Іскерлік қатынас

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2013 в 20:18, реферат

Описание работы

Қазіргі заман іскер адамға зәру. Сол адамның өзі іс-әрекет барысында өмірдің ұсақ-түйегі болсын, әртүрлі кедергілерге тап болады. Соның ішінде ең ауқымдысы өндірістегі іскер адам мен бұрынғы қызметкерлер арасындағы қарым-қатынас.

Содержание работы

Кіріспе
Іскерлік қатынас

Негізгі бөлім
I. Іскерлік қатынас туралы жалпы ұғым
II. Іскерлік қатынастын ерекшелігі
IV.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиет

Файлы: 1 файл

Іскерлік қатынас.docx

— 26.92 Кб (Скачать файл)

                                      Жоспар

 

Кіріспе

Іскерлік қатынас

 

 Негізгі бөлім

I. Іскерлік  қатынас туралы  жалпы ұғым

II. Іскерлік қатынастын  ерекшелігі

IV.Қорытынды

Пайдаланылған әдебиет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Қазіргі заман іскер адамға зәру. Сол адамның өзі іс-әрекет барысында өмірдің ұсақ-түйегі болсын, әртүрлі кедергілерге тап болады. Соның ішінде ең ауқымдысы өндірістегі іскер адам мен бұрынғы қызметкерлер арасындағы қарым-қатынас.                                                                                                                       Іскер адамның жеке басының қасиеті мен оған қойылатын талаптар қандай болуы керек? Ұжым басшысы немесе жетекші адамның беделі, ең алдымен оның өз қармағындағы адамдарымен дұрыс қарым-қатынас орнатып, олардың ісін айқындап, уақытын үнемдеу, кәсіптік қасиеттерін, іскерлігін бағалай білуінен көрінеді. Сондай-ақ, іскер адамның өз уақытын орынды пайдалануы – еңбек ету мәдениетінің жақсы бір қасиеті болмақ. Осы бір жағдайда біздер үшін шетелдік мамандардың (іскерлердің) уақытты дұрыс пайдалана білуі тәжіриебесінен үлгі аларлық жәйттар көп. Келушілерді қабылдау кезінде, олардың мұқтаж істерін шешуде уақытты барынша үнемді де, тиімді пайдалану дәстүрлі қалыптасқан. Мәселен, қабылдауға келетін кісілердің уақытын үнемдеу үшін оларға күн ілгері хабарлап, келетін күнін, сағатын дейін көрсетеді, өтініш иесінің ісі толық қанағаттандырылмайтын жағдайда оған басқа бір уақыт белгіленіп, өзге адамдарға бөгет жасалынбайды. Уақытпен санасу, уақытты үнемді де тиімді пайдалану іскер адам қызметі үшін басты шарт болып табылады.                                                       Өмір тәжірибесінде іскер адамның тағы да бір ерекшелігі-оның өз қармағындағы адамдарды қызметіне қарап көтермелеу немесе керісінше жазалау мәселесі.                                                                                                          Көпті көрген, іс-тәжірибесі мол басшы әрбір жұмысшы мен қызметкерлердің даралық психологиялық ерекшеліктерімен санасады, оған әсер етудің тиімді жақтарын қарастырады. Мәселен, бір қызметкерге жұмыс жағдайында кеткен кемшілігі үшін сөгіс беретін болса, оның өзіне жеке хабарлайды, тіптен алдын ала сөйлесіп, ескерту жасайды. Ал, мұндай әрекет көпшіліктің көзінше сөгуден әлдеқайда тиімді болады. Әкімшілік қызметкерлері өзінің қармағындағы адамдарға үшінші бір адамның көзінше ескерту, не сөгіс жариялауы - еңбекті дұрыс ұйымдастырудың жолы емес. Мәдениетті, іскер басшы мұндай жағдайларды еш есінен шығаруға болмайды.                                   Басшы өз кәсіпорынындағы үлкен істің негізгі ұйымдастырушысы, қарамағындағы адамдардың қамқоршысы болуы керек. Осы орайда басшы адамның мәдениеттілігі ерекше орын алады. Яғни, ол мынандай қағидаларды үнемі есте ұстауы тиіс:                                                                                                   —  істің сенімді болуы жайында айтылған сын пікірлер пайдасыз болса, оған назар аудару;                                                                                                           — қандай жағдайда да төзімділік таныту;                                                          — басқалар айтқан пікірлерге қате болса да оған зейін қою;                              — өз қармағындағы адамдарға әділетті болу;                                                              — үнемі инабаттылық пен әдептілікті сақтау;                                                                 — айтар сөзі мен ойы айқын болуы керек;                                                                       — өз қармағындағы адамдардың жақсы бастамасын қоштап, оған алғыс айту;                                                                                                                                                  — бөтен кісі тұрғанда екінші бір адамға ескерту жасамау;                                 — өз жігерімен қатесін мойындай білу және оны қайталамауға тырысу және т.б;                                                                                                                         Басшы ретінде жұртпен қарым-қатынас жасаудың екі өзекті мәселесі бар. Біріншісі — басшының жеке басына қойылатын талап-тілектер, соның мәдени-психологиялық бейнесі. Екіншісі — басқару жұмысының стилі, ұжым ішіндегі психологиялық жағдай. Іскер адамның ісінің нәтижелі болуы оның мәдениетіне, басқарудағы психологиясына өте тығыз байланысты.

