Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2014 в 11:57, реферат
Қоғамды қайта құру жағдайында Қазақстан республикасының білім беру саласындағы басты міндеттердің бірі ұлттық ерекшеліктерді еске алып , жастарға терең білім мен тәрбие беру ісін одан әрі дамыту және жетілдіру .
Жастарға білім мен тәрбие берудің негізі болып саналатын жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық процесін жақсарту бірінші кезектегі мәселе болса, бастауыш мектеп - негіздің негізгі түп қазығы.
Бастауыш білімнің мемлекеттік стандартының алғашқы нұсқасы және соған сәйкес оқу бағдарламалары дайындалып, іс жүзіне асып жатуын қазіргі кезеңдегі мектепті дағдарыстан шығаратын тактикалық шешімдердің бірі деп түсінген жөн.
Кіріспе
1.БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ЖҮРГІЗІЛЕТІН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАР
2.1. Сыныптан тыс жұмыстардың оқушы тілін ауызша дамытудағы педегогикалық көзқарастар ------------------------
Бастауыш сыныпта қазақ тілінен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың негізгі сипаты -----------------------------------
ІІ Тарау БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫМЕН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1. Сыныптан тыс жұмыстың қазақ тілі пәні бойынша негізгі әдістері мен түрлері ------------------------------------
2.2. Қазақ тілінен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарды іс-тәжірибие барысында ұйымдастыру -----------------------------
ҚОРЫТЫНДЫ --------------------------------------------------------------
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР--------------------------------
ҚОСЫМША--------------------------------------------------
Мазмұны
Кіріспе
1.БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ЖҮРГІЗІЛЕТІН СЫНЫПТАН
ТЫС ЖҰМЫСТАР
2.1. Сыныптан тыс жұмыстардың оқушы тілін
ауызша дамытудағы педегогикалық көзқарастар
------------------------
ІІ Тарау БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫМЕН
СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1. Сыныптан тыс жұмыстың қазақ тілі
пәні бойынша негізгі әдістері мен түрлері
------------------------------
2.2. Қазақ тілінен жүргізілетін сыныптан
тыс жұмыстарды іс-тәжірибие барысында
ұйымдастыру -----------------------------
ҚОРЫТЫНДЫ ------------------------------
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР--------------------
ҚОСЫМША-----------------------
Кіріспе
Қоғамды қайта құру жағдайында Қазақстан
республикасының білім беру саласындағы
басты міндеттердің бірі ұлттық ерекшеліктерді
еске алып , жастарға терең білім мен тәрбие
беру ісін одан әрі дамыту және жетілдіру
.
Жастарға білім мен тәрбие берудің негізі
болып саналатын жалпы білім беретін мектептердің
педагогикалық процесін жақсарту бірінші
кезектегі мәселе болса, бастауыш мектеп
- негіздің негізгі түп қазығы.
Бастауыш білімнің мемлекеттік стандартының
алғашқы нұсқасы және соған сәйкес оқу
бағдарламалары дайындалып, іс жүзіне
асып жатуын қазіргі кезеңдегі мектепті
дағдарыстан шығаратын тактикалық шешімдердің
бірі деп түсінген жөн.
Мектеп өз түлектерін тек ғылымның қазіргі
даму деңгейіне сәйкес терең де тиянақты
біліммен қаруландырылған жағдайда ғана
өзінің әлеуметтік қызметін орындап шығатындығы
баршаға аян. Бастауыш білімнің мемлекеттік
стандартты және оны мектеп тәжірибесіне
ендіруде шешуші орынды мұғалімдер қауымы
алатыны анық.
Басталып отырған осы үлкен іс дұрыс бағыт
алып , тиянақты қалыптасу үшін, оның ғылыми
негізі салыну керек.Қазіргі қолданып
жүрген бағдарламалар, оқулықтар , көмекші
құралдар болмаса, бастауыш қазақ тілін
оқытудың ғылыми әдістемесі жоқ. Көпшілік
авторлар бағдарлама, оқулықтар жазуда
жалпы қазақ тіл методикасына сүйінген,
не орыс, шет тілдерін оқыту методикасын
басшылыққа алған . Ал, бастауыш мектептерінде
жүргізілетін кластан тыс жұмыстардың
бағдарламасы әлі жасалмаған, мүлдем негізі
салынбаған деуге болады. Мұндай жағдайлар
бағдарламалар мен оқулықтардың сапасына
әсер етпеуі мүмкін емес.
Мемлекетіміз көп ұлтты мемлекет болғандықтан
, қазақ тілін, халықтық педагогиканы үйрету
қажеттілігі барған сайын арта түсетіндігі
анық. Сондықтан бастауыш мектепте кластан
тыс жұмыстарда халық
педагогикасын пайдалануға үйрету мәселелері,
оның әдістемесін ғылыми негізде құру
проблемалары, оны зерттеу қазіргі заман
талабына қажет болып отыр.
Қазіргі таңда қоғамның даму бағыты оқу
тәрбие жұмысының алдында жас ұрпақтың
ақыл - ойын, тілін , салт- санасын жетілдіру,
жалпы білім деңгейін дамыту өзекті мәселенің
бірі болып отыр.
Бастауыш кластарда қазақ тілін оқытумен
қатар, кластан тыс жұмыстарды жүргізудің
маңызы жас үрпақ үшін қолайлы жұмыстың
маңыздысы деп білеміз.
Бірақ бастауыш мектепте, жоғары оқу орындарында
қазақ тілін үйретуде аудиториядан , кластан
тыс жұмыстың маңызы қандай , қандай кластан
тыс жұмыстар жүргізу керек, оны жүргізу
әдістемесі қалай болу керек деген мәселе
күні бүгінгі күнге дейін ғылыми тұрғыдан
алғанда назардан тыс қалып келді. Сондықтан
біз зерттеу жұмысымызды бастауыш мектептерінде
кластан тыс жүргізілетін жұмыстарға
, олардың тіл үйрету мен тіл дамытуда
атқаратын қызметіне арнадық. Бұл айтылғандар
біздің зертеуміздің проблемалық актуалдылығын
көрсете алады.
^ Зерттеудің мақсаты: Бұл мәселені зерттеуде бастауыш
мектептерінде қазақ тілін оқыту және
қазақ тіліне байланысты кластан тыс жұмыстардың
оқушы тілінің ауызша дамуына тигізетін
әсерін анықтау, оны тиімді түрде өткізе
білу жолдарын көрсету көзделеді.
^ Зерттеудің нысынасы:
Зерттеудің пәні: Бастауыш мектеп
оқушыларымен сыныптан тыс жұмыстарын
ұйымдастыру.
Зерттеудің міндеті: Қазақ тілін
бастауыш мектепте халықтық педагогиканы
үйретуде кластан тыс жүргізілетін жұмыстардың
түрлері мен мазмұнын анықтау;
Зерттеудің әдісі: Әлеуметтік - педагогикалық
(ғылыми-әдістемелік, ғылыми теориялық
еңбектерді талдау);
^ Теориялық қолданымы: Бастауыш мектептерінде сыныптан
тыс жұмысты ұйымдастыру және жалпы оқушылардың
сөйлеу әрекетін жүзеге асыру.
Практикалық қолданымы: Зерттеу еңбектегі
нақты ұсыныстар мен тәжірибе нәтижелері
қазақ тілін оқыту әдістемесіндегі ақтаңдақтармен
толықтырылды, арнайы курс, семинар, лекцияларда,
қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіруде,
бағдарламалар мен оқулықтар жасауда
пайдалануға болады.
Қазіргі кезеңдегі бастауыш білім беретін
қазақ мектептеріндегі білім берудегі
бастауыш білім беретін қазақ мектептеріндегі
қазақ тілінен білім берудегі ең өзекті
проблемалардың бірі - оқушылардың оқуға
әрі қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін
, оқырмандық қызығушылығын
арттыру, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны
қалыптастыру, оған ықпал ету. Бұл еңбек
осы мәселені шешуге бағытталғандықтан,
қазақ тілі пәні мұғалімі өз жұмыс тәжірибесіне
эдістемелік қүрал ретінде пайдалана
алады.
^ БАСТАУЫШ
СЫНЫПТА ЖҮРГІЗІЛЕТІН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАР.
1.1. Сыныптан тыс жұмыстардың оқушы тілін
ауызша дамытудагы
педагогикалық көзқарастар
Cыныптан тыс оқуды белсенді ұйымдастырушы
және оны басқарушы да мұғалім болуға
тиіс. Сондықтан мұғалім өз оқушыларынын
кітапқа деген ынтасын үнемі арттырумен
бірге, олардын. қандай кітап оқуға тиіс
екендіктеріне де бағыт беріп отырады.
Балалар бастауыш класты бітіргенде, совет
ақын-жазушыларының бел-гілі шығармаларымен
таныс болулары қажет екенін де үнемі
ескертіп отырады.
Қластан тыс оқу жұмысын балалар мектепке
келген кезден бастаған жөн. Өйткені сауат
ашу кезінде оқушылардьщ ақыл-ойын, тілін
дамыту жұмыстары балаларға түрлі- түсті
суретті кітапшаларды көрсету арқылы
дауыстап, мәнерлеп оқи отырып жүргізіледі.
