Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2013 в 17:20, контрольная работа
Ұлы Отан соғысы елдің экономикасын орасан зор шығынға ұшыратып, ол 20 миллион адам өмірін қыйды, елдің ұлттық байлығының 30%-ін жойды. Мемлекеттің тек тікелей әскери шығындары 551,1 млрд сомға, ал материалдық зияны 679 млрд сомға бағаланды (соғысқа дейінгі бағамен есептегенде). Соғыс жылдарындағы еліміздің жалпы материалдық шығындары 1 триллион 240 млрд сомнан астам болды.
Соғыс мемлекеттік бюджеттің кірісі мен шығынын өзгертті, соғыстың алғашқы екі жылында өндірістен түсетін табыс азайып, ал халықтан түсетін кіріс артты. Халыққа табыс салығынан басқа, әскери салық, баласыздық салығы, аз отбасылық және жалғыз бастылар салығы салынды.
1947 жылғы ақша реформасы
Ұлы Отан соғысы елдің экономикасын орасан зор шығынға ұшыратып, ол 20 миллион адам өмірін қыйды, елдің ұлттық байлығының 30%-ін жойды. Мемлекеттің тек тікелей әскери шығындары 551,1 млрд сомға, ал материалдық зияны 679 млрд сомға бағаланды (соғысқа дейінгі бағамен есептегенде). Соғыс жылдарындағы еліміздің жалпы материалдық шығындары 1 триллион 240 млрд сомнан астам болды.
Соғыс мемлекеттік бюджеттің кірісі мен шығынын өзгертті, соғыстың алғашқы екі жылында өндірістен түсетін табыс азайып, ал халықтан түсетін кіріс артты. Халыққа табыс салығынан басқа, әскери салық, баласыздық салығы, аз отбасылық және жалғыз бастылар салығы салынды. Халық арасында мемлекеттік заемдарға өз еркімен жазылу және әскери техника жасауға ерікті жарна төлеу сияқты науқандар жүрді. Соғыс жылдарында халықтан барлығы 270 млрд сом немесе мемлекеттік кірістің 26,4%-і түсті. Бұл сома тікелей әскери шығындардын жартысын жабуға мүмкіндік берді.
Мемлекеттік бюджеттің кемшілігі негізінен ақша эмиссиясымен толтырылды, бұл айналыстағы ақша массасын өсірді. Тұтыну тауарларын өндіру мен оны сауда орындарына түсіру қысқарды. Сондықтан жалпы тауар айналымындағы колхоз базарындағы сауданың үлесі 1940 жылғы 19%-тен 1945 жылы 46%-ке өсті. Сөйтіп колхоз базарындағы тауарлар бағасы көп мөлшерде өсті. Халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін оларды бөлудің карточкалық жүйесі енгізіліп, белгілі бір норма бойынша соғысқа дейінгі тұрақты бағамен, ал нормадан артығы нарықтық бағамен сатылды. Оған қоса мемлекет меншігіндегі тауар ресурстарының аздығы нарықтық бағаның көтеріліп, ақшаның көптеген мөлшерінің саудагерлердің қолында шоғырлануы, ақшаның сатып алу мүмкіндігін төмендетті. Аталған кемшіліктерді жою үшін:
• біріншіден, біруақытта артық
ақшаны айналымнан шығару;
• екіншіден, мемлекеттік тауар ресурстарының
белгілі бір мөлшерін қалыптастыру;
• үшіншіден, бюджеттің негізі - қаржы
жүйесін нығайту қажет болды.
1947 жылдын соңғы кезінде
өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы өндірісінің
көлемі ұлғайып, тауар айналымының өсуіне
берік негіз қалады. 1947 ж. бөлшек сауда
айналымы 1945 жылмен салыстырғанда 52%-ке
артты. Бұның бәрі ақша реформасын жүргізуге
материалдық және қаржылық мүмкіндік
туғызды.