      Әлеуметтік-философиялық тұрғыда  іскерлік қарым-қатынас әдебі  қоғамның қоғамдық-экономикалық  құрылысымен, оның әлеуметтік  ұйымдарының құрылымымен және  қоғамдық сананың үстем түрімен  айқындалады. Әлеуметтік өмірдің  ұжымдық көріністерге, мифологиялық  сана мен тұлғаралық қатынастарға  негізделген дәстүрлі қоғамда  (Э. Дюркгейм бойынша «механикалық  ынтымақтастық» қоғамында) іскерлік  қарым-қатынастың негізгі механизмі болып салт-жора, дәстүр, әдет-ғұрып саналады. Оларға іскерлік қарым-қатынас әдебін нормалары, құндылықтары мен стандарттары сәйкес келеді.                                                                      Қоғамның бұл түрінде нарықтық қатынас дамыған қоғамда пайда болатын, іскерлік қарым-қатынастың әдептілік нормасы мен адамгершілікті өмір туралы жалпы ұғымдар арасындағы алшақты әлі жоқ. Адамгершіліктің жалпы нормалары бұл жерде іскерлік қарым-қатынас нормалары болып та табылады. Көп жағдайда олар бір-бірінен бөлінбейді және іскерлік өмір жеке өмірмен қарсы қойылмайтындығы сияқты бұл нормалар да бір-біріне қарсы қойылмайды. Бірақ, дәстүрлі қоғам шеңберінде жеке және шоғырланған мүдделер пайда болған кезде адамгершіліктің жалпы нормалары әлі де басты роль атқаруды жалғастырады.                                                                                 Соқыр сенім мен жалпы жатсыну болмаған жағдайда істің өзің жақсы орындау адамгершілік борыш ретінде қарастырылады және тұлғаның өзін танытудының негізгі тәсілі қызметін атқарады. Дәстүрлі қоғамның адамы әлі жағымпаздық психологияға дағдыланған жоқ және өзінің бастығына жағынамын деп әуре болмайды, өйткені, әдептілік құндылықтары бұл жерде өзіндік мәні бар маңызға ие.                                                                             Әдептілік, абырой, намыс, еркіндік, жауапкершілік сияқты түсініктер адамның өмір сүруі үшін өмірлік маңызы бар мағынаға ие және абстракты емес, нақты өмірлік мазмұнмен толықтырылған. Бұл құндылықтарды дәлелдеу үшін адамдар өз өмірін жиі құрбан еткен. Қарым-қатынастың мұндай түрінің пафосы ретінде Мартин Лютердің «Сонда тұрмын және басқадай істей алмаймын» деген сөздері қызмет етеді. Іскерлік қарым-қатынастың мұндай түрін Ежелгі Үндіден ұшыратамыз. Адамның бар мінез-құлқы мен қарым-қатынасы, сондай-ақ іскерлік шеңберіндегі әрекеті мұнда жоғары (діни) құндылықтарға бағынышты.