Екінші кластан бастгп мұғалім балаларға
мектеп кітапханасынан алған кігаптарды
бере бастайды. Олар-ға кітапты дүрыс үстап,
күте білудің ережелерін үйре-теді: кітапты
газетпен не қағазбен тыстап қою, оқыған
кезде кітап беттерін бүктемеу, кітап
беттерін су немесе кір қолмен ұстап парақтамау
т. б. Мұғалім бұл ереже-лерді анық етіп
жазып, класқа іліп қояды.
Кластан тыс оқу оқушылардың кітапты өздіктерінен
оқи алу дағдыларын арттырумен бірге,
«Ана тілі» оқу-лықтарындағы шығармалардың
мазмұны мен көркемдік ерекшеліктерін
түсінуге көмектеседі. Балалар оқыған
шығармаларындағы негізгі ойды аңғара
білуге, сол оқи-ғаға өзінің қалай қарайтынып
айтып, кейіпкерлердің әрекетіне баға
бере білуге талаптануы қажет.
Кластағы оқу сабақтарында оқушылар көркем
тіл-мен жазылған шығармалардан басқа
тарих, табиғатта-ну т. б. пәндерінен мағлұмат
беретін материалдармен та-нысады. Осындай,
класта алған ұғым кластан тыс оқу кезінде
нығая, жетіле түседі.
Кластан тыс оқу сабақтарында мүғалім
балалардың қандай кітаптарды оқығандарын
біліп отырумен қатар, алдағы уақытта
не туралы оқығылары келетінін де есепке
алуы қажет.
Бастауыш мектептердегі кластан тыс оқудың
мазмұ-ны мен үйымдастыру жолы жөнінде
жаңа программа-ның жобасында былай делінген:
«Кластан тыс оқудың мақсаты: баланың
кластан тыс оқуы арқылы барлық пәннен
алған білімін тереңдете түсу, кітаптан
өзіне қа-жетті материалды, кітапханадан
керекті кітапты іздеп тауып алуға көмектесу
; өз бетімен жүмыс істеу дағды-сын нығайта
түсу; оқуға, білуге ынтасын, қүштарлығын
арттыра түсу; баланың эстетикалық және
дүние тану қүмарлығын арттыру.
Кластан тыс жүргізілетін оқуды үйымдастырудың
ең негізгі принципі — оның класта жүргізілетін
оқумен ты-ғыз байланыста болуы. Оқушының
кластан тыс оқитын кітаптары класта өтілетін
сабақтардың жалғасы түрінде үсынылады.
Оны мүғалім күнделікті оқу, табиғат тану,
сурет, ән, еңбек т. б. сабақтарында және
оқу бойынша жүргізілетін қорытынды сабақтарда
сүрап, класта оқы-ғандарына байланыстырып
отырады ... ».
Сөйтіп, класта оқу сабағы жақсы үйымдастырылса,
онда көп мәселелер жөнінде әңгімеленсе,
балаларды мү-ғалім осы мәселелер жайында
тағы да біле түсуге қы-зықтыра алса, кластан
тыс оқу сабағы да нәтижелі өтеді. Оқушыларға
қандай кітаптарды оқу керектігі, олардың
тізімі беріледі. Мысалы, класта М. Әлімбаевтың
«Ұқып-ты бала» және «Үқыпсыз бала» өлеңдері
оқылды делік,
оның жалғасы ретінде «Ұқыпты оқушы» өлеңін
оқытуға болады. Немесе «Совет Армиясы»
бөліміндегі Т. Бигел-диновтың «Қаһарлы
күндерде» әңгімесін оқығаннан кей-ін,
сөз жоқ, оқушылар Совет Одағының Батыры
атағын екі рет алған, ұшқыш Т. Бигелдиновтың
балалық шағы жөнінде білгілері келеді.
Ол үшін мүғалім С. Бақбер-геновтың «Талғат»
атты кітабынан үзінді беруіне бо лады.
Класта оқушылар жазушының бір шығармасынан
үзінді оқыса, сол шығарманы толықтыра
оқу кластан тыс оқуда іске асырылады.
Кейде белгілі ақын-жазушы-лармен балаларды
толығырақ таныстыра түсу мақса-тында
оның класта оқылғаннан басқа шығармаларымен
кластан тыс таныстыруға болады. Мысалы,
Ы. Алтын-саринның «Әдептілік» әңгімесін
оқығаннан кейін, оның «Баланың айласы»,
«Аурудан аяған күштірек», «Өтірік-тің
залалы» т. б. әңгімелері кластан тыс оқуға
беріледі. Қейбір жекелеген шығармаларды
кластан тыс оқу сабағында да талдауға
болады. Онда талданатын шы-ғармалардың
тәрбиелік жағы күшті болуы қажет.
Оқушылардың кітап оқуға қаншалықты ынталы
жә-не бейім екендіктерін білу үшін мүғалім
олардың әрқай-сысымен оқыған кітаптары
жөнінде жеке әңгімелеседі; салған суреттерін,
жазып алғандарын қарап, — бүкіл деректермен
жеке танысады. Кейде кітапханадағы кар-точкасын
қарап көруге де болады. Осындай ыждағатты
тексерудің нәтижесінде, балалардың қайсысы
қандай тақырыпты жақсы көретіндері байқалады.
Кейбір бала ертегілерді, кейбіреулері
ерлік жайлы шығармаларды, ал бірсыпырасы
қиял-ғажайып ертегілерін т. б. үнатады.
Осыдан кейін мүғалім балаларды бір жақтылықтан
сақтандыру мақсатымен, оларды басқа тақырыптарға
қызықтыру жолдарын іздестіреді.
Балаларға кластан тыс оқуға арналған
тартымды кітаптарды іріктеп немесе жаңадан
шығып жатқан шы-ғармалардың ішінен іріктеп
үсынады, әдемі суреттермен безендірілген
кітап жаймаларын, түрлі әдеби ойындар
үйымдастырады т. б.
Кластан тыс оқылуға тиісті кітаптардың
тізімі бір тоқсанға арналып әр тоқсан
сайын үсынылып отырады. Балалардың оқуға
ынтасын арттыру мақсатымен мұға-лім ұсынып
отырған кітаптарының ішінен кейбір оқи-ғаларды
бастап айтып, «одан әрі не болатынын осы
кі-тапты оқып білесіңдер» деп аяқтайды.
Кейде кітаптың сыртындағы немесе ішіндегі
кейбір әдемі суреттердікөрсету арқылы
да қызықтыруға болады. Ал енді бір жағдайларда
шығарманың, кітаптың атын, авторын ға-на
айтып, оның осылайша неге аталғанын білуді
тапсы-руға болады.
Бастауыш класс оқушыларын оқуға қызықтыру
үшін V—VI класс оқушыларының да көмегі
зор. Өздерінің кішкене бауырларына бұрын
оқыған кітаптары, әңгіме, ертегілері
жөнінде, өздеріне ұнайтын жазушылар жө-нінде
әңгімелеп айтып берсе, олар сол кітапты
өздері де тауып оқиды.
Оқу жылы аяғында балаларға жазғы демалыс
кезін-де оқитын кітаптарының тізімі беріледі
де, оқу жылының басында сол көрсетілген
кітаптардың қайсысын оқыған-оқымағандарын
тексереді. Олардың оқыған кітаптары туралы
жазғандарын, әсерлерін, пікірлерін, кейбір
үзін-ділерді, кейіпкерлердің аттарын,
суреттерін т. б. қарай-ды, оқытады.
Міне, осындай жұмыстардан кейін қосымша
оқуға тиісті қітаптардың тізімі беріледі.
Мектептерде ана тілі сабақтарының өтілу
жайы мен кластан тыс оқудың маз-мұнына
сай, бастауыш класс оқушыларымен мынадай
жұхмыстар орындауға болады:
1) Көркем шығармаларды (бір шығарманы
немесе тақырыбына қарай топталған бірнеше
шығарманы), ер-тегілерді, мақалаларды
талдау.
2) Күнделікті баспасөздегі («Балдырған»,
«Ақ жел-кен», «Зерде» журналдары мен «Ұлан»
газеті) мақала-ларды оқу.
3) Кітаппен жүмыс істеу дағдысын қалыптастыру.
Көркем шығармаларды талдау үшін сюжетті
әңгімелер қолайлы.
Оқушылардың өз беттерімен оқитын шығармалары-на
сүрау берудің қажеті жоқ, олар өз беттерінше
қоры-тынды шығарғандары жөн, яғни әркімнің
өз оқығанда-ры жөнінде өз кезқарастары
болғаны дұрыс. Кейде оқы-ғандары жөнінде
жолдастарынан сүрау, пікір алысу т. с.
с. тыйым салынбайды.
Кластан тыс оқу сабақтарында кернекі
қүралдар қолданудың да пайдасы мол. Мұнда
да шығармада кез-десетін қиын сөздер
түсіндіріліп отырғаны жен.
Кластан тыс оқуда бір жазушының шығармасын
тал-дауда сол жазушының емірі мен қызметінен
толығырақ мағлүмат беруге болады. Мүндай
сабақ шамамен былай үйымдастырылады:
а) мұғалім немесе балалардың бірі жазушы
жөнінде қысқаша әңгімелеп береді;
ә) жазушының балаларға таныс кітабы я
шығарма-сынан үзінді оқылады, кейде бір
шығармасынан әдеби монтаж, ойын ұйымдастыруға
да болады.
Бірінші сабақта сол жазушының өмірбаяны
туралы айтылып, оның балалар оқыған шығармасы
жайлы қыс-қаша әңгімеленеді де, басқа
бір шығармасы тағы оқуға тапсырылады.
