Өз мамандығыңыз бойынша оқушылардың танымдық белсенділігін арттыратын 2-3 ойын жаттығулары мен сұрақтарын құрастырыңыз

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2013 в 07:40, реферат

Описание работы

Бала белсенділігі туралы XVI – XVIII ғасырдағы негізделген алғашқы әрекеттер (Я.А. Коменский, Ж.Ж. Руссо) және бұл ұстанымдарды А. Дистервегтің, К.Д. Ушинскийдің және XIX ғасырдың басқа да прогрессивті ұстаздардың қолдауы физиологиялық және психологиялық деңгейде адам белсенділігінің мәнін методологиялық бағалаушылық пен расталады (И.В. Сеченов, В.М. Бехтерев, И.П. Павлов, Л.С. Выготский, С.Л. Рубинштейн, А. Леонтьев). Осы зерттеулердің нәтижесінде тұлғаның белсенділігі оның табиғи жаратылысы жағдайы, сонымен бірге, тұлға іс-әрекет барысында қалыптасатындығы, іс-әрекет қандай болса, тұлға да сондай болады деген қорытындылар жасалынады. Демек, жеке тұлғаны жан-жақты дамыту үшін оқу белсенділігінің мәні ерекше.

Файлы: 1 файл

Отбасы сож 12.doc

— 64.00 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ  Ұлттық Университеті

 

 

   

       СӨЖ

 

 

 

    Тақырыбы: Өз мамандығыңыз бойынша оқушылардың танымдық белсенділігін арттыратын 2-3 ойын жаттығулары мен сұрақтарын құрастырыңыз.

 

 

 

 

 

 

 

                                             

 

 

 

 

                                                     

 

 

                                                        Алматы,2013

 

 

 

 

 

 

 

 

 Жоспары:

1) Бала белсенділігі және даму тарихы

2) Таным белсенділігін зерттеген ғалымдар

3) Танымдық белсенділігін арттыратын  “Су” ойын жаттығуы

       Бала белсенділігі туралы XVI – XVIII ғасырдағы негізделген алғашқы әрекеттер (Я.А. Коменский, Ж.Ж. Руссо) және бұл ұстанымдарды А. Дистервегтің, К.Д. Ушинскийдің және XIX ғасырдың басқа да прогрессивті ұстаздардың қолдауы физиологиялық және психологиялық деңгейде адам белсенділігінің мәнін методологиялық бағалаушылық пен расталады (И.В. Сеченов, В.М. Бехтерев, И.П. Павлов, Л.С. Выготский, С.Л. Рубинштейн, А. Леонтьев). Осы зерттеулердің нәтижесінде тұлғаның белсенділігі оның табиғи жаратылысы жағдайы, сонымен бірге, тұлға іс-әрекет барысында қалыптасатындығы, іс-әрекет қандай болса, тұлға да сондай болады деген қорытындылар жасалынады. Демек, жеке тұлғаны жан-жақты дамыту үшін оқу белсенділігінің мәні ерекше.

    Шынымен-ақ, оқушылардың оқу белсенділігін арттыру арқылы өздігінен білім алуды қажетсіну қазіргі таңда шешуін күтетін өзекті мәселелердің бірі екені айқын.

     Адамның белсенділігінің табиғатын тани білу, еңбек және моральдық белсенділік дәрежесі бойынша адамның қоғам мен ұжым үшін жарамдылығын жете анықтау мұғалімінің басты міндеті.

     Белсенділік деп адамның іс-әрекеті үстіндегі жағдайын айтады. Тіршілік және іс-әрекеттері барысында адамның қарым-қатынас жасау, таным және өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі дамиды.

      Бала белсенділігінің ең алғашқы формасының бірі қарым-қатынас жасау белсенділігі. Бұл адамның бүкіл өмірінде дамитын белсенділік. Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес басқа адамдар мен қарым-қатынас жасау белсенділігінің мазмұны өзгеріп отырады. Мектеп жасына дейінгі балалар ересек адамдардың әрекеттеріне үңіле қарап, үйренеді, оларға еліктейді. Балалардың саналы түрде істейтін мұндай әрекеттерін ырықты немесе ерікті белсенділік дейді. Бұл жастағы балалардың үлкендердің әрекеттеріне және олармен өзара қатынас жасауға еліктеу рөлді ойындарды атқару барысында байқалады. Көбінесе балардың ойындарда адамдардың іс-әрекеттері, тұрмысы, өзара қатынасы қамтылып көрсетіледі, ұжымдық өмір дағдылары қалыптаса бастайды. Ойын барысында балалардың құрдастарымен де өзара қатынасы өзгереді. Олар басқа балалармен ойнауға тілек білдіреді, еңбекке байланысты тапсырмаларды бірігіп, орындауға, өз қылықтарын ережеге бағындыруға, керексіз әдеттерді тежеуге, кедергіні ығыстыруға үйренеді.

