Сұрыптау дөңесімен онын жұмысымен ондағы орналасатын белгі берумен байланыс құралдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2014 в 11:34, реферат

Описание работы

Маневр жасау әдісіне қарап сұрыптау стансасын дөңесті және дөңессіз деп айырады. Бір бағытты станса ішіне барлық тоғысатын бағыттардың пойыздарына арналған ортақ бір қабылдау паркі және ортақ бір жөнелту паркі, сұрыптау дөңесі бар станса ең прогресті болып саналады. Екі бағыттан келетін транзитті жүк пойыздары ортақ жөнелту Ж паркінің тиісті Тр1 және Тр2 жолдарына алынады. Бұл жерде вагондарды техникалық тексеруден өткізіп, жөндейді, локомотивтерді алмастырады.Қайта құрастыруға келген тақ және жұп нөмерлі жүк пойыздары қабылдау Қ паркінің Қ1 және Қ2 жолдарына қабылданады.

Файлы: 1 файл

сурыптау донеси.docx

— 14.41 Кб (Скачать файл)

Сұрыптау дөңесімен онын жұмысымен ондағы орналасатын белгі берумен байланыс құралдары

 

Маневр жасау әдісіне қарап сұрыптау стансасын дөңесті және дөңессіз деп айырады. Бір бағытты станса ішіне барлық тоғысатын бағыттардың пойыздарына арналған ортақ бір қабылдау паркі және ортақ бір жөнелту паркі, сұрыптау дөңесі бар станса ең прогресті болып саналады. Екі бағыттан келетін транзитті жүк пойыздары ортақ жөнелту Ж паркінің тиісті Тр1 және Тр2 жолдарына алынады. Бұл жерде вагондарды техникалық тексеруден өткізіп, жөндейді, локомотивтерді алмастырады.Қайта құрастыруға келген тақ және жұп нөмерлі жүк пойыздары қабылдау Қ паркінің Қ1 және Қ2 жолдарына қабылданады. Осында локомативтерді ағытып, депоға жібереді, құрамды сұрыптауға дайындау операцияларын жасайды және оларды сұрыптау дөңесіне шығарады.

Құрамды дөңесте сұрыптап болған соң сұрыптау С паркінде вагондарды жинақтау процесі басталады және құрамды құрастыруға кіріседі. Құрастыру біткен соң дайын пойыз құрамдары жөнелту Ж паркінің Ж1 және Ж2 жолдарына ауыстырылады. Локомотивті құрамға тіркеп және вагондардың тежеуіштерін тексеріп, пойызды баратын жеріне жөнелтеді.

Бір бағытты сұрыптау стансасының тәуліктік өңдеу қабілеті 6000 вагонға дейін жетеді. Егер өңдеу қабілетін одан да көбейту қажет болса, екі бағытты сұрыптау стансасы салынады. Бұл стансада сұрыпталуға келетін тақ бағытты  пойыздарды қабылдау үшін Қ1 паркі, сұрыптау дөңесі Д1 мен сұрыптау паркі  С1 және стансаның өзі құрастырған  және транзитті  тақ пойыздарын жөнелту үшін  жөнелту Ж1 және Тр1 паркі бар. Осыларға ұқсас  жұп бағытқа арналып Қ2, С2, Ж2, Тр2 парктері жобаланады.

Сұрыптау дөңесі  автоматтандырылған, механикаландырылған және механикаландырылмаған болып бөлінеді. Автоматтандырылған және механикаландырылған дөңесті вагондарды тежейтін арнайы  құрылғылармен (вагон жүрісін баяулатқыштар), бағыттамалар мен сигналдарды орталықтандырумен  немесе ДАО-мен жабдықтайды.

Сұрыптау дөңесі  негізгі үш бөліктен : көтерме бөлігінен , дөңес  төбесінен  және құлама бөлігінен тұрады.

Итерме бөлігіне  еңістігі 0,008 дөңес  төбесіне қарай  жоғарылаған  аралығы  50 м –ден  кем емес жол бөлігі жатады. Бұл вагондарды  ағытуды , қажетті жағдайда  тоқтатуды жеңілдетеді.

Дөңестің төбесі деп – құлама және итерме бөліктерінің түйіскен жеріндегі  жазықтықты айтады.

Құлама бөлігі дегеніміз – дөңестің төбесінен есепті нүктеге дейінгі арақашықтықтығы. Есепті нүкте  дөңестің төбесінен  сұрыптау паркінің  алқымындағы  жолдардың бірінің ең алыс орналасқан шекті қадасынан 50-10 метрлік қашықтықта орналасады. Дөңестің төбесі мен  есепті нүктенің биіктік  деңгейлерінің айырмасын  дөңестің биіктігі деп атайды.

Механикаландырылған  дөңестің құлама бөлігінде,әдетте екі тежеуіш  шебін салады. Ол жылдамдатқыш  еңісінен соң орналасады және  бағыттамаларды  бұрып, баяулатқышты  тежеуге дайындап  үлгеру үшін вагон топтарының ара қашықтығын реттеп шектейді. Екінші  тежеуіш шебін нысаналау деп атайды. Оларды сұрыптау паркінің әрбір жол тобының алдына орналасады. Олар  шептен өткен вагондардың сұрыптау  жолдарында  тұрған вагондарға мүмкіндігінше жақынырақ келуін қамтамасыз етуге тиіс. Вагондар тобын нақтырақ тежеу үшін  сұрыптау паркінің әрбір жолының бас жағына парктік баяулатқыштар деп аталатын механикаландырылған немесе автоматтандырылған тежеуіш башмактары қойылады. Кейбір жағдайда вагондарды нақты тежеу қол тежеуіштерінің көмегімен атқарылады.

Сұрыптау дөңесiнiң жұмыс технологиясы

Дөңестiң жұмыс технологиясының үрдiсi құру кезiнде – пойыздарды тарқату және құрастыру операциялары мен вагондарды ажырату және жинақтау.о перацияларының неғұрлым параллельдi болуын және осы операциялардың орындалуын қадағалау керек. Бұл тиiмдiлiк дөңесүрдiстерiнiң механизацияландырылу және басқаруына және алдыңғы тәжiрибелiк тәсiлдердi қолданудан туындайды.

Алдымен ерекшегi туралы қысқаша жазу керек. Одан соң және уақыттарын анықтау керек.

 Пойыздарды  сұрыптау дөңесiнде тарқату мен тарқату-құрастыру технологиялық уақыты келесi операциялардан тұрады:

tт-құрамды қабылдау паркiнен сұрыптау паркiнiң тартым жолына...қабылдау паркiнен дөңеске итеру уақыты;

tажы- вагондарды дөңестен ажырату уақыты;

tот- сұрыптау паркiндегi құрамға келу уақыты.

 

 


Информация о работе Сұрыптау дөңесімен онын жұмысымен ондағы орналасатын белгі берумен байланыс құралдары