Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2015 в 18:04, курсовая работа
Сабақтың мақсаты: Балаларды қарындаш, қылқалам, қағазды маңызымен таныстыру. Сурет салуға ынта-ықыласын, қызығушылығын тудыру. Қылқаламды дұрыс ұстап, палитраны пайдалана білуге, яғни қылқаламды бояуға батыру, қағаз бетіне сүйкей жағу тәсілдерін үйрету. Сызықтар мен сүйкей жағу ұғымдарын түсіндіру.
Қажетті құралдар: бояулар, қылқалам, палитра, қағаздар, су, сүлгі, қылқалам қоятын тұғырлар.
1-сабақ.
Сурет. Тақырыбы: Сиқырлы қылқалам
Сабақтың мақсаты: Балаларды қарындаш, қылқалам, қағазды
маңызымен таныстыру. Сурет салуға ынта-ықыласын,
қызығушылығын тудыру. Қылқаламды дұрыс
ұстап, палитраны пайдалана білуге, яғни
қылқаламды бояуға батыру, қағаз бетіне
сүйкей жағу тәсілдерін үйрету. Сызықтар
мен сүйкей жағу ұғымдарын түсіндіру.
Қажетті құралдар: бояулар, қылқалам,
палитра, қағаздар, су, сүлгі, қылқалам
қоятын тұғырлар.
Сабақтың барысы: Тәрбиеші сабақты қылқалам жанында әңгімелеуден
бастайды.
- Балалар, ерте кездегі адамдар сурет
салуды бастағанда олардың қолында ештеңе
жоқ және өздері де икемсіз болыпты. Олар
бейнелерді саз балшықтан немесе тастан
қашап жасайтын болған. Алғашқыда олардың
құралдары саусақтары болса, одан кейін
таяқшаны, шөптерді пайдаланған. Адамдарға
қылқаламды жасауға ой туғызған құстың
қауырсыны болды. Қазір де кейбір халық
шеберлері өрнек салуға қаздың қауырсынын
пайдаланады. Ертедегі қылқалам пайда
болғанда оның сыртқы пішіні онша әдемі
болмады, Таяқшаға жылқының қылын байлап
алып, сурет салуға пайдаланды. Дегенмен
де бұл да қылқалам деп есептелді. Тәрбиеші
көркем сөз оқиды. "Қарындаш". Н.Айтов.
Қызыл-жасыл, қарасын,
Қолға кезек аласың.
Қарындашпен әр түрлі,
Алуан сурет саласың.
Қарындаштың көмегі,
Міне, қандай көп еді.
Ұштай біл де, ұстам біл,
Түрлі өрнек төгеді.
Шығарманың мазмұны жайында балалардан
сұрау. Әңгімелесу Қарындаш деген сөзді
өзі түркі тілінде "қара", "таш"
(тас) деген мағынаны білдіреді екен. Бұрынғы
кезде сендердің қолдарыңдағыдай қарындаштар
болмаған. Оқушылар бормен немесе қорғасынмен
жазған, ал суретшілер күміс таяқшалармен
сурет салған. Оған теріден түтікшелер
жасаған, олар желініп қалғанда таяқшаны
ұштап отырған.
Бір нәрсе ала шұбар, қара тұмсық,
Қарсақ басқан ізі қисық-қисық,
Өзі жансыз, жандының күшіменен,
Борайды ат үстінде желдей есіп. (қарындаш)
Түрлі түсті қарындаштарды жасау үшін
алуан түрлі түс беретін қоспалар (пигменттер)
пайдаланылады екен. Бояулар туралы әңгімелеу.
Ерте, ерте, ертеде - көп мың жылдар бұрын
жер бетінде алғашқы адамдар өмір сүрген,
олар бірде қолдарына саз балшықты алып,
оған салуға болатынын байқап көрген.
Бұрынғы кездегі тасқа, жерге салынған
суреттерде суретшілер осындай материалдарды
пайдаланған. Мұндай саз балшықтардың
және есімдіктерді бірнеше түс беретінін
білген соң бұрынғы кездегі "әскерлер"
өздерінін беттеріне және денесіне осында
бояулармен сурет салып алатын болған.
