Алматы Каскад ГЭС

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2014 в 18:10, доклад

Описание работы

Үлкен Алматы өзенінде Каскад ГЭС құрылысы ГОЭЛРО жоспарымен сонау 1920 жылдың өзінде қарастырылған болатын. Соғысқа дейінгі кезеңде Алматы қ. электрмен жабдықтаудың жалғыз көзі Алматы ЦЭС болды.
Ұлы Отан соғысының басталуымен КСРО Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті Үлкен Алматы өзенінде гидроэлектр станция каскадын салу туралы шешім қабылдады. Мақсат КСРО-ның еуропалық бөлігіндегі зауыттар мен кәсіпорындарды электр энергиясымен қамтамасыз ету болатын.

Файлы: 1 файл

улбала срс4.docx

— 95.63 Кб (Скачать файл)

                      Алматы Каскад ГЭС

Үлкен Алматы өзенінде Каскад ГЭС құрылысы ГОЭЛРО жоспарымен сонау 1920 жылдың өзінде қарастырылған болатын. Соғысқа дейінгі кезеңде Алматы қ. электрмен жабдықтаудың жалғыз көзі Алматы ЦЭС болды.  
 
Ұлы Отан соғысының басталуымен КСРО Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті Үлкен Алматы өзенінде гидроэлектр станция каскадын салу туралы шешім қабылдады. Мақсат КСРО-ның еуропалық бөлігіндегі зауыттар мен кәсіпорындарды электр энергиясымен қамтамасыз ету болатын.  
 
1942 жылы «Гидропроект» институтының Ленинградтағы бөлімшесі жобалау және дайындық жұмыстарын бастады. Ал 1943 жылы сәуірде бірінші электр станцияларының тікелей құрылысы басталды. Құрылыс халықтың күшімен жүргізіліп, оған қаланың 6 мыңнан астам тұрғыны, әскери қызметкерлер, тұтқындар қатысты. Жұмысты механизациялау деңгейі төмен болғандықтан, көп еңбекті қажет ететін барлық операциялар іс жүзінде қолдың күшімен атқарылды. 1944 жылы сәуірде қиын жағдайда жүргізілген ерен еңбектің арқасында болашақ каскадтың алғашқы қарлығашы – ГЭС-11 пайдалануға берілді. Бұл туралы 1944 жылы 1 мамырда «Казахстанская правда» газеті мақала жариялады. Осы жылдың 5 және 17 қыркүйегінде ГЭС-5 пен ГЭС-9 қалаға электр тогын берді. ГЭС-6 мен ГЭС-7-нің құрылысы тап осы жылы басталып, 1946 жылы аяқталды. 1948 жылы наурызда ГЭС-8 іске қосылды.  
 
1943 жылы тамызда жаңадан құрылған «Қазақэнерго» Қазақ аудандық энергетикалық басқармасының құрамына салынып жатқан Каскад ГЭС дирекциясы кірді. Осылайша, Алматы ГЭС Каскады құрылған уақыты ретінде «Қазақэнерго» ұйымдастырылған 1943 жылды есептеуге болады. Ол кейіннен «Алматыэнерго» РЭУ, «Алматыэнерго» ПОЭЭ, АПК ЖАҚ болып өзгерді. Алайда, Каскад ГЭС-ның «Қазақэнерго» құрамындағы кәсіпорын ретінде құрылу мерзімі 1948 жылдың 9 тамызы деп қабылданған.  
 
Электр станциясы каскадының бірінші кезегінің құрылуы энергия жүйесіндегі электр энергиясына деген тапшылықты іс жүзінде жойды. Сонымен бірге, Үлкен Алматы өзенінің гидроресурсын пайдалану бойынша жұмыстар жалғасты. 1953 жылы қазанда «Ансальдо Сан-Джиорджио» фирмасының үш итальян агрегаты бар «Озерная» ГЭС-1 пайдалануға берілді. Бұл агрегаттар әлі күнге дейін жұмыс істеп тұр. ГЭС-1 бұрынғы КСРО кеңістігіндегі ең жоғары арынды гидроэлектростанция болып табылатынын ескеру керек (Н=532 м).  
 
1959 жылы шілде айында ГЭС-2 іске қосылғаннан кейін, Үлкен Алматы сайының энергия қуатын пайдаланатын гидростанцияның жұмысы аяқталды. 1950 жылдан 1960 жылға дейінгі кезеңде Каскад ГЭС электр станциялары өндіретін электр энергиясы Алматы энергожүйесінің жалпы балансының 50-60 %-ын құрады. Қазіргі кезде «АлЭС» АҚ энергокешенінің жыл сайынғы электр энергиясын өндіру үлесі 5-6 %-дан аспайды.  
 
Дегенмен, Каскад ГЭС арзан электр энергиясын өндірумен қатар, Алматы қаласының оңтүстік бөлігін экологиялық таза сумен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады және электр станциясының өз айналымы энергия жүйесі нашарлап, жүйеаралық байланыс үзіліп, энергия көздері сөнетін жүйедегі ауыр апат кезінде жақын арадағы жылу электр станцияларының жеке қажеттілігіне электр энергиясын беруді қамтамасыз ете алады. Мұндай жағдайдың болу мүмкіндігі 1986 жылғы жүйелі апатқа байланысты нақты оқиғамен, яғни өмірдің өзімен расталған болатын. 

 

               "Алматы электр станциялары" АҚ (Қазақстан) өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2013 жылдың 01 қазанына үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

/KASE, 17.10.13/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми

тізімінде тұрған "Алматы электр станциялары" АҚ (Алматы, бұдан әрі –

компания) биржаға өзінің акционерлерінің тізілім жүйесінің 2013 жылдың

01 қазанындағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.

