Жанымды жегідей жеп қарттар үйі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2013 в 17:39, реферат

Описание работы

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Аллаhтың разылығы — ата-ананың разылығында, Аллаhтың ашуы ата-ананың ашуында жатыр»,— деген. Түсінген адамға бұл сөзде терең мағына бар.
Құран Кәрімде де: «Раббың Өзіне ғана ғибадат етулеріңді, әке-шешеге жақсылық жасауларыңды әмір етті. Ал егер ол екеуінің бірі немесе екеуіне де жандарына кәрілік жетсе «түh» деме, (кейіс білдірме) сыпайы сөйле» ( Исра сүресі, 23 аят),— дейді

Файлы: 1 файл

карттар.docx

— 219.06 Кб (Скачать файл)
 
 

Жанымды жегідей жеп қарттар үйі

 
 

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Аллаhтың разылығы — ата-ананың разылығында, Аллаhтың ашуы ата-ананың ашуында жатыр»,— деген. Түсінген адамға бұл сөзде терең мағына  бар.  

 Құран Кәрімде де: «Раббың Өзіне ғана ғибадат етулеріңді, әке-шешеге жақсылық жасауларыңды әмір етті. Ал егер ол екеуінің бірі немесе екеуіне де жандарына кәрілік жетсе «түh» деме, (кейіс білдірме) сыпайы сөйле» ( Исра сүресі, 23 аят),— дейді.

 

Әрбір адамға өз әке-шешесінен жақын адам жоқ. Өкінішке қарай, өзін мына жарық дүниеге әкеліп, ақ сүтімен емізіп, төрт ұйқысын төрт бөліп, сәбиін тербетіп, таң атқызған анасын,  мойнына мінгізіп еркелетіп, баласының бақыты, игілігі үшін бар күш-қуатын арнаған әкесін ұмытып, қартайған шағында өмір тәлкегіне лақтырып кеткен қатыгез балалар да арамызда жетерлік. Иә, оларды адамгершіліктен жұрдай, жүрегі жоқ пенделер демеске амалың жоқ.

67 қарттар үйінде 12 мың қартымыз жатыр  

 Елімізде ежелде қазақ «қазына» деп есептеген қарияларымыздың көпшілігі қалған аз ғана өмірін қарттар үйінде өткізуде. Бұл жанды тітіркендірер, жүректі ауыртар жаман үрдіс ежелде қазақта, түркі халықтарында болмаған. Өркениет дамыған XXI ғасыр өзімен бірге осындай жаман  дертті ала келді. 2008 жылғы ресми дерек  бойынша  республикада 67 қарттар үйі бар екен. Онда 12 мың  қарт тіркелген.Әрі бұл көрсеткіш күннен–күнге өсуде.   Сөз жоқ, Кеңес өкіметі кезінде де қарттар үйі болды. Алайда, мамандардың  айтуынша, ол кезде бұл үйде қарттар өте аз болған. Соның ішінде қазақтың әже-ақсақалдары жоқ болған десе де болады. Бәрінен өкініштісі, елімізде қариялар үйінде баласы жоқ не болмаса балалары өмірден озып, сол себепті де осында түскен әже-аталарымыздан гөрі бес-алты ұл-қызы бар қазақтың қариялары көп екен.  Бұл— әрине, қорқынышты факт. Оған кім кінәлі? Қазіргі адамдардың құндылықтарын өзгерткен нарық заманы ма, әлде қоғам ба? Әлде мүмкін қызмет, жұмыс деп жүріп өз баласына дұрыс ұлттық тәрбие бере алмаған ата-ананың өзі кінәлі ме? Халық  «не ексең, соны орасың» деп бекер айтпаған болар.    

