Жеті жылдық соғыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Сентября 2013 в 04:58, реферат

Описание работы

Жеті жылдық соғыс (1756–1763) — сол кездегі барлық маңызды еуропалық мемлекеттер қатысқан, 900 000-нан 1 400 000-ға дейін адам шығынына алып келген соғыс.[1] Соғыс 1756 жылдан 1763 жылға дейін еуропалық және отарлық соғыс театрларында өрбіді. 1754 – 1763 жылдар арасында орын алған Помераниялық соғыс пен Француз және үнді соғысы соның бөлігі болып саналады. Пруссия, Һановер курфюрсттығы және Ұлыбритания патшалығы (Солтүстік Америкадағы отарлары, британиялық Шығыс Үнді компаниясы және Ирландия патшалығымен бірге) одақ құрып, Аустрия, Франция (Солтүстік Америкалық Жаңа Франция отары және франциялық Шығыс Үнді компаниясымен бірге), Ресей империясы, Швеция және Саксония курфюрсттығына қарсы соғысты. Кейінірек текетіреске Португалия (Ұлыбританияның жағында) және Испания (Францияның жағында) да кірісті.

Файлы: 1 файл

Жеті жылдық соғыс.docx

— 36.09 Кб (Скачать файл)

Жеті жылдық соғыс (1756–1763) — сол кездегі барлық маңызды еуропалық мемлекеттер қатысқан, 900 000-нан 1 400 000-ға дейін адам шығынына алып келген соғыс.[1] Соғыс 1756 жылдан 1763 жылға дейін еуропалық және отарлық соғыс театрларында өрбіді. 1754 – 1763 жылдар арасында орын алған Помераниялық соғыс пен Француз және үнді соғысы соның бөлігі болып саналады. Пруссия, Һановер курфюрсттығы және Ұлыбритания патшалығы (Солтүстік Америкадағы отарлары, британиялық Шығыс Үнді компаниясы және Ирландия патшалығымен бірге) одақ құрып, Аустрия, Франция (Солтүстік Америкалық Жаңа Франция отары және франциялық Шығыс Үнді компаниясымен бірге), Ресей империясы, Швеция және Саксония курфюрсттығына қарсы соғысты. Кейінірек текетіреске Португалия (Ұлыбританияның жағында) және Испания (Францияның жағында) да кірісті. Бейтарап Нидерланды республикасының қарулы күштері Үндістанда шабуылға ұшырады.

Соғыстың нәтижесінде  Франция Америкалардағы басты отарлаушы мемлекет ретіндегі ролін (онда ол Француз Гвианасы, Гваделупа, Мартиника, Сен-Доминг және Сент-Пьер және Микелон сияқты иеліктерін ғана сақтап қалды) және Ұлы француз революциясына дейін Еуропадағы ең басты мемлекет ролін жоғалтып алды.[2] Ұлыбритания болса дүниедегі басты отарлаушы мемлекетке айналды. Францияның әскери теңіз флоты бытырап кетті.[3] Дүниенің басқа бір шеті, Үндістанда британиялық Шығыс Үнді компаниясы орнығып, соның арқасында Үндістан «Империялық тәждің асыл тасына» айналды. Уинстон Черчилль бұл соғысты бірінші дүниежүзілік соғыс деп атады,[4] себебі ол адамзат тарихындағы бүкіл жер шары бойынша жүргізілген соғыс болды (соғысушы жақтардың көбі еуропалық мемлекеттер болса да). Өздерінің империяларын үлкейтумен айналысып жатқан Англия мен Франция арасындағы әскери жанжал болғандықтан, кейде оны екінші Жүз жылдық соғыс деп те атайды.[5]

Бұл соғыс Пруссия  патшасы Ұлы Фридрихтың Саксонияға шабуылымен басталды.

Канада мен Құрама Патшалықта «Жеті жылдық соғыс» ұғымы Солтүстік Америкада да, Еуропа мен Азияда да жүргізілген әскери қимылдарды атау үшін қолданылады. Француз Канадасында болса «Жаулап алу соғысы» деген ұғым қолданылады. Үндістанда Үшінші Карнатик соғысы деп аталады. Ал Германияда кейде қолданылатын балама атауы — Үшінші Силезия соғысы.

