А.С.Макаренко тәрбие мәселесі туралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Января 2014 в 13:14, реферат

Описание работы

А.С.Макаренко педагогикалық қызметте табысқа жетудің бірінші қолайлы шарты болып табылатын тәрбиенің мақсатын анық та және айқын елестете білу деп түсінді, онсыз ешқандай да тәрбие жұмысы мүмкін емес.
Оның айтуынша, қабілетсіз немесе “бұзылған” бала “сәтсіз педагогтардың” ойлап тапқандары, барлық “бұзылғандық, тәртіпсіздік және балалардың қылмескерлігі туа біткен және түзетуге болмайтын сапалар емес”.
Макаренко бүгінгі “бұзылған бала ертең қабілеті жануы мүмкін, отанының нағыз азаматы, Социалистік Еңбек ері болып шығады”,-деп есептеды.

Содержание работы

1. А.С.Макаренко тәрбие мәселесі туралы.
2. А.С.Макаренконың ұжым туралы ілімі.
3. Ұжымның даму кезеңдері.
4. А.С.Макаренко еңбектеріндегі психология мәселелері.
5. Жанұя тәрбиесі туралы.

Файлы: 1 файл

Макаренко.docx

— 28.50 Кб (Скачать файл)

Белгілі дарынды педагог, әрі көрнекті жазушы А.С.Макаренко 1937 жылы жарыққа  шыққан “Ата-аналар кітабы” атты көлемді  еңбек жазуды қолға алды. Бұл еңбегінде жанұя тәрбиесін жан-жақты ашып көрсету мақсатын қойды, ол тек ғана кітаптың бірінші бөлімін жазуға үлгерді. Онда жанұяны тәрбие ұжымының құрылымы және жанұя тәрбиесінің жалпы шарттары ретінде қарастырды.

Макаренконың жанұя тәрбиесіне қосқан үлесі орасан зор. “Ата-аналар кітабы” және “Балаларды тәрбиелеу туралы лекциялары” балаларды жанұяда тәрбиелеу туралы өте маңызды ғылыми және көркем әдебиеттер болып табылады. 
Жанұядағы тәрбие мәселелері – педагогиканың ең қиын да және ең жеткіліксіз талданған мәселелердің бірі.

Белгілі дарынды педагог, әрі көрнекті жазушы А.С.Макаренко 1937 жылы жарыққа  шыққан “Ата-аналар кітабын” жұртшылық  қызыға, зор қуаныш сезімімен қабылдады.

Автор өзінің жаңа еңбегін бастай отырып, сыпайылықпен өзіне-өзі: “Мүмкін, бұл кітап тым асыра сілтеушілік  болар?” – деп сұрақ қойып, өз міндетінің мейлінше қиын екендігін  түсінді. “Жанұя — өте үлкен әне аса жауапты жұмыс, бұл жұмысты ата-аналар алдында, өз бақыты және балалары алдында жауап береді”, — деді А.С.Макаренко.

“Ата-аналар кітабында” екі ата-ананы  салыстыра отырып, “жалғыз бала”, “көп балалы” жанұя проблемаларын  көтеріп, нақты мысалдар келтіре  отырып, қорытынды жасайды.

Бірінші кейіпкері Петр Александрович  Кетов – ол күшті, ақылды, адам психологиясын  жақсы біледі. Ол жалғыз баласын тәрбиелеуге көп уақытын жұмсайды. Оның ойынша көп жанұя орташа адамды тәрбиелейді. “Жалғыз бала” дарынды, ақылды болып шығады, бірақ теріс тәрбие оны өзімшілдікке әкеп соқтырады.

Ол кейіпкерге қарама-қарсы Степан Денисович Веткиннің көп балалы, бақытты жанұясы мүлде қарама-қарсы. Ол жанұя мүшелерінің өзара көмегіне, сүйіспеншілігіне, үлкен балалар кішілеріне қамқор болуға негізделген. Бұл мысалдардан екі жанұяның екі түрлі тәрбиесінің қорытындысын көруге болады. Жыныстық тәрбие мәселелері де Макаренконың назарынан тыс қалған жоқ.

 

Әдебиеттер: 

  • Б. Костелянц. А. С. Макаренко. — М., Гослитиздат, 1954;
  • Лукин Ю.Б. А. С. Макаренко. — М., Советский писатель, 1954;
  • Хрусталёва В. А. С. Макаренко. Библиографический указатель. — М., 1955;
  • Ермилов В. Избранные работы. — М., Гослитиздат, 1956, т. 3
  • Русские писатели. XX век. Биобиблиографический словарь. В двух частях. Часть 2: М — Я. — М.: Просвещение, 1998. — С. 6—8. 
  • Ширяев В. Камни с дороги надо убирать.. — М.: Молодая гвардия, 1990. —
  • Макаренко А. С. Педагогические сочинения в 8-ми томах. — М.: Педагогика, 1983—1986. — Т. 1-8.
  • Фролов А.А. А.С. Макаренко в СССР, России и мире: Историография освоения и разработки его наследия (1939-2005 гг., критический анализ). — Нижний Новгород: Изд-во Волго-Вятской академии государственной службы, 2006. 

Информация о работе А.С.Макаренко тәрбие мәселесі туралы