 Мен қалалық «Ардагерлер үйіне» барып, осы қабырғада өмір кешіп жатқан қарияларымыздың жағдайымен танысқан едім.  Осы үйдің табалдырығын аттап, ұзын дәлізбен жүріп өткенде, жүздерін қат-қабат әжім торлаған, ақ самайлы әже-аталарымызды көрдім. Олардың кәрілікке жетіп, қалтырап-дірілдегенде осында келіп тығылып, ажалын күтіп жатқандарын көргенде, қабырғаң қайыспауы мүмкін емес. Мұнда өз перзентіне қажет болмай, осы үкіметтің үйінде орнын тапқан ата-әжелеріміз  көп екен. Олардың ішінде қазақ ата-әжелер де аз емес. Дегенмен, оларға қажетті жағдайдың бәрі ойластырылып,  жайлы өмір кешуге барынша мүмкіндік жасалған екен. Бірақ, бұл өз шаңырағында немерелерінің бал тілін естіп, иіскеп өмір кешкенге жетпесі белгілі. Әрине, өз перзенті теріс айналған қарияларымыздың жүрегін тілгілеп, қан жылатқан мұңын, жан азабын өздерінен артық сезініп, түсінетін адам жоқ. Олар сол азабын, мұңын жер қойнына бірге  алып кететіндігі де анық. 

 Осы үйдегі қарияларды қас-қабағына қарай сөзге тартқан едім. Сонда  өз баласынан жазықсыздан-жазықсыз  қанша қорлық көрсе де, өз перзентін шырылдап қорғап, олардың атына шаң жуытпайтындығына  таң қалдым.  Көбісі «балаларымызға кедергі болмайық  деп  өзіміз рұқсат сұрап келдік. Алайда, араласып тұрамыз» дегенді айтады. Бірақ, әрине бұған қанша сенгің келсе де жүрек шіркін сенбейді.  Бұл шаңырақты басқарып отырған директордың айтуынша, «қарттар үйі» деген ешкімге қажеті жоқ,  тастанды деген мағынаны береді. Ал «ардагерлер үйі» десек, бұл— кезінде туған еліне, жеріне еңбегі сіңген ардагерлердің, яғни ата-әжелеріміздің тұрағы. Жүрекке жылы естіледі. Сол себепті осылай өзгертілген. Алайда, аты өзгертілгенімен, сипаты өзгермейтіні де белгілі. Әрине, өмір бар жерде  өлім де бар. Оны мұндағы қариялардың өздері де жақсы түсінеді. Өз бала-шағасының ортасында мерейі тасып отырған ата-әжелеріміз Алладан әлі де өмір беріп, немере-шөберелерінің қызығын көрсетуді тілесе, мұндағы қарияларымыз мына азапқа  толы өмірмен тезірек қош айтысуды тілейді екен. Оған олармен тілдескенде көз жеткізгендей болдым.        

 «Ең болмаса ақыреттік сапарға аттанған әкеңнің жаназасына кел!»


 

 

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келсек,  қарттар үйі— бізге дендеп еніп келе жатқан үлкен дерт. Өкінішке қарай, елімізде өз балаларынан тірідей айырылған жетім қарияларымыз күннен-күнге көбейіп келеді. Жоғарыда айтып өткендей, өміріміздің соңы осылай аянышты аяқталмау үшін қазірден бастап балаларымыздың тәрбиесіне қатаң мән бере отырып, оларды имандылыққа, адамгершілікке баулуымыз қажет.  Тек сонда ғана өз ата-анасын сыртқа тепкен балалар азайып, ибалы, инабатты келіндер көбейер еді. Дегенмен де  әрбір жас адам  өзін өмірге әкеліп,  барын алдына тосқан ата-анасын қартайған шағында тағдыр тәлкегіне тастап кеткеннен жақсылық, бақыт таппайтынын ұмытпаған жөн. Бұл ауыр күнәсі үшін екі дүниеде жазасын алатындығы  ақиқат.     

