2.3. Қазақстан Республикасының 1993 жылғы ақша реформасы
Бір адамның
ауыстырылатын ақшасының ең жоғарғы мөлшері
1000 рубльден аспады. Ал зейнеткерлерге
200 рубльден аспайтын мөлшерде айырбасталуға
рұқсат етілді. Белгіленген лимидтен жоғары
соммада ақшасы бар адамдарға табыс көздері
туралы декларациямен арнайы комиссияға
бару керек болды.
1991 жылы 23 қаңтардан бастап бір уақытта салымдарды беруге де шек қою енгізілді. Салымдарды тек қана жинақ
банктері арқылы тұрғылықты жеріне байланысты
айна 500 рубльден аспайтын соммада беріле
отырып, ол туралы төлқұжаттарына белгі
қойылды. «Павловск» реформасы нәтижесінде айналыстан 8 млрд рубль алынып тасталып,
оның иелік ету заңдылығы дәлелденбеген
болатын. Бірақ бұл шара рубльдің сатып алу қабілетінің ұлғаюына әсер етпеді. Бағаның жіберілуі ақшаның ұстамсыз өсуінде байқалды. Қайта құру
жағдайында өндірістің құлдырауымен бірге айналыстағы ақша
массасының өсуі қатар жүрді. Тауарлар
мен азық -түліктер көбіне шетелден сатып
алынды. Бұл үшін қажетті валютадағы 1,63
млрд доллар сомасын алтынды сатудан түсті:
1989 жылы 300 тенге, 1990 жылы 234 теңге. 1990 жылы нақты ақшаның эмиссиясы 25 млрд рубльді құрады, бұл 1981-1985жылдарды қоса алғандағыдан біршама үлкен. Қыруар
ақша массасы бос тұтыну нарығына сәйкес
келмеді. 1991 жылы қаңтарда «1961 жылғы 50 және 100рубльдік ақша бірліктерін КСРО Мембанкінде төлем ретінде қабылдауды және олардың айырбастау тәртібін тоқтату мен азаматтардың салымдарынан
қолма қол ақша беруді шектеу туралы» Президенттің Жарлығы мен КСРО Министрлер
кабинетінің қаулысы қабылданды. Айналысқа
1991 жылы шығарылған жаңа купюралар енгізілді.
Жеке тұлғаларға ескі ақшаны жаңа ақшаға
айырбастауына не бары үш күн берілді. КСРО ыдыраған
соң кеңес валютасы - рубль бірінші кезеңде,
ТМД-ға кірмейтін елдерді қоса лағанда , тәуелсіз мемлекеттер аумағында айналыста жүре берді. Әртүрлі себептерге
байланысты, ең бастысы, жаңа мемлекеттердің
саяси тәуелдікке ұмтылуы, сондай-ақ тез
қалыптасып үлгерген заңдармен экономикалық
социалистік директивті үлгісінен нарыққа
өтуі мүмкін еместігіне байланысты біртұтас
валютаны сақтау аумағы сәтсіз үзілді. КСРО ыдырған соң ақшаны
дизинтеграциялау процесі өте күрделі жүргізіліп және бұрынғы кеңес
мемлекеттерінің меншікті ұлттық валюталарын
енгізілуімен аяқталды. 1992 жылы 9 қазанда ТМД елдерімен қол қойылған «Рубльді ресми төлем құралы ретінде пайдаланатын мемлекеттердің біртұтас ақша жүйесі мен келісім ақша-несие және валюта саясаты туралы» соңынан 1993 жылы қыркүйекте алты мемекеттің бірігуімен рубль аумағының
жаңа типін құру туралы да келісімдері
жасалды. Бұл сұрақ бойынша Ресейдің екі
жақты келісім сөздер жүргізуі тек қана
сәтсіз аяқталып қана қоймай, бұрынғы
кеңес мемлекеттерінің макроэкономикалық
тұрақтылыққа байланысты шараларын жүргізуді
созып жіберді. 1991 жылы Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстан ТМД-ның басқа да елдерімен бірге «рубль аумағында» қала берді. 1992 жылы айналысқа 200,500,1000 рубльдік купюралар шықты. Қазақстан Республикасы президентінің жарлығымен екі күн өткен соң айырбас мерзімі 1993 жылы 1 қыркүйек айына
