Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Мая 2013 в 10:02, реферат
Дамыған шет мемлекеттердің аймақтық саясатты жүзеге асыру барысындағы тәжірибелерін ескеру қажет екендігі айқын. Өйткені, экономиканы басқарудағы жинақталған әлемдік тәжірибені оқып-үйренбей, оларды жан-жақтылы зерттемей экономиканы мемлекеттік басқарудың жаңа сатысына өту мүмкін емес. Ел экономикасын басқарудың орталықсыздандырылған жаңа жүйесіне өту барысында әлемдік тәжірибеде бар модельдерді, тұжырымдарды ескере отырып, елдің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуына, ұлттық ерекшеліктеріне қарай аймақ экономикасын басқарудың өз мемлекетімізге тән үлгісін қалыптастыруға тиіспіз. Осы орайда бірқатар шет мемлекетттердің аймақтық саясатты қалыптастыру, оны жүзеге асыру бағытындағы оңды тәжірибелерін ұсынуды жөн санаймыз.
Жанама әдіс те тиімді болып табылады. Оған экономикалық кеңістікте дамыған аймақтардың «қолайсыз» аймақтардың дамуынан алатын экономикалық және әлеуметтік жанама артықшылықтары жатады.
Тұрақты экономикалық жағдай. Жоғарыда сипатталған әрбір жүйе аймақтағы кәсіпорындар мен ұйымдардың бағдарламаларға қаржы бөлуге және оларды орындауға мүмкіндік беретін тұрақты экономикасының болуын көздейді. Бұл әрине, саяси жағдайы тұрақты, макроэкономикалық дамуда тұрақтылыққа ие мемлекеттерде мүмкін болады.
Кесте 1 - Батыс Еуропадағы бағдарламалық әдіс және жоспарлау механизмдері
Бағдарламалық әдіс және жоспарлау механизмдері |
Құрылымдық Қордың бағдарламалық жүйесі (ЕуроОдақ) |
Аймақтық экономикалық құрылымдарды жетілдіру үшін міндеттерді бірігіп шешу (Германия) |
CPER Мемлекет пен аймақтар
арасындағы жоспарлық |
Қағидаларды жобалау кезеңі | |||
Сипаттама |
Әрбір бағдарламалық кезең басталар алдында құрылымдық қор қағидаларын жасақтау және үйлестіру. Осы шарттардың негізінде қаржылық көмек көрсетілетін аумақты және бөлінетін қаржының көлемін анықтау |
«Біріккен міндет» заңдарын жасақтау және сыртқы ортаның өзгерісін ескере отырып, үнемі қайта қарап отыру. Қолдау объектілерін қалыптастыру және олардың арасында қаражаттарды бөлу |
CPER келісімдер жүйесінің заңнамалық негізін құру және оларды өзгертіп отыру. Мұқтаж аймақтарға бөлінетін қаражат көлемін анықтау |
Жауапкершілік-терді бөлу |
Қаржылық қолдауға аумақтың қажеттілігі анықталады |
Биліктің фед. органдары мен Жерлер аймақтық саясатты жасақтауға бірге қатысады және қолдауды қажетсінетін объектілерді анықтайды. |
CPER-дің әрбір буынына
қаржы бөлу ұлттық деңгейде
анықталады. Бірақ шешім қабылдауға
аймақтық деңгей ұсынатын |
Ұжымдық таңдау, жоспарлау кезеңі | |||
Сипаттама |
Жобалау кезеңінде бекітілген
қағидалар негізінде жасалған жоспарлар
мен бағдарламалар енгізуге дейін
бағалаудан және Еуропалық Комиссияның
бекітуіне дейін келісуден |
Әр жыл сайын біртұтас ұлттық жоспар (Rahmenplan) жасалады. Ол жалпы ережелерден және әрбір Жердің мақсаттарын нақтылайтын бөлімдерден тұрады |
Ұлттық экономикалық жоспар негізінен бірнеше жылға құрылады. Осы жоспар, тиісті заңдар мен ұсыныстар негізінде үкімет аймақтық деңгейде қаражатты шығындауға қатысты стратегиялық жоспарды жасайды |
Жауапкершілік-терді бөлу |
Әр түрлі деңгейдегі билік органдары (ұлттық, аймақтық жергілікті деңгей), бағдарламаны жасау кезеңін өз жауапкершіліктеріне алады. Бағдарламаны жасақтау және қабылдау ЕО бақылауымен орындалады |
Құрамына бірдей дауыспен
федералды және аймақтық деңгей өкілдері