Себептері

Көбінесе  бұл соғыс нәтижесінде Фридрих  патша бай Силезия аймағын қолына түсірген Аустрия мұрагерлігі үшін соғыстың жалғасы ретінде қарастырылады. Аустрия императрицасы Мария Тереза 1748 жылғы Аахен келісіміне тек өзінің қарулы күштерін қалпына келтіріп, жаңа әскери одақтар құруға уақыт ұту үшін ғана қол қойған болатын. Ол өзінің осы жоспарын асқан ептілікпен жүзеге асырды. Бірнеше жылдың ішінде ғана Еуропаның саяси картасы қайта сызылды. 1756 жылғы Дипломатиялық революцияның кезінде ежелден бір-біріне жау Франция, Аустрия мен Ресей Пруссияға қарсы әскери одақ құрды.

Пруссияны тек Ұлыбритания ғана қолдайтын (себебі Ұлыбритания патшасы ІІ-ші Георгтың әкесі Һановер курфюрсттығының  билеушісі еді). Осы екі мемлекеттің  одағы бір-бірін жақсы толықтырып тұрды: Ұлыбританияның зор әскери теңіз  флоты болды, ал Пруссияның құрлық әскері Еуропадағы ең қуатты әскер болды. Осылайша Ұлыбритания өзінің әскерін отарларын  қорғауға қолдана алды.

Аустрия армиясы пруссиялықтардың үлгісі бойынша  қайта құрылған болатын. Әскери мәселелер  туралы білімі өзінің көптеген генералдарынікінен асып түсетін Мария Тереза әскери реформаны өзінің қатаң бақылауына алды. Оның өз жауынгерлерінің игілігін ойлағаны үшін ол әскердің зор қолдауына  ие болды.

Соғыстың  тағы бір себебі — Британия империясы мен Франция империясының арасындағы отарлар үшін аяусыз талас болды. Осы екі империя кеңіген сайын бір-бірімен екі құрлықта текетіреске түсіп қалып отырды.

Жалпы стратегиясы

Он  сегізінші ғасырдың көп бөлігінде Франция соғыстарын бірдей тәсілмен жүргізіп отырды: соғыс болған кезде ол отарларын бәрібір ұстап қала алмайтынын сезіп, оларды өз бетінше қалдырып, онда азғантай немесе тәжірибесіз әскер жіберіп отырды. Ол өзінің әскерінің басты бөлігін елге жақынырақ әскердің жеңіске жетуі ықтималдырақ деп Еуропа құрлығында ұстап отыратын. Содан соң соғыстың кезінде көбірек жерді басып алуға тырысып, бітім туралы келіссөздер жүргізгенде сол басып алған жерді өзінің теңіздің арғы жағында айырылып қалған жерін қайтарып алуға қолданатын. Бұндай стратегия осы соғыста Франция үшін аса тиімді бола қойған жоқ, себебі теңіздің ар жағындағы отарлардан ол шынында да айырылып қалды, бірақ Еуропада ол онша көп жер басып ала алған жоқ.

Ал  британиялықтардың соғыс жүргізу  тәсілі басқаша болды: олар өздерінің  аса басым теңіз қуатын пайдаланып, елді теңізден қоршап, порттарын атқылай  алатын және өз әскерлерін теңіз арқылы кез келген жерге жеткізе алатын. Олар жаудың теңіз қатынас кемелеріне шабуыл жасап, жақын жердегі британиялық  отарлардан адам жинап, жаудың отарларына шабуыл жасайтын. Өздерінің құрлықтағы әлсіздігінің орнын британиялықтар өздерінің жауларының қарсыластарымен  одақтасып толтыратын. Жеті жылдық соғыста британиялықтар өз заманының  ең ұлы әскери стратегі Ұлы Фридрихпен одақтасты, ал оның мемлекеті Пруссия  орталық Еуропаның көтеріліп  келе жатқан әскери қуатты мемлекеті  болды. Олар Фридрихқа соғыстарын қаржыландыру үшін көп қаржы беріп отырды.

