Азаматтық Қорғаныс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2013 в 19:12, реферат

Описание работы

Азаматтық Қорғаныс (АҚ) — мемлекеттік қорғаныс шаралары жүйесінің құрамдас бөлігі. Міндеттері: жергілікті халық пен халық шаруашылығын жау шабуылынан, жаппай қыру қаруынан, табиғат апаттарынан т.б. төтенше жағдайлардан қорғау және қорғану шараларын үйрету; су тасқыны, сел, жер сілкінісі, өрт болған аймақтарда құтқару жұмыстарын жүргізу; халыққа жау шабуылының немесе табиғат апатының қаупі туралы алдын-ала хабарлау,т.б. азаматтық қорғаныс бейбіт кезеңде және соғыс уақытында мынадай шараларды жүзеге асырады: жаппай қыру қаруынан сақтану үшін арнайы қорғаныс жайлары салынып, жеке бас қорғаныс жабдықтары дайындалады, ірі қалалар тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп, оларға қорғану тәсілдері үйретіледі, ықтимал қауіп туралы халыққа егжей-тегжейлі түсіндіріледі, соғыс кезінде өндіріс орындары мен мекемелерде жұмыс тоқтамау үшін әртүрлі ұйымдастыру және инженер-техникалық шаралар жүргізіледі, нақты өндіріс орындары қорғалады, математика-техника құралдар, электр энергиясын шығару көздері, газбен, сумен қамтамасыз ету қорлары жасалады; қираған шаруашылықтарды қалпына келтіруге қажетті қосалқы жабдықтар жинастырылады, арнайы азаматтық қорғаныс топтары құрылады т.б.

Файлы: 1 файл

Азаматтық Қорғаныс.docx

— 26.82 Кб (Скачать файл)

          Азаматтық  Қорғаныс (АҚ) — мемлекеттік қорғаныс шаралары жүйесінің құрамдас бөлігі.  Міндеттері: жергілікті халық пен халық шаруашылығын жау шабуылынан, жаппай қыру қаруынан, табиғат апаттарынан т.б. төтенше жағдайлардан қорғау және қорғану шараларын үйрету; су тасқыны, сел, жер сілкінісі, өрт болған аймақтарда құтқару жұмыстарын жүргізу; халыққа жау шабуылының немесе табиғат апатының қаупі туралы алдын-ала хабарлау,т.б. азаматтық қорғаныс бейбіт кезеңде және соғыс уақытында мынадай шараларды жүзеге асырады: жаппай қыру қаруынан сақтану үшін арнайы қорғаныс жайлары салынып, жеке бас қорғаныс жабдықтары дайындалады, ірі қалалар тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп, оларға қорғану тәсілдері үйретіледі, ықтимал қауіп туралы халыққа егжей-тегжейлі түсіндіріледі, соғыс кезінде өндіріс орындары мен мекемелерде жұмыс тоқтамау үшін әртүрлі ұйымдастыру және инженер-техникалық шаралар жүргізіледі, нақты өндіріс орындары қорғалады, математика-техника құралдар, электр энергиясын шығару көздері, газбен, сумен қамтамасыз ету қорлары жасалады; қираған шаруашылықтарды қалпына келтіруге қажетті қосалқы жабдықтар жинастырылады, арнайы азаматтық қорғаныс топтары құрылады т.б. Қазақстан Республикасында азаматтық қорғаныс барлық жерде аймақтық-өндірістік принциппен ұйымдастырылған. ОныҚазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы тікелей басқарады. Комитеттің облыстық, қалалық және аудандық бөлімдері бар. Жергілікті жерлерде мекеме, ұйым, оқу орындары, өнеркәсіпбасшылары және азаматтық қорғаныс шараларын өткізуге жауапты болып табылады.

Халықты және шаруашылық жүргiзу объектiлерiн қорғау Азаматтық қорғаныстың  бiрiншi кезектегi мiндетi болып табылады және осы заманғы зақымдау құралдарын қолдану мен табиғи және техногендiк  сипаттағы төтенше жағдайлар  кезiнде нұқсанды азайту мүдделерi үшiн  халықтың iс-қимыл жасауының оңтайлы тәсiлдерiн ғылыми тұрғыдан анықтау және аумақтар мен шаруашылық жүргiзу объектiлерiн дер кезiнде дайындау негiзiнде жүргiзiледi.      