     Әр түрлі ойын баланың дүниетенымын кеңейтіп, қарым-қатынас жасау белсенділігін дамытады.

     Қарым-қатынас белсенділігі әсіресе, мектеп жасындағы балаларда айқын көріне бастайды. Ата-аналармен, мұғалімдермен, құрдастары және достарымен, үлкендермен балалардың қатынас жасауында әр алуан ерекшеліктер болады. V–VI сынып оқушылары қарым-қатынас жасау үшін ең алдымен өзіне дос және жолдас болатын құрбы-құрдастарын іздестіреді.

    Қарым-қатынас жасау белсенділігі жеке адам қасиеттерінің (мархабаттық, қайырымдылық, қамқорлық, өзі үшін және басқа адамдар алдында өзінің қылықтары жайлы жауапкершілік сезімі т.б.) қалыптасуына мүмкіндік туғызады.

      Баланың даму барысында таным белсенділігі артады. Мектеп жасына дейінгі (5-6 жас) балалар заттарды түсіне, формасына қарап ажырата бастайды, олардың құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Балалардың бір нәрсені құмартып, білуге талаптануын таным ынтасы дейді. Балалар өте байқағыш, әр нәрсеге үңіле қарайды, кейде терең ойға шомылады.

     Мектеп жасындағы балалардың таным ынтасын қалыптастыруда білім беру тәсілдерінің ерекше маңызы бар. Оқу барысында балалар түрлі заттардың, құбылыстардың мәніне, ғылыми ұғымдар мен заңдылықтарға терең түсінуге, алған теориялық білімдерін практикада еркін білуге үйренеді. Оқушылардың таным белсенділігі олардың шығармашылық іздену қабілетіне, мұғалімнің теориялық сауаттылығы мен шеберлігіне байланысты.

    Жеке адамның санасының қалыптасу барысында өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі ерекше орын алады. Бала даму барысында өзін-өзі жетілдіру мақсатын көздей талаптанып әр түрлі әрекет жасайды.

     Белсенділік адамның табиғи қасиеттерінің бірі болып табылады. Дьюидің жетекші қағидасының айтуы бойынша оқыту процесінің белсенді қатысушысы болатын оқушы мінездемесін анықтайды. Дьюи бойынша оқушы егер «өзімен өзінің айналасындағы кернеуді табыстыра» алса, белсенді болады (S.M. Fishman, L. McCarty, 1998). Бұған қалай жетуге болады? Бұл айналаны белгілі бір мақсатпен зерттейміз және оның барысында алдағы ізденістерге қажет болатын жаңа жетістіктерге жету жолдарына үйренгенімізде орын алады деп есептейді ол. Оқушыға оқырманның қызығушылығын арттыратын дұрыс проблемаларды; сонымен қатар оқу бағдарламасына енген материалды оқу барысында меңгерілетін және нәтижелерге әкелетін проблемаларды оқуға беру біздің қолымыздағы нәрсе. Онда Дьюидің айтуына сай, оқыту мектептен тыс білім сияқты эмоционалдық күшке ие болады (S.M. Fishman, L. McCarty, 1998).

С. Фишман айтуынша кластағы мүдде мен жігер механизмін Дьюи келесі тұрғыда көрсетіледі:

1. Не  үшін? Балалар «не үшінсіз» мектепте үйреніп жатқаны мен өзінің болашағының арасындаға ұзақтықты құрастыра алмайды.

2. Неменеге? Оқушылар оларды мақсатқа жету үшін не көмектесетінін анықтау керек. Егер сен біреудің сенімін өзгерткің келсе, онда сен көрсетілген ақпараттар нақты неге назарын аударуды ұсынатындығыңды көрсету керек. Пән мен материал мақсатқа жетудің қажеттілігі мен мағынасы болуы керек.

