Виктимология ұғымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 14:44, реферат

Описание работы

Виктимология түсінігі.Ғылым пайда болғаннан бастап онда екі түрлі процесс жүріп жатыр. Бірі – диференцияция (бөліну) және интеграция (бірігу). Бұл дифиренция құбылысы бөліну қызық болғандығы үшін жүрмейді, оның зерттеу пәні мен зерттеу әдісі ажырай бастағанда, неғұрлым нақтылана бастағанда және оған идеялардың, білімдердің, көзқарастардың қоржыны жеткілікті болғанда жүзеге асады.Дәл сол сияқты ғылымда интеграция процесі де жүріп жатады, оның қажеттілігі жалғыз ғылым біржақты кететіндіктен өзі толық шешуге қабілетті болмағандықтан өзге ғылымдармен біріге отырып шешу керек болғанда туындайды. Криминология ғылымдардың интеграциясы нәтижесінде дүниеге келді, ол құқық, социология, психология, биология, статистика, асторномия т.б. ғылым салаларының тоғысуынан туындады.

Файлы: 1 файл

Виктимология.docx

— 51.56 Кб (Скачать файл)

 

                  Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

                     Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық  Университеті

                                        

                                                         

 

          СӨЖ

                   Виктимология ұғымы

 

 

 

                                         Қабылдаған:Тоқтағұлова Г.Б.

                                                           Орындаған:Келдібек Ә.Р.

 

 

 

                                              Алматы 2013ж

 

    Виктимология түсінігі.Ғылым пайда болғаннан бастап онда екі түрлі процесс жүріп жатыр. Бірі – диференцияция (бөліну) және интеграция (бірігу). Бұл дифиренция құбылысы бөліну қызық болғандығы үшін жүрмейді, оның зерттеу пәні мен зерттеу әдісі ажырай бастағанда, неғұрлым нақтылана бастағанда және оған идеялардың, білімдердің, көзқарастардың қоржыны жеткілікті болғанда жүзеге асады.Дәл сол сияқты ғылымда интеграция процесі де жүріп жатады, оның қажеттілігі жалғыз ғылым біржақты кететіндіктен өзі толық шешуге қабілетті болмағандықтан өзге ғылымдармен біріге отырып шешу керек болғанда туындайды. Криминология ғылымдардың интеграциясы нәтижесінде дүниеге келді, ол құқық, социология, психология, биология, статистика, асторномия т.б. ғылым салаларының тоғысуынан туындады. Бірақ, дүниеге жаңа ғана келіп, буыны бекімей жатып, өзінің құрсауынан жаңа бір ғылым саласын қанаттандырмақшы. Ол – виктимология. Виктимология латынша vіctіma (құрбан) және грекше – logos (ілім) деген екі сөзден тұрады, яғни құрбан туралы ілім дегенге келеді. Бірақ осы ілімнің табиғаты туралы ғылымда пікіралуандығы да жоқ емес. Бұл туралы үш түрлі көзқарас бар:

1)Виктимологияны криминологияның  саласы деп есептейтіндер;

2)Виктимологияны криминологиямен  қатар өмір сүретін салааралық  ғылым деп санайтындар;

3)Виктимологияны жалпы  барлық құбылыстардың құрбандары  туралы ғылым деп санайтындар.

