Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2014 в 14:09, доклад
Қазіргі таңда өмірге көз - қарастары толық қалыптаспаған жастардың арасында қылмыстың жасалуы жиі кездеседі. Қылмыстың жасалуына жастардың криминалдық ортада өмір сүруіде ықпал етеді. Жастардың арасында қылмыстың көп жасалуына ол отбасындағы берілген тәрбиеге, ата – ананың балаға көніл бөлуіне де байланысты.
Жасөспірімдер арасындағы қылмыс
Қазіргі таңда өмірге көз - қарастары толық қалыптаспаған жастардың арасында қылмыстың жасалуы жиі кездеседі. Қылмыстың жасалуына жастардың криминалдық ортада өмір сүруіде ықпал етеді. Жастардың арасында қылмыстың көп жасалуына ол отбасындағы берілген тәрбиеге, ата – ананың балаға көніл бөлуіне де байланысты.
Қоғам кәмілеттік жасқа толмаған азаматтардың жасаған қылмыстарын ақылдарының толмағандарынан деп есептейді. Сондықтан да жасалынып жатқан қылмыстар құқық қорғау органдарына хабарланбай жататының да кездестіріп жатамыз. Жасөспірімдерді қылмыс жасауға мына факторлар әсер етеді: отбасындағы қолайсыз жағдай, сабаққа бармау, оқу орындарында тәрбиелік жұмысты аз жүргізу, эканомикалық жағдай, өздерінің құқықтарын дұрыс білмеуінен т.б. Соңғы 3 жылда жастар арасында қылмыс жасау көбейді. Көбінесе қылмыстың мына түрлері жиі кездеседі: кісі өлтіру, ұрлық, тонау, бұзақылық, алаяқтық. Алматы облысының Ішкі істер департаментінің берген ақпараты бойынша жасы кәмілетке толмағандарға соңғы 10 айдың ішінде 236 қылмыстық іс тіркеліп, 252 іс қозғалған.
ҚІЖК – 284 бабы бойынша тергеліп болған іс – 221, 183 іс сотқа жіберіліп, 38 жабылған.
ҚІЖК – 132 бабы бойынша кәмілеттік жасқа толмаған 40 азаматты тергеушілер ұстады.
ҚК 131 бабы бойынша кәмілеттік жасқа толмағандармен жасалған қылмыс бойынша 16 қылмыстық іс қозғалған, 15- кінәлі болып танылған. ҚІЖК 284 бабына сәйкес - 14 азаматты сотқа беріп, 1 іс жабылған.
Жас өспірімдердің арасында жиі кездесетін қылмыстардың бір түрі меншікке қатысты қылмыстар. Кейбір қылмыстар жәбірленушінің өлімімен аяқталып жатады. Қылмыстың бұл түрін жасаған азаматқа ҚРҚК – 96 бабы бойынша іс қаралып, 6 жылдан – 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.
Денсаулыққа кері әсерін тигізетін наша заттарын пайдаланып, сақтағаны үшін ҚРҚК -259 бабы бойынша 3 жылға дейін, ерекше жағдайларда 7 жылдан – 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Жиі кездесетін қылмыстардың бірі тонау – бұл басқа адамның мүлкіне қол сұғу, 3 жылдан – 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.
Жасөспірімдердің қылмыстары арасында қатыгездік пен зорлық – зомбылық әдетті іске айналып бара жатыр. Сонымен қатар жасөспірімдер зорлық- зомбылықты шегінен асырып жасайды. Жасөспірімдер қылмыс жасау барысында келеңсіз жағдай бола қалса адам өлтіру, ауыр дене жарақатын, қарақшылық жасауға дейін барады. Жастар арасындағы қылмыстар ер балалар мен қыз балалардың нашақорлық, таксикомания және алкагольдық әсерімен жасалады. Қазіргі таңда мастықпен жасалатын қылмыстар айтарлықтай жиі кездеседі. Әрбір 5 – ші қылмыс жасөспірімдердің алкагольдың немесе нашаның әсерімен жасалады. Қазіргі таңда қыз балалардың қылмыс жзасауы жиі кездесіп жатады .
Алдын ала жоспарланып
, дайындалып, техникамен жабдықталған
қылмыстар көбейіп бара жатыр.
Бұл кылмыстарды коп несе
Әрине бұның барлығы
үлкендер арасындағы
Қазіргі Қазақстанда
жастар өзара өте күшті