Соғыстың  басталуы

Соғыс қимылдары Еуропада әлі басталмай  тұрып Солтүстік Америкада басталып кетті. Оның себебі — 1740 жылдары, 1750 жылдардың  басында шығыс жағалауда тізбектеле орналасқан британиялық отарлардың батысқа қарай кеңеюінің салдарынан Францияның «Жаңа Франция» атты отарымен шектесіп қалған еді. Сол себепті  Франция Вирджиния және Пеннсильвания  отарларының батысқа әрі қарай  кеңеюінің алдын алу үшін 1750-ші жылдардың орта шенінде қазіргі  батыс Пеннсильванияда бекіністер тізбегін салған болатын. Британиялықтардың  сол бекіністерді басып алуға  бағытталған әрекеттері Француз және үндіс соғысының басталуына алып келді. Ал Солтүстік Америкада жеті жылдық соғыс осылай аталады.

Еуропадағы  әскери қимылдар Фридрихтың Аустриямен одақтасқан кіші неміс мемлекеттерінің  бірі — Саксонияға басып кіруімен басталды. Саксония және Аустрия әскерлері  шабуылға дайын болмаған болатын, сондықтан  Фридрих Лобозиц шайқасында Саксония әскеріне Аустрия әскерінің көмекке келтіргізбеді. Алайда Саксония Фридрихтың қимылдарына кедергі болып оны кешеуілдетіп тастады. Жерорта теңізінде француздар Миноркаға шабуыл жасап, британиялықтарға қарсы соғыс бастады. Британиялықтардың жауап соққысы Минорка шайқасында сәтсіз аяқталып, олар аралдан айырылып қалды. Жеңіліске жол бергені үшін британиялық адмирал Джон Бингтың ісі әскери сотта қаралып, өлім жазасына кесілді.

1757 жылдың көктемінде Фридрих қайтадан  бірінші болып шабуылдап, Прагаға  қарай жылжыды. Қанқұйлы Прага шайқасынан кейін пруссиялықтар қаланы қоршап алған болатын, бірақ Колин шайқасында Фридрихтың алғашқы жеңілісінен кейін қаладан кетуге мәжбүр болды. Жазда орыстар шығыс Пруссияға басып кіріп, Гросс-Егерсдорф шайқасында пруссиялықтардың шағынырақ әскери қосынын жеңді.

Аустриялықтар бір жақтан, француздар батыстан Пруссияға  қарсы әскер жылжыта бастағанда жағдай пруссиялықтар үшін қиындай  түсті. Бірақ Фридрих бір күтпеген ерекше қимыл жасады. Ол бір айдың  ішінде бір-бірлеп француздарды Россбах шайқасында, ал аустриялықтарды Лойтен шайқасында талқандады. Осы керемет жеңістердің арқасында Фридрих өзін Еуропаның ең ұлы қолбасшысы, ал өз әскерін Еуропаның ең құдіретті әскері ретінде атағын шығарды. Фридрихты қатты құрметтеген ІІІ Петр патша таққа отырған соң Фридрихтың қуатты бір одақтасы пайда болды. Бұл одақ Бірінші Дүниежүзілік соғысқа дейін, 150 жылдан астам күшінде болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Суэц каналы – Жерорта теңізі мен Қызыл теңізді жалғастыратын халықаралық маңызы бар жасанды су жолы. Ұзындығы 161 км, ені 120 м-ден (Суэц – Исмаилия порттары аралығында) 318 м-ге (Исмаилия – Порт-Саид аралығында) дейін, тереңдігі фарватерінде 18 м-ге жетеді. 1859 – 1869 жылдары салынып (1967 – 1976 жылдары Египет-Израиль қақтығысына байланысты жабылды), 1980 – 1982 жылдары қайта жөндеу жұмыстары жүргізілді. Төменгі Египеттің су жолдары жүйелерімен (Исмаилия каналы – Каир – Ніл; 145 км) байланысқан; ауыл шаруашылдығы жерлерін суландыру желісі (Аббасия, 38 км) тартылған. Канал арқылы жылына 80 млн. т жүк (негізінен мұнай мен мұнай өнімдері, қара және түсті металл кентастары) тасымалданады. Суэц каналы Азия мен Африка арасындағы географиялық шартты шекара болып саналады. (Африка мен Азияның Синей түбектерін бөліп жатыр)

 

Арабская страна решила поддержать сирийских соседей?

