Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2015 в 18:27, реферат
Ауыл шаруашылығына арналған тракторлар мынандай негізгі бөліктерден құралады: двигатель, трансмиссия, жүргізгіш блок, басқару механизмдері және қосалқы жабдықтар.
1. Трактордың жалпы құрылысы
2. Мотор, трансмиссия, жүріс бөлігі
3. басқару механизмі және қосымша жабдықтар
4. Қорытынды
5. Пайдаланған әдебиеттер
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
БАӨЖ
Тақырыбы: Тракторлар мен автомобильдердің жалпы құрылысы
Семей 2015
Жоспар:
Трактордың жалпы құрылысы.
Ауыл шаруашылығына арналған тракторлар мынандай негізгі бөліктерден құралады: двигатель, трансмиссия, жүргізгіш блок, басқару механизмдері және қосалқы жабдықтар. Олардың әрқайсысы әр түрлі қызмет атқаруға арналған. Двигатель негізгі қуат көзі болып табылады. Ол жанған отынның алынған жылу энергиясын тракторге жүргізуге керекті механикалық энергияға айналдырады. Энергияны бір түрден екінші түрге айналдыратын двигатель қондырғыларының бірнеше түрлері бар.Оардың бір электр қуатын екіншісі судың немесе желдің ағындық энергиясын т.б. энергияны механикалық энергияға айналдырады. Бірақ солардың ішіндегі ең қолайлы түрі жылу двигательдері. Оларды жанған отынның жылулық энергиясын механикалық энергияға айналдыратындықтан жылу двигательдері деп атайды.
Жылу двигательдері іштен және сырттан жанатын двигательдер болып екіге бөлінеді. Сол еккуінің көп тараған түрі іштен жанатын двигательдер. Себебі, олардың басқаларына қарағанда көптеген артықшылықтары бар. Іштен жанатын двигательдердің өзі жұмыс принциптеріне қарай екі түрге бөлінеді. Олар: дизельді және карбюраторлы двигательдер. Ауыл шаруашылығы тракторларында тек дизельді двигательдер қолданылады. Двигательден алынған механикалық қуатты трактор жүріс бөлігіне жеткізетін механизмдерді трансмиссия деп атайды. ОЛ негізіне мынандай міндеттер атқарады. Двигательден алынған айналдыру моменті жүріс дөңгелектерін айналдыруға керекті моменттен бірнеше есе аз болғандықтан трансмиссияның көмегімен двигательдің айналдыру моментін жүргізгіш дөңгелекке бірнеше есе арттырып жеткізеді. Жұмыс кезінде тракторға түсетін күш атқаратын жұмыс түріне байланысты азайып немесе көбейіп отырады. Сол күш азайғанда трактордың жүріс жылдамдығын арттыру немесе керісінше болғанда жылдамдықты азайту қызметінде трансмиссия атқарады. Ол үшін жылдамдықты өзгерткіш арнаулы қорап қолданылады. Осыоарға қосымша трансмиссия двигательден алынған қуатты алдымен трактордың ұзындық бағыты бойынша сондықтан кейін жүріс дөңгелектеріне көлденең бағытта бұрып беру қызметін атқарады.
Құрылыстарына қарай трансмиссия бірнеше түрге бөлінеді. Олардың негізгілері механикалық, гидромеханикалық, электромеханикалық және т.б . Тракторларда көбінесе механикалық трансмиссия тек кейбіреулерінде ғана гидромеханикалық немесе электромеханикалық трансмиссиялар қолданылады. Сол себепті төменде механикалық трансмиссиялар туралы анықтама береді.
Жүріс бөлігі тракторды жер бетімен қозғалту қызметін атқарады. Ол жүргізгіш мүше мен тұлғадан тұрады. Трактор тұлғасына рама, жартылай рама немесе жоғарыда айтылған механизмдердің қораптары жатады. Сондықтанда тракторларды тұлғасының түріне қарай рамалы және рамасыз тракторлар деп бөледі. Трактордың барлық механизмдері осы тұлға арқылы бекітіледі.
