Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2013 в 19:44, реферат
Жиынтық сұраныс, оған әсер ететін факторлар. Жиынтық сұраныстың құрауыштары. Жиынтық ұсыныс, оған әсер ететін факторлар. Жиынтық ұсынысты классикалық және кейнстік тұрғыдан талдау. Жабық экономикада макроэкономикалық тепе-теңдік қалай орнайды. Храпавик әсерінің жағдайы мен нәтижелері. AD-AS үлгісі негізінде сұраныс пен ұсыныстың кенеттен өзгеруі (шок) салдарының экономикаға әсерін талдау
ТЕПЕ-ТЕҢДІКТІҢ ЖАЛПЫ ҮЛГІСІ «AD-AS»
Қаралатын мәселелер
Жиынтық сұраныс, оған әсер ететін факторлар. Жиынтық сұраныстың құрауыштары. Жиынтық ұсыныс, оған әсер ететін факторлар. Жиынтық ұсынысты классикалық және кейнстік тұрғыдан талдау. Жабық экономикада макроэкономикалық тепе-теңдік қалай орнайды. Храпавик әсерінің жағдайы мен нәтижелері. AD-AS үлгісі негізінде сұраныс пен ұсыныстың кенеттен өзгеруі (шок) салдарының экономикаға әсерін талдау
3.1. ЖИЫНТЫҚ СҰРАНЫС, ОНЫҢ ҚҰРАУЫШТАРЫ
Жиынтық сұраныс дегеніміз – сатып алушының сұранысы, өндірілген өнім саны мен бағаның жалпы деңгейінің арасындағы тәуелділік.
Басқа сөзбен айтқанда, жиынтық сұраныс қисығы әрбір берілген баға деңгейінде сатып алатын тауарлар мен көрсетілген қызметтер санын көрсетеді.
Жабық экономикада сыртқы ортамен байланыс болмайды. Сондықтан жиынтық сұраныс көлемі ұлттық сатып алушылардың берілген баға деңгейінде сатып алғылары келетін және алуға мүмкіндіктері бар тауарлар мен қызметтердің жиынтық көлемі:
YD = C + I + G,
мұнда: YD – жиынтық сұраныс (ұлттық табыс)
C – тұтыну шығындары;
I – инвестицилық шығындар;
G – мемлекеттік шығындар.
Өндірілген өнім көлемі мен бағаның жалпы деңгейінің арасындағы тәуелділік жиынтық сұраныс қисығын бейнелейді. (1-сурет.)
Жиынтық сұраныс қисығының төменге бағытталуы немесе теріс көлбеу орналасуы негізгі үш әсерге байланысты:
Кейнс әсері (пайыз мөлшерлемесінің әсері) – баға өскен сайын ақшаға сұраныс өседі; ақша ұсынысының тұрақтылығына байланысты пайыз мөлшерлемесі өседі. Пайыз мөлшерлемесінің өсуі экономикаға салынатын инвестиция көлемін қысқартады. Ол жиынтық сұраныс көлемінің қысқаруына әкеледі.
Пигу әсері (нақты кассалық қалдық әсері немесе байлық әсері) – бағаның жоғары деңгейінде қоғамның жинақ қорының нақты құны төмендейді. Мысалы, құны тұрақты болатын есе-шот пен облигациялардың құны. Мұндай сатып алу қабілетінің төмендеуі нәтижесінде халық кедейленеді де шығындарын азайтады. Бұл жағдай жиынтық сұранысты азайтады. Керісінше, баға деңгейі төмендегенде адам байлығының сатып алу қабілеті мен құны артады да тұтыну шығындары көбейеді. Нәтижесінде жиынтық сұраныс көлемі молаяды.
Импорттық тауарларды сатып алу әсері. Импорт пен экспорт көлемі елдегі және шетелдердегі баға деңгейіне байланысты болады. Егер елдегі баға деңгейі шетелге қарағанда жоғары болса, онда жергілікті тұтынушылар импорттық тауарларды көбірек алып, отандық тауарларды аз тұтынады. Сөйтіп елдегі баға деңгейінің өсуі таза экспортты азайтады. Бұл жиынтық сұранысқа кері әсерін тигізеді. Елдегі баға деңгейінің төмендеуі таза экспортты көбейтеді, нәтижесінде жиынтық сұраныс көлемі артады.