кіретін Жоспарлау Комитеті Rahmenplan-ды
бекітеді. Жерлерге қатысты бөлімдер
Жердің билік органдарымен жасақталып,
әрқайсысы Комиссиямен |
Ұлттық жоспар федералды деңгейде құрылады. Осыған байланысты мемлекет пен аймақтар арасындағы серіктестік туралы жоспарлы келісімдер құрылады |
Оперативті таңдау және жүзеге асыру кезеңі
Сипаттама |
Берілген бағдарлама бойынша жүзеге асырылатын жобаларға мәлімдемелерді тарту, олардың бағдарлама мақсаттарына сәйкес келетіндігін бағалау, анықтау және олардың ең үздіктеріне қаржылық қолдау көрсету. Жобаның жүзеге асырылуын бақылау |
Жоспарда баяндалған
мақсаттар мен мүдделерге жетуге
бағытталған жобаларды |
Аймақтық деңгейде жасалған бағдарламаларды жүзеге асыру |
Жауапкершілік-терді бөлу |
Бағдарламалар арналып жасалған деңгейде серіктестік нысанында жүзеге асырылады. |
Жерлер жобаның орындалуына жауап береді. Мониторинг Жерлерге қаржыландыру туралы қажетті шешімдерді қабылдауға мүмкіндік береді. |
Әрбір қатысушы ұйым өзі жоспарлаған жобаны өз құзыреті шегінде жүзеге асырады. |
Саясаттың тиімділігін қамтамасыз ету үшін жауапкершіліктерді бөлу. Егер аймақтық даму жүйесіне көптеген ұйымдар қатысатын болса, онда жүйенің тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында жауапкершіліктерді нақты бөлу қажеттілігі туындайды.
Міндеттерді бірігіп шешудің германиялық жүйесі міндеттерді бөлу тұрғысынан алғанда нақты жүйе болып табылады: жоспарлау кезеңін нақты құрылымы, ақша қаражаттарын аудару және шешім қабылдау жүйесі бар Жоспарлау жөніндегі комитет жүзеге асырады; қабылданған Rahmenplan-ды жүзеге асыру түгелімен Жерлерге жүктеледі.
Құрылымдық қорлар міндеттерді бөлудің айқын еместігімен, олардың қайталануымен сипатталады. Бұл жүйеде қандай-да бір нақты саясатты жүзеге асыруда қатысушылардың көп болуынан өзгерістерге жол беріліп, бұл өз кезегінде жүргізіліп жатқан шараларды бақылауды қиындатады. Мұндай жағдайда мідеттерді дұрыс бөлу мақсатында барлық қатысушылармен белсенді байланыс қажет. Сонымен қатар әрбір ұйым немесе ұйым топтарының жауапкершіліктерін шектеудің тағы бір механизмі – бұл жоспарларды жасақтау және жүзеге асыру кезеңдерінде биліктің жоғары деңгейінде шығарылған нені, қалай істеу керек екендігі көрсетілген нұсқаулар. Құрылымдық қордың 2000-2006 жылдарға арналған реформаларында жауапкершіліктерді шектеу жөнінде шаралар қабылданған.
Экономикалық ықпал ету басымдығы. Экономикалық дамудың қағидалары нәтижелі болу үшін олардың басымдығы болуы қажет. Мысал ретінде тиімділігі төмен компанияларға жұмыс орындарын жасанды түрде сақтау үшін жәрдемақылар беруді атауға болады. Бұл экономикалық ықпал етудің төменгі басымдықтарының бірі.
Бүгінгі күні Еуропаның дамығын елдері мен АҚШ-та аймақтық саясаттың негізгі тенденциясы болып табылатындар:
Сондай-ақ әлемдік тәжірибеде аумақтарды дамытудың үш мүмкін нұсқасы белгілі, олардың мәні:
алады (Скандинавия елдерінің тәжірибесі).
Осы тәжірибелерге сүйене отырып, біздің республикамыздың қазіргі даму жағдайында Германия мемлекетінің тәжірибесін қолдану белгілі бір нәтижеге жеткізеді деп тұжырымдауға болады.
Сонымен шет мемлекеттердің аймақтық саясатты жүзеге асыру барысын, оны іске асырудағы басқару органдарының қызметін сараптау нәтижесі елдің аймақтық саясатын жүргізуде бірқатар тәжірибелерді ескере отырып, оларды өз ерекшеліктерімізге сай бейімдеуді және пайдалануды талап етеді.
Информация о работе Аймақтарды басқарудың шетелдік тәжірибесі