Суэцкий канал ограничен для  прохода американских кораблей. Об этом сообщает ресурс Les Observateurs со ссылкой  на главу египетских военных генерала Абделя Фаттаха Ас-Сисси. По этим данным, военные объявили канал «свободным»  для всех судов, кроме американских военных судов.

Египет решил  ответить на американские претензии  к сирийским властям. По некоторым  данным, арабская страна решила ограничить Суэцкий канал для прохода  американских военных кораблей. Об этом сообщает ряд СМИ со ссылкой  на генерала Ас-Сисси. Напомним, что  по неподтвержденным данным, США готовятся  нанести удар по сирийской территории при помощи военных кораблей. Однако непонятен смысл такого решения, ведь американские войска могут легко нанести удар по Сирии и со Средиземного моря, где уже и так находятся эсминцы ВМС Соединенных Штатов.

Напомним, Египет является традиционным союзником Сирии. В  пятидесятых годах прошлого века две арабские страны пытались даже объединиться и создали Объединенную Арабскую Республику (ОАР), которая  просуществовала с 1958 по 1963 гг. (хотя Египет продолжал именоваться так  до 1971 года). Национализация канала насеровским  Египтом в 1956 года, что привело  к вторжению британских, французских  и израильских войск. Во время  арабо-израильского конфликта 1967 года Египет закрыл Суэцкий канал для  прохода не только израильских кораблей, но и для других судов, которые  везут груз для Израиля или  из этой страны.

Эвакуация: наши покидают Сирию

15 ғасырдың соңы мен  16 ғасырдың бас кезіндегі ұлы  географиялық ашулар

 

 Батыс Еуропа елдерінде XV ғасырдың 1-жартысынан феодалдық құрылыс ыдырауға бет  алды. Ірі-ірі қалалар дамып, еңбек  құралдары жетілдірілді, ірі кәсіпорындар пайда болып, тауар өндіру артты, сауда ұлғайды. Ақшаның маңызы күшейіп, сауданың одан әрі дамуына себепші  болды. Теңге соғу үшін алтын-күміс  металдарына деген сұраныс артты. Өндіріс заттарын көп өндіру үшін арзан шикізат керек болды. Сол  кезде Батыс Еуропа елдерінде  осы айтылған қымбат заттар Үндістанда, Шығыс Азия елдерінде «төгіліп жатыр» деген қауесет тарады. Батыс еуропалықтар су тегін байлыққа тез жетіп, алтын, піл сүйегі және бағалы металдар мен  морж тісіне кенелгісі келді. Сөйтіп сауданың дамуы бұл арды қауіп-қатерлі  жаңа жерлер іздеуге итермеледі. Бұл  кезде түрік жаулап алушылары  олардың Кіші Азия мен Сирия арқылы Шығысқа баратын жолын толық  жауып тастаған еді. Бұл жағдай Еуропадан  Азияға баратын жаңа жолдар іздеуді  қажет етті. Еуропалықтардың ашық теңізге шығып, алысқа жүзуге ұзақ уақыт  бойы батылы бармады. Қолдарында дұрыс  карталары мен теңіз құралдары  болмаған саяхатшылар Еуропаны қоршаған теңіздерде ғана жүзді. Теңізшілер кеменің  қай жерде жүргенін күн ашық кезде, жұлдыздардың орналасуы бойынша, толқыны  жоқ жағаға түсіп қана білетін  болды. Теңізшілерде құбылнама (компас) пайда болғаннан кейін ашық теңізге  шығу қауіпсіз бола бастады. Кеменің  жүрген жерін анықтайтын аспап - астролябия ойлап шығарылды. XV ғасырда тез  жүретін жеңіл, желкенді кеме - каравелла  жасалды. Мұндай кемелер жүрдек әрі  сыйымды еді. Олардың түзу және көлбей орнатылған желкендері бар үш мачтасы  болды және өзіне керекті бағытқа  қарай ыққа да, желге де қарсы  жүзе алды. Каравелламен алыс саяхаттарға  шығуға болатын еді.