Екінші сабақта оқуға берілген шығарма
талқылана-ды, ал үшіншгсабақта қорытындыланады.
Жоғарыда бастауыш кластарда балалар
ертегі оқу-ға өте қүмар келеді дедік.
II—III кластарда көбіне жа-нуарлар туралы
ертегілерді жақсы көреді. Мүндай са-бақтарға
көрнекі қүралдарды балалардың өздеріне
жа-сатуға болады. Бірқатар ертегілер
жөнінде шыққан су-реттер де бар («Түлкі
мен бөдене» т. б.), ал көптеген ер-тегілер
бойынша диафильмдер жасалды.
II—III кластарда оқу үшін үсынылатын материал-дарды
мұғалім өзі іріктейді, ал IV класта балалар
езде-рі іріктеп алады.
Оқушыларды газетпен таныстыру сабағын
мына си-яқты жүйемен жүргізуге болады:
а) балаларды өздерінің «Үлан» газетіне
қызы-ғатындай етіп, газеттегі басылған
мақалалардан үзінді келтіре отырып (балалардың
мектептегі, үйдегі іс-әре-кеттері мен
еңбектері, пионерлердің өз мектебіне,
сов-хозына, қаласына, ата-анасына қандай
көмек көрсеткен-дері т. б.), әңгіме үйымдастыру
(балалар газетті оқи ма, ондағы мақалаларды
түсіне ме, қандай мақалалар үнай-ды т.
б.).
ә} газетті кімдер шығаратынын, қай жерде,
қай күн-дері шығатынын, қай кезден бастап
шыға бастағанын айту.
б) «Үлан» атты газетінің кезекті номерінің
қүры-лысымен (макетімен) және мазмүнымен
таныстыру. Мүндай сабақтарда қажет жерлері
болса, географиялық карта, кітап жаймасы
т. б. болғаны жөн.
«Балдырған» журналымен таныстыру сабағында
журналдың кітаптан айырмашылығы (ай сайын
шығып тұратыны, тақырыптарының алуан
түрлілігі) айтылады.
Балаларды ез беттерімен кітап оқуға үйреткен
кезде мұғалім оларға кітаптың маңызы,
оқу мәдениеті, оқу ережелері т. б. жөнінде
үнемі ескертіп отыруы қажет.Кластан тыс
оқуды есепке алып, тексеріп отыру жө-нінде
жоғарыда да айтқанбыз. Оған қосымша, оқыған
кітаптары жөнінде оқушыларға күнделік
жаздырып үйретудің де орасан зор тәрбиелік
мәні бар екенін еске сала кетудің артықтығы
болмаса керек. Бұл — балалар-ды ойларын
жинақы, өз сөздерімен жаза білуге дағды-ландырады,
жазу қабілетін жетілдіреді. Күнделікке
кі-таптың аты, авторы, шыққан жылы, оқығаны
қандай мақала екені және ол жөніндегі
өзінің пікірі жазылуға тиіс.
II—III кластарда балалар оқыған кітаптарының
ав-торы мен атын, шыққан жылын жазып, өздеріне
үнаған кейбір оқиғаларға сурет салып
қояды, ал IV класта осы-ларға қосымша, өз
пікірін жазып отыруы керек.
Сұраулар мен тапсырмалар
1. Кластан тыс оқудың маңызы мен мақсаты
жөнінде айтыңдар.
2. Кластан тыс оқуды үйымдастыру жөнінде
не білесіңдер?
3. Кластағы оқу мен кластан тыс оқуды салыстырыңдар,
олардың ұқсастық жақтары мен айырмашылықтарын
айтыңдар.
4. Кластан тыс оқуды үйымдастыру барысында
қандай методикалық ұсыныстарды ескерер
едіңдер?
5. Жоғарыдағы айтылғандарға сүйене отырып,
А. Асқарбаеваның кластан тыс оқуға арналған
кітабын және балаларға арналған көркем
шығармаларды пайдаланып, «Туған халқымыздың
ерлігі» тақырыбына кластан тыс оқу сабағының
конспектісін жазыңдар.
^ ОҚУ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІКТЕРІНЕН
ОРЫНДАЙТЫН ЖҰМЫСЫ
Мұғалімнің басшылығымен жүргізілетін
оқу сабақта-ры оқушылардың өздіктерінен
орындайтын жүмыстары-мен үштастырылып
отырады. Балаларды өздіктерінен жұмыс
жасауға үйретуде негізінен екі түрлі
мақсат көз-деледі: 1) кітаппен жүмыс жасауға
дағдыландыру, 2) тапсырманы өз беттерімен
орындауға үйрету, өз ең-бектерінің жемісін
көріп, «рахат» сезіміне бөленуге жағ-дай
жасау.
Өздігінен орындалатын жүмыстың негізгі
мазмүны оқушылардың ой белсенділігін
арттыру.
Мүғалім оқу кітабындағы материалды толық
оқып шығып, оның қандай бөлігіке басшылық
керек, ал қан-дай бөлігін балалардың өздіктерінен
орындауларына беруге болатынын анықтайды.
Өздіктерінен орындайтын тапсырманың
түрлерін, оның сабақтағы орнын белгілей-ді,
мақсатын түсіндіреді, орындау барысын
тексереді.
Тапсырманы ауызша да беруге болады, бірақ
егер жүмыс бірнеше этаптан түратын болса,
онда ол жұмыо тың орындалу тәртібін көрсетіп,
тақтаға жазады.
Балалардың өздігінен орындайтын жүмыстарынық
түрлері:
1. Кітаптың мазмұнымен (кітаптың ең соңында
бе-рілген материалдардың тізімі) таныстыру:
оқу кітабын-да қандай бөлімдер бар? Үй
жануарлары туралы не оқы-ғандарыңды кітаптың
мазмүнынан белгілеңдер.
2. Шығарманы балалардың іштерінен оқуы.
Әдетте мүнда сұрақтар ойлап табады, белгілі
бір оқиғаны су-реттейтін үзіндіні табады,
мәнерлеп оқуға дайындалады т. б.
3. Жоспар жасау жүмысы: текстерді бөлікке
бөлуг қандай суреттер салуға болатынын
ойластыру, тексті мүғалімнің қойған аттары
бойынша бөлу т. б.
4. Тапсырманы өңдеу. Мақаланың жоспарын
жазу, жаңа сөздерді жазу, шығарманың қорытындысын
жазу т. б. с. с.
5. Оқушылардың үйден орындайтын жұмыстарына
көңіл аудару. Үйге текстің мазмүнын қайта
оқып шығу-ды бермей, творчестволық тапсырма
беру керек. Мыса-лы «... туралы айтылған
жерлерді табыңдар, текске қандай сүрақтар
қоюға болатынын ойластырыңдар» т. б.
Оқушылардың өздіктерінен орындайтын
жұмыстары-на көңіл бөлу — олардың белсенділігін
көтереді.
Сұраулар мен тапсырмалар
1. Оқушыларға өздіктерінен жүмыс орындату
қандай мақсат көз-дейді?
2. Балалардың өздігінен орындайтын жүмысынын,
түрлері қандай?
3. «Ана тілі» кітаптарының біріндегі бір
тақырып бойынша оқушы-ларға ездігінен
орындауға қандай жүмыстар беруге болатынын
анықта.
Сабақтан тыс уақытта жан-жақты ойластырылып
істелген кластан тыс жұмыстардың оқушылардың
білімін толықтыруда, тілін дамытуда,
пәндерге қызығушылғын арттыруда, тәрбиелеу
жұмыстарының пәрменділігін арттыруда
атқаратын қызметі өте күшті. Оқушылардың
сабақтан кейінгі бос уақыттарын дұрыс
шешу , ұйымдастыру мәселесінің маңызы
өте зор.
Оқушының бос уақытын пайдалы мәнді өткізуіне
мұғалім, күшті әсер ете алады. Бүл әсер
сабақтан тыс уақытта сыныптан тыс жұмыстар
арқылы жүргізіледі. Кластан тыс жұмыстардың
зор тәрбиелік мәнін ғалымдар өз еңбектерінде
кең дәлелдеген.
Кластан тыс жұмыстар Ю.К. Бабанский мен
Победаносцевтің еңбектерінде үлкен мән
берілген. Олар бұлай деп ой тұжырымдайды:"Богатые
воспитательные возможности внеурочной
работы заключаются в том, что здесь в
большой мере, чем на уроках, учитываются
и удовлетворяются индивидуальные запросы,
интересы, потребности ученика и создаются
предпосылки для интенсивного развития
его способностей ".
Сонымен бірге "соотношение между учебным
временем школьников и их свободным временем
следует рассматривать не как противопоставление,
а как воспитание двух взаймодействующих,
взаймодополняющих факторов, способствующих
решению одной , общей задачи".
"Таким образом свободное время утверждает,
закрепляет, развивает то, что ученик получил
в школе, на уроке в процессе учебы".
Демек, сыныптан тыс жұмыстар тәрбие ісімен
ғана шектелмейді. Оқушылардың бос уақыттарындағы
іс әрекеттерін ойластырып ұйымдастырған
кластан тыс жұмыстар олардың бойындағы
танымдық күш және қабілеттерін арттыруға,
білімін кеңейтуге, білімге деген ынтасын
өсіруге зор ықпал етеді.