дейін ұзартылып, айырбас шегі бір адамға
100 мыңға дейін ұлғайтылды. Ресейдегі ақша
реформасы ескі үлгідегі ақшаларды ТМД елдеріне
оның ішінде Қазақстанға қарай жаппай ығысуына жол берді. 1992 жылдың бірінші жарытысында Қазақстан Республикасының жетекшілері
ендігі жерде рубльден күдер үзіп, өз валютасын
шығаруға бетбұрыс жасаған болатын. Жаңа
ақшаларды шығаруға ағылшынның «харрисон» фирмасымен шарт жасалды. Сөйтіп, 1993 жылы
1,3,5,10,20,50 және 100 теңгелік ақшалар Қазақстанға
жеткізіледі. Оларды қолдан жасаудан қорғалатын
18 дәрежесі бар. 1993 жылы 12 қарашада Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан Республикасына Ұлттық валютаны енгізу туралы» Жарғыға қол қойды. Осы жарғымен 1993 жылы 15 қаршада сағат 8-ден бастап ұлттық валюта теңге енгізілді. КСРО Мембанкінің және
1992-1993 ж.ж. Ресей үлгісіндегі қазыналық және банктік билеттерді айырбастау 20
қаршада сағат 18-де аяқталды. Қолма-қол ақшалардың,
рубльдік шоттардың, салымдары және міндеттемелердің
теңгеге айырбасы 1 теңге үшін 500 рубль айырбас
бағамы бойынша жүргізілді. Қазақстан
Республикасының 16 жастан асқан барлық
азаматтары 100 мың рубль шегінде ақша айырбастай алды. Айырбас бір рет қана жүргізіліп, ол туралы төлқұжатқа
белгі соғылды. 100 мыңнан асатын рубльдер
арнайы жеке бет шотына аударылып, оны
6 ай мерзім ішінде пайдалануға құқысыз
болды. Лимидтен асқан қаражаттың шығу
тегінің заңдылығын арнайы құрылған комиссия
тексерді. Комиссияның шешімі бойынша
бұл қаражаттар мерзімінен бұрын босатылады. 15
қарашадан 18 қаршаға дейін аралықта халық теңгемен
және рубльмен де есеп айырыса алады. Сондықтан
заңды тұлғалар мен сол сияқты бөлшек
сауданы жүзеге асырушы және халыққа ақылы
қызмет көрсеттетін тұлғалардың ақшалай
түсімдері күнделікті қабылданады: теңгеде
- шексіз, 1961-1993 ж.ж. 1,3,5,10,20,50,100,200,500 рубльдегі
ақшаларды 1993 жылы шілдедегі ақшалай түсімдердің
орташа шамасынан аспайтын соммада, 1,3
коэффициентке түзілетін шамада қабылдады. Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкі теңгенің валюталық бағамын: 1 доллар=4
теңге 70 тиын шамасында белгіледі. Келесі
жылдары ол бірден өсіп кетті. Соған сәйкес
баға мен жалақы да өсті. Инфляцияның өсуі
біршама ірі ақша купюраларын қажет етті. 1994 жылдан бастап 200,500,1000 және
2000 купюрадағы ақшалар айналысқа шығарылады.1995 жылы ұсақ тиындар
біртіндеп айналыстан шығыпқалды, олардың
орнына мыс-никельден жасалған 1,3,5,10,20
теңгедегі монеталар шығарыла бастады.
Сонымен қатар Абай құнанбайұлының жүз
жылдық мерейтойының құрметіне 100 теңгелік
күміс монеталары шығарылды. Жалпы салмағы
57,54 г құрайтын жиынтығына 1,2,5 және 10 мың
теңгелік алтын монеталр кірді. 1995 жылдың
аяғында «Жібек жолы» жиынтығын құрайтын жоғары сыныпты төрт
алтын монеталар шығарылды. Жиынтық 816
доллар трды.Сонымен Қазақстан Теңгесі
соңғы жылдары тұрақты төлем құралы болып
қана қоймай, еркін алмастырылатын валюталарға
шексіз айырбасталады.және біршама тұрақты
валюталар қатарына кіреді.