 Азаматтық қорғаныстың  негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:      

1) басқару, құлақтандыру  және байланыс жүйелерiн ұйымдастыру, дамыту және оларды ұдайы әзiрлiкте ұстау;      

2) Азаматтық қорғаныс  күштерiн құру, оларды дайындау  және төтенше жағдайлар кезiнде  iс-қимыл жасауға ұдайы әзiрлiкте ұстау;      

3) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, ұйымдардың қызметшiлерiн даярлау және халықты оқыту;     

4) радиациялық, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) жағдайды  қадағалау және оған лабораториялық бақылау жасау;     

5) Азаматтық қорғаныстың  әскери құрамаларын жұмылдыруға әзiрлiктi қамтамасыз ету;     

6) шаруашылық жүргiзу салалары мен объектiлерiнiң жұмыс iстеу тұрақтылығын арттыру жөнiндегi шаралар кешенiн жүргiзу;      

7) қорғану құрылыстарының  қажеттi қорын, жеке қорғану құралдарының  және Азаматтық қорғаныстың басқа да мүлкiнiң қорларын жинау және әзiрлiкте ұстау;     

8) халыққа, орталық және  жергiлiктi атқарушы органдарға адамдардың  өмiрi мен денсаулығына төнген  қатер және орын алып отырған  жағдайда iс-қимыл жасау тәртiбi туралы хабарлау;     

9) iздеу-құтқару жұмыстары мен басқа да шұғыл жұмыстарды жүргiзу, зардап шеккен халықтың тiршiлiгiн және оларды қауiптi аймақтардан эвакуациялауды ұйымдастыру;      

10) азық-түлiктi, су көздерiн, тамақ шикiзаттарын, жемшөптi, мал және өсiмдiктердi радиоактивтiк, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) уланудан, мал және өсiмдiк iндеттерiнен қорғау.

Азаматтық қорғаныс республиканың  бүкiл аумағында аумақтық-өндiрiстiк принцип бойынша ұйымдастырылады.     

 Азаматтық қорғаныс  шараларын орындауды Қазақстан  Республикасының орталық, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары,  жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс ұйымдары, басқару органдары мен күштерi және азаматтары жүзеге асырады.     

 Азаматтық қорғаныс  бойынша дайындық осы заманғы  зақымдау құралдарының дамуы  және аталған аумақта, салада  немесе ұйымда барынша ықтимал  төтенше жағдайлар ескерiле отырып, алдын ала жүргiзiледi.     

 Азаматтық қорғаныс  шараларын кешендi түрде және  саралап жүргiзу мақсатында Қазақстан  Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен азаматтық қорғаныс бойынша қалаларды топтарға, ал ұйымдарды санаттарға жатқызу маңыздылық дәрежесiне қарай жүзеге асырылады.     

 Азаматтық қорғаныс  шараларын ұйымдастыру мен жүзеге  асыруға Қазақстан Республикасының орталық, жергiлiктi атқарушы органдарының және ұйымдардың басшылары жауапты болады.      

 Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, ұйымдар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiнтәртiппен Азаматтық қорғаныс шараларының орындалуы туралы жыл сайын есеп берiп отырады. 

Азаматтық қорғаныс бойынша мамандар мен халықты  
               даярлау     

1. Азаматтық қорғаныс  мәселелерi бойынша даярлық Қазақстан  Республикасының барлық азаматтары  үшiн мiндеттi болып табылады  және тиiстi оқу бағдарламалары бойынша жүргiзiледi. Даярлау үшiн бұқаралық ақпарат құралдары да пайдаланылады.     

2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, ұйымдардың басшыларын даярлау және қайта даярлау әзiрлiк орталықтарында жүзеге асырылады.     

3. Азаматтық қорғаныс  үшiн мамандар даярлау Қазақстан Республикасының әскери, азаматтық оқу орындарында, сондай-ақ шет мемлекеттерде және халықаралық орталықтарда жүзеге асырылады.     

4. Ел халқын Азаматтық  қорғаныс бойынша даярлау мектепке  дейiнгi мекемелерден бастап, жұмыс  орыны, тұрғылықты және оқитын жерi бойынша жүргiзiледi.

Азаматтық қорғаныс күштерi Азаматтық қорғаныстың әскер  бөлiмдерiнен, аумақтық, объектiлiк құрамалар  мен Азаматтық қорғаныс пен төтенше  жағдайлар қызметтерiнiң құрамаларынан, мемлекеттiк өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiнiң жедел-құтқару отрядтарынан тұрады.     

 Азаматтық қорғаныс  күштерi бейбiт уақытта төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi Мемлекеттiк жүйенiң құрамдас бөлiгi болып табылады, ол туралы Ереженi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.     

