Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2014 в 23:22, реферат
Макартур Дуглас – америкалық әскери басқарушы, жоғары лауазым – әскер генералы атағын иеленуші, филиппиндік әскер фельдмаршалы, көптеген ордендер мен медальдар иегері.
Қысқаша өміріне тоқаталатын болсақ, генерал Макартур Арканзас штаты, Литтл-Рок қаласында 1880 жылы дүниеге келген. Оның әкесі генерал-лейтенант кіші Макартур Артур, ал анасы Макартур Пинкней Харди болып, әкелік туысқандық Шотландияның ең таным әрі ежелгі кландарының тұқымына жатты. Әкесі 1861-1865 жылдардағы Американың Азамат соғысына қатысып, америкалық әскер тарихындағы ең жас полковник болды.
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті
Халықаралық қатынастар факультеті
Халықаралық қатынастар кафедрасы
Тақырыбы: Макартур Дуглас – тарихи маңызы бар тұлға
Орындаған: Жакенова Бағдат Ғарыпжанқызы
ХҚ-23тобы
Тексерген: Болысбекова Мөлдір Қиясбайқызы
Астана 2014 жыл
Макартур Дуглас – тарихи маңызы бар тұлға
Макартур Дуглас – америкалық әскери басқарушы, жоғары лауазым – әскер генералы атағын иеленуші, филиппиндік әскер фельдмаршалы, көптеген ордендер мен медальдар иегері.
Қысқаша өміріне тоқаталатын болсақ, генерал Макартур Арканзас штаты, Литтл-Рок қаласында 1880 жылы дүниеге келген. Оның әкесі генерал-лейтенант кіші Макартур Артур, ал анасы Макартур Пинкней Харди болып, әкелік туысқандық Шотландияның ең таным әрі ежелгі кландарының тұқымына жатты. Әкесі 1861-1865 жылдардағы Американың Азамат соғысына қатысып, америкалық әскер тарихындағы ең жас полковник болды. Дугластың екі ағасы болды. Малькольм кішкентай кезінде аурудан қайтыс болды, Артур ІІІ Теңіз академиясын аяқтап, әскери флотта қызмет етуге кетеді. Дуглас Вест-Пойнттағы мәртебелі әскери академияға түсуге тырысты, бірақ медициналық комиссиядан өте алмады. Анасы Дугласты түсіру үшін екі амал жасады: біріншіден – Милуоки қаласына көшті, себебі, мұндағы АҚШ Конгрессінің Өкілдер палатысының делегаты Вест-Пойнтте маңызды орынға ие болды; екіншіден – арқа омыртқасын түзеп, емдей алатын АҚШ-ның ең жақсы маманын табуға тырысты.
1898 жылы Дуглас осы амалдардың арқасында Вест-Пойнтке қабылданады. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде ол Францияда 42-і «Радуга» дивизиясының штаб басшысы ретінде қызмет етті. Кейін 84-і жаяу әскер бригадасының командирі атанды. Соғыстың бітуіне бірнеше апта уақыт қалғанды, Дуглас дивизия командирі шеніне көтерілді. Соғыс уақытында ірі жетістіктерге жетіп, екі крест, жеті Күміс жұлдыз, құрметті қызмет белгісі мен екі Қызылкүрең жүрекше ордендерімен марапатталды. 1906-1916 жылдары президент Т.Рузвельттің әскери кеңесшісі қызметін атқарады. 1919 жылы Макартур Вест-Пойнт әскери академиясының бас қолбасшысы дәрежесіне көтерілді. 1923 жылы Филиппин мен АҚШ-да әскерде қызмет етіп, 1930 жылы АҚШ әскерінің штаб басшысы шенін иеленді. Перл-Харборға шабуыл күні Макартур Филиппиндағы одақтастар әскерін басқарды. 