Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2014 в 20:02, реферат
Адам өміріндегі көп сұрақтың бірі біреулерге қызғылықты, әрі жағымды, біреулерге жағымсыз болатын – ақша сұрағы болып табылады. Өйткені сирек санаулы ғана адамдар оның толық жеткілікті екеніндігін айта алады. Жалпы айтқанда көбіне бұл ақша - жетпейді. Ақшаны ешкім ойлап шығарған жоқ. Қоғамның бірте-бірте дамуы ақшаны қалыптастырды. Жалпы ақша дегеніміз ерекше тауар және ол байлық пен құнның бірігуі болып табылады.
Ақша – бұл адамға қажетті және адамға тұтыну қажеттіліктерін қанағаттандыратын зат. Ақшаның қызметі құн өлшемі. Ақшаның көмегімен басқа барлық тауардың құнын көрсетуге болады. Осы қызметті атқаратын ақшалар.
Негізгі бөлім.
1. Ақшаның шығу тарихы
2.Ақшаның түрлері
3. Ақшаның қызметі
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Жоспар
Кіріспе.
Негізгі бөлім.
1. Ақшаның шығу тарихы
2.Ақшаның түрлері
3. Ақшаның қызметі
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Адам өміріндегі көп сұрақтың бірі біреулерге қызғылықты, әрі жағымды, біреулерге жағымсыз болатын – ақша сұрағы болып табылады. Өйткені сирек санаулы ғана адамдар оның толық жеткілікті екеніндігін айта алады. Жалпы айтқанда көбіне бұл ақша - жетпейді. Ақшаны ешкім ойлап шығарған жоқ. Қоғамның бірте-бірте дамуы ақшаны қалыптастырды. Жалпы ақша дегеніміз ерекше тауар және ол байлық пен құнның бірігуі болып табылады.
Ақша – бұл адамға қажетті және адамға тұтыну қажеттіліктерін қанағаттандыратын зат. Ақшаның қызметі құн өлшемі. Ақшаның көмегімен басқа барлық тауардың құнын көрсетуге болады. Осы қызметті атқаратын ақшалар.
Ақша жалпы баламалы рөл ойнауы мүмкін, тауарлардың барлық тобының ішінен, қандай да бір тауарды бөліп алудың объективті қажеттігі пайда болғандағы, айырбастың дамуының ұзақ үдерісі нәтижесінде пайда болды.
Бұл жұмысты жазудағы мақсат Егемен еліміз Қазақстанның ақша жүйесі туралы мағлұмат беру болатын. Еліміз жаңа тәуелсіздік алғанда, ұлттық волютамызды енгізу бізге өте қиынға соққаны анық еді. Тек қыруар күш-жігердің арқасында біз мұндай қиыншылықты жеңіп шықтық.
Жұмыстың барысында, ақшаның пайда болуы, ақшаның атқаратын қызметтерін, ақшаның айналымы мен айналысы, түрлерін, заңдылықтарын, жүйесін жалпы айтқанда ақшаның шығу тегімен айналымының эволюциясын қарастырдым.
Ақша жалпы баламалы рөл ойнауы мүмкін, тауарлардың барлық тобының ішінен, қандай да бір тауарды бөліп алудың объективті қажеттігі пайда болғандағы, айырбастың дамуының ұзақ үдерісі нәтижесінде пайда болды. Ақша жалпы баламаның аяқталған нысанын көрсетеді.
Ақшаның алғашқы рөлін екі металл атқарды: алтын мен күміс. Бұл биметаллизм дәуірі болатын. Монометаллизм кезінде ақша материалы ретінде тек алтын пайдаланылды. 1923-1933 жылдардағы әлемдік экономикалық дағдарыс монометаллизм дәуіріне тұсау салды. Ұсақталмайтын ақша жүйесінің қалыптасуы басталды. Оның айыру белгілері:
1) кредиттік ақшаның үстем болуы;
2) алтынды монетаризациялаудан алу, яғни, оның айналымнан шығуы;
3) банкноттарды алтынға айырбастаудан бас тарту және олардың құрамында алтынның болуын алып тастау;
4) жеке кәсіпкерлік мен мемлекетті кредиттеу мақсатында ақшаның эмиссиясын (ақша шығару) күшейту.