                    Конфуций іліміндегі іскерлік қатынас

       Салт-дәстүр, жора, әдептілік нормаларының іскерлік қарым-қатынастағы роліне ежелгі қытай қоғамында аса маңызды көңіл бөлінеді. Әйгілі Конфуцийдің (б.з.д 551-479) адамдар арасындағы қатынаста, бір-біріне қарсы қоймастан, оларға пайдасын тигізе отырып, міндет, әділеттілік, ізгілікті бірінші орынға қоюы бекер емес. Өте оңды, игілікті, ізетті адам (цзюнь-цзы) «алдымен борышын көрсетеді, одан соң пайдасын алады». Игілікті адамның адамгершілігі жоқ адамнан айырмашылығы да осымен байланыстырылады. «Игілікті адам әділетті ұсынады, нашар адам пайда табады».                                                  Конфуцийде нақты іскерлік қарым-қатынас әдебіне арналған нақыл сөздері көп. Ең алдымен, олар әдептілік тұрғысынан алғанда ұтымды және әсерлі қарым-қатынас нормаларын ашатын, сонымен қатар, басшы мен бағынышты адамдар арасындағы мінез-құлық принциптеріне жатады. Солардың ішінен бірнешеуін алып қарайық:                                                                                     ● Басқарушы — басқарушы болуы керек, қол астындағы адам – қол астында, әке-әкесі, бала-баласы болуы керек.                                                                                ● Басқарушы әділеттілікті жақтаса, ешкімнің тыңдамауға батылы бармайды, басқарушы шындықты жақтаса, ешкім әділетсіз болуға батылы бармайды.     ● Іске ықыласпен қара және басқаларға адал бол.                                                        ● Адамдардың сөздерін тындаймын және олардың әрекетіне қараймын.           ● Үйретілмеген адамдарды шайқасқа бастау – оларды тастап кету деген сөз.      ● Екі жағын да ұстап тұру, бірақ ортасын пайдалану жөн.                                           ● Сөйлесуге тұрарлық адаммен сөйлеспесеңіз, дарынды жіберіп аласыз ал сөйлесуге болмайтын адаммен сөйлескенде, сөздеріңізді босқа шығындайсыз. Бірақ, ақылды адам ешкімді жіберіп алмайды және сөздерін босқа шығындамайды.                                                                                                                       ● Кім аспан астындағы барлық жерде бес құндылықты көрсете алса, сол адамгершілікті болады... Сый-сияпаттылық кеңпейілділікті, шыншылдық, зеректік, мейірбандылық. Сый-сияпаттылық кемсітуді тудырмайды кеңпейілділік барлығын баурап алады, шыншылдық адамдарда сенімділік тудырады, зеректік табысқа жетуге көмектеседі, ал мейірбандылы адамдарды меңгеру мүмкіншілігін тудырады.

       Ұлы философтың қарым-қатынастағы  әдептілік нормаларына қатысты  нақыл сөздері бүгін де өз  мағынасын жойған жоқю Оларды  қолдану, сөз жоқ, іскерлік  қарым-қатынас әрекеттердің әсерлігін  орнатуға және көптеген қателерді  жібермеуге көмегін тигізеді. Шынында да, «екі жағынан да ұстап,бірақ ортасын пайдалану» қажеттігін бекіткен ұстаз Кунның ымыра жолы – «алтын орта жолы» өз мағынасын жоюы мүмкін емес. Сонымен бірге, оның сөзбен істің бірлігін сақтау қажеттілігін, сөзді іспен тексеру керектігін көрсететін «адамдардын сөздерін тыңдаймын және олардың әрекеттеріне қараймын» деген нақыл сөзінің де мәні өте зор. Ұлы ойшылдың іскерлік қарым-қатынас әркім өзінің дәрежесіне сай болуы және басқаның дәрежесімен санасуы керек деген пікірімен келіспеу мүмкін емес.