Осы көзқарастардың қай қайсысы  болса да заңды және өмір сүруге құқығы бар. Мысалға, оны криминологияның  ғана саласы деп есептейтін алғашқы  пікірдің қалыптасуы виктимологияның  дәл қазір тек қана криминологияның  құрылымында (және өзге ешқандай да ғылымға  қатысы жоқ) тұруымен түсінідіріледі. Әлбетте, тақыр жерден ғылым пайда  болмайды, ол өзге ілімнің қоластынан белгілі бір қажеттіліктер туындағанда  бүр жарып шығады. Сол сияқты виктимология саласының пайда болуы да қылмыстылықтың себебін анықтау мен оның алдын  алу үшін тек қылмыскерлерді емес, оның құрбандарын, яғни жәбірленушілерді де зерттеу қажеттілігінен туындаған. Оның негізін қалаушы неміс ғалымы Ганс фон Хенттинг (1948 жылы «Қылмыскер және оның құрбандары» деген еңбек  жариялаған). Осыған қарағанда виктимология ілімінің мамандары криминолог ғалымдардың  ішінен шығатындығы да заңды да. Бірақ бұл уақытша құбылыс, ғылым  бір орында тұрмай оның жинақтаған көзқарастары мен идеялары қордаланып тек қана қылмыс құрбандарымен ғана шектелмей өзге де құбылыстардың  құрбандары туралы да жүйелі білім  жинақталып, күндердің бір күнінде  виктимологияның криминологиядан  бөлініп шығу қажеттігі де туындайды. Осы кезде жоғарыда айтқан үшінші көзқарас та екінші көзқарас та жүзеге асады. Бірақ 

 

осыған бола дәл қазір  осы үш пікірді текетірестіріп, қызылкеңірдек  болудың қажеті жоқ. Ғылым аспаннан түспейді, алдымен оның алғышарты пайда болады, содан соң ол әлі нақты кесіп айтар ережесі жоқ болжал күйіндегі теорияға айналады, содан соң ілімге, содан соң нақты бұлтартпас ережелері бар ғылым саласына айналады. Виктимология да осы жолдан заңды түрде жүріп келе жатыр. Түптің түбінде, өз алдына бөлек ғылым болатыны аян. Сол кездерде виктимология кем дегенде мынандай салалардан тұруы әбден ықтимал:криминалдық виктимология немесе криминологиядағы виктимология (қылмыс құрбандарын зерттейтін сала);

травмалдық виктимология – криминалдық емес травмотизмді зерттейтін сала;

психиатриялық виктимология – психикалық ауытқығандарды олардың өздері қосқан үлесті ескере отырып, зерттейтін сала;

катастрофалардың, экологиялық және табиғи апаттардың виктимологиясы;

техникалық қауіпсіздік виктимологиясы (еңбек қауіпсіздігін, өрт қауіпсіздігін т.б. бұзумен байланысты виктимдік мінез-құлықты зерттейтін сала);

саяси жүйе виктимологиясы. Саяси жүйе құрбандарын зерттейді.

құрбандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бағдарламалары мен шаралары, виктимологиялық профилактиканың жүйесін ұйымдастыру.

    Криминалдық виктимология нені зерттейді? Кеңес одағында жүргізілген кейбір зерттеулерге орай қылмыс оқиғаларының 29%-нде жәбірленуші қылмыстық әрекетке өзі ықпал еткен. Неміс ғалымдарының жүргізген зерттеулері бойынша кісі өлтіру оқиғалары бойынша қылмыскер мен жәбірленушінің арасында субъектілік-объектілік қатынастар  80%-нде, ал денсаулыққа зиян келтіру мен зорлау қылмыстары бойынша 70%-нде тән болған. Ал қарақшылық жасау әрекеттері бойынша мұншалықты жоғары көрсеткіш тән емес, әдетте олардың жәбірленушісі бейтаныс адамдар болады. АҚШ-тың зорлықшыл қылмыстардың себептері мен олардың алдын алу жөніндегі Ұлттық комиссияның мәлімдеуінше тек әйел жынысты адамды зорлау қылмыстарының 4%-нде ғана жәбірленуші өзі қылмысқа үлес қосқан. Вайстың айтуы бойынша және осы нәтиженің неміс полиция органдарында бірнеше мәрте расталғанындай зорлау қылмысы бойынша 35-56%-нде қылмыскер мен жәбірленуші қандай да бір қатынаста болған (Криминология). Және неғұрлым қылмыскер мен жәбірленушінің таныстық дәрежесі көтерілген сайын қылмыс туралы жәбірленушінің полицияға хабарлауға деген дайындық дәрежесі төмендейді. Осы нәтижелерді кейде криминология, соның ішінде виктимологиялық профилактика ғана емес, криминалистика да қолдана алады. Мысалға, кісі

 

 

өлтірушіні бірінші кезекте таныстардан іздесе, тонау мен қарақшылық жасаушыны кездейсоқ адамдардың қатарынан да іздестіре алады.