Ақша – жалғыз жалпы балама болып табылатын ерекше тауар.
Алтын құнның жалпы танылған көрінісі болғандығынан, ол өзіндік эталон – барлық тауарлар құнының өлшеуші ретінде жүре бастады.
Ақшаның пайда болуына байланысты Т1 –Т2 формуласы бойынша жасалатын тауар айналысы Т1 – А – Т2 формуласымен алмастырылды. Ақша бір игілікті екіншісіне аудару кезіндегі ештемемен айырбастауға болмайтын және беделді делдалға айналды. Ақшаның экономикалық рөлі оның қызметтерінен көрінеді.
Ақшаның қызметі:
-құн шарасы. Ақша арқылы барлық тауарлар өзінің құнын шығарады. Тауар құнының ақшалай көрсетілімі тауардың бағасы болып саналады. Өнім бағасын анықтау үшін ақшаның өзі керегі жоқ, себебі тауар сатушы оның бағасын ойша қояды (құнды ақшамен өте жақсы көрсетеді) ;
-айналым құралы. Мұнда ақша тауарларды тікелей сатып алуға қызмет етеді. Айналым құралы қызметінде ақша қаражаттары Т (тауар) – А (ақша) – Т (тауар) формуласы бойынша жасалатын айналым делдалы ретінде жүреді. Бұл жағдайда ақша сатып алушылар мен сатушылар қолында ұзақ тұрмайды, қарастырылып отырған қызметті жолай орындай отырып, қолдан – қолға көшеді. Осы жағдай аяғында толық құнды ақшаны толық құнды емес ақшамен айырбастауға әкеледі;
-байлық құрау құралы қызметі. Егер сатушы өз тауары үшін ақша алып, оны өзіне қажет заттарды сатып алуға бірден жұмсамаса, онда айналым үдерісі үзіліп қалады. Ол кезде ақша байлық құрау құралы қызметін орындай бастайды, ол байлықтың өкілі ретінде жинақтала бастайды. Байлық қызметін тек алтын монеталар ғана емес, құймалар, алтыннан жасалған бұйымдар, барлық түрдегі ақша материалының өзі орындайды.
-төлем құралы. Ақша мерзімі ұзартылып та төленеді. Бұл қызметі тауарлады несиеге алған кезде орындалады. Борышты қайтару мерзімі келгенде оны бұрын сатып алынған тауар үшін төлейді. Ақша қаражаттары мұндай рөлде тауар айналымы аясында тыс, егер жалақы төленіп, түрлі қаржы міндеттемелері (қарыз, салық бойынша, жер немесе үй жалдау кезінде және т.б.) орындаған кезде де пайдаланылады ;
-жинақтау құралы. Ақша айналымнан түседі және орнығады;
-әлемдік ақша. Ақша әлемдік тауар айналымына қызмет етеді. Халықаралық саудада әлемдік ақша қызметі іске асырылады: олар барлық елдердің шаруашылықтық қарым – қатынастарында ортақ балама рөлінде жүре бастады.
Әлемдік ақшалар қызметін ұзақ уақыт бойы алтын орындалады. ХХғасырда алтын монеталар орнына жасанды ақша бірлігі келді.
Алтын стандартының жойылуы ақша ретінде алтынсыз іске асырылмайтын: 1.байлықты құру құралы және 2.әлемдік ақшалар сиякты екі қызметтің қажетсіз болуына әкеледі.
Айналым және төлем құралы ретінде ақша қызметінен мынадай қорытынды шығады: ақша өзі үшін емес, тауарларды айырбастауды және адамдар арасындағы қызметті қамтамасыз ету үшін керек. Яғни, бұл, экономикада тауар мен қаржы көлемі арасындағы теңдікті сақтау қажет екенін көрсетеді. Ақша айналымының мәні осыменен қорытындыланады. Сонымен бірге осы аталған уақыт ішінде, бірқатар тауар мәмілелеріне қызмет ете отырып, қолдан-қолға бірнеше рет көшуі мүмкін. Ақша неғұрлым тез айналған сайын, солғұрлым, айналымға ол аз талап етіледі. Осыдан ақша айналымы заңы айқын көрінеді: бір атаулы ақша бірлігінің жылдам айналымына бөлінген, тұрақты айналымға қажетті ақша көлемі, барлық тауарлардың бағасының құнына теңеледі.