1935 жылы Филиппин тәуелсіздік жолындағы жаңа статусқа ие болғанда, Макартур Маниладағы квази-үкіметтің әскери кеңесшісіне айналады. Филиппин қорғанысындағы басқарушы рөлі үшін 1942 жылдың 1 сәуірінде Құрмет Медалімен марапатталды. Макартур Жаңа Гвинеяда 1942 жылдың шілдесінен бастап, 1943 жылдың қаңтарына дейін одақтастардың контр шабуылын басқарды. 1945 жылдың алғашқы айларында Филиппинді жапондықтардан азат етті. Германияның үлгісі бойынша Жапонияны бөлу жоспары жасалды, бірақ ол іске аспады. 1945 жылы 2 қыркүйекте америкалық «Миссури» линкорында одақтастар әскерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы ретінде Жапонияның капитуляциясын қабылдайды. Жапонияның америкалық оккупациясының жеті жылдық уақыты ішінде Макартур Жапонияның Жоғарғы билігін жүзеге асырды. Осы Жапонияда одақтастардың оккупациялық әскерлерінің Бас Қолбасшысы ретінде Макартур соғыстан кейінгі реформаларды жүргізіп, жаңа жапондық Конституцияны жасауға көмектесті. Осы уақыт ішінде мемлекеттің саяси элитасын ауыстырмай, ескі құрылымның қалдықтарын жойды. Оның адамгершіліктік саясаты үшін «тәжі кигізілмеген король» атағын алды. Жапондық әскери қылмыскерлерге қатысты жүргізілген Токийлік процессті ұйымдастырды. Бұл процесс уақытында оның қысымы мен ықпалының арқасында жапондық әскери қызметшілер айыпты деп саналып, дарға асылды.
1950 жылдың шілдесінен бастап Макартур Корей соғысында БҰҰ-ның әскерін басқарды. Нәтижесінде солтүстіккорейлік әскер жеңіліс тапқан Инчхон десанттық операциясының авторы болды. Осыдан кейін Макартур Солтүстік Кореяда қарсыласын аңду туралы шешімді қабылдайды. Оның қытай әскерінің күшін толық түрде бағалай алмауы 1950 жылдың соңындағы қытайлық шабуыл кезінде БҰҰ-ның күштеріне үлкен зардап тигізді. 1951 жылы Макартур шабуылды жалғастырғанымен, Гарри Труменнің бұйрығы бойынша қызметтен кетеді. Көптеген тарихшылардың айтуынша, бұл шешімнің мәнісі әскери әрекеттерді жүргізуге байланысты туған қарама-қайшылық. Қызметтен босатылған соң, Дуглас Макартур саясатқа араласып, 1952 жылғы мемлекет басшыларының кампаниясына қатысты. Корей соғысының аяқталуымен, яғни Корея Республикасы мен Корей Халық Демократиялық Республикасы арасындағы келісімнен соң президент Эйзенхауэрге кеңестер береді. Макартур Дуглас 1964 жылы 5 сәуірде дүниеден өтеді. Тарихтағы ең елеулі оқиға «Макартур ультиматумы» қалған, ол бойынша 1951 жылдың 23 наурызында Макартур Қытай Халық Республикасына бағытталған радиодан «Кореяда қытай әскері шабуылын тоқтатпаса, ҚХР қарсы ядролық қаруды қолданамыз» ультимативті хабарландыруын жариялады. Сол уақытта Макартур Дуглас 70 жаста болды.
Макартур Дугласты соғыстың басындағы Филиппиндегі сәтсіздігі үшін көпшілік кінәраттайды, бірақ бұл тұлғаның Америка Құрама Штаттары тарихындағы ең маңызды, танымал, дана қолбасшы екенін айтпау мүмкін емес. Кейбір тарихшылар оның әскери әрекеттерді жүргізуі мен болжау өнеріне байланысты оны «соғыс Құдайы» деп атайды.
Информация о работе Макартур Дуглас – тарихи маңызы бар тұлға