады.
Технологияның кезеңдері:
• Оқытудың мақсатын диагностика арқылы
қайта тұжырымдау;
• Жаңа мақсатқа жету кезеңдерін белгілеу;
• Диагностика негізінде оқытудың жаңа
мақсатын қою.
Технологияда оқушыда қалыптасатын сапа,
қасиет, іскерлік, анық суреттеледі.
Тексеру құралдары арқылы сапасы, қажеттіліктері,
іскерліктері, даму, қалыптасу деңгейлері
анықталады. Оқушының деңгейі бұрынғы
деңгейімен салыстырады, жаңа мақсат қойылады.
Сонымен мақсат анық болмаса оқу процесінің
жетілдіруіне кедергі жасалады.
Педагогикада «технология» ұғымының қолданылатын
салалар.
Бүгінгі педагогикада технология ұғымы
үш жерде қолданылуда.
• Қазір кейбір әдебиеттерде әдістемені
немесе оқытуды ұйымдастыру түрлерін
технология дейді.
• Нақты педагогикалық жүйені технология
дейді. (В. В. Давыдов технологиясы, дамыта
оқыту технологиясы т. б.)
• Қасиеттері белгілі өнім алу үшін қолданылатын
әдіс - тәсілдердің жиынтығы және жүйесі
технология деп аталады.
Технологияның бірінші анықтамасы педагогикаға
ешқандай жаңалық енгізбейді. Екінші анықтамада
бір сөздің орнына екінші сөзді қойған.
Бұрын В. В. Давыдов, Д. Б. Эльконин, Л, В.
Занков т. б. әдістемесі десе, қазір технологиясы
дейді.
Екінші анықтамада «технология» ұғымы
өндіріс саласынан педагогикаға алғаш
енген кездегі мағынасын жоғалтады.
Сондықтан үшінші анықтама дұрыс, себебі
ол өндірістік технология ұғымына жақын.
Технология дегеніміз өндірістік процесті
және оның тәсілдерін ғылыми тұрғыдан
суреттеу. Технолгияны педагогикада қолдану
шекарасы бар, себебі технологияның нақты
мақсаты болады. Білім беруде мақсат қою
мүмкін бе? Білім - оқыту мен тәрбие деген
анықтамаға сүйенсек, онда болмайды. Оқыту
мақсаты – оқушыны болашақтағы мамандығына
керекті іс - әрекет тәсілдеріне үйрету.
Оқушының оқу материалын қалай меңгергенін
оңай тексеруге болады. Олай болса оқытуда
технологияны қолдану әбден мүмкін.
Тәрбиеде жағдай басқаша. Бұл салада технологиялық
жоба арқылы керекті қасиеттерді алу мүмкін
емес деген пікірлер бар. Себебі адамға
неше түрлі жағдайлар әсер етеді. Сонымен
тәрбие процесінде бір сапаны қалыптастыруды
мақсат етіп, оның технологиясын жасау
мүмкін емес. Ол технологияны тексеретін
нақты құралдар жоқ.
Оқыту технологияның
ерекшеліктері:
• Түрлі құралдар арқылы оқушылардың
білім, іскерліктерін жиі тексеру.
• Үлгермеушілерді анықтау және іріктеу.
• Олармен қосымша жұмыстар өткізу, материалдарды
қайталау. Осы жұмыстардан кейін оқушылардың
білім, іскерліктерін тағы тексеру.
• Оқушылардың жаңа материалды меңгермеу
себептерін зерттеу және анықтау.
Оқу материалын меңгеру заңдылықтары.
Оқушы кез - келген оқу тапсырмаларын бұрынғы
меңгерген ақпараттарына сүйеніп орындайды.
Бала оқу іс - әрекетінің тиімділігі оның
жеке тәжірибесіне байланысты. Баланың
өз біліміне сүйеніп жасайтын іс - әрекетін
репродуктивтік, өткен тәжірибеге сүйеніп
жаңа өнімдер жасауын продуктивтік іс
- әрекет дейді.