Батыс Европалық  мәдени дәстүрдегі іскерлік                          қарым-  қатынастың ерекшелігі

      Шығыстағы сияқты ежелгі уақыттағы  Батыс Европада іскерлік қарым-қатынастың  мәдени нормалары мен құндылықтардың  есебін жүргізу қажеттілігіне  үлкен көңіл бөлінген, үнемі олардың  іс жүргізудегі тиімділік әсеріне  көңіл аударылған. Кезінде Сократ  былай деген: «Кім адамдармен  араласа білсе, ол жеке істі  де, орта істі де жақсы жүргізеді,  ал кім адамдардың тілін таба  білмесе,ол қай жерде блмасын  қателіктер жібереді».                          Бірақ, шығысқа қарағанда батысевропалық мәдени дәстүрдің прагманикалылығы басым. Экономикалық материалдық мүдде бұл жерде бірінші орынға шығарылады, сонымен бірге қарым-қатынастағы дәрежесі мінезге көп көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, басшының дәрежесі қол астындағыға қарағанда анағұрлым артық болып қарастырылады. Осыдан барып әділеттік, жақсылық, игілік және т.б. сияқты әдептілік нормалары экономикалық мазмұнмен толықтырылып, дәрежелі мінезге ие болады.    Аристотель іскерлік қарым-қатынас негізінде «бәрін бірге байланыстыратын қажеттілік» жатыр деп нақтылайды. Осымен бірге, ең алдымен дәрігер, жер жыртушы, ұста, тоқымашы, құрылысшы және т.б. арасында экономикалық айырбас, келісілетін экономикалық қажеттілік пен экономикалық мүдде туралы айтылады. Осыған сәйкес іскерлік қарым-қатынастағы адамгершілік өлшемі экономикалық салаға ауысады. Сонымен, Аристотельдің пікірінше, іскерлік қатынастағы әділеттіліктің негізгі өлшемі «көп еңбек еткен көп алады, ал аз еңбектенген аз алады» делінген «пропорцион теңдік» принципі болып табылады.                                                                                                          Бұл бірінші қатарға экономикалық мүдде, материалдық нәтиже қойылған кездегі іскерлік қарым-қатынастың мінездемесі.                                                Пайда адам әрекеті мен қатынасының шоғырланған өлшемі ретінде капитализмнің үстем және жалпылама дамуына айналады. Әділеттік пен әділетсіздікің соңғы өлшемі істі табысты жүргізе білу – іскерлік прагматизм болады. Бизнес әдебі, нарықтық қатынастар мәдениеті біржолата алдыңғы орынға шығарылады және соңында барлық жалпы адамгершілік, діни құндылықтарды қалдырады. Дегенмен, әрине олардан біржолата құтыла алмайды.                                                                                                                  Сол себепті «нарықтық мінездегі» адам (Э.Фроммның анықтамасы бойынша) үнемі қайшылық жағдайда болады, қосарланған санамен бейнеленеді. Бір жағынан іскерлік қарым-қатынасқа ене отырып, ол нарықта түсімін (пайдасын) кез-келген жолмен ұлғайту қамымен пайда болған адамгершілік нормаларын басшылыққа алуға мәжбүр. Екінші жағынан, нақты әлеуметтік ортада, қоғамда өмір сүретін тұлға ретінде олардың алдында әлеуметтік жауапкершілікті көтереді және жалпы адамгершілік нормалар мен парасаттылық нормаларын ескермеуіне болмайды. Бір жағынан нарықтық шындық оған «алдамасаң – күн көруін қиын», «майламасаң – жүре алмайсың», «ұсталмаған – ұры емес» деген принциптегі мінез-құлықтарды үйретеді, ал екінші жағынан адамгершілік парыз одан «ұрлық жасама», «өтірік айтпа», «жақынынды өзіңді сүйгендей сүй» деген парыздарды орындауын талап етеді. Сөйтіп тұлғаның адамгершілік санасындағы қарама-қайшылық оған дамыған нарық қатынастары жағдайында бастапқы кезден-ақ тән.