Осы түрғыдан келгенде, орыс тілді мектепте
жүргізілетін кластан тыс жұмыстар қазақ
тілі мұғалімімен бірлікте жоспарланса,
оқушының қазақ тілін үйренуіне, тілін
дамытуға үлкен мүмкіндік туғызады. Кластан
тыс жұмыстардың негізінде, оқушылардың
сөйлеу тілін дамытуға, олардың сөйлеу
дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік
туады. Білімді алу мен оны практикада
қолданудың арасында үлкен бір жол жатыр.
Бірақ осы жол әрқашан керекті деңгейде
қарастырыла бермейді. Бүл жағдайлар тек
мектеп мұғалімдерінің тәжірибесінде
ғана емес, кейбір методистердің еңбектерінде
де жиі кездеседі.
Класс сабағының мазмұны неғүрлым мәнді,
анық болса, сонда ғана кластан тыс жұмысты
дұрыс ұйымдастыруға, оқу процесін жандандыруға,
оқушының жеке басының танымдық күшін
дамытуға тәрбиелеуге тәсілдендіреді.
Бүл мәселелер эрбір зерттеу жұмысының
мазмұнында есепке алынады. (А. Т. Сатылғанова,
Т. И. Иванова, П. Л. Васильченко, А. К. Ахметова
т. б. 728. 79).
Класс жэне кластан тыс жұмыстардың өзара
байланысты екендігін неміс педагогы
У. Древс жэне 3. Фурманда қарастырады.
Олар былай дейді, "Для эффективной
организаций деятельности ученика на
уроке необходимо сознательный опыт учащихся,
из них внекласные работы и стремление
к тому, чтобы процесс обучения давал им
импульсы для внекласной деятельности
" (63,128)
Ағылшын педагогы Д. Хамблин өзінің "Формированый
учебник навыков" жэне "Эффективная
внеурочная работа - это дополнительный
фактор усвоение учебной программы"
деп аталатын еңбегінде, оқушылардың кластан
тыс іс-әрекеттері, сабақтағы танымдық
іс-әрекеттерінің қалыптасуы деп көрсетеді.
Сонымен бірге Д. Хамблин кластан тыс жұмыстардың
мәнін істе ашып береді.Ол кластан тыс
жасалған жұмыстар "оқушылардың оқудағы
іс-әрекеттерін байыту" деп қарастырады
және кластан тыс жұмыстар оқушылардың
оқудағы білім сапасын көтеруге көмектесетін
маңызды іс деп көрсетеді. (155,160)
Сондықан, кластан тыс жұмыстар педагогтың
процестік құрамды, маңызды, қажетті бір
бүтін бөлігі:
- кластан тыс жұмыстар оқу процестен бөлінбейтін
байланыста
жатады;
Қазақ тілінің пэн ретінде мектепте оқыла
бастауы оқулықтар жасаудағы тәжірибелермен
бірге мектепте қазақ тілін оқытудың әдістемесін
де туғызып қалыптасуына жол ашты. 1935-1940
жылдары ғылыми -методикалық "Ауыл мұғалімі","Халық
мүғалімі","Қазақстан мектебі"
журналында Ә. Үсеновтың, Ш. Кэрібаевтың,
А. Көшімбаевтың, Ә. Мамбетовалардың қазақ
тілін оқытудың жалпы мәселелерін, жеке
тақырыптарды өтудің әдіс-тәсілдерін
сөз еткен мақалалары, сабақ үлгілері
жариялана бастады. 1941 жылы Ш.Кәрібаевтың
"Қазақ тілін оқу" атты әдістемесі
/28/ жеке кітапша болып басылды. Бүл қазақ
тілі әдістемесі бойынша алғашқы жүйелі
зерттеу болумен бірге, бастауыш буындағы
қазақ тілдік оқу методикасының ғылым
ретіндегі дамуына негіз болды.
Қазақстан жағдайында оқыту мен тәрбие
міндеттеріне сәйкес бірқатар педагогикалық
мэселелерді көтерген ой-пікірлер «Әдебиет
майданы» журналында жарияланып отырды.
1934 жылғы 11-12 санында Ш.Әлжановтың "Абайдың
педагогика туралы көзқарасы" - деген
мақаласы жарияланды. Ш. Әлжанов сонымен
қатар , педагогикалық әдебиет пен халық
ағарту ісі жайлы жетекші материалды қазақ
тіліне аудару үшін қажетті терминология
жасау мәселесін бірінші болып күн тэртібіне
қойды.
К. Мұхамбетжанов еңбегінде сабақ процесі
мен кластан тыс жұмыстардың тәрбиелік
маңызы дәлелденіп, оқушылардың жас ерекшеліктерін
ескерудің психологиялық , педагогиялық
негіздері қарастырылған. Қазақ балалары
арасына кең тараған ойын, өлең, жыр т.б.
ұлттық тәлімге қатысты мәселелерге ғылыми
тұрғыдан талдау берді. Бастауыш класс
оқушыларын кітап оқуға дағдыландыру
мәселесі болған ғылыми -зерттеу институтының
ғалымы С. Тілешованың 957 жылы "қазак
тілі оқу сабақтарына байланысты кластан
тыс оқу" атты шағын кітапша жарық көрді.
(25 бет)
Мұнда оқушылардың өздігінен оқуын қадағалап,
басшылық етіп отыру міндеті қазақ тілі
пәні мұғалімінің үлесіне тиетіні айтылды.
Сонымен бірге оқушылардың күнделік дәптері
болуын, оқушының нені ұнататынын, неге
қызықатындығын анықтауға себебін тигізеді-дей
келе, дәлелдер келтірген. Қазақ тілінде
аударылып басылып шыққан орыс эдебиеті
өкілдерінің шығармаларын кластан тыс
оқуға ұсынып, тізімін берген /151/.
Қазақ тілі эдістемесі пәні бойынша жазылған
бұл оқулықтарда кластан және мектептен
тыс жұмыстар бастауыш класс оқушыларының
қазақ тілі сабағында алған білім қорын
молайтып, ой-өрісін дамытып, дүние тану
қабілетін арттыруына көмектеседі - деп
, авторларымыз үлкен мән береді. Бүл жұмыстардың
түрлеріне кластан тыс оқу, түрлі үйірмелер,
көрмелер, кино, театрға бару т.б. мектеп
тәжірибесінде көптен бері қолданылып
келе жатқан түрлері сөз болып, 4-5 беттік
жалпылама шолу беруімен шектелген.
Бастауыш мектеп мұғалімдерінің практикалық
ісіне пайдасын тигізген еңбектердің
бірі К.Бозжанованың "Қазақ бастауыш
мектептерінде І-ІІІ класс оқушыларының
оқу дағдыларын қалыптастыру" /1974/ атты
жұмысы. Оқыту проблемасын арнайы қарастырған
диссертацияның үшінші тарауында оқушыда
кластан тыс оқудың дағдысын қалыптастырудың
тиімді жолдары көрсетіліп, оны ұйымдастыру
мәселелері сөз болған. Сондай - ақ Т.Сабировтың
1978 жылы "Оқушылардың оқу белсенділігін
арттыру жолдары" атты кітапшасы басылды
. Бүл еңбекте негізінен оқушылардың өзіндік
жұмыстарын ұйымдастыру түрлері көрсетіліп,
оқушыларды кластан тыс жұмыстар арқылы
білім алуға баулудың түрлерін бере отырып,
арнайы тапсырмалар, жаттығулар үлгісі
ұсынылған. Кітаппен жұмыс істеудің кейбір
әдіс-амалдары жайында ой-пікір білдірген.
Ашық тәрбие сағаттарының үлгісі ретінде
мысалы: "Мәншүк Мәметованың ерлігі,
соғыс ардагерлерімен кездесулер, әдеби
кештерді өткізуді ұсынады. Бауыржан Момышұлына
арналған әдеби кештің өтілу жүйесін көрсетеді.
Автор мектеп бағдарламасына енген Ұлы
Отан соғысына байланысты материалдар
кластан тыс тәрбие жұмыстарыменұштастырылып
жүргізілген жағдайда жас ұрпақтарды
патриотизм, коллектевизм, интернационализм"
рухында тәрбиелеуге болады - деп санайды.
Алайда бүл жұмыста елін, жерін сүюге арналған
төл әдебиетіміздегі шығармалар іріктеліп
көрсетілмеген, ауыз әдебиетінің үлгілері,
тіпті қазақ әдебиетінің бағдарламасындағы
батырлар жырының үздік үлгілері мүлде
сөз болмағанын байқаймыз.
1984 жылы "Мектеп" баспасынан М. И.
Баймурзиннің "Внеклассная воспитательная
работа в многонациональной сельской
школе" деген еңбегі орыс тілінде басылып
шықты. Бүл еңбекте автор қазақ кітап оқу
ынтасы төмендеп тұрған заманда бүл мэселені
зерттеудің қажеттігі күннен-күнге артып
отыр. Осы қажеттілікке байланысты әдебиеттен
жүргізілетін кластан тыс жұмыстардың
мәселесін арнайы зерттеуді автор өзіне
мақсат етті.
^ 1.2. Бастауыш класта қазақ тілінен жүргізілетін
сыныптан тыс жұмыстардың жалпы сипаттамасы.