Іс - әрекет үйрену репродуктивтік іс -
әрекеттен басталады. Бала ереже, алгоритмдердің
қолданып жаттығулар жаттығулар жазады,
есептер шығарады, мәтіннен түсінгенін
айтады, бір сөзбен айтқанда дайын білімдерге
ештеңе қоспайды.
Өз бетімен ізденіп біліміне білім қосса,
оқушының репродуктивтік іс - әрекетті
продуктивті (өнімді) іс - әрекетке айналады.
Оқушылар білетіндерін бір - бірімен салыстырып
өздері үшін жаңалық ашады. Осы аталған
екі іс - әрекет түрлері оқушының материалды
түсінуіне мүмкіндік жасайды. Түсініктің
4 деңгейін В. П. Беспалько зерттеген. Енді
оларға тоқталайық.
1 – деңгей (оқушылық) – репродуктивтік
іс - әрекеттің ең қарапайым түрі. Оқушы
бұрынғы білімдеріне сүйеніп, түрлі тапсырмалар
орындайды, бұрынғы тақырыптың мазмұнын
өзгертпей пысықтайды. Оқушы үлгі бойынша
есептер шығарып, жаттығулар жазады.
2 - деңгей (алгоритмдік)- репродуктивтік
іс - әрекеттің күрделі түрі. Оқушылар
алгоритм бойынша түрлі тапсырмалар орындайды.
Мысалы, мұғалім құбылыстарды оқушылардың
қалай түсінгенін мынадай жоспармен анықтайды:
• Құбылыстың сыртқы белгілері.
• Ол өткен кездегі жағдай.
• Құбылыс мәні, оның өту механизмі (құбылысты
ғылыми теорияларға сүйеніп талдау).
• Осы құбылыстың басқа құбылыспен байланысы.
• Құбылысқа сандық тұрғыдан сипаттама
беру.
• Құбылыстың зиянды ықпалдарының алдын
алу тәсілдері.
3 - деңгей (эвристикалық)
Эвристика грек сөзі - іздеп табамын, ашамын
деген мағынаны білдіреді.
Эвристикалық оқыту мақсаты – оқушыға
барлық оқу пәндері бойынша білімдік өнімдер
жасату, проблемаларды жасату, проблемаларды
өз бетімен шешуге үйрету.
4 - деңгей(шығармашылық)
Шығармашылық жұмыстардың түрлері. Оқу
пәндеріне қорғалатын білімдік өнімдердің
3 түрі бар. Дәстүрлі оқу курстары бойынша
жасалатын пәндік өнімдер: шығарма, ертегі,
құрастырылған есеп, тұжырымдалған ұғым,
ереже немесе заңдылық, бұйымдар, белгі,
таңба, ойын, викторина, қойылым, сценарий,
газеттің мазмұны. тәсілдерін ғылыми тұрғыдан
суреттеу. Технолгияны педагогикада қолдану
шекарасы бар, себебі технологияның нақты
мақсаты болады. Білім беруде мақсат қою
мүмкін бе? Білім оқыту мен тәрбие деген
анықтамаға сүйенсек, онда болмайды. Оқыту
мақсаты – оқушыны болашақтағы мамандығына
керекті іс - әрекет тәсілдеріне үйрету.
Оқушының оқу материалын қалай меңгергенін
оңай тексеруге болады. Олай болса оқытуда
технологияны қолдану әбден мүмкін.
Пән аралық және пәннен тыс өнімдер –
бір пән шеңберінен шығатын іргелі білімдік
объектілерді зерттеу нәтижелері.
Методологиялық өнімдер( талдау тәсілдері,
құрастырылған есеп, тұжырымдалған жорамалдар;
жауаптарды іздеу технологиясы, өздік
жұмысының жоспары, жұмыстың мақсатын
анықтау, жеке білімдік бағдарламалар,
оқу іс - әрекеттерін талдау, өзіне - өзі
баға беру, пікірлер, сын - пікірлер жазу).