         Мәдениеттілік пен бизнес, тиістілік  пен нақтылық арасындағы қайшылықтар  бүгінгі күнде іскерлік қарым-қатынаста  әртүрлі деңгейде ащы көрініс  беріп отыр. Мәселен, ұйым мен  әлеуметтік орта арасында ұйымның  өз ішінде. Осы қайшылықтар тұрғысынан  басқарушылар арасында, кәсіпкерлер,  сондай-ақ, іскер адамдар арасында  екі негізгі бағыт бар.              1. Өздерін прагматиктер қатарына қосатындардың пайымдауынша, іскерлік қарым-қатынас пен жалпы алғанда бизнес мәдениеттіліктің қажеті жоқ. Бизнес иесінің қол астында жалданып істеп жүрген корпорация басшының жалғыз міндеті – қандай да болсын оңай жолдармен пайданы мейілінше молайту, «мүмкіндігінше көп ақша жасау» заңдар мен әдептілік дәстүрлерінің үлгісі болып табылатын қоғам нормаларына барынша бейімделу.                      «Іскерлік макиавеллизм» деп атауға болатын бұл бағыттан мәдениеттілік нормалары мен әдептің тілі іскерлік қарым-қатынастағы бөгет ретінде қарастырылады. Мұнда адамгершілік туралы, әдептілік мұраттары, парыз және әлеуметтік міндеттер туралы әңгімелерді мұраттар, парыз және әлеуметтік міндеттер туралы әңгімелерді айналып өтуге тырысады, өйткені нәтижеде «артық», «іске қатысы жоқ», адамгершілік және әлеуметтік жауапкершілікке қатысты мәселелер пайда болады.                                            Бизнесмендердің, кәсіпорын жетекшілерінің, ең құрғанда, әдепсіздік мінез-құлқы заң бұзушылық болып табылады. Сондай-ақ, әдепсіздік мінез-құлық ретінде өз өнімінің ақауын жою мақсатында ешқандай әрекет қолданбаған, соның салдарынан халық үшін қауіп әкелетін мінез-құлқын айтуға болады. Сондықтан, іскерлік қарым-қатынас ұғымына кәсіпорын басшыларының өзі шығаратын өнімдерінің сапасының қамын ойлау, халыққа зиян келтірмеу жауапкершілігі кіреді.                                                                                     Әрине, іскерлік қарым-қатынас мәдениеті кәсіпорын басшыларының әлеуметтік жауапкершіліктеріне ғана қатысты емес. Ол істі жүргізудің мақсаттары мен қаражаттарына қатысты мәселелердің кең ауқымын қамтиды. Осыған байланысты айта кететін жәйт, іскер прагматизм кейде өздерінің мақсаттарына жету жолында пара беру, параға сатып алу және т.б. таза емес қаражаттарды пайдаланады. Бірақ бұдан басқа іскерлік қарым-қатынастың мақсатының өзі де әдепсіздік мінез-құлық түрінде болуы мүмкін. Мұндай жағдайда қарым-қатынас болып қарастырады, оның заңға қарсы болғандығынан емес, қарым-қатынас мақсаттарының адамгершілік құндылықтарына ұғым болғандығынан.                                                                       2. Іскерлік қарым-қатынаста әдептілік нормаларын сақтау бизнесмендердің қоғам алдындағы және өзінің алдындағы жауапкершілігіне көзқарасынан ғана маңызды болып саналмайды, сонымен қатар өндіріс тиімділігі үшін қажет. Мұндай жағдайда әдептілік мінез-құлықтың қажетті адамгершілік императиві ретінде ғана саналмайды, сонымен қатар іскерлік байланыстарды нығайтуға және іскерлік қарым-қатынастарды жақсартуға көмектесетін құрал ретінде де қарастырылады.                                                                                    Бұл тәсіл мәдениетті және тиімді болып табылады. Себебі, кәсіпорын қоғам компоненті, өз бойында әдептілік нормаларын бекіте отырып, ол онымен бірге оларды әлеуметтік ортада таралуына көмектеседі. Ал, қоғамдағы жағдай неғұрлым қолайлы болса, бизнес үшін де соғұрлым қолайлы жағдай туады. Сонымен бірге, әдепсіздік мінез-құлық пен қарым-қатынас ерте ме, кеш пе кәсіпорын үшін де, әлеуметтік орта үшін де тікелей экономикалық шығын болмаған күнде де әлеуметтік және адамгершілік шығындарға әкеп соқтырады.                                                                                                               