Оқушының әдебиеттен сабақта алған білімін
тереңдетуде, эдебиет арқылы оқушыны тәрбиелеуде,
оқушының әдеби қабілетін, дамытуда әдебиеттен
жүргізілетін кластан тыс жұмыстардың
атқаратын қызметі орасан зор. Бүл мәселеге
кіріспес бұрын жалпы кластан тыс жұмыс
туралы түсінік берген дүрыс, өйткені
ол эдебиеттен жүргізілетін кластан тыс
жүмыстарға да қатысты және оны түсінуге
де көмектеседі.
Кластан тыс жүмыс оқушының адам ретінде
қалыптасуына, білім, білік дағдыларының
дамуына, класта оқылатын сабақтан кем
қызмет атқармайды. Сондықтан ол оқу-тәрбие
жұмысында жоғары бағаланып, оған мэдениеті
дамыған елдерде ғылыми- тәжірибелік тұрғыдан
ерекше мән беріледі. Өйткені кластан
тыс жұмыс оқушының сабақтан бос уақытысында
жүргізіледі. Оқушының сабақтан бос уақытын
пайдалы жұмысқа жұмсауы оның дүрыс өсуіне,
қалыптасуына үлкен әсер етеді. "Мектеп
білім алудың кілтін ғана береді, Мектептен
тыс, білім алу, бос уақытты орынды пайдалану-
бүкіл бір ғүмыр!" -деген А.В. Луначарский
сөзінде үлкен мән жатыр /90/.
Кластан тыс жұмыс оқушылардың бос уақытын
дұрыс ұйымдастырып, белгілі мақсатқа
бағыттай отырып, олардың езі қалаған
істерге қызығуын арттырып, қабілетінің
жан-жақты дамуына эсер етеді. Кластан
және мектептен тыс жұмыстардың мектепте
жүйелі, сапалы түрде үздіксіз , үзіліссіз
жүргізілуі мәселесі - үлкен педагогикалық
проблема. Ол үшін әрине, бұл жұмыстардың
іске асуына қажетті негіз жасалу қажет.
Бұл мәселе ең алдымен, бос уақытты ұтымды
пайдалана білу проблемасына әкеліп саяды.
Сондықтан да "Проблема свободного
времени учащихся -это проблема в первую
очередь педагогическая , направленная
на формирования все сторонне развитой
личности, подготовленной к труду, учебе,
к содержательному, интересному , полезному
отдыху"- дейді Н.К. Крупская /230/.
Сондықтан да бала тәрбиесінде кластан
тыс жұмыстың алатын орны ерекше . Оқушының
мектептен , сабақтан тыс уақыты мол . Оны
кластан
тыс жұмыстар арқылы пайдалы іске жұмсамаса,
оқушы бос уақытын қолайсыз іске жұмсауы
да мүмкін, ондай жағдай өмірде кездесіп
жүргені көпшілікке белгілі . Оқушылардан
сабақтан тыс ұйымдастыру мэселесі аса
ерекше жауапкершілікпен қарауды талап
етеді. Күнделікті сабақтан кейінгі кез
, демалыс, мереке, каникул күндері бәрі
тоғысып тәрбие мақсатын көздеп, балалардың
рухани мүдделерін байытуға қызмет атқару
қажет. Сабақтан тыс іс - әрекетті ұйымдастыруда
қазір мектебімізде әртүрлі маңызды міндеттер
қойылуда, балалар мен жасөспірімдердің
сабақтан тыс уақыттарында тиімді педагогикалық
басшылық жасалып, талаптар қойылғанда
ғана олардың әрқайсысының жеке басын
дұрыс қалыптастыруға жағдай туындап
, оқушылармен тәрбиешілер арасында мызғымас
одақ пайда болады.
Әдістемелік еңбектердің талдай, зерттей
келе, сонымен қатар көп жылдық тәрбиелік
байқау, бақылау нәтижелері оқу процесін
кластан тыс және мектептен тыс жұмысты,
оқушылардың жан-жақты қоғамдық пайдалы
іс әрекетінен бөліп қарастыруға болмайтынына
көзіміз жетті. Бүкіл оқу-тәрбие процесіндегі
мұғалім мен оқушының үнемі , шынайы рухани
қатынаста болуы, балалар ұжымындағы өзара
дұрыс қалыптасқан тәрбиенің табысты
болуын қамтамасыз етеді. Сабақта берілетін
тәрбие мектептен тыс жұмыста да жалғастырылады,
толықтырылады.
Сабақтан тыс бос уақыт оқушылардың өмірінде
едәуір орын алатыны белгілі. Бүл кездерде
оқушылардың көпшілігі өз ықыластарымен
пәндік сабақтардан алған білімін тереңдетуге,
оның бір қызықты саламен тереңірек шұғылдануға,
қоғамдық іс-әрекеттерге араласуға өз
бойындағы ерекше қабілеттін дамытуға,
ата-аналарына көмектесуге мүмкіндіктері
бар. Осының бәрі оқушыдан ұйымдастырушылық
қабілеті, ерік-күшін, қажырлы еңбекті
талап етеді.Бұл істе оған мектеп және
кластан тыс жұмыстар көмек беруге тиіс
екені белгілі. Оқушылардың сабақтан тыс
уақыттағы іс-әрекетін нақтылы жүйемен
ұйымдастырудың қажеттілігі де осында.
Демек, оқушының жан-дүниесіне көбірек
үңіліп, оны жете білуге және сол арқылы
тәрбиелік ықпал ету мүмкіндігін артыруда
кластан және мектептен тыс жүргізілетін
жұмыстардың ролі зор. Балаға ықпал ету,
олардың неге ынтық, қандай ерекшіліктері
мен өзіндік ұмтылыстары бар екенін жете
білуіне қажетті жағдайлар сабақтан гөрі
кластан, мектептен тыс жұмыстарда мол.
Сондықтан бұл жұмыстардың тиімділігін
арттыру үшін , тәрбиені оқушылар игілікті
іс жасайтындай , өз белсенділігін танытуға
мүмкіндігі болатындай, нағыз белсенді
азамат болып өсетіндей етіп ұйымдастыру
қажет.
Оқушы жастардың мектептен тыс өмірі мен
жан-жақты іс-эрекеттері жанұяда, мектептен
тыс тәрбие орындарында, көшелерде, әлеуметтік
қатынастың кең өріс алған жерлерінде
өтіп жататынын кереміз. Демек , кластан
тыс жұмыстар демалыссыз, үздіксіз барлық
жерде жүзеге асырылады. Оны белгілі бір
сағатпен , сабақпен шектеуге болмайды.
Кластан тыс жұмыстарды ұйымдастыру барысында
оқушылардың жас ерекшіліктері ғана емес,
жеке-дара ерекшіліктерін ескерудің маңызы
зор. Балалар бір-бірінен мінезімен, қабілетімен,
мүддесімен, білімділіктерімен ерекшеленеді.
Әркімнің өз ойы, толғанысы , арманы болады.
Сондықтан тәрбиелік әсер етудің неғүрлым
тиімді жолдарын іздестіріп белгілеу
қажет болды.
Кезінде француз үлы ағартушы Жан-Жак
Руссо: "Тәрбие мақсаты- бала бойындағы
табиғи дарын мен қабілеттің көзін ашып,
адамның творчестволық қалыптасуына көмектесуі
деп қарады. Баланы күш көрсетіп, зорлаумен
емес, дұрыс бағыт беру, ез еркімен құлшындыру
арқылы тәрбиелеу керек" - деп орынды
көрсетті /207/.
Қабілет дайын нәрсе емес. Ол тәрбие арқылы
дамиды. Қабілетті дамыту қалыптастырудың
алғашқы кезеңі оқу әрекетімен басталып,
кластан тыс жұмыстар арқылы жалғастыра
түседі.
"Білмекке құмарлықты сақтап, оны дамыту
- өздігінен жұмыс істеудің, білудің жолын,
тәсілдерін үйрету - қабілетті тұрақты
дамытудың шарты" -деп /139/ керсетеді
әдіскер ғылым
Р. Сүлейменова. Демек , оқушыда белгілі
бір қасиеттердің негізі, көрінісі болған
күнде де ол тәрбие мен оқусыз қабілетке
де, дарынға да айнала алмайтыны белгілі.
Бұл мәселеде оқу мен тәрбиенің бірлігі
ерекше маңызға ие болады.
мұғалімдерінің кластан тыс жұмысын ұйымдастыруына,
класс жетекшілеріне, кітапханашыға көмектесіп
отырады.
Осы тұрғыдағы тағы бір ұстаз пікірін
келтірейік: "Әзірге қазақ мектептерінің
саны көбейгеніне мәз болып жүрміз, тәрбиеміз
тәлімді, біліміміз сапалы дей алмаймыз
. Алайда, білім, тәрбие беру жүйесін әлемдік
өлшемдерге жақындата түсу, тілімізге
қамқорлық , тарихымызға таразылық, халықтық
педагогикаға шындап бет бұру міндеті
тұр"- деген ұстаз Н.Наурызбаевтың /121/
пікірі өте орынды.
Тәрбие тамыры - халық даналығында, жас
ұрпаққа жан өнегелі, жарасымды тәрбие
беруде ата - бабалар дәстүрін өнеге етудің
үлкен тәрбиелік маңызы бар екендігіне
бүгінгі таңда анық көзіміз жетіп отыр.
Жасыратыны жоқ, халқымыздың өзіне тән
ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрін,
әдет-ғұрпын жастарға тәрбие беру процесінде
өз дәрежесінде пайдаланып жүргізе алмадық.