Оқыту қандай болуы керек. Негізгі талап
- оқыту процесі арқылы оқушыға білімді
меңгеру.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Қазіргі ақпараттық қоғамда өндірістің дамуының негізгі құралы болып ақпараттық ресурстардың қажеттілігі көрінеді. Сондықтан білім беру саласы да өзінің дамуы үшін жаңа қадамдарға баруда. Осыған байланысты адамға ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқытудың жаңа технологиялары пайда болуда.
Жаңа технология – педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол мұғалімді алмастыра алмайды. Компьютер мүмкіндіктері психология мен дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалық талаптарға сай қолданылуы керек.
Білім беру жүйесіндегі қайта құрулардың негізгі субъектісі – мұғалім. Қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалімдер қажет.
Компьютерді мұғалім қосымша материалдар, әртүрлі анықтамалық мәліметтерден ақпараттар беру үшін көрнекі құрал ретінде пайдала алады. Мұғалім ақпараттанушы емес, оқушының жекетұлғалық және интеллектуалды дамуын жобалаушы. Ал бұл мұғалімнен жоғары құзырлылықты, ұйымдастырушылық қабілеттілікті, оқушыларды қазіргі қоғамның түбегейлі өзгерістеріне лайық бейімдеу, олардың зерттеушілік дағдыларын дамыту бағыттарын талап етеді.
Жаңа ақпараттық технологиямен орындалатын қызмет өзінің кез келген нақты формасында тиімдірек орындалады, адам өркениетті бола бастайды.
Ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютерде оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса барлық сабақтарды компьютерлердің қуаттануымен жүргізуді үйрену – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі.
Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану өз білімін көтеру тиімділігін де арттырады. Бұл бірінші кезекте сандық түрде жазылған ақпараттарды пайдалану кезінде қажетті мәліметтерді оңай табуға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде көптеген әлемге танымал энциклопедиялар, сөздіктер электронды түрге айналдырылған. Компьютердің көмегімен тек белгілі бір аудиторияларда ғана емес, сонымен бірге қашықтықтан оқыту үрдісі де дамып келе жатыр. Ол үшін Интернет желісіне қосылған компьютер керек. Қашықтықтан оқыту кезінде тапсырманы және онымен бірге ұсынылған оқулықтарды қарап отырып білім алғысы келетін адам өзі ізденіп, жауаптарын салып жібереді. Немесе бірлескен телеконференцияларға қатысады. Оқытудың бұл түрі анағұрлым арзан, әрі қалаған уақытыңда оқуыңа, тапсырмаларды орындауыңа мүмкіндік береді. Бұның бір мысалы ретінде 2007-2008 оқу жылының басында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевпен бірге өткізілген интерактивті сабақты айтуға болады.
Жаңа технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр.
Жаңа технология есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивтік құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді.
Оқушылардың жаңа технологиялар көмегімен қалыптасатын және жүзеге асырылатын ойлау қабілеті бұрынғы технологиялар арқылы берілетін ойлау жүйесінен өзгеше болатындықтан, тек ойлау қабілеті түсінігі ғана емес, жаңа жағдайда психикалық функциялардың басқа жақтары да қайта қарастырылуы тиіс. Осының бәрі жаңа ақпараттық және педагогикалық технологиялар жасау саласында, білім парадигмасын құруда тың инновациялық жұмыстар жүргізуді талап етеді. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалық мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді.
Қорыта айтқанда, жаңа технологиялардың көмегімен оқушылардың білімін жетілдіру мен оқу сапасын арттыруға болады. Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығып өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығы да – мектеп. Қазақ мектептерінің білім деңгейін көтеру және онда жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқу-тәрбие үрдісін тиісті деңгейге көтеру, педагогикалық ұжымның жүйелі жұмыстарының нәтижесінде ғана жүзеге аспақ.