Жүргізгіш
мүшелер құрылысына қарай
Тракторлардың алдыңғы осіне бекітілген дөңгелектер көпшілік жағдайда, бағыттаушы дөңгелектерқызметін атқарады. Солардың трактор тұлғасына қарағандағы орналасу жағдайын өзгерту арқылы трактордың жүріс бағытын өзгертеді.
Шынжыр табанды жүргізгіш мүшелер жетектеуші дөңгелекпен (жұлдызшамен) ілінісіп тұратын шынжырдан құралады. Жетектеуші дөңгелек айналған кезде өзімен бірге шынжырды да айналдырады. Ал шынжырлар тірек дөңгелектері арқылы жерге тиіп тұрғандықтан онымен ілініске келеді де трактордың тартк күшіне туғызады.
Басқару механизмдері трактордың жоғарыда көрсетілген бөліктерінің жұмыстарын басқаруғаарналған. Олар көбінесе иінді немесе гидравликалық механизмдерден құралады. Қосалқы жұмысшы бөліктерге трактордың тіркеу немесе аспалы саймандары, тракторшының жұмыс орны (кабинасы( және тағы сол сияқтылар жатады. Олар көбінесе негізгі бөліктердің қызметін жақсарту үшін және басқа да қосалқы қызметтерді атқаруға арналған.
Қорытынды
Автомобильдер құрылысы жағынан өте күрделі машиналар қатарына жатады. Өйткені оның құрамына бірнеше механизмдер мен жүйелер кіреді және олардың құрылыстары әр түрлі болады. Кузов тасылатын жүкті орналастыруға арналған. Сондықтанда ол таситын жүктің түріне қарай әртүрлі болады. Мысалы жүк таситын машиналардың кузовы науа тәрізді жасалып жүргізуші отыратын кабина жасалады. Ал адам таситын жеңіл машына мен автобустардың кузовына орындықтар қойылып тиісті санитарлық жағдайлармен қамтамассыз ететін қондырғылыр орнатылады.
Двигатель автомобильдің жүруіне және басқа жұмыстарға арналған қажетті қуатты тудыратын бөлігі. Оның негізгі жұмыс принципі энергияның бір түрін екінші түріне айналдыру болып табылады. Осы двигательден алынған механикалық энергия автомобильлдің жүргізгіш дөңгелегіне беріледі де ол жол бетімен жанасып автомобильді қозғайтын күш тудырады.Сөйтіп автомобиль жол бетімен жүруге мүмкіндік алады. Сондықтанда двигательдің басқа осындай жұмыс атқаратын генератордың айырмашылығы, двигательден тек қана механикалық энергия алынады, ал генераторларда энергияның басқа түрлері де алынуы мүмкін. Мысалы электр энергиясы, жылу энергиясы т.с.с.
Шасси деп автомобильдің жол бетімен жүруге арналған бірнеше қондырғыларын біріктірілген бөлігін айтады. Оған трансмиссия алдыңғы және артқы белдемелер жүретін дөңгелектерімен машина тұғыры дөңгелек аспалары рульдік және тежегіш қондырғылар кіреді.осы қондырғылардың әрқайсысы белгілі бір жұмысты атқаратын бірнеше механизмдермен жүйелерден тұратын күрделі қондырғы болып табылады.
Трансмиссия двигательден келген қуатты машинаның жүретін дөңгелегіне жеткізіп беретін қондырғы. Ол тек қуатты тасымалдап қана қоймайды оны машина қажетіне қарай түрлендіріп өзгертіп береді.Себебі машинаға жүргізуге қажетті күш көп болған жағдайда автомобильдің артқа қарай жүруін де қамтамассыз етеді. Сөйтіп трансмиссия көптеген қызмет атқаратын күрделі қондырғы.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Алиев Б., Жүнісбеков П. Тракторлар мен автомобильдер. Алматы. 2005.
2. Ю. И. Воронов, Л.Н. Ковалев, А.Н. Устинов Ауыл шаруашылғы машиналары, 2005
Информация о работе Тракторлар мен автомобильдердің жалпы құрылысы