Заңгердің кәсіби этикасының түсінігі және түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2014 в 21:25, реферат

Описание работы

Ғылыми тұрғыда кәсіби этика түсінігі әбден тұрақтанды, яғни алғашқы түсінігі бойынша тәжірбиелік мораль ретінде қабылданып, мынадай жұмыс түрін реттейтін, оның пәні ретінде адам , ал кейіннен ғылыми бағыт болатын, ондағы айрықша қағидалармен мораль кодексінің нормаларының қолдану жағдайларын зерттеуге бағытталған болатын. Этика түсінігін түгелдей алғанда кәсіби этика түсінігі ерекше. Ол өзіне моральдік процестерді, адамның іс әрекеттерін және іс-қимылын, қағидаларды, яғни адамның белгілі бір өмір сүрумен байланысты, дәлірек айтсақ кәсібімен байланысты болады.

Файлы: 1 файл

зангер этикасы.docx

— 18.64 Кб (Скачать файл)

Заңгердің кәсіби этикасының түсінігі және түрлері

Ғылыми тұрғыда кәсіби этика түсінігі әбден тұрақтанды, яғни алғашқы түсінігі бойынша тәжірбиелік мораль ретінде қабылданып, мынадай жұмыс түрін реттейтін, оның пәні ретінде адам , ал кейіннен ғылыми бағыт болатын, ондағы айрықша қағидалармен мораль кодексінің нормаларының қолдану  жағдайларын зерттеуге бағытталған болатын. Этика түсінігін түгелдей алғанда кәсіби этика түсінігі ерекше. Ол өзіне моральдік процестерді, адамның іс әрекеттерін және іс-қимылын, қағидаларды, яғни адамның белгілі бір өмір сүрумен байланысты, дәлірек айтсақ кәсібімен байланысты болады.  Көптеген кәсіптік этика бар- ғылыми этика, мәдениет этикасы, жеке бизнес этикасы, мемлекеттік қызметкерлер этикасы, дәрігерлердің  кәсіби этикасы. Кәсіби этикаға заңгердің де этикасы кіреді. Ол өзі адвокаттық этика және сот этикасы  т.б. болып бөлінеді.  Әр бір кәсіптің пәні ретінде қоғамдық кәсіби мүдделерді жүзеге асырумен тікелей байланысты тұлғалардың іс әрекетінде көрініс табатын белгілі бір мүдделер тобы. Жеке  кәсіптің мүддесі қоғамның мүддесіне кедергі етпейді, себебі әр бір қызмет белгілі бір саласында ғана өз міндеттерін жүзеге асырады. Мазмұны бойынша ұқсас кәсіптер мәдениетімен ерекшеленеді. Оларға мыналарды жатқызуға болады:әлеуметтік құндылықтар, салт-дәстүрлер. Сондықтан кәсіби қызығушылықтар негізінде заңдастырылмаған этикалық тәртіп нормалар жүйесі қалыптасады. Тарихта екі кәсіп түрі белгілі, олардың өкілдері өздерінің қызметтерін мінез-құлық арқылы реттеуге тырысқан, яғни моральдік ережелерді белгілі бір тәртіпке келтіруарқылы параграфқа бөлу, кодекс жасап жинақтау болатын. Соңғылардың пайда болуы ант берумен негізделетін, осы кәсіпке кірудің  салтының бір бөлігі ретінде қарастырылатын. Бұл кәсіптер дәрігер мен заңгерлердің кәсібі болып табылады.Оған бірнеше себеп бар. Дәрігер мен заңгер адамға маңызды құндылықтарды қорғау мақсатында тұрған, яғни өмір мен денсаулық,  бостандық пен абыройлы ат. Кәсіптің міндеті мен намысына бағыттаушы болып кәсіби мораль кодексі блатын. Заңгерлердің кәсіби этикасы құрамдаушы бөліктерге бөлінеді.Заңгер болып белгілі бір мақсат пен міндетті орындайтын адамдар болады, сондықтан этика нормасы барлығына бірдей емес. Осы мақсатта адвокат этикасы, сот этикасы, мемлекеттік қызметкер, прокурор, ІІО қызметкелері және т.б. этикалары қарастырылады. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіпкерлік этикасы- олардың өз кәсіпкерлік аясында өзіне, бір-біріне сондай-ақ басқа тұлғаларға және лауазымды тұлғаға  қатысты туындайтын өзара қатынастарын реттейтін өнегелік талаптар, нормалар мен ережелер жиынтығы.  
Бұл талаптар жүйесі өздерінің лауазымды міндеттерін атқаруда жол берілетін және көтермелеуге жататын сондай-ақ рұқсат етілмейтін мінез-құлықты анықтайды. Бұл жүйе құқық қорғау қызметінде болатын өзгерістерге байланысты мазмұны жаңадан толықтырылып әрдайым өзгеріп отырады. Моральдік нормалар тиым салынатын жағымсыз түрде сондай-ақ позитивті (жағымды) түрде (шыншыл бол, досыңа көмектес, қызмет бабында әріптесті құрметте, жастайыңнан намысыңды сақта және т.б.) құқық қорғау органдары үшін маңызды болып табылады. Адамгершілік мазмұнын ашатын өнегелік талаптар моральдік қағидалар  арқылы сипатталады. Олар мінез-құлық жеке нақты нормаларына негізделген және қызметкерлердің жалпы қызметінің бағытын анықтайтын, құқық бұзушылық пен құқықтық қатынас қатысушыларының өзара қарым-қатынасын сипаттайтын, өнегелік мәніне қатысты негізгі талаптарды сипаттайды. Бұл қатынастарда олар өнегелік (адамгершілік) өлшемдері ретінде қызмет етеді. Егер моральдік норма нақты жағдайларды  өзін қалай ұстау керек екендігін, қызметкерлердің нақты қандай  іс-әрекеттер жасау керектігін сипаттайтын болса, ол моральдік қағидалар адамның қызметінің жалпы бағытын береді.  
Моральдік қағидалар қатарына өнегеліктің жалпы негіздері ретінде: гуманизм- адамның жоғарғы құндылықтарды тануы, альтуризм- адамзатқа, қоғамға, мемлекетке пайда табу мақсатынсыз қызмет ету, көмекті қажет ететін әрбір адамға қайырымдылықпен көмек көрсетуге дайын болуы, коллективизм-жалпы игілікке саналы түрде қол жеткізуге ықпал ету, жекешелеуден бас тарту-жеке тұлғаның қоғамға қарсы тұруы; эгоизм-өз мүддесін көпшіліктің мүддесінен басым қоюы. 
Өнегеліктің мәнін сипаттайтын  қағидалардан басқа моральдік талаптарды орындау тәсіліне  жататын формальды қағидаларды да ажыратады. Мысалы: түйсіну және оған қарама-қарсы формализм, фетимизм, фатализм, фанатизм, догматизм. Бұл қағидалар мінез-құлықтың нақты формаларының мазмұнын анықтамайды.  Адамдарға қойылатын өнегелік талаптар сипатталатын моральдік сананаң өнегелік идеалдары жоғарғы моральдік қасиеттерді өзіне қамтыған тұлға кейпінде көрінеді.  ¤негелік идеал құқық қорғау орган қызметкерлерінің өзін-өзі тәрбиелеуін білдіреді, яғни гуманизмнің, әділеттіліктің жоғарғы талаптарына негізделуі керек.

 


Информация о работе Заңгердің кәсіби этикасының түсінігі және түрлері