1-
Импорттық тауарларды сатып алу әсері. Импорт пен экспорт көлемі елдегі және шетелдердегі баға деңгейіне байланысты болады. Егер елдегі баға деңгейі шетелге қарағанда жоғары болса, онда жергілікті тұтынушылар импорттық тауарларды көбірек және отандық тауарларды аз ала бастайды. Сөйтіп елдегі баға деңгейінің өсуі таза экспортты азайтады. Бұл жиынтық сұранысқа кері әсерін тигізеді. Елдегі баға деңгейінің төмендеуі таза экспортты көбейтеді нәтижесінде жиынтық сұраныс артады
Жоғарыда берілген бағалық факторлардан басқа AD қисығына бағалық емес факторлар әсер етеді. Бұл факторлардың әсері жиынтық сұраныс қисығының оңға немесе солға жылжуына әкеледі. Бағалық емес факторлар дегеніміз – бұл тұтыну шығындарына, инвестициялық шығындарға, мемлекеттік шығындарға, таза экспортқа әсер ететін факторлар.
Тұтынушылық шығындарға тұтынушылардың табысы, болашақты күтуі, табыс салығының өзгерісі әсер етеді. Мәселен, тұтынушылардың ақшалай табыстарының өсуі жиынтық сұранысты көбейтеді және AD қисығын оңға жылжытады, табыстың азаюы керісінше, солға жылжытады.
Инвестициялық шығындарға пайыз мөлшерлемесінің деңгейі, несие жеңілдіктері, өндірушілердің болашақты күтуі, бизнеске салық, субсидиялар әсер етеді. Бизнеске салықтың өсуі инвестицияны қысқартады, AD қисығы солға AD1 -ге жылжиды, салықтың төмендеуі керісінше, AD қисығын оңға AD2-ге жылжытады. (2-сурет).
Мемлекеттік шығындардың өсуі жиынтық сұранысты көбейтеді, бұл жағдай AD қисығын оңға жылжытады, ал мемлекеттік шығындардың қысқаруы AD қисығын солға жылжытады.
2 - сурет. Жиынтық сұраныс
Таза экспортқа валюта бағамының өзгерісі, сыртқы нарықтағы жағдайлар. Ұлттық валюта бағамының өсуі импорттың көбейіп, экспорттың қысқаруына әкеледі, нәтижесінде жиынтық сұраныс қысқарады және AD қисығы солға жылжиды, ал ұлттық валюта бағамының төмендеуі AD қисығын оңға жылжытады.
Сондай-ақ бағалық емес факторларға ақшаның сандық теориясына сәйкес ақша ұсынысы мен ақша айналымының жылдамдығы жатады.
3.2. ЖИЫНТЫҚ ҰСЫНЫС, ОНЫҢ КЛАССИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КЕЙНСТІК ҮЛГІЛЕРІ.
Жиынтық ұсыныс – экономикада барлық өндірілген соңғы өнім көлемі немесе нақты ЖҰӨ.
Жиынтық ұсыныс қисығы (AS) – экономикадағы әр түрлі баға деңгейінде өндірушілердің нарыққа ұсына алатын жиынтық өнім көлемін көрсетеді.
AS қисығы классикалық
және кейнстік мектептер
Бір фактордың, мысалы, жиынтық сұраныстың әсерінен жиынтық ұсыныс әр түрлі шамада болады. Бұл жағдай уақыт факторына байланысты. Уақыт факторының әсерін қысқа және ұзақ мерзім кезеңдерінде қарастыруымызға болады.
Классикалық үлгі ұзақ мерзім кезеңін қарастырады. Жиынтық ұсынысты талдау классикалық теория тұрғысынан төмендегідей жағдайларға негізделеді:өнім көлемі тек өндіріс факторларына (еңбек пен капиталға) және технологияға байланысты анықталады, баға деңгейіне тәуелді емес; өндіріс факторларындағы өзгерістер баяу жүреді; экономика жұмыспен толық қамтылған жағдайда қаралады; баға мен жалақы өте икемді, жылдам өзгереді, олардың өзгерісі нарықтардағы тепе-теңдікті ұстап тұрады.
AS қисығы классикалық үлгіде
тік сызық түрінде болады. AS өндіріс көлемінің
әлеуетті деңгейі мен жұмыссыздықтың
табиғи деңгейін, яғни жұмыспен толық
қамтылған жағдайдағы өндіріс көлемін
сипаттайды (3-сурет).