Баланы сәби кезінен бастап-ақ ұлттық
тәрбиені санасына сіңіре беру керектігін
қазіргі кезеңде де ғана сезінудеміз.
Халықтық салт-дәстүр негізінде жүргізілетін
тәрбие жұмыстары соңғы жылдары ғана мектеп
тәжірибесіне еніп, мұғалімнің шама-шарқына,
ізденісі мен іс-әрекетіне, шеберлігі
мен ықыласына қарай әр түрлі деңгейде
өткізіліп жүр.
Бәл тақырыпта ең алдымен мектептегі "Атамекен"
бағдарламасын алуға болар еді, сол халықтың
ондағы тәлім-тәрбие негізі халқымыздың
салт-дәстүр, әдет-ғұрпын құрайды. Соларды
үйрете отырып, баланы дәстүр негізінде
дамыту, азамат етіп тәрбиелеуге бағытталған.
Осы бағдарлама бойынша мектептерімізде
Қазақ тілімен "Ата-мұра" үйірмелері
жұмыс істей бастады. Бірақ бүл бағдарламаның
іске асуы осы бағытта жүргізіліп жатқан
оқу-тәрбие жұмыстары барлық мектептерде
бірдей өз дәрежесінде толық іске асырылуда
дей алмаймыз.
Жас ұрпаққа ұлттық , халықтық тәрбие берудің
қайнар көзі қазақтың бай әдебиетінде
жатыр. Қазақ халқының тәлімдік мәні зор
ой-толғаныстары, бесік жыры мен батырлық
эпостарда, ертегілер мен аңыздарда, шешендік
сөздер мен айтыс термелерде, мақал –
мәтелдерде көптеп кездеседі. Халықтық
педагогиканы қазақ тілімен тығыз байланысты
қарау
мәселесінің негізі де осында жатқаны
белгілі. Қазақ тілі мен әдебиет - бала
жанының оның сана-сезімін, мінез-құлқын,
өмірге көзқарасын тәрбиелейтін бапкері,
адамдар арасындағы қарым қатынасты реттейді.
Қазақ тілінің тәрбиешілік мәртебесі
қаншалықты маңызды, ұлы, әрі қастерлі
десеңші. Оның қолында адам өмірінің тағдыры
тұр деген В.Г. Белинскийдің сөзі жоғарыдағы
пікірімізді дәлелдей түседі.
Қазақ тілінің байлығын сабақ жоспарында
бөлінген сағат көлемінде меңгерту, оқушының
оны игеруі мүмкін емес. Сондықтан қазақ
тілі бойынша материалдың бірсыпырасын
оқушыға игертуде қазақ тілінен жүргізілетін
кластан тыс жұмыстардың маңызы өте зор
екені дәлелдене түседі.
Демек, өсер ұрпақтың рухани жан-дүниесі
халық тілі мен әдебиетінен сусындап,
бойына сіңіріп, оның ой санасының толуы
үшін сабақта және кластан тыс уақытта
жүргізілетін сан-алуан жұмыс түрлерінің
маңызы ерекше. Елдің елдігін, ұлттық намысын,
халықтың қастерлісін, абзал ардақтысын,
жүрегіндегі нәрін оқушылардың бойына
сіңіріп, тәрбиелеуде әдебиетке байланысты
жүйелі түрде өткізілетін ұтымды ұйымдастырылған
кластан тыс және мектептен тыс жұмыстар
ерекше мәнге ие болары сөзсіз.
Сондықтан мектепте қазақ тілін оқытудың
білімдік, тәрбиелік жақтарына үлкен баға
берумен қатар, қазақ тілімен байланысты
жүргізілетін кластан тыс уақыттағы жұмыстарға
да үлкен мэн беріледі. Екеуінің де алдына
қоятын мақсат-міндеттері бір, ол оқушы
жастарымызға әрі білім, әрі тәрбие беру
.
Көркем туынды тек жағымды қаһармандарының
іс үлгісімен тәрбиелеп, шабыттандырып,
қанағаттандырып қана қоймайды, ол өзінің
әлеуметтік, азаматтық, адамгершілік әуенінің
биіктігінен де әсемдікті әлпештеп, дәріптеумен
де адам бойындағы асқақ сезімдерді ардақтап,
оған мораль талаптарын қатаң түрде қоя
білуге де игі әсер етеді.
Республикамызда қазақ мектептері жағдайында
кластан тыс жұмыстар мәселесі бір жүйеге
түскен нәтижелі тәжірибелер аз. Бірлі-жарым,тәуір
деген тәжиребелер көрінсе, оның өзі республика
мектептеріне кеңінен таратылып, пайдаланылмай
келеді.
Бүгінгі өмірдің барлық салаларын қамтитын
жаңару рухы жастармен жүргізілетін бүкіл
кластан тыс тэрбие жүмысын мүлде жақсартуды
талап етеді. Ол талапты орындау үшін,
төмендегі жүмыстарды жүзеге асыру қажет
деп санаймыз . Олар :
Барлық қазақ мектептерінде кластан тыс
жүмыс жүйелі түрде сапалы іске асырылып
жүріп жатыр деп біз қазір айта алмаймыз.
Сонымен бірге, кластан тыс жүмыстар мүлдем
жүргізілмейтін мектептер бар деуге тағы
болмайды. Кластан тыс жүмыстардың эйтеуір
бір түрінің мектепте көрініс беретінін
тэжірибеміз көрсетіп отыр. Олай болса,
қазіргі заманның талабына сай кластан
тыс жүмыстардың мазмүны мен түрлерін
сапалы, бүкіл жүмысын жүйелі қалыпқа
келтіру басты мақсаттардың бірі болмақ.
Кластан тыс жүмыстың сапасы артып, жүйелі
іске айналуы оқушының білімін тереңдетуді,
оқытудың ізгілік, үлттық сипат алуына
зор ықпал ететініне біздің өткізген арнайы
үйымдастырған ізденістеріміз дэлелдей
түсті.
Осыған дейінгі кезеңдерде өткізіліп
келген кластан тыс жүмыстарының көпшілігінің
мазмүны мен түрі қазіргі заманның талабына
сай өзгергенін, оқушылардың үғым түсінігіне
сэйкес келе бермейтінін көреміз .
^ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН
СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРЫ
2.1. Кластан тыс жүмыстың ұйымдастыру
әдістері және оны қолдану
түрлері.
Жас үрпақтың дүниетанымының дүрыс қалыптасуы,
ой- өрісінің биік болуы мектепте өткізілетін
пәндердің мазмүны оқу эдістемелік жүйесіне
байланысты. Қазақ тілі пэнін оқыту барысында
оның тиімділігін арттыруда, оқушылардың
ақыл-ойын, әдеби қабілеттерін дамытып
жетілдіруде ерекше екенін тэжірибеміз
дэлелдей түсті. "Единства урочной и
внеурочной работы - залог успеха в преподование
литературы",- дейді эдебиетші ғалым
Ж.Э.Кушнарева. (223)
Қазақ тілін талапқа сай оқып білуге, оның
идеялық, эстетикалық мэн-мағынасын терең
ойлап, еркін қабылдауға қажетті біліммен,
біліктілікпен қаруландыру оқырмандық
мәдениетті көтеру мэселесі тек сабақпен
ғана шектелмейді, ол үздіксіз жүргізіліп
отырылатын кластан тыс жүмыстарға да
тікелей қатысты, байланысты болып табылады.
Алайда қазақ тілі пэніне байланысты атқарылатын
сан түрлі кластан тыс жүмыстардың үйымдастырудың
үтымды жолдары, оның эдістемесі ғылыми
түрғыдан қарастырылып қазақ мектептерінің
жағдайында толық шешімін тапты дей алмаймыз.
Бүл жүмыстарда жүйесіздік байқалуы көп
жағдайларда эр мектептегі мүғалімдердің
өзіндік іс-эрекетіне байланысты жүргізіліп,
нақты белгілі мақсат көзделмейтінін
көреміз. Әдіскер ғалым Н.И. Болдырев :
" Кластан тыс жүмыстардың көп жағдайда
оқушыларға ықпал етіп, іс-эрекеттерін
үйымдастыруда жалпылама, жаппай түрлері
басым",-деген сездері ойымызды бекіте
түседі. (62)
1991 жылы 27-29 мамырда шығармашылықпен жүмыс
істейтін мүғалімдердің республикалық
бірінші слеты болып өтті. Мүнда республика
мектептерінің, мектептен тыс мекемелердің,
мектептке дейінгі қоғамдық тэрбие орындары
жүмыстарындағы кемшіліктер қазіргі күн
талабынан кейін қалып отырғаны туралы
айтылды. "Мектеп жүмысында үраншылдық
басым. Кеп мүғалімдер жоғарыдан нүсқау
күтеді. Қағаз кеп, жоспар, шара жеткілікті,
формальдық басым, мүғалімдер оқушыларды
кластан тыс жүмыстар барысында қалай
тәрбиелеуді білмей дағдарысқа үшырады",
- деп ашық айтылған пікірлер кәп болды.
(325)
Оқушылардың сабақтан тыс іс-әрекеті неғұрлым
мазмүнды болған сайын, олардың жеке басының
қалыптасуы да соғүрлым ойдағыдай өтеді.
«Когда учащийся в свободное от уроков
время занимается интересным и разным
делом в кружке, клубе, факультативе и
в других творческих объеденениях, то
это влияет на формирование его личности»,-деп
эдіскер ғалым Т.В.Сорокина орынды көрсетеді
(279).