Ақшаның негізгі нысаны тиындар, қағаз ақшалар мен кредиттік ақшалар болып табылады. Тиын – бұлар ерекше нысандағы, металл құймасы, салмағы, белгісі бар, нағыз ақшалар. Бұлар толық бағалы ақшалар. Қағаз және кредиттік ақшаларды толық бағалы емес ақшалар деп атайды. Оларға сондай-ақ, күміс және мыс ақшаны да қосады. Кредиттік ақшалар - бұлар вексель, банкнот және чектер. Вексель – бұл оның иесіне (вексель ұстаушы) мерзімі өткеннен кейін, қарыз адамнан көрсетілген ақшалай соманы талассыз талап етуге құқық беретін, қатаң белгіленген нысандағы жазбаша қарыздық міндеттеме. Банкнот – бұл ұсынушы барлық уақытта ақша ала алатын және банкир жеке вексельді ауыстыратын, банкирдің векселі. Чек – банк шотынан бір адамға немесе ұсынушыға ондағы көрсетілген соманы төлеу туралы иесінің сөзсіз бұйрығы көрсетілген құжат.
ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап, төлемдік есеп беру және кредиттік тетіктерді біріктіретін, кредит карточкасын қолдану кеңінен тарады. Кредиттік карточка өзіндік ерекшелігі бар, атаулы чекті айырбастаушы және төлем құралы ретінде ақшаның қызметін орындайды.
Қазіргі уакытта электрондық ақша деп аталатын кеңінен қолданылады. Электондық ақша жүйесі бірнеше элементтерді өзіне қосады: автоматтандырылған есеп беру палатасын, автоматтандырылған кассир жүйесін және тауар сатып алу мен қызмет көрсету пункттерінде орнатылған, терминал жүйесін.
Рыноктық экономикада ақшамен инфляция үдерісі байланысты. Инфляция - бұл айналым аясын ұлттық шаруашылықтың шын қажеттілігінен артық толтырып жіберу. Инфляция кезінде қағаз ақшалар:
-алтынға (алтын стандарты кезінде);
-тауарларға;
-шетелдік валюталарға қарағанда құнсызданады. Осының әсерінен бірінші жағдайда алтынның қағаз ақша түріндегі нарықтық бағасы артады. Екінші жағдайда тауарлар бағасы өседі. Үшінші жағдайда шетелдік ақша бірлігіне қарағанда ұлттық валюта бағамы төмен түседі.
Қорытынды
Халық шаруашылығының айырбас пен төлем операцияларын іске асыру үшін қолда бар ақша массасы банктік сектор ақшасының ұсынысы мен ақшаға деген сұранысқа байланысты болады, яғни банктік емес сектор мекемелерінің қолда бар ақша немесе қажет болғанға дейінгі салымдар түріндегі белгілі бір ақша сомасын өзінде ұстауға ұмтылуы.
Ақшаға деген сұраныс ақшаның екі қызметінен - айналым құралы және байлықты сақтау құралы болудан туындайды. Бірінші жағдайда әңгіме сатып алу - сату мәмілелерін ( трансакциялық сұраныс ) құру үшін ақшаға деген сұраныс туралы, екінші жағдайда басқа қаржы активтерін сатып алу құралы ретінде ақшаға сұраныс ( ең алдымен облигациялар мен акциялар ) туралы болып отыр. Трансакциялық сұраныс ақшаны қолма – қол нысанда немесе жоспарланған, сонымен қатар жоспарланбаған сатып алулар және төлемдерді іске асыру мақсатында коммерциялық банктер мен басқа қаржы институттарының ағымдық шоттарында қаражаттарды сақтау қажеттілігімен түсіндіріледі. Мәмілеге арналған ақшаға деген сұраныс, ең бастысы, қоғамның жалпы ақша табысымен анықталады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Темірбекова А.Б.Эконмикалық теория.Оқу құралы-Алматы, 2008
2.Бекмолдин С.Қ.,Мәуленова С.
3. Үмбетәлиев А.Д. Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік.Алматы, 2009
4. ҚР Президентінің Халыққа Жолдауынан, 2009
5.Керімбек Ғ.Б. Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік. Астана, 2005