XV ғасырдағы  Америка халықтары

Қазіргі үндістердің  бабалары осыдан 25-30 мың жылдай бұрын  Беринг бұғазы Шығысқа арқылы Азиядан  Америка құрлығына келген. Өткен  ғасырда басталған Америка халықтарының тарихын зерттеу үндістердің  таңғажайып әлемін, олардың ежелгі мемлекеттерін және өздеріне тән  мәдениетін ашты.

Кәсібі

Американы көптеген рулар мен халықтар мекендеді. Халқының көпшілік бөлігі аң және балық аулаумен шұғылданды. Солтүстік Американың оңтүстігінде, Орталық және Оңтүстік Американың қыраттарында егіншілік дамыды. Егіншілер жерді  егіске дайындарда орманды тас балтамен шауып, ағаштарды өртеді. Жерді ағаш кетпенмен өңдеді. Мұнда еуропалықтарға әлі белгісіз жүгері, картоп, күнбағыс, қызанақ, какао, темекі өсірді. Американың көп бөлігінің тұрғындары жануарларды  қолға үйретуді білмеді. Америкада жылқы болмады. Солтүстікте ғана итті, ал оңтүстікте түйе тәрізді ламаны қолға үйретті. Құстан күркетауық, үйрек өсірді. Басқа континенттерде белгілі бірқатар жетістіктерді - темірді, тісағаш пен дөңгелекті, мылтықты үндістер білмеді. Олар еңбек құралдары мен қаруды ағаштан, тастан, қоладан жасады. Бытырап жатқан үндіс тайпалары алғашқы қауымдык күрылыста өмір сүрді. Шаруашылығы мен мәдениетінің дамуы жағынан майя, ацтектер, инктер басқа халықтардан жоғары тұрды.

Майя

Майя халқы  Орталық Америкадағы қалың джунгли  орманы басқан Юкатан түбегін мекендеді. Жер қауымға қарады. Қауым әр отбасына орманнан тазартылған жер үлесін бөліп беріп отырды. Қатардағы  қауымдастарға шонжарлар мен  абыздар үстемдік етті. Олар қауымдастардың егін өнімінің бір бөлігін алып отырды. Тұтқындар мен борыштылардан  құралған құлдарды да қанады. Біздің заманымыздың I мыңжылдығында өмір сүрген майяларда  қала-мемлекеттер пайда болды. Әр қаланы «ұлы адам» деп аталатын билеуші  басқарды. Билік мұрагерлікпен ауысып отырды. Ол өлкенің халқынан салық  жинады. Шонжарлар қала орталығындағы  тастан салған сарайларда, ал «төменгі адамдар» - шаруалар мен қолөнершілер қала шетіндегі төбесін амыс құрағымен  жапқан лашықтарда, едені жер үйлерде  тұрды. Біздің заманымыздың бас кезінде  Майяда жазу пайда болды. Иеороглифтерді қышқаламмен қағазға түсірді, қолжазбаларды  уреттермен безендірді. Храмдардың қабырғаларына  да, биік тас бағаналарға да ойып жазу жазды. Абыздар дұғаларды, аңыздар  мен тарихи оқиғаларды жазып отырды. Абыздар қауымдастарға егіншілік  жұмыстарын жүргізу мерзімдерін  белгіледі. Егіншілік күнтізбе жасауды  қажет етті. Ол ертедегі халықтар күнтізбелері ішіндегі ең дәл күнтізбе болды. Күнтізбе асау математика жетістіктерімен байланысты еді. Олар басқа тайпалардың ішінде ең алғаш нөл сандық белгісін енгізді. Майя қалаларының орнынан астрономиялық  обсерваториялар табылған. Абыздар  планетаның Күнді айналып шығуын есептеп шығарды. Күннің және Айдың  тұтылуын алдын ала болжай білді. Сәулет өнерінде де майялардың жетістіктері үлкен болды. Олар биік тұғырларға және жасанды төбелерге сарайлар мен  текшелі пирамида түрінде храмдар  салды. Құрылыстарды бедер өрнекпен, құдайлардың мүсіндері және фрескалармен безендірді.

Информация о работе Жеті жылдық соғыс