 

     Криминологияның саласы ретіндегі виктимология төмендегідей құбылыстарды зерттейді:

қылмыс құрбандарының моральдық-психологиялық және әлеуметтік сипаттамалары (қандай қасиеттеріне қарай адам жәбірленушіге айналды?)

қылмыскер мен жәбірленушіні байланыстыратын қатынас (бұл қатынастар қылмыстың жағдайын туғызуға қаншалықты әсер етті?)

қылмыстың алдындағы және қылмыс  үстіндегі ситуация (жәбірленушінің әрекеті не әрекетсіздігі қылмысқа қаншалықты ықпал етеді?)

құрбанның қылмыстан кейінгі мінез-құлқы (құқық қорғау органдарына жүгінді ме, әлде ақиқатты анықтауға кедергі келтірді ме?)

профилактикалық сипаттағы шаралар (жәбірленушілердің қорғану мүмкіндіктері қандай?)

қылмыс арқылы келтірілген зардаптың орнын толтыру жолдары.Кей уақыттарда виктимологияның пәнін қысқаша қылмыс жәбірленушілерінің тұлғасы мен мінез-құлқы деп те айта салуға болады.Криминологияда vіctіma (құрбан) түбірінен тұратын үш түрлі ұғым қолданылады. Олар – виктимология, виктимизация және виктимділік. Оның виктимологиясы құрбан туралы ілім екенін айттық, ал виктимизация болса, адамның қылмыс құрбанына айналу процесін білдіреді.Виктимділік – өзіне тән қасиеттерге не атқаратын қызметіне байланысты тұлғаның қылмыс жәбірленушісіне айналып кету бейімділігі. Ол бейімділік оның өз мінез-құлқына да тәуелді бола алады немесе оған тәуелсіз объективті де өмір сүре алады.Жәбірленушінің мінез-құлқының сипатына қарай:

1)белсенді жәбірленушілер – қылмыскерді өздері қоздырмағанмен, оған көмектесуші:  саналы қоздырушылар, абайсыз қоздырушылар т.б.

2)бастамашы жәбірленушілер – жалпы мінез-құлқы жағымды сипатта болғанмен, осы әрекеті өзіне зиян келтіруге әкеп соғады: лауазымына қарай, қоғамдағы жағдайына қарай, жеке қасиеттеріне қарай бастамашы болып табылатындар.

3)бәсең жәбірленушілер – әр түрлі себептермен қылмыскерге қарсылық көрсетпейтін құрбандар: қарсылық көрсетуге объективтік қабілетсіз, қарсылық көрсетуге объективтік қабілетті.

 

4)бейтарап жәбірленушілер – қай жағынан келсең де мінез-құлқы мінсіз жәбірленушілер: ешқандай да жағымсыз кейіпте болмаған және жәбірленуші ситуацияны сыни бағамдай алған.