Қазақ тілі эдістемесі педагогика ғылымы
мен қазақ тілі сабақтарындағы оқу-эдістемелік
процесс жэне қазақ тілінен жүргізілетін
кластан, мектептен тыс уақыттағы жүмыстар
арқылы байланысады. Өйткені эрбір кластың
бағдарламасына сэйкес білім беру, соның
негізінде тэрбие беру мектептің негізгі
міндеттерінің бірі болса, оқу мен тэрбие
бірінен-бірі ажыратылмайтын біртүтас
процесс болып табылады.
Қазақ тіліне байланысты кластан тыс жүргізілетін
жүмыстардың қандай түрі болмасын оқушылардың
ой-өрісін дамытып, білімдерін тереңдетіп
, қазақ тілінің ғылыми - теориялық жағын
жете түсініп, оны өмірмен байланыстыруға
ынталандырады.
Біздің негізгі сөз етер нысанамыз қазақ
тілі болғандықтан, "кластан тыс оқу"
мәселесін жеке тарау ретінде бердік.
Кластан тыс жүмыстарды үнемі толықтырып
өткізу, үйымдастыру жолдары түрлендіріліп
отырады, оған белгілі бір шек қоюға болмайды,
мүғалім ізденісіне сай үнемі дамуда болатыны
белгілі.
Уақыт озған сайын жаңа талап, сан-салалы
міндеттер туындайтыны белгілі. Демократия
тағылымдары нәтижесінде үлттық дэстүрге,
тэлім-тэрбие бастауларына ден қою, оған
жаңаша көзқараспен қарап, байыптауға
бет бүрылды. Біз бүл бөлімде қазақ тіліне
қатысты кластан тыс жүмыстардың ең негізгі
түрлеріне тоқталып, мектеп жағдайында
эксперименттік сынақ тәжірибеден өткізілген
үйымдастыру барысында қолайлы деп тапқан
кейбір түрлерін үлгі ретінде үсынамыз.
Ал мектептен тыс жүргізілген жүмыстардың
ішінен тек қазақ тіліне қатысты жағын
ғана алып, белгілі бір жүйемен сабақтастыра
беруге тырыстық. Барлығын түгел қамту
бір еңбек көлемінде мүмкін емес екені
белгілі.
Демек , біздің негізгі мақсатымыз: қазақ
тіліне байланысты жүргізілетін кластан
тыс жұмыстар барысында тоқырау кезінде
кеңінен өріс алған, келеңсіз құбылыстарды
жоя отырып, мектептердегі тәрбие жұмысына
ұлттық ерекшіліктерді ескеру негізінде
сезімталдық, әдептілік, қабілеттерді
қалыптастыра отырып, бір ізге түсірілген
қазақ тілі пәніне байланысты кластан
тыс жүйелі жұмыс түрлерін ұйымдастыру
керек екенін күн талабының өзі қажет
етіп отыр десек артық емес.
Мектеп тәжірибесінде қазақ тілі пәніне
байланысты кластан тыс уақытта жүргізілген
жүмыстың негізгі бір саласы - түрлі үйірмелер
болып табылады. Бұл аталған үйірмелердің
әрқайсысының өз алдына көздейтін мақсаты,
соған қарай жұмысының мазмұны мен формалары,
ұйымдастыру принциптері бар.Осы үйірмелердің
бэріне ортақ ерекшеліктер: үйірменің
қай-қайсысы ерікті түрде үйымдастырылады,
оған оқушылар да өз еркімен жазылады.Бүл
жөнінде мектеп экімшілігі, қоғамдық үйымдар,
мүғалімдер ұжымы, үйірме жетекшісі тарапынан
ешқандай қысым, зорлық болмау керек. Қай
үйірмеге қатысатынын оқушы өзі шешу керек.
Әрбір үйірменің өзіне тән ерекшілігін,
мақсат-міндеттерін түсіндірген жөн. Оқушының
қабілеті, икемі, бейімі, таланты, әуестігі
қандай дәрежеде екені пэн мүғалімі, класс
жетекшісі назарынан тыс болмау керек.
Кімнің қандай үйірмеге жазылуы жайын
ұйымдастырып, белгілі мақсатқа бағыттау,
олардың өз қалаған өнеріне қызығуын арттырады,
жан-жақты дамуының негізін қалайды.
Класс жұмысынан кластан тыс жұмыстың
айырмашылығы: мұнда оқушылар аз жазып,
көп сөйлейді. Оқушылар ауызша «әңгімелер,
докладтар дайындайды. Мәнерлеп өлеңдер
оқуға үйренеді, сахна ойындарын ұйымдастырады
т.б.
Кластан тыс жұмыстардың тағы бір ерекшілігі
- оның формалары мен әдістерінің сан алуандылығында
және оның бұқаралығында.
Кластан тыс жұмыстардың тәрбиелік құндылығы,
олардың тиімділігі осындай бірқатар
талаптарды сақтауға байланысты. Бұл жұмыстардың
мазмұны мен ұйымдастыруы мектептің оқу
–тәрбие міндеттеріне бағындыру қажет.
Кластан тыс жұмыстардың тиімділігі -
егер олар анда-
санда емес, жүйелі, үнемі өткізілген жағдайда
едәуір артады. Мектепте сабақ кестесі
ғана емес, кластан тыс жұмыстардың да
кестесі болуы пайдалы. Онда үйірмелік
жэне басқа кластан тыс жұмыстардың күндері
және сағаттары көрсетілуі қажет.
Мүғалім кластан тыс жұмыстарға оқушыларды
түгелдей қатыстыра отырып, ұялшақ, бұйығы
, нашар үлгеретін балаларды танып біледі,
оларға нақты көмек көрсетуге, қабілетін
арттыру үшін іске үздіксіз жаттықтыруға
мүмкіндік алады. Оқушылардың үнемі пікірлесіп
отыруына, жеке істер жүргізуіне, еркін
үсыныстар айтуына шек қойылмауы керек.
Кластан тыс жұмыстарды жүргізгенде оған
оқушыларды көптеп қатыстырып отыру керек.
Бастауыш класта қазақ тілінен кластан
тыс жұмыстарды жүргізу үшін мұғалімнің
білімі терең, жан-жақты дамыған, педагогикалық
шеберлігі болуы басты мәселе. Сабақтан
тыс уақытта жұмыстарды жүргізу кезінде
мұғалім оқушылардың талап - тілегін, қызығатын
мәселелерін жан-жақты дамытуға мүмкіндік
алады.
Әдетте, кластан тыс жұмыстарды төменгі
класс оқушыларымен өткізу жоғарғы кластарға
қарағанда әлдеқайда күрделі болып келеді.
Өйткені, төменгі класс оқушылары жұмысқа
«лі де болса төселіп ысылмаған, дағдыланбаған.
Қазақ тілі сабағында жүргізілетін оқу-тәрбие
жұмысы және кластан тыс жұмыстар өзара
тығыз байланыста болады, себебі бұлар
бірін-бірі толықтырады.
Қазір жаңа бағдарлама талабына сай оқушылардың
өздігінен оқуына үлкен көңіл бөлініп
отыр, сондықтан да сыныптан тыс оқу әдістемесінің
алдына қойылып отырған негізгі мақсаты
- жалпы білім беру жүйесінде оқушылардың
өздігінен оқу дағдысын қалыптастыру.
Оның міндеті оқушының жас ерекшіліктеріне
қарай балалар қалай оқи білуге, оқығанын
саналы түрде түсініп, зердесіне тоқуға
үйретумен қатар, сол оқу барысында оның
айналасындағы өзін қоршаған өмірді тани
білуіне, өзінің элі де білмейтінін білдіруге
жәрдемдеседі.
Қазақ тілінен кластан тыс жүргізілетін
жұмыстар деп- мұғалімнің оқушылармен
сабақтан басқа уақытта жүргізілетін
жұмыстар жүйесін айтамыз. Қазақ тілінен
кластан тыс жүргізілетін жұмыстарды
2 түрге бөлуге болады:
^ Бірінші бағыт:
Әр түрлі себептермен оқушылардың ұзақ
ауруына байланысты, бірінші мектептен
екінші мектепке ауысуына байланысты,
білім деңгейі, біліктілігі төмендеген
оқушылармен жүргізіледі. Мұндай жұмыстар
білім деңгейлері бірдей болатын оқушыларды
3-4 - тен топтастыра бөліп алып, сабақтан
тыс уақытта қосымша дәріс беру арқылы
жүргізіледі. Қалыс қалған оқушылармен
дайындық мүмкіндігінше жүйелі түрде
әр оқушыға нақты көмек ретінде болуы
керек.
Қайталау жасалынғаннан соң, оқушылардың
білім деңгейі дәрежесіне толық көз жеткізу
үшін қорытынды бақылау жүргізіліп, әр
тақырып бойынша оқушылардың қалыс қалу
себептерін анықтап, жиі жіберген қателіктерге
талдау жасауы керек.
^ Екінші бағыт:
а) Оқушылардың қазақ тіліне қызығушылығын
арттыру;
ә) Бағдарламада қамтылған сүрақтарды
тереңірек және кеңірек оқыту;
б) Оқушылардың қабілеттерін, іздену дағдыларын
арттыру;
в) Ғылыми - көпшілік әдебиеттерді өз беттерімен
пайдалана білуге
үйрету.