Кейін келе әйелдер мұнда бояуларды әдемілікке,
косметикалық құрал ретінде пайдаланатын
болды.
Акварель бояу - бұл суда жақсы еритін
бояу. Ол мөлдір жәй қағазға жақсы жұғады.
Акварель бояуларды дайындағанда оларды
құрамына бал да қосатын болған. Оларды
"балды" бояу деп атаған. Ал гуашь
бояулардың негізгі құрамы - бор, оған
пигменттер қосылған.
Технологиялық деректер:
1. Қылқаламмен жұмыс істеудің негізгі
ережелерін түсіндіру.
а) қылқаламды суда қалдыруға болмайды;
э) сурет салып болған соң қылқаламды
жуып, тазалап қою керек;
б) қылқаламды орнына қойғанда қылы бар
жағын жоғарыға қаратып орналастыру керек;
2. "жағыс" және "сызықтар" ұғымдары
туралы түсінік беру. Балалардың өз бетінше
жұмыстары.
Тапсырма: Балалар өз еріктері бойынша
шағын топтарға бөлініп, "Жаз" тақырыбына
сурет салады. Бір топ қарындашпен, екінші
топ бояуларды пайдаланып, жұмыс жасауларына
болады.
Балалар жұмыстарын талдау.
Көбелекті бейнелеу
Ашық сабақ Сынып: 1 Семей 2011 Төрт гүл жапырағы да жыбырлады, Көбелектер қалай пайда болады? Тек осы барлық маңызды үрдістер аяқталғаннан кейін жаңа көбелек өмірге келуге дайын. Ақ адмирал бұл Нимфалидтер тұқымдасының көбелегі. Оны орманды жерлерден солтүстік Британиядан, Еуропа және Азияның көп бөлігінен табуға болады. Осы түрдің таралу аймағы Жапонияға дейін жетті. Голубянка тұқымдастары күндізгі көбелектерге жатады және 5 мыңнан астам түрін құрайды. Голубянкалар Байкал маңында көп таралған. Лимонница көбелекті Еуропа, Азиядан және тіпті Африканың солтүстігінен табуға болады. Бұл - он үш айға дейін өмір сүруі мүмкін, шынымен, осы уақыттың көп бөлігін ұйқымен өткізетін, ұзақ өмір сүруші көбелектердің бірі. Монарх көбелегі бүкіл әлем бойынша жақсы танымал. Жиырмасыншы ғасырдың басынан, көшпелі көбелек атауымен танымал Жаңа Зеландия және Австралиядан табуға болады. Оның қанаттары жақсы танымал қызғылт сары қара әшекеймен ерекшеленеді. Қанаттарының құлашы 8,5-12,5 сантиметрді құрайды. Түздегі аяқжол. |
Мақсаты : Оқушыларға сәндік қолданбылы өнер туралы түсінік беру. Өнер түрлерімен таныстыру.
Дамытушылығы: Жас жеткіншектерге ұлттық өнер ерекшеліктерін сезіну қабілетінің қылыптасуына ықпал ету, оқушылардың ой қиялын дамыту.
Тәрбиелігі: Оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа баулып, эстетикалық тәрбие беру
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, технология
Көрнекілігі : ыдыс аяқтар, қолөнер заттары, плакат, сөзжұмбақ, ребус, мақал-мәтелдер.
Құрал – жабдықтар: қалам, қағаз, түрлі түсті бояу.
Типі : жаңа білімді меңгерту сабағы
Түрі: дәстүрлі сабақ
Әдіс тәсілдері : көрнекілік, сұрақ-жауап, іздену жұмыстары.