 Құтқару жұмыстарын  жүргiзу кезеңiне Қазақстан Республикасы  Үкiметiнiң шешiмi бойынша Қорғаныс  министрлiгiнiң, Iшкi iстер министрлiгiнiң  бөлiмдерi мен бөлiмшелерi, ведомстволық  мамандандырылған авариялық-құтқару,  авариялық-қалпына келтiру, әскерилендiрiлген  және басқа да құрамалар бөлiнуi мүмкiн, олар жұмыстарды орындауды құтқару жұмыстарының жалпы басшысының жедел басшылығымен жүзеге асырады.     

 Бөлiнген күштер оқып-жаттықтырылған, техникамен, жабдықтармен жарақтандырылған  және iздестiру-құтқару жұмыстарын дербес жүргiзуге сақадай-сай болуға тиiс.     

 Азаматтық қорғаныс  күштерiн пайдалану тиiстi деңгейлердегi Азаматтық қорғаныс бастықтарының шешiмi бойынша жүзеге асырылады. 

Қазақстан Республикасы аумағында тұратын  
               азаматтардың Азаматтық қорғаныс жөнiндегi  
               құқықтары мен мiндеттерi      

1. Қазақстан Республикасының  азаматтары, республика аумағында  тұратын шетелдіктер мен азаматтығы  жоқ адамдар:     

 осы заманғы зақымдау  құралдарын қолданудың табиғи  және техногендiк сипаттағы төтенше  жағдайлардың зардаптарынан өзiнiң  өмiрi мен денсаулығын қорғауға құқылы;     

 азаматтық қорғаныс  мiндеттерiн орындау кезiнде қаза тапқан жағдайда қаза тапқандардың отбасыларына Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес материалдық және өзге де төлемдер төленедi.      

2. Қазақстан Республикасының  азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы  жоқ адамдар:     

 Азаматтық қорғаныс  шараларын орындауға қатысуға, сондай-ақ азаматтық қорғаныс бойынша оқудан өтуге;      

"Баршаңыздың назарыңызға!" деген дабыл беру бойынша iс-қимыл  жасаудың тәртiбiн, ұжымдық және жеке қорғану құралдарын пайдаланудың ережесiн, қорғанудың негiзгi әдiстерi мен зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету тәсiлдерiн бiлуге және орындауға;     

 Азаматтық қорғаныс  объектiлерi мен мүлкiне ұқыпты қарауға;      

 соғыс уақытында және  төтенше жағдайларда азаматтық  қорғаныс  мiндеттерiн орындау үшiн заңда белгiленген тәртiппен жеке пайдалануындағы көлiк құралдарын, аспаптар мен жабдықтарды беруге мiндеттi. 

 

Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар  
               қызметтерi     

1. Азаматтық қорғаныстың арнаулы шараларын орындауды қамтамасыз ету және күштер мен құралдарды осы мақсаттарда дайындау үшiн республикалық, облыстық, аудандық, қалалық Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерi, сондай-ақ қажет болған жағдайда ұйымдардың Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерi құрылады, олар тiкелей Азаматтық қорғаныс бастығына бағынады.     

2. Азаматтық қорғаныс  пен төтенше жағдайлар қызметтерi  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен, облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмдерiнiң, ұйымдар басшыларының шешiмдерiмен құрылады.     

3. Азаматтық қорғаныс  пен төтенше жағдайлар жөнiндегi республикалық қызметтер тiзбесiн  Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi, олар туралы Ереженi уәкілетті орган бекiтедi.     

4. Басқару пункттерiнiң, күштер мен құралдардың, Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерiнiң дайындығы үшiн жауапкершiлiк олардың құрылуына негiз болған орталық, жергiлiктi атқарушы органдар мен ұйымдардың басшыларына жүктеледi.      

5. Азаматтық қорғаныстың  эвакуациялық шараларын орындауды  ұйымдастыру мақсатында орталық  және жергiлiктi атқарушы органдар мен ұйымдарда эвакуация, эвакуациялық-қабылдау комиссиялары құрылады. 

Азаматтық қорғаныс құрамалары, олардың мақсаты  
               және оларды құру тәртiбi     