Ақша реформасы
1947 жылдың 16 желтоқсанында басталып:
• біріншіден, 1947 ж. 16 желтоқсанда айналымға
1947 жылғы үлгідегі жаңа сом шығарылды;
• екіншіден, ескі қолма-қол ақша жана үлгідегі ақшаға 10-нын 1-ге арақатынасымен айырбасталды, ал майда тиындар айырбасталмай, бұрынғы көрсетілген құнымен айналымда қалды;
• үшіншіден, ақшаны айырбастауды Мемлекеттік банк бір апта мерзімде, ал кейбір алыс аудандарда екі аптада өткізді;
• төртіншіден, қолма-қол
акшаны айырбастаумен бір уақытта
жинақ кассалары мен
а) үш мың сомға дейінгі жинақ өзгеріссіз 1:1 арақатынасы мен;
ә) үш мың сомнан он мың сомға дейінгі жинақ: 3 ескі сом 2 жаңа сомға;
б) он мың сомнан жоғары жинақ: 2 ескі сом 1 жаңа сомға алмастырылды. Ұсақ ақша салымдарын бұндай женілдікпен айырбастау халықтың ақшасын жинақ кассаларында және Мембанкте сақтауына қызығушылығын арттырып және де халықтың алдында несие мекемелерінің беделін көтерді;
в) кооператив мекемелері мен
колхоздардың есеп айырысу және ағымдағы
шоттарындағы ақшаның қалдығы 5:4 арақатынасымен
(яғни 5 ескі сом 4 жаңа сомға) айырбасталды.
Осылай кооператив мекемелері мен колхоздардың
банктік шоттарындағы ақшасын
бірсыпыра азайтудың себебі олардың соғыс
кезінде өз өнімдерінің біраз бөлігін
жоғары бағамен нарықта сатып, қосымша
қор жинауы еді;
г) мемлекеттік кәсіпорындар,
ұйымдар мен мекемелердің
шоттарындағы ақша қайтадан бағаланбай,
тек жаңа ақшамен қайта есептелді.
• бесіншіден, бұрынғы шығарылған мемлекеттік
облигацияларды конверсиялау (яғни бұрынғы
облигациялардың алғашқы жағдайларын:
мерзімін, төленетін процент мөлшерін
өзгертіп, жаңасына алмастыру).
Нәтижесінде бұрынғы облигациялар (1947 ж. облигацияларынан басқалары) 1948 ж. 2%-тік облигацияларға 3 ескі 1 жаңаға арақатынасымен айырбасталды. Ал 1938 жылғы облигациялар 5 ескі 1 жаңаға арақатынасымен айырбасталды.
Қорыта айтқанда, ақша реформасының нәтижесінде: халық жалақысын және басқа да табыстарын бұрынғы мөлшерде тек жаңа ақшамен алды; халықты карточкамен жабдықтау жүйесі жойылды; мемлекеттік бөлшек сауда ашық шектелмей, бұрынғы екі бағаның - төменгі-карточкалық және жоғары-коммерциялық бағаның - орнына біртектес бағамен жүргізілді; нанның және кейбір азык-түліктің бағасы карточкалық бағамен салыстырғанда 10-12%-ке арзандатылды. Колхоз базарындағы азық-түліктін де бағасы төмендеді. Бағаның төмендеуі нәтижесінде халық жылына 86 млрд. сом үнемдеді. 1948 жылдыңд I токсанында 1947 жылдың дәл сол уақытымен салыстырғанда жаңа ақшаның сатып алу күші 41%-ке өсті. Қоғамдық еңбектің өндіргіш күші 1948 жылы 15%-ке артты.
Жүргізілген маңызды шаралардың қорытындысында Ұлы Отан соғысынан кейінгі халық шаруашылығын қалпына келтірудін бірінші бесжылдык, жоспары артығымен орындалып, ақша реформасынан кейінгі жылдарда көптеген тауарлар бағасын қайыра төмендетуге мүмкіндік берді. Сөйтіп, 1950 ж. 1947 жылдың IV тоқсанымен салыстырғанда тауарлар бағасының деңгейі 57%-ке төмендеп, халық 400 млрд. сом табыс алды.
Жаңа сомның сатып алу мүмкіндігі көтеріліп, керісінше, инфляцияның салдарынан шетелдік валюталардың құнының төмендеуі кеңестік рубльдің алтын негізін көтеруге мүмкіндік берді. Сондықтан 1950 жылдың 1 наурызында 1 рубль 0,222168 г таза алтынға тең деп бекітілді. Осыған қарап жаңа рубльдің шетелдік валютаға шаққандағы курсы (бағамы) де анықталды. Рубльдің жаңа бағамы: 4 рубль 1 АҚШ долларына теңгеріліп есептелді (ол кезде 1 доллар 0,888671 г алтынға тең еді).
Ақша реформасы екінші дүниежүзілік соғысқа қатыскан басқа бірсыпыра елдерде де өткізілді. Бірақ дүниежүзінде соғыстан кейін алтын құрамы көтерілген бірден-бір валюта тек рубль ғана болды. Рубль халықаралық есеп айырысуда қолданылып, достас мемлекеттер арасында тауарлар рубль-мен бағаланып, несиелер рубльмен өлшенді.