III. Қорытынды
Ресейде
ақша жүйесінің жалпы құлдырауы басталып, оның Қазақстанға да өзіндік ықпалы болды. Қазан революциясынан кейін
ақша айналысының жағдайы біршама нашарлай
түсті. Ақша құнсыздана бастады. Ақшаның
қатты құнсыздануына байланысты оның
нәтижесі: шаруашылық қатынастарының
натуралдануы мен ақшаның айналыстан
шығарылыуы болып табылады.
1922-1924 жылдары ақша реформасында көптеген адамдар құнсыз
қағаз ақшалардың орнына мыс монеталардың
келуі таңғажайып нәрсе деп баға берді.
Реформа ақша жүйесін нығайта отырып,
ақшаның барлық қызметтерінің маңызын арттырды. Бұл реформа өз кезегінде бірнеше рет төлем қабілетті бар сұраныс пен тұтыныс салдарында
ұсыныс арасындағы тепе-теңдікті сақтап
қала алды. Бірақ бұл елуінші жылдардың
басында ақ бөлшек сауда бағаларын төмендетудің
ойланбаған саясатының әсерінен бұзылды.
КСРО ыдырағаннан соң ақшаны
дезинтеграциялау процесі өте күрделі жүргізіліп, және
бұрыңғы кеңес мемлекеттерінің меншікті
ұлттық валюталарын енгізілуімен аяқталды.
1993 жылы 12 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан Республикасына Ұлттық валютаны енгізу туралы» Жарғыға қол қойды. Осы жарғымен 1993
жылы 15 қаршада сағат 8-ден бастап ұлттық
валюта теңге енгізілді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
- Блеутаева К.Б. Ақша және банктер. Оқу құралы. Алматы «Қазақ университеті», 2006.61-65 б.
- Ғабжалелов Хайролла. Теңге. Алматы,2003. 212 б.
- Сейтқасымов Ғ.С. Ақша, несие, банктер. Оқулық. Алматы «Экономика», 2005. 64-69 б.
- Байназаров Ғ. Теңге маған тарихи жауапкершілікті тарту етті.// Егемен Қазақстан. 14 қараша 2003. 2-3 б
- Мәжитов Д.М. Басты мақсат - тұрақтылықты ұстау. // Жетісу. 13 қараша 2001. 3 б.
- Тобаяқов Б. Тәуелсіздік рәмізі немесе теңгеден деңгеге дейін. // Егемен Қазақста. 14 қараша. 2004. 3-4 б.
- Әубәкіров Я., Нәрібаев К., Есқалиев М., Жатқанбаев Е., Байжумаев Е., Досқалиев С. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. Алматы «Санат», 1998. 479 б.
- ҚР Президентінің ұлттық валютаның 10 жылдығына байланысты сұхбаты. Теңге-ел тұрақтылығымен тәуелсіздігінің белгісі. // Егемен Қазақстан. 18 қараша 2003. 1-2 б.
- Донских А. Теңгенің жаңа дизайны: сіз не туралы сұрап үлгермедіңіз? // Егемен Қазақстан 30 қыркүйек 2006. 7 б.
- Нысанбаев Ә. Тәуелсіз елдің ұлттық валютасы. // Егемен Қазақстан 13 қараша 2003. 3 б. Тұрапбайұлы А. Теңгенің тегеуріні. // Егемен Қазақстан 15 қараша 2005. 2-3 б.
- Кәпқызы Е. Теңге мүшелге толды. // Түркістан. 16 қараша 2006. 1 б.
- Кәпқызы Е. Теңге және ұлттық рух. // Түркістан. 25 қазан 2006. 3 б.
- Сәйденов Ә. ҚР-ң ұлттық банкі хабарлайды, түсіндіреді, түсініктеме береді. // Егемен Қазақстан. 15 қараша 2005. 6 б.
ҚР-сы Ұлттық Банкінің ресми хабары. «Көшпенділер алтыны» монеталар сериясынан күміс монетаны айналысқа шығару турасы. // Егемен Қазақстан. 15 қараша 2005 жыл. 2 б.