Шәкәрім өлеңдеріндегі имандылық концепциясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2014 в 14:08, доклад

Описание работы

Артына мол мұра қалдырған Шәкәрім Құдайбердіұлы 1858 жылдың 24 шілдесі күні бұрынғы Семей облысының Абай ауданында туып, 1931 жылдың 21 қыркүйегінде сол мекенде қайтыс болды. Ол асқан ақындығына қоса, жазушы, аудармашы әрі композитор болған. Шәкәрім - ұлы Абайдың немере інісі, нақтырақ айтсақ, Құнанбайдың үлкен әйелі Күнкеден туған Құдайбердінің баласы. Құдайберді 36 жасында қайтыс болғанда, Шәкәрім жеті жаста екен. Ұлы Абайдың «атадан алтау, анадан төртеу» дегендегі аталас ағасы осы Құдайберді болады. Жастай жетім қалған Шәкәрім атасы Құнанбайдың бауырында өсіп ержетеді. Ақындыққа баулып тәрбиелеген ұлы Абай оның әйгілі ақын болып қалыптасуына елеулі үлес қосады.

Файлы: 1 файл

Шәкәрім өлеңдеріндегі имандылық концепциясы.docx

— 121.36 Кб (Скачать файл)

 

Дін жолы - иман жолы, имандылық жолы.

 

Дінсіз адамның арды аттауы, қиянатқа баруы оңай. Өйткені ол дінсіздіктің нәтижесінде құдайдан қорқу сезімінен ада. Шәкәрім мұның мағынасын терең түсінген ғұлама. Сондықтан да өз өлеңдерінде: "Қиянаты бардың иманы жоқ", - деп жазып кеткен.

«Насихат» деген өлеңінде ақын ғылымның пайдасын, адамзат қоғамының өркендетудегі орнын жоғары бағалай келіп, надан, залым, айлакер, арам ниетті адамдарға ғылым үйретсе, ол әрі пайдасыз, әрі қауіпті дегенді айтады. «Шын залымға берме ғылым, ол алар да жоқ қылар. Қаруым дер, кісі атып жер, ол ғылымды айла етер» дейді.

Арлы адам дегенде халық арасында кімдерді айтады? Бойында ұят, қайрат, жігер, жауапкершілік, кісілік, намыс, талап, ерлік секілді асыл қасиеттері бар адамды айтады.

Шәкәрім өлеңдерінде жиі кездесетін сөздерінің бір парасын алып қарағанның өзінде ар ілімі деген бір ұғымның қауызына сияр жүздеген сөзді табуға болады: жан, тән, көңіл, рух, ар, ұят, ұждан, ақыл, ой, сана, сезім, түйсік, парыз, борыш, намыс, жігер, қайрат, ынсап, қанағат, парасат, ындын, нәпсі, қайырым, рахым, мейірім, залым, әділ, зұлым, адал, алал, халал, абырой, сабыр, талап, арам, харам, өтірік, шын, дос, қас, тату, араз, жақын, дұшпан, іс-әрекет, еңбек.

 

 

 

Жер жүзiне қарасам,

Неше түрлi халық бар.

Дiн, иманын, санасам,

         Мыңнан артық анық бар.

«Бұл қалай?» деп ойласам,

Мұның да бiр сыры бар.

Терең ойға бойласам‚

Дәл мынадай түрi бар:

Жардың шашы сансыз көп‚

Ол санауға келмей тұр.

Анық нұры осы деп,

Әркiм бiр тал ұстап жүр.

Бiреу отқа жағынды:

«Нұрдың түбi – Құдай»,– деп.

Не суретке табынды:

«Олай емес‚ былай»,– деп.

Бiрi: «Құдай – бiр»,– десе‚

Бiрi айтады: «Көп Құдай».

Бiрi: «Тәңiрi – күн»,– десе‚

Бiрi дейдi: «Жоқ Құдай».

Мiне‚ осыдан байқалды –

Бәрi iздеп жүр иесiн.

Табамыз деп ойға алды‚

Жаратқанның киесiн.

Жас қозыдай болып тұр‚

Бiлсек мұның мысалы.

Қолтық, шабын түртiп жүр‚

Анық соған ұқсады.

Ойды кiмнен алғанын

Адам өзi сезбейдi.

Жанның айдап салғанын

Сезбесе де iздейдi.

Хақиқаттың тарауы

Түгел жетпей қалмайды.

Әртүрлi боп қарауы

Көбi анықтай алмайды.

Жердiң жүзiн дәл тауып‚

Ешбiр дiн жоқ орныққан.

Бәрiнде де бар қауiп‚

Дiн көбейдi сондықтан.

Сол көп дiнде шешу бар‚

Ол шешудiң арты бар.

Адасқанға кешу бар‚

Кешудiң де шарты бар.

Ақ жүрекпен табынып,

Шын iздесе тәңiрiсiн.

Қиянатты жау бiлсiн‚

Онан тиып нәпсiсiн.

Тәңiрi жолы – ақ жүрек‚

Сайтан деген – қиянат.

Ақ жүректi ертерек‚

Ескер-дағы қыл әдет!

Үш нәрсеге хақиқат,

Нансаң, иман, тіпті, оңай.

Күнә деген – қиянат,

Жан жоғалмас, бар Құдай.

Осы үшеуін ақылмен,

Әбден сынап нана алсаң,

Ақ жолына қойдың ден,

Анық ұғып қана алсаң.

 

 

 

 

 

Қырықтан соңғы иманым,

Отыз жылдай жиғаным,

Көп ғалымның сөзiнiң

Ақылға алдым сыйғанын.

Молдалардың әдiсiн,

Пайғамбардан хадисiн,

Әулиелiк жадысын –

Алмадым ақыл тыйғанын.

Айтса да қандай ғалым зат,

Дәлелсiз болса, бәрi – оғат.

Даусыз таза хақиқат,

Жолында жанды қиғаным.

Үйретсем иман адамға,

Әлiмге, мейлi наданға,

Қолы жүйрiк, көзi өткiр,

Көңiлi соқыр шабанға.

Түзетсем оның тiлегiн,

Тiрiлтiп өлген сүйегiн,

Жұлып алсам жүрегiн,

Кеудесiн басып табанға.

Айқын аққа сенбейдi,

Терiс деп дәлел бермейдi,

Көкейiне енбейдi,

Құлағына құйғаным.

Бiлмеймiн деген иман ба,

Ол ақылға сыйған ба,

Айтудан ақыл тиған ба,

Жасырады иманын.

Философ сөзiн оқыдым,

Талайын ойға тоқыдым,

Кiтабын да көргемiн,

Әулие мен сопының.

Бәрiн де сынға саламын,

Керектiсiн аламын,

Ашып алып тастадым,

Таз басының қотырын.

Саяз ақыл бас ұрған,

Мақтауын көктен асырған,

Жаба тоқып жасырған,

Талайдың жардым шиқанын.

Ақылдан адас қалмайым,

Дәлелсiз сөздi алмайым,

Бос жетекке бармайым,

Көтермеймiн қиқаңын.

 


Информация о работе Шәкәрім өлеңдеріндегі имандылық концепциясы