 Қарттар үйінен ұзап барып артыма  аянышпен көз тастадым.  Сол кезде неге екені белгісіз, ойыма Алтынбек ағамыздың мына өлең шумағы оралды:            

 Әкең де осы жерде өлер енді,              

 Тәңірдің жазуына көнер енді. 

 Уа, жалған сағындым ғой тым болмаса, 

 Алып кеп иіскетші немеремді.

Жұмыр  басты пенде   жаратқаннан  ұзақ  ғұмыр  сұраймыз.  Алайда   ұзақ ғұмырдың соңы  немерелерін  иіскеуге  зар  болып  төрт  қабырғаның  ішінде қамалып  өтер болса, өмірдің мәні жоғалса, онда  ұзақ  ғұмырдың маңызы қанша?!  Мұндайда «Онша тер емес еді-ау пәтерің де, Осында тастап кеттің әкелдің де, Сынаптай сыртын берсе туған балаң, Тірідей өлгені ғой әкенің де» деген «Қара шалдың» монологы ойға оралады.                                                                                    Қарттар үйі – жасы ұлғайып, қараусыз қалған қарттарды әлеуметтік қорғау нысандарының бірі болып табылатын мемлекеттік мекеме. Бұрынғы КСРО тұсында қарттар үйі 20 ғ-дың 50 – 60-жылдарында құрылып, ауқаты төмен, еңбекке жарамсыз азаматтардың тұрмыс деңгейін қолдау мақсатымен жұмыс істей бастады. Қазіргі кезде қарттар үйі мемлекеттік бюджет, мемлекеттік қамсыздандыруға алынған адамдардың зейнетақысы, заңды және жеке тұлғалардың қайырымдылық жарналары, Қызыл Крест пен Жарты Ай желісі бойынша көрсетілген ізгілік көмек, трансферт, жекеше құрылымдардың қаражаты есебінен қаржыландырылады. Қарттар үйінде тұратын бір адамның айлық шығыны орта есеппен 7500 теңгені құрайды, оның 2500 теңгесі қарияның зейнетақысы есебінен өтеледі. Коммуналдық қызмет көрсетуге, жөндеуге, тамаққа байланысты шығынның көп бөлігі мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен өтеледі

 

Бүгінде қазақтың қарияларынан қадір кетіп тұр. Бейнетінің зейнетін көріп, төрде отырып ақыл айтар шақта ата-анасын қарттар үйіне апарып тастайтындар көбейді. Немерелерінің маңдайынан бір иіскей алмай, қаншама жан өмірден өтіп те жатыр.  
 
Жыл өткен сайын Қазақстанда қарияларға арналған интернат-үйлердің саны көбейіп келеді, демек, сұраныс артып отыр. Өзге жетістіктерімізбен мақтансақ та, бұл мақтанатындай көрсеткіш емес, әрине. 
 
«Қарттар үйі, жетімдер интернаты» деген ұғымдар қазақ қоғамы үшін жат еді. «Жаман әдет жұққыш келеді» демекші, батыстан бастау алған бұл үрдіс бізге де келіп жетті. Өткен ғасырдың 50-60-жылдары еңбекке жарамсыз, қамқорсыз қалған жандарға арналып салына бастаған болатын. Жыл өте келе, бұл үйлерге бала-шағасына керексіз болып қалған қариялар да алына бастады. Жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған қазақ қазір сол жаққа ақ сақалды аталары мен ақ жаулықты аналарын ойланбастан апарып өткізіп жатыр. 
 
Соңғы дерек бойынша, елімізде қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлердің саны 87-ге жеткен екен. Отыз мыңдай адам амалсыздан осы үйлерде тұрып жатыр. Тек Солтүстік Қазақстан облысының өзінде екі бірдей интернат жұмыс істеп тұр. Шығыс Қазақстан мен Қостанай облыстарында қарттар үйлерінің саны өзге өңірлерге қарағанда көп шоғырланған.

 


Информация о работе Жанымды жегідей жеп қарттар үйі