Кластан тыс жүргізілетін жұмыстардың
төмендегідей түрлерін атауға болады:
Сыныптан тыс жұмыстарға қойылатын талаптардың
бірі - олардың алуан түрлілігі жэне жаңа
эдістермен толықтырылуы. Оқушылар үйірме
жүмыстарына, ертеңгіліктерге, апталықтарға,
түрлі сайыстарға баруы үшін онда тартымдылық,
алуан түрлілік, жаңалық болуы керек.
Дипломдық бүл жұмыста жоғарыда аталған
кластан тыс жұмыстардың ішіндегі ең өзектілері
- қазақ тілі үйірмесі, қазақ тілі апталығы,
қазақ тілі олимпиадасын ұйымдастыру
әдістеріне толығырақ тоқталамыз. Өйткені
кластан тыс жұмыстардың бүл күрделі түрлерін
ұйымдастыру барысында жоғарыда аталған
барлық кластан тыс жұмыстардың түрлері
қамтылды.
Қазақ тілінен ұйымдастырылған үйірменің
де өзге үйірмелер мүшелері, жетекші жұмыс
жоспары болуы керек. Үйірме барысында
балалардың көмегімен қосымша материалдар
дайындалуы қажет.
Ең қиыны - үйірмені ұйымдастыру, оған
оқушыларды қызықтыру. Шебер оқытушы үйірмеге
оқушылардың өзі келетіндей әсер етуі
керек. Тілге тікелей қатысы бар қызықты
материалдармен балаларды еліктете білу
қажет.
Осындай мәселелерді жекелеген оқушылармен
бірігіп дайындалып, қызықты етіп класқа
ұсынуға болады. Сонан соң біз де осы мәселемен
айналысайық деген балалардың санын көбейтіп
барып, үйірмеге айналдыруға да болады.
Үйірме мәжілістері әдетте арнайы бір
тақырыпқа байланыстырып ұйымдастырған
үтымды болады. Әрине, оны балалардың жас
ерекшіліктеріне қарай құбылтып отыру
үйірме жетекшісінің міндеті.
Класс оқушылары өз есімдерінің мән-мағынасын
шамалап білгенімен, олардың шығу төркінін,
жаратылысын көбіне біле бермейді. Ал
аты жөндерінің тарихымен таныс еместері
көптеп табылады.
Мұндай мәселенің анық-қанығына жетуге
балалар, сөз жоқ, қызығады, тырысады. Ал
кейбіреулерін осыны да біліп алмаппын-ау
деген намыс қысады. Оқытушы класс балаларының
бұл мәселе жөнінде мәліметін түгел анықтап
алғаннан кейін оларға есімнің шешімін
үсынады.
Кластан тыс жұмыстардың ұлттық мектептердегі
кластан тыс жұмыстарды салыстырсақ:
Андрей - "мужественный ", Александр
- "защитник ", Игорь - "сила",
"войнство", Олег - "священный",
Ирина - "мир", Ольга - "знатная",
Владимир - "владей миром" т.б.
Мұндағы мақсат орыс кластағы оқушының
жұмыстарымен байланыстыру.
Сонымен бірге кластағы балаларының есімдеріне
арнайы тоқталып талдаған дұрыс:
Бақыт - "счастье", Жүлдыз -"звезда",
Меруерт - "жемчуг", Сауле -"луч",
сияние, Дария - "большая, широкая река,
море" т.б.
Өзге ұлт өкілдерінің балаларының есімдеріне
де міндетті түрде түсінік беруге тырысу
керек.
Оқушы аты-жөні тамыры тереңде жатыр. Оның
төркінін үйдегі ата-аналары да дөп басып
таба бермейді. Оқушыларға өз есімдерінің
және аты-жөнінің тарихын іздестіріп келуді
үйге тапсырма етіп берген жөн. Интернационалдық
есімдерді іздестіру, топтастыру, оларға
тілдік талдау жасауды балалардың өздеріне
тапсыруға болады. Бұл есімдердің көбісі
кейіннен жазылынған, немесе біздің тілімізге
орыс тілі арқылы енген.
Бір,екі мысал келтірейік. Артур, Марат,
Спартак, Жанна , Дина т.б.
Әдеби шығарма кейіпкерлерінің есімдерін
уағыздау мәселесіне де көп көңіл аудару
қажет. Біз сөз етіп отырған оқушылар қазақ
әдебиетін, қазақстан тарихын арнайы оқитынын
ескерсек, бүл мәселенің кұндылығы арта
түспек. Бұл арада қазақ ақын- жазушыларының
есімдері мен аты-жөні міндетті түрде
сөз болады.
Соның ішінде орыс тілі мен әдебиетіне
байланысты, география, тарих пәндері
бойынша ұйымдастырылатын қосымша жұмыстардың
бағдарын біліп отырғаны орынды.
Көркем өнерпаздар үйірмесінің жұмысына
араласып, қазақ тілінде орындалатын шығармаларды
міндетті түрде енгізіп отыру керек.
Үйірме жұмысын жандандырудың тағы бір
жолы - ойын элементтерін кеңінен пайдалану.
Шағын сахна ұйымдастыру, айтыс элементтерін
енгізу, пэн сайысын өткізу. Тақпақ, жұмбақ,
жаңылтпаш сияқты қазақ тілінің қыр-сырын
аша түсінетін талай тақырыптарды пайдалануға
болады.
Үйірме жұмысын ұйымдастыруда мұғалім
көрнекілікті, техникалық құралдарды
кеңінен пайдаланған жөн. Ол үшін тақырыпқа
байланысты кітаптар, суреттер, диофильмдер,
эпидиаскоп пен кинопроекторларды мұғалім
керекті жерінде көрсетіп отырады. Үйірмеде
оқушылар ән-күй жазылған күйтабақтарды,
ғалымдардың естеліктерін, магнитофонға
жазылған радио хабарларын тыңдауына
болады. Сонымен бірге үйірме жетекшісі
оқушыларды жаңа шыққан кітаптармен, фильдермен,
не ғылымда болып жатқан жаңалықтармен
таныстырып отырады. Кей жағдайларда мұғалім
оқушылардың тілін жаттықтыру үшін, олардың
тілге деген ынтасын арттыру үшін мұндай
тапсырмаларды олардың өздеріне жүктеп
отырады.
Қорыта келгенде, тіл үйірмесінің жұмысы
осылай жан-жақты жоспарланып, түрлі қызықты
материалдармен қамтамасыз етіліп оқушыларды
барынша қызықтырып ұйымдастырғанда ғана
өз мақсатына жетеді деп ойлаймыз.
Үйірме жұмысының негізгі мақсатының
бірі - оқушыларды қазақтың мәдениетімен,
тұрмыс салт-дәстүрлерімен таныстырып,
білімін арттыру арқылы тіл дамыту, тіл
ұстарту жұмыстарын жүргізу, оқушылардың
қазақ
тіліне деген ықыласын арттыру.
Дипломдық жұмыста үйірме жұмысының бір
жылдық жоспарын беріп отырмыз.
Үйірме жұмысының мақсаты- оқушылардың
тілін дамыту, қазақ халқының мәдениеті
мен тұрмысынан, дәстүрлерінен көбірек
мәлімет беріп, оқушылардың білімін арттыру.
Бұл жоспар бойынша әр үйірме сабағының
материалы негізгі үш бөлімнен түрады:
I. Тіл дамыту тақырыбы және сыпайы үлгілері.
II. Ұлттық дәстүрлер.
III. Ұлттық ойындар.
Әр сабақта оқушылар осы тақырыптар бойынша
деректер алып, білімдерін айтып, тілін
дамытады.
Мысалы, қыркүйек айында өтілген бірінші
сабақта "Менің жанұям" деген тақырып
бойынша оқушылар өздерінің жанүясы, отбасы
жайында әңгіме құрастырып, диалог жасап,
осы тақырыпқа байланысты сөздік қорын
молайтып, "Қазақтың ою-өрнектері, үй
жиһаздары" деген тақырып бойынша мұғалімнің,
оқушылардың алып келген оюларымен, үй
жиһаздары жайында мәліметтерімен танысады.
Оюдің негізгі түрлері:
Қошқар мүйіз, сынық мүйіз, арқар мүйіз,
қырық мүйіз, түйе табан т.б. болып аталатынын
оқушылар біліп қана қоймай, оларды сурет
дәптеріне салып та үйренеді.Ал үй жиһаздарына
келетін болсақ , Олар :
Алаша, аяққап, бесік, кебеже, сандық, сырмақ,
текемет, түскиіз, жүкаяқ т.б.
Келесі, екінші сабақта енді тіл дамыту
жүмысы жоспар бойынша сыпайы сөйлеу үлгілерімен
жүргізіледі.
Мысалы:
"Сәлемдесу", "Қоштасу" т.б. Мұғалім
сөйлеу үлгілерімен таныстырып болған
соң, оқушылар оны рольдік ойындар барысында
игереді. Оқушылар сәлемдесу мен қоштасудың
белгілі түрлерімен, яғни "Сәлеметсіз
бе ?" " Амансыз ба?" деген түрлерімен
ғана танысып қоймай, басқа да "Кеш жарық",
"Кайырлы таң"т.б. түрлерімен де танысады.
Жүйелі түрде ұйымдасқан үйірме жұмысы
өз нәтижесін де беретіні сөзсіз.
Қазақ тіл үйірмесінің жылдық жоспары.