1. Азаматтық қорғаныс құрамалары бейбiт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар қатерi төнгенде және туындағанда авариялық-құтқару жұмыстары мен басқа да шұғыл жұмыстарды жүргiзуге арналған.  
      Азаматтық қорғаныс құрамалары ұйымдарда, аудандарда, қалаларда, облыстарда құрылып, объектiлiк және аумақтық құрамалар болып бөлiнедi.  
      Объектiлiк құрамалар ұйымдарда, тұрғылықты жерлер бойынша құрылады және әдетте солардың мүдделерi үшiн пайдаланылады. Төтенше жағдайларды жою басшысының шешiмi бойынша объектiлiк құрамалар тиiстi аумақтардың мүдделерiн көздейтiн мiндеттер орындауға тартылуы жұмылдырылуы мүмкiн.  
      Аумақтық құрамалар аудандарда, қалаларда, облыстарда құрылады және тиiстi Азаматтық қорғаныс бастықтарына бағынады. Ұйымдар аумақтық құрамалар құруға негiз болады.  
      Азаматтық қорғаныс құрамаларының құрамы мен саны алдағы авариялық-құтқару жұмыстарының болжамдық есептерi мен көлемiнiң негiзiнде айқындалады.  
      Қазақстан Республикасының жер сiлкiнiсi болып тұратын аймақтары үшiн Азаматтық қорғаныс құрамалары халықтың 10 адамына кемiнде бiр құтқарушы; су тасқындары, өрт пен басқа да ықтимал қауiп-қатерлерге ұшырайтын өнеркәсiп аймақтары мен аумақтары үшiн халықтың 15-20 адамына бiр құтқарушыдан келетiндей есеппен әзiрленедi.  
      Азаматтық қорғаныс құрамалары құрылатын ұйымдардың басшылары олардың кәсiби даярлығына, осы заманғы техникамен, жабдықпен басқа да материалдық құралдармен жарақтандырылуына және тұрақты әзiрлiкте болуына дербес жауапты болады.     

2. Азаматтық қорғаныс  құрамаларының негiзгi түрлерi:     

 1) құтқару құрамалары зардап шеккендердi барлауға, iздеуге және үйiндiлерден шығарып алуға, алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған және олар аралас құтқару отрядтарынан (командаларынан), құтқару командаларынан (топтарынан), адамдарды iздеу командаларынан (топтарынан), барлау топтарынан, буындарынан және басқалардан тұрады;     

2) инженерлiк құрамалар  инженерлiк барлау жүргiзуге, үйiндiлерде  жүргiн жолдар, соқпақ жолдар салуға, жолдар мен көпiрлердi, оның iшiнде су тосқауылдары арқылы салынған өткелдердi қалпына келтiруге және оларды жүрiп-тұра алатындай жағдайда күтiп ұстауға, жарылыс жұмыстарын жүргiзуге, қираған құрылыстарды аршып алуға және бүлiнiс аудандарында басқа да инженерлiк жұмыстарды жүргiзуге арналған және инженерлiк командалардан, жол-көпiр командаларынан (топтарынан), жарылыс жұмыстары топтарынан, инженерлiк барлау топтарынан (буындарынан) және басқалардан тұрады.  
      Инженерлiк құрамалар шешiлетiн мiндеттердiң ерекшелiгiне қарай жұмыстарды дербес орындауды қамтамасыз ететiндей техникамен және жабдықпен жасақталуға тиiс;     

3) Азаматтық қорғаныс  қызметiнiң құрамалары халықтың  тiршiлiгiн қамтамасыз етуге, авариялық-құтқару  және шұғыл-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзуге, құтқару құрамаларын күшейтуге және олардың iс-қимылын жан-жақты қамтамасыз етуге арналған және медицина, байланыс, қоғамдық тәртiптi қорғау, өртке қарсы, авариялық-техникалық, материалдық жағынан қамтамасыз ету, көлiк, жануарлар мен өсiмдiктердi қорғау және басқа да құрамалар болып бөлiнедi.     

3. Жедел-құтқару отрядтары iздестiру-құтқару жұмыстарын жүргiзуге және зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсетуге арналған.  
      Жедел-құтқару отрядтары жоғары дәрежелi әзiрлiктегi құрамалар болып табылады және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен құрылады.  
      4. алып тасталды     

5. Азаматтық қорғаныс  құрамаларына I, II, III топтардағы мүгедектерден,  жүктi әйелдерден, сегiз жасқа дейiнгi балалары бар әйелдерден және соғыс уақытында - жұмылдыру нұсқамасы бар әскери міндетті адамдардан басқа еңбекке жарамды жастағы ерлер мен әйелдер алынады. 

Қорытынды.

Азаматтық қорғаныс шараларын  орындауға және аварияларға, апаттарға, табиғи және өзге де зiлзалаларға байланысты төтенше жағдайлардың зардаптарын жоюға тартылатын адамдарды сақтандыру және олар қаза тапқан немесе мертiккен жағдайда шеккен залалын өтеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар:

1.Азаматтық қорғаныс дегеніміз не?

2. Азаматтық қорғаныстың  міндеттері мен принциптері

Информация о работе Азаматтық Қорғаныс