3-сурет
Ұзақ мерзім кезеңінде жиынтық сұраныстың өзгерісі тек баға деңгейіне әсер етеді, ал өндіріс көлемі тұрақты болып қалады. Мысалы, тұтынушылық шығындар көбейгенде жиынтық сұраныс қисығы жоғары-оңға жылжиды (AD1 → AD2). Экономикалық тепе-теңдік Е1 нүктесінен Е2 нүктесіне ауысады, баға Р1-ден Р2-ге өседі, ал өндіріс көлемі сол деңгейде қалады. (3-сурет). Жиынтық ұсыныс қисығының жылжуы тек технология деңгейі өзгерген жағдайда ғана мүмкін болады.
Кейнстік үлгі экономиканы қысқа мерзім кезеңінде қарастырады.
AS қисығы кейнстік үлгіде көлденең сызық түрінде болады (4-сурет).
Жиынтық ұсынысты кейнстік тұрғыдан талдау төмендегідей жағдайларға негізделеді: экономика өндіріс факторларының толық қамтылмаған жағдайында әрекет етеді; баға, номиналды жалақы және басқа да номиналды шамалар тұрақты, оларға нарықтық өзгерістер баяу әсер етеді. Нақты шамалар (өнім көлемі, нақты жалақы, жұмысбастылық нарықтық өзгерістерге өте сезімтал.
Қысқа мерзім кезеңінде жиынтық сұраныстың өзгерісі тек өнім көлеміне әсер етеді, ал баға деңгейі тұрақты болып қалады. Мысалы, ақша ұсынысы азайғанда жиынтық сұраныс қисығы төмен-солға жылжиды (AD1 → AD2). Экономикалық тепе-теңдік Е1 нүктесінен Е2 нүктесіне ауысады, ал өндіріс көлемі Ү1-ден Ү2-ге азаяды.
Сонымен жиынтық ұсыныс қисығы
үш бөліктен тұрады (5-сурет): кейнстік бөлікте факторлар
өндірісте толық қамтылмаған. Бағаның
тұрақты деңгейінде жұмыссыздық орын
алады.
5-сурет
Аралық бөлікте бос факторлардың өндіріске біртіндеп тартылуы өнім көлемін көбейтеді (Ү-Ү1). Өнім көлемі шығындардың өсуіне әкеледі де баға көтеріле бастайды (Р-Р1). Жиынтық ұсыныстың классикалық бөлігінде экономика толық жұмыспен қамтылған жағдайда өндіріс көлемі ең жоғары деңгейде (Ү1) болады. Бос ресурстар болмағандықтан өндіріс көлемін кеңейту мүмкін емес. Сондықтан ресурстарға баға өседі де ол жалпы баға деңгейінің өсуіне (Р1 – Р2) әкеледі. Нәтижесінде жиынтық ұсыныс қисығы вертикалды түрге келеді.
Жиынтық ұсынысқа бағадан басқа факторлар әсер етеді: ресурстар бағасының өзгерісі, технология деңгейі, салықтар мен дотациялар, ауыл шаруашылық климат жағдайы басқа да факторларлар. Ол факторлардың әсерінен AS қисығы оңға немесе солға жылжиды. Мысалы: қосымша ресурс көздерінің ашылуы шикізаттың арзандауына әкеледі. Бұл жиынтық ұсыныс қисығының солға жылжытады, керісінше ресурстардың арзандауы AS қисығын оңға жылжытады. Сондай-ақ AS қисығы жұмыс күшіне, жерге, капиталға бағаның өзгерісіне байланысты да оңға немесе солға жылжуы мүмкін.
3.3. ЖИЫНТЫҚ СҰРАНЫС ПЕН ЖИЫНТЫҚ ҰСЫНЫСТЫҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ. AD-AS ҮЛГІСІ
артқа
AD мен AS қиылысқан жағдайда
барлық өндірілген өнім
Ұзақ және қысқа мерзім кезеңдеріндегі макроэкономикалық тепе-теңдікті қарастырсақ. Мысалы, ақша массасы көбейген жағдайда жиынтық сұраныс көбейеді (AD1 → AD2), қысқа мерзімдегі тепе-теңдік А нүктесінен В нүктесіне ауысады, ал баға деңгейі өзгермейді, өнім көлемі Y1-ден Y2-ге көбейді (6 - сурет).
6-сурет.