Сабақтаң барысы : І Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушылармен амандасу
Ә) Оқушыларды түгендеу
Б) Құрал-жабдықтарын тексеру
В) Назарларын сабаққа аудару
ІІ. Жаңа білімді меңгеруге дайындық
А) Ребус шешу
Балалар жаңа сабақты бастамас бұрын ребус шешейік. Қандай сөз шықты? Шебер, зергер, Өте дұрыс. Шебер, зергер деп қандай адамды айтамыз? Сәнді әшекейлі өнермен айналысатын адамды айтамыз. Ендеше, бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз - сәндік қолданбалы өнер.
ІІІ. Жаңа білімді меңгерту
Балалар сендерге жаңа сабақ түсінікті болу үшін сабақты сатылай талдап көрсетейін.
Тақырыбы : Сәндік қолданбалы өнер
Сәндік қолданбалы өнер деп тек қана практикалық жағынан ғана емес, эстетикалық жағынан мәні жағынан да маңызды дайындалған және көркем жасалған өндірістік немесе қолөнер арқылы өмірге келген көркем туынды жасауды айтады. Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнерінің көп ғасырлық тарихы бар. Бұл саланы ұзақ уақыт бойы зерттеген ғалымдар баршылық. Атап айтсақ, академик Ә.Марғұлан, зерттеуші этнографтар С.Қасиманов, Ө.Жәнібеков, Х.Арғынбаев т.б.
материалдар
(ағаш, сүйек, тас, әйнек, табиғи
және жасанды заттар (
байланыстылығы
( кескіндеме, мүсін өнерімен)
Сәндік қолданбалы өнердің түрлері
А) керамика ( терракота, майолика,фаянс, фарфор)
Ә ) Әйнек (ыдыстар, құмыра, құрылыс бөлшектері, мозайкалар)
Б) Көркем оймыш ( ағаш, тас, сүйек, пластмасса)
В) металдана жасалған бұйымдар (зергерлік бұйымдар, үстел үсті мүсіндері, жарық беретін құралдар)
Г) Жиһаздар , текстиль (сәндік маталар, кілемдер)
Д) Ойыншықтар
Қай халықтың болса да тұрмыс-тіршілігіне қажетті әдемі бұйымдар мен заттарды дүниеге әкелген қолөнер болады. Солардың ішінде біздің қазақ халқы қолөнерінің дамуы ерекше. Қолөнермен айналысатын адамды төрт топқа бөлуге болады.
Қолөнер
Ұста
1. Ұста – қару –жарақ, ер –тұрман, сауыт- сайман жасаумен шұғылданады.
2. Шебар – ағаштан әртүрлі бұйым жасайтын адам.
3. Зергер – алтын мен күмістен сырға, алқа, білезік жасайтын адам.
4. Ісмер – ұлттық киіммен айналысатын, қолынан іс келетін адамдар
Тұрмысымызда сәндік қолданбалы өнер өте көп қолданылады.
Оқулықпен жұмыс
Алқаның суретін салу
ІV. Жаңа сабақты пысықтау
Сөзжұмбақ . «Ұлттық киімдер»
1. Ұлылардың бас киімі /тақия/
2. Хан сұлтандар киетін бас киім. /айырқалпақ/
3. Ұлттық аяқкиім / мәсі/
4. Әйелдер киімі /камзол/
Әйелдердің аяқ киімі /башпақ/
Ойын. «Диірменді қозғалт»
1. Бас киімге /қыздарға/ тағылатын әшекей /шекелек/
2. Белге тағатын сәндік бұйым /белдік/
3. Мойынға тағатын зергерлік зат /алқа/
4. Құдағиға сыйлайтын сәндік зат / жүзік
5.Түйме орнына тағатын әшекей /қапсырма/
6. Құлақ әшекейі /сырға/
V. Жаңа сабақты қорытындалау
1. Зергерлік бейнелеу өнерінің қай түріне жатады ? / сәндік қолданбалы өнер/
2. Ағаштан жасалған заттарды кімдер жасайды /шебер/
3. Ісмер деген кім ?
4. Ұста деген кім ?
Бағалау . Салыстырмалы түрде
VІ.Үйге тапсырма
Камзол, сәукеленің суретін салу.