Ісерлік қарым-қатынас әдебін оның әралуан көріністерінен қарастыру керек: кәсіпорындар арасындағы; бір кәсіпорын ішінде – басшы мен қол астындағылар арасында; қол астындағы жұмысшы арасында; бірдей дәрежедегі адамдар арасындағы қатынастардан. Іскерлік қарым-қатынастардың сол немесе басқа да түрінің екі жақтары арасында өзіндік ерекшелігі бар. Мұндағы мақсат-іскерлік қатынастың оның әр түріне сәйкес болып қана қоймай, сонымен бірге адамдардың мінезі адамгершілік принциптеріне қайшы келмейтін принциптерін келтіру. Сонымен бірге олар іскерлік қарым-қатынасқа адамдардың әрекетін үйлестіру құралы қызметін атқаруы тиіс.                                                                                                                   Адамның қарым-қатынасының жалпы адамгершілік принципі «Сенің еркіңнің максимасы әрқашан жалпы заңдар принципінің күшіне ие бола алуы керек» деген И.Канттың императивінде бар.                                                         Осылайша іскерлік қатынас негізінде үйлесімділік, ал мүмкін болған жағдайда мүдделерді үндестіру болуы керек. Әрине, егер саналы ақталған мақсатты үшін және әдептік құралдармен жүзеге асырылса. Сондықтан, іскерлік қарым-қатынас үнемі оған кіруі себебін ақтайтын, әдептік рефлексиямен тексеріп отыру керек. Сонымен, әдептік, дұрыс таңдау еркіндігін беріп отыр, бірақ сонымен бірге шешім қабылдаудың түрлерін көбейтеді, іскер адамдарды олардың қарым-қатынасында аяқ басқан сайын күтіп тұратын дилеммалар жиынтығын тудырады.                                     Сонымен, іскерлік қарым-қатынастағы келісім және оның басқа түрлері жасаған кезде әдетте, прп беруге, жарамсақтануға, сыйлықтарға, алаяқтыққа, заң бұзушылыққа және т.б. әдептік нормативтер негізінде тыйым салынады. Кейбір фирмалар этика жөніндегі тұрақты комитет немесе жұмысшы тобы құрады. Енді біреулері әдеп жөніндегі адвокат деп аталатын, бизнес әдіс саласындағы маман жалдайды. Оның міндеті әдептік тақырып бойынша сондай-ақ іскерлік қатынас әдебі жөнінде пікір туғызады Қазақстанда, өкінішке орай, іскерлік қатынас әдебіне, жалпы алғанда бизнес әдебіне әзірге тиісті назар аударылып отырған жоқ.                                                                           Бизнеске сәйкес, халықаралық деңгейде есте ұстайтын жәйт, үйренген мамандардың пікірінше, бүкіл әлемде қолданылатын әдепті нормативтерді жасаумен шұғылданатын уақыт жетті және шешім табылмаған ірі әдептік проблемалар туындаған кезде күдікті нарықта кез-келген субъектіні кетіруді қамтамасыз ету керек.                                                                                        Іскерлік қарым-қатынас мәдениетінің нормалары мен стандарттарын көтеру мақсаты көптеген елдерде бүгінгі күнде маңызды міндеттердің бірі болып отыр. Бұл өткені проблема болып тұр. Сондықтан мекемелер, фирмалар, барлық деңгейдегі жетекшілер ме кәсіпкерлер бар күшін іскерлік қатынастағы әдептілікті жоғарылатуға жұмсау керек, ол үшін әртүрлі тәсілдер мен амалдарды қолданып, сондай-ақ, іскерлік қатынас әдебін үйрену қажет.                                    

 

           Пайдаланылған әдебиет:

    1. Ұлан Қадырбекұлы «Іскерлік мәдениеті» Алматы, 2009

2.Нарымбаева А.К. Аркаим. – Алматы, 2007.

           3.Молдабеков Ж. “Қазақтану”,  Алматы, 2003ж.

           4. Бес жүз бес сөз.—Алматы:  Рауан, 1994                                                         Орысша-қазақша    түсіндірме  сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын  басқарған э.ғ.д., профессор Е.  Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. - 482 б. ISBN 9965-808-85-6

           5.“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас  редактор Ә. Нысанбаев –   Алматы “Қазақ энциклопедиясы”  Бас редакциясы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Іскерлік қатынас