3. Не  арқылы? Бұл оқушыларды кластағы таныс емес элементтерді тануы үшін қолданатын бұрынғы тәжірибесі.

 А. И.  Субетто: «Ойын - әркез бақытты  өмір үлгісі. Ойын тудырушы, тудыра  отырып шығармашылықты өрнектейді, адамды шығармашылыққа даярлағандай өмірге де дайындайды» десе, В. А. Сухомлинский: «Ойын кезінде балалар алдында әлем, дүние айқындалады, жеке тұлғаның шығармашылық қабілеті ашылады. Ойынсыз толық мәнді ақыл - ойдың дамуы болмайды, болуы мүмкін де емес» деген. Ойын - өз алдына оқыту үрдісі, жеткіншектерді еңбекке дайындаудың белсенді құралы. Ойын сабақтары түрлерін таңдап алу, оны жүргізу мұғалімнен үлкен шығармашылық ізденісті талап етеді. 
 
 
           Су 
жұғады жабысады 
ағады 
Сабақты қорыту мақсатында әр топқа тапсырма бердім: 
І топ – эссе жазады «Су – тіршілік көзі» 
ІІ топ – сурет салады 
ІІІ топ - өлең шығарады «Бес жолды өлең» 
Эссе «Су – тіршілік көзі» 
Бізге су өте қажет. Су болмаса біз өмір сүре алмаймыз. Біз суды күнделікті өмірде пайдаланамыз. Су түссіз, мөлдір болады. Сусыз жануарлар да тіршілік ете алмайды, өсімдіктер де өспейді. Сондықтан суды үнемдеуіміз керек. 
Бес жолды өлең 
          Су 
Мөлдір, түссіз 
Ағады, жұғады, жабысады 
Ол бізге өте қажет 
Сусын. 
- «Өсімдікке не қажет?» деген тақырыпты өткенде ертегі құрастыртуға болады. 
Осындай тапсырмалардан кейін нәтижесінде қоғамымызда табиғатты сүйе білетін, қайырымды, мейірімді, өзін - өзі тани алатын, байқағыш, үнемді, табиғат құндылығын түсіне білетін тұлға тәрбиеленеді.

 
    Міне, осындай танымдық белсенділікке байланысты шығармашылық тапсырмаларды қолдану барысында оқушының сабаққа деген қызығушылығы артып, дамиды. 
Қорыта келгенде, Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты. Осыған орай мектептегі оқу үдерісінде оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыру, дамыту болашақта білімді өз бетінше жинап алу қабілеттерін дамытуда жетекші рөл атқарады және пәндерді оқыту барысында көзделетін білімділік, дамытушылық, тәрбиелік міндеттерді жүзеге асыруда оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту және қалыптастыруда сабақта әртүрлі әдіс - тәсілдерді қолданудың тиімділігіне көз жеткізуге болады. 
 
Қорытынды: өзімнің баяндамамды қорыта келіп, мынадай түйін түюге болады. 
1. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары артады. 
2. Оқушылардың танымдық белсенділіктері дамиды. 
3. Осы шығармашылық тапсырмаларды пәндерге бейімдеп қолданудан, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы молаяды. 
4. Оқушылардың логикалық ойлауы, шығармашылық іс - әрекетке қабілеті артады. 
5. Оқушылардың білім сапасы көтеріледі. 
Ол үшін, жалықпай жаңа инновациялық технологияларды өз жұмысымызда пайдаланып, сонымен қатар оқушыларды мадақтап, ынталандырып отырған орынды. Баланың қиялын дамыта отырып, ойын дамытамыз. Ойы дамыған шәкірттеріміздің танымдық қызығушылығы арта отырып, шығармашылық әрекеті жоғары деңгейге көтеріледі. 
Қолданылған әдебиеттер: 
1. Бастауыш мектеп журналы №5 1998ж 
2. Бастауыш мектеп №3, 4 2010ж 
3. Дамыта оқыту технологиялары Б. А Тұрғынбаева «Алматы», 2000ж 
4. Қазақстан мектебі, Алматы №8 2003ж 
5. Мен және бәрі, бәрі, бәрі Алматы «Аруна» 2006ж 
6. Бастауыш сыныпта оқыту журналы №1 2006ж

 


Информация о работе Өз мамандығыңыз бойынша оқушылардың танымдық белсенділігін арттыратын 2-3 ойын жаттығулары мен сұрақтарын құрастырыңыз