 

Үзінді көшірмеге сәйкес:

 

- компанияның жарияланған (тек жай KZ1C54380015) акцияларының

  жалпы саны 2 933 250 дана;

 

- компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған;

 

- компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан

  әрқайсысы бес және одан көп көлеміндегі санына иеленген

  тұлғалар болып табылады.

 

      Қапшағай ГЭС-і 40 жыл пайдаланған тұтынушыларға 42,5 кВт/сағ электр қуатын тегін берді

сурет kapshagay-gov.kz сайтынан

Қапшағай ГЭС-і 40 жыл пайдаланғанда тұтынушыларға 42,5 кВт/сағ-тан астам электр қуатын берді. Бұл туралы электр станциясының мерейтойын тойлауға арналған шара барысында «Алматы электр станциялары» АҚ баспасөз қызметі хабарлады. Бүгіндері ГЭС қуаты 364 МВт-ты құрайды, жылдық орташа өндірісі – 972 млн кВт/сағ. ГЭС ғимаратында қуаты 91 МВт болатын төрт гидроагрегат орнатылған. ГЭС бөгеті көпжылдық реттелетін Қапшағай ГЭС-ін құрайды.

Электр қуатының бағасы ең төмен Қапшағай ГЭС-і ел электр жүйесі үшін апаттық жағдайларда қуат өндірісімен қол ұшын берерлік мобильді таптырмас тетігі болды.

2007-ші  жылғы 14-ші ақпаннан бастап Қапшағай  ГЭС-і «Алматы электр станциялары»  АҚ құрамына енді.

ГЭС-тің 40 жылдағы жұмысында оның белгілі дәстүрі мен ерекше ұжымы қалыптасып, станцияны жұмыс жағдайында ұстап тұрарлық міндеттерді шешуге мүмкіндік берді. Қазір Қапшағай ГЭС-інің басқарушы директоры – станцияның қарт қызметкері – Василий Казначеев болып табылады. Ол қызметін станция құрылысында сүңгуір жұмыстарының жетекшісі болып бастады. 1970-ші жылдары алғашқылардың бірі болып тікелей ГЭС-ке жұмысқа шақырылды. Бүгіндері ол Қапшағайдың құрметті азаматы, қалалық мәслихаттың депутаты, Қазақстанның және ТМД-нің еңбек сіңірген энергетигі.

Қапшағай ГЭС-інің құрылысы 1963-ші жылы қаңтарда, Іле өзеніндегі шатқалға құрылысшылардың алғашқы легі келгенде басталған болатын. Құрылыс барысындағы жеті жылда 236 мың текше метр жартастық жыныстар мен 2,35 млн текше метр топырақ алынды. 229 мың текше метр бетон мен темір бетон, 11,5 мың арматура салынды. Топырақтан жасалған төсеніштің көлемі 2,8 млн текше метр болды.

Қапшағай ГЭС-інің жобасын С. Жук атындағы Бүкілодақтық «Гидропроект» ҒЗИ-дің Қазақ филиалы жасады. Қапшағай ГЭС-інің бас мердігері ретінде «ИртышГЭССтрой»тресті қатысты.

1969-шы  жылдың мамырында Қапшағай су қоймасына су толтыру басталды. 1970-ші жылы 1-ші қазанда Қазақ ССР-інің министрлер кеңесінің нұсқауының негізінде Қапшағай ГЭС-ін пайдалану кәсіпорны құрылды.

№ 1 ГЭС агрегаты желіге 1970-ші жылы 20-шы желтоқсанда қосылды. №4-ші агрегат – 1971-ші жылы 22-ші желтоқсанда қосылды. Бұл аралықта ГЭС пайдаланушы-инженерлері көптеген техникалық шешімдерді қайта қарады. Тек 1971-72-ші жылдары 164 ұсыныс тапсырылып, олардың 120-сы өнертапқыштық деп танылды. ГЭС-ті пайдалану жылдары барлығы 550-дей ұсыныс енгізілді.

              Сарқан өзені бойынан салынған cу электр станциясы іске қосылды

23 шілде 2013жыл

Алматы облысындағы Сарқан өзенінің бойынан салынған шағын су электр станциясы пайдалануға берілді. Индустрияландыру картасы аясындағы жаңа нысанның қуаты 2 мегаватт. ГЭС-тің жұмысы толық автоматтандырылған. 

Оның әдеттегі станциялардан айырмашылығы - өзенге бөгет жасалмаған. Су жасанды арна арқылы ағып келеді де 30 метр биіктіктен төменге ылдилайды. Нәтижесінде электр қуаты өндіріледі. Ол аймақтың ортақ энергожүйесіне  қосылады. Мұның өзі электр қуатының ең көп қажет болатын сәттерінде тапшылықты жоюға ықпал етеді. Жалпы, Жетісу өзендерінің бойынан 2017 жылға дейін жиынтық қуаты 300 мегаватт болатын 28 шағын су электр станцияларын салу көзделіп отыр. Оның төртеуі іске қосылса, бесінші болып Сарқан ГЭС-і ел игілігі жолындағы жұмысын бастап кетті.

Абдулхан ҚҰРМАЕВ, САРҚАН ГЭС АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ: 
- Біздің басты мақсатымыз - аймақтағы электр қуатының тапшылығын жоюға аздап болса да үлес қосу. Сосын энергетикалық жүйеде уақытша қиындықтар бола қалған жағдайда аурухана сияқты өмірлік маңызы бар нысандарға электр қуатын тоқтаусыз жеткізу. Бұл - біз үшін үлкен шаруа. 


Информация о работе Алматы Каскад ГЭС