5) бағамдай алмайтын жәбірленушілер – өмір жағдайын дұрыс, сыни көзбен бағалай алмайтындар: білім деңгейі төмен, ақылы кем, кәмелетке толмаған, қариялар, сырқат құрбандар. Сол сияқты осы топқа ешқандай жастығы, ауытқушылығы және сырқаты болмаса да бағамдай алмайтындар бар. Мысалға, кешқұрым троллейбуста отырған студент қыздар өздеріне қарағыштай берген жігіттерді «танысқылары кеп отыр» деп топшалайды. Осылайша, бұлар көліктен түсіп жатақханаларына қарай кетіп бара жатып, жаңағы жігіттердің де түсіп қалғанын аңғарады. Танысқысы кеп отыр деген «күдіктері» ақталған олар енді жаңағы еріп келе жатқан жігіттер тезірек жетіп алу үшін баяу жүре бастайды. Ал «танысқыш» жігіттеріміз жақындай бере қыздардың құндыз бөркін ала қашады (тонау). Ситуация шынымен де қауіпті болса, оны дәл сол күйінде емес, мүлде өңі айналған күйде бағалайтын құрбандар бұлар.Кейбер зерттеулерге қарағанда жәбірленушілер 26,5%-нде қарсылық көрсетсе, 29,4%-нде бейтарап мінез-құлық танытқан,  33,4%-нде қылмысқа қолайлы жағдай туғызған, ал 10,7%-нде қылмыс жасауды өздері қоздырған.Әйел жынысты адамды зорлау қылмысындағы жәбірленушілер мінез-құлқынның жөні бөлек.  38,6%-нде жәбірленушілер алкогольдік мас күйінде болған, олардың ішіндегі 92,8%-і болашақ қылмыскермен бірге ішкен (Криминология). Олардың мінез-құлқында маңызды болып адамдармен танысудағы кездейсоқтық, сақ болмау, жеңіл мінез табылады. Зорлау қылмыстарының 13%-нде қылмыскерге жәбірленушінің тиісуі, алдын ала уәде беру сияқты итермелейтін жағдайлар болған.Әлбетте, «Інген ыңғай білдірмесе, буыршын бұйдасын үзбес» деген сияқты мақалдарымыз тағы бар.Кейбір қылмыстарда адамдар шынымен де өздері дайын қақпанға бас сұғады.Шекара ашылған уақыттан бастап мыңдаған қыздар мен жігіттер адам саудасының құрбаны болды. Айталық, «моделдік бизнеске шақырамыз, бізге мүсіні мен келбеті сұлу қыздар керек, олармен шетелдің беделді компаниялары келісім-шарт жасайды» деген жарнамаға сеніп жалған құжаттардың көшірмелерін ғана көрсеткен алаяқтарға қаншама қыздар өздері келіп тіркеліп, өз қаражаттарына виза жасатып, өз қаржысына билет алып, «өз ырқымен» барып құрыққа түсті. Ол кездері барлық екі жүзге тақау мемлекетпен біздің елдің елшіліктері мен консулдықтары орнықпаған болатын, тіпті адам саудасын жазалайтын заң да жоқ еді. Көптеген жәбірленушілер сол сақтықтың болмауынан әлі де елдеріне қайта алмай жүр.Сол сияқты, ТМД көлемінде орын алған атақты Сергей Мавродидің ұйымдастырған «МММ» АҚ қаржы пирамидасын жұрттың бәрі біледі. Мавродидің сотталып, жазасын өтеп келгенінен де хабардар. «МММ»-нің аса ірі мөлшердегі алаяқтық фирма екенін де біледі, бірақ бәрібір адамдар мыңдап

 

қаржысын салудан тайынбайды. Оның үстіне қазір «Біз 20 млн-ға жеттік» деген де жарнамалар әр кіреберістерде ілініп тұр. Қазекем «Көппен көрген ұлы той» деген деп, «20 млн-ның бәрі бірдей ақымақ па, мен де көрейін»,- деп қояды. Екіншіден, 20 млн. кіріпті дегенді естігенде «Мен тоқалдан тудым ба, мен құр қалармын» деп үйінде тыпыршып байыз таппайтын адамдар да бар. Осындай адам психологиясының әлсіздігін алаяқтар жақсы пайдалана алады.

Өзімізде қазақтың әр қаласында өзінше «пирамидалар» бас көтеруде және оларды қамап жатса  да «салымшы-жәбірленушілер» қарсылық көрсетіп төбелеске дейін баруда.Виктимологиялық профилактика – ол ықтимал жәбірленушілерді сақтандыру арқылы қылмыстың алдын алу. Бірақ ықтимал жәбірленушілер үнемі ақылға қонымды әрекеттер жасай бермейді.Қалай болған күнде де сақ болғанымыз, өзіміз ыңғай бермегеніміз абзал.


Информация о работе Виктимология ұғымы