Сұраныс өте жоғары болғандықтан тауарлар ескі бағамен сатыла береді. Бірақ біртіндеп шығындар өсе бастайды, өйткені өндіріс ресурстары (жұмысшылар) аз. Ал ресурстарға сұраныс өскендіктен (мысалы: жалақы өседі) дайын өнімге де баға өседі. Сөйтіп сұраныс қисығы кеми бастайды да В нүктесінен С нүктесіне ауысады. Нәтижесінде экономика бұрынғы қалпына қайта келеді, бірақ жоғары баға деңгейінде. (Р1)Ұзақ мерзім кезеңіндегі тепе-теңдік С нүктесінде орнайды.
Біз жоғарыда жиынтық сұраныс көбейген жағдайда экономикада қандай өзгерістер болатынын қарастырдық. Енді жиынтық сұраныс қысқарғанда экономикада не болуы мүмкін. Бұл жағдайда «храпавик әсері (эффектісі)» пайда болады ( 7- сурет).
Алғашқы жиынтық сұраныс жағдайында тепе-теңдік көлемі Ү мен баға Р деңгейінде қалыптасқан. Жиынтық сұраныс AD-дан AD1-ге дейін төмендегенде, тепе-теңдік нүктесі Е нүктесінен Е1 нүктесіне дейін жылжуы тиіс, яғни ұлттық өндірістің нақты көлемі Ү-дан Ү1-ге дейін, ал баға деңгейі Р-дан Р1-ге дейін төмендеуі қажет. Алайда нақты өмірде баға төмендемеуі мүмкін. Сондықтан жаңа тепе-теңдік Е2 нүктесінде орнайды.
7 - сурет
Бұл жағдайда баға деңгейі сақталады (Р), өндіріс көлемі алғашқы көлемнен аз болады (Q2 < Q1). Храповик әсері (эффектісі) нәтижесінде AS қисығы жоғары көтеріледі де PЕ2Е жағдайына ығысады.
Баға мен жиынтық ұсыныс қисығының бұлай өзгеруі өндіріс шығындарының бағасына байланысты. Кәсіпкер шикізат, аренда ақысы, жұмысшыларға жалақы туралы белгілі баға бойынша келісімге отырады. Сондықтан кәсіпкер ол шығындарды еркін түрде азайта алмайды және сұраныс қысқарса да зиян шекпес үшін өзінің өнімін алғашқы қалыптасқан бағамен сатуға және өндіріс көлемін қысқартуға мәжбүр болады.
Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың кенеттен өзгеруі (шок немесе есеңгіреу) өндіріс көлемі мен жұмысбастылықты қалыпты деңгейден ауытқытады.Сұраныс жағынан (шок) есеңгіретудің мысалы ретінде ақша ұсынысының кенет өзгеруін немесе инвестициялық сұраныстың өзгеруін айтуға болады. Ұсыныс жағынан (шок) есеңгіретуге ресурстарға бағаның кенет өзгеруін (мұнайға бағаның өзгеруі), табиғи апат жағдайларын, заңдардың өзгеруін, жаңалықтардың ашылуын, қоршаған ортаны қорғауға шығындардың көбеюін жатқызуға болады. Аталған құбылыстар экономикадағы өндіріс көлемі мен жұмысбастылықтың тепе-теңдік жағдайына айтарлықтай әсер етеді.
AD-AS үлгісі негізінде осы
кенеттен өзгерген
Мысалы: мұнайға бағаның өсуі жалпы баға деңгейінің өсуіне әкеледі. Қысқа мерзімдік жиынтық ұсыныс қисығы жоғары көтеріледі (SRAS1-ден SRAS2-ге). Бұл жағдай өндіріс көлемін Ү1-ге төмендетеді (В нүктесінде)(8-сурет).
8 –сурет
Егер мемлекет пен Орталық банк араласпаса, экономика өздігінен бейімделе бастайды. Өндіріс көлемі мен жұмысбастылықтың төмен деңгейінде баға біртіндеп төмендеп, бұрынғы қалпына қайта келуі мүмкін (В нүктесінен А нүктесіне). Алайда мұндай жайғдай ұзаққа созылуы мүмкін. Сондықтан Орталық банк ақша ұсынысын молайтады, соған байланысты жиынтық сұраныс көбейеді (AD1-ден AD2-ге). Нәтижесінде өндіріс көлемінің төмендеуі тоқтатайды, бірақ жоғары баға деңгейінде. Сөйтіп С нүктесінде жаңа тепе-теңдік орнайды. Мемлекеттік шығындарды көбейту арқылы да дәл осындай нәтижеге жетуге болады.
Сонымен мемлекеттің тұрақтандыру
әрекеті нәтижесінде