Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияның тартылуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2013 в 05:14, реферат

Описание работы

Қазақстан тарихы қысқа мерзімде басты мемлекеттік мәселені шешті әрі елдің нақты тәуелсіздігіне қол жеткізді. Қазақстан соңғы он жыдца әлемдік қауымдастықпен барлық салаларда өркениетгі байланыстар дамыта білген ашық қоғамга айналды. Көптеген елдермен өзара тиімді және ұтымды қарыматынастар қалыптастырып, инвестициялардың келуі өсе түсті. Сыртқы саясатты орнықтырып, еліміздің халықаралық мәртебесін нығайтуда еліміз дипломатиясының зор еңбегі бар. Бүгінгі күн Қазақстан әлемнің кептеген елдерімен сыртқы қарым-қатынас орнатып, барлық беделді халық-аралық ұйымдардың мүшесі атанды.

Содержание работы

Кіріспе
1.Ресеймен экономикалық байланыстары.
А) Сыртқы және ішкі сауданы ырықтандыру
Б) Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығынағы ортақ мәселелер
В) Еуразиялык экономикалық қоғамдастық
2. Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияның тартылуы.
А) Қазақстан қазыналы ел
Қорытынды

Файлы: 1 файл

Жоспар.docx

— 45.93 Кб (Скачать файл)

Жоспар

 

Кіріспе

1.Ресеймен  экономикалық байланыстары.

А) Сыртқы және ішкі сауданы ырықтандыру

Б) Қазақстан мен  Ресей ынтымақтастығынағы ортақ  мәселелер

В) Еуразиялык экономикалық қоғамдастық

2. Қазақстан  экономикасына шетелдік инвестицияның  тартылуы.

А) Қазақстан қазыналы ел

Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Қазақстан тарихы қысқа мерзімде басты мемлекеттік мәселені шешті әрі елдің нақты тәуелсіздігіне қол жеткізді. Қазақстан соңғы он жыдца әлемдік қауымдастықпен барлық салаларда өркениетгі байланыстар дамыта білген ашық қоғамга айналды. Көптеген елдермен өзара тиімді және ұтымды қарыматынастар қалыптастырып, инвестициялардың келуі өсе түсті. Сыртқы саясатты орнықтырып, еліміздің халықаралық мәртебесін нығайтуда еліміз дипломатиясының зор еңбегі бар. Бүгінгі күн Қазақстан әлемнің кептеген елдерімен  сыртқы қарым-қатынас орнатып, барлық беделді халық-аралық ұйымдардың мүшесі атанды.   Тәуелсіздіктің басында қазақ дипломатиясының ұлттық экономиканың көтерілуіне жан-жақты ықпал ету инвестициялар тарту, елдің экспортын ұлғайтудың жолдарын қарастыру, сауда-экономикалық қатынастарды дамыту сияқты 1 бірқатар маңызды мәселелер тұрған болса, қазірде аталған бағыттарда айтарлықтай жұмыстар атқарылды. Енді бүгінгн күннің талаптарына сай халықаралық қауіпсіздіісгі нығайтуға, әлемдегі экономикалық қатынастарды жетіддіруге, тұтастай алғанда, ғаламдық деңгейдегі проблемаларды оң шешуге үлес қосу басты мақсат болып қалып отыр.     Қазақстан әлемдік қоғамдастықта өзіндік алар орны бар ел екенін соңғы он жыл бедерінде айқын көрсетті. Қазақ елінін саясаттағы бағыты да, географиялық орналасуы да, жер байлығы да дүние жүзіндегі мемлекеттерді бізбен ынтымақтасуға ынталандырды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ресеймен  экономикалық байланыстары.

Қазақстанның сыртқы экономикалық саясатындағы басым бағыт - Ресеймен экономикалық ынтымақтастықты нығайту, ТМД елдерінің шаруашылығын дәйекті түрде экономикалық кіріктіру. Бұл бір кездегі біртұтас мемлекет экономикаларының дәстүрлі бері байланыстарымен, өзара толықтыру мен өзара тәуелділігінің биік деңгейімен, тауар өткізу рыноктарының сыйымдылығымен және шешілуге тиісті экономикалық проблемаларының ұқсастығымен айқындалады. «Бұрынғы КСРО экономикасын дамыту тәжірбиесінің қорытындыларына және дүние жүзінің экономикалық озық елдерінің тәжірбиесіне жасалған талдау,- деп атап көрсетті Н.Ә.Назарбаев,- нарыққа өтудің объективтік жағынан қажетті және тарихи тұрғыдан болмай қоймайтын нәрсе екенін көрсетті.   Қазақстандағы казіргі жағдайдың басты ерекшелігі-экономиканы реформалау жылдарында қалыптасқан тетіктердің ықпалы күшейіп, нарықтык. сипаты жоқ факторлардың ықпалы әлсіреуінде, әуелі кезде нарықты жолға қоюдың жекешелендіру, монополизацияландыру сияқты маңызды құралдардың жетіле қоймауы, бәсеке ортасының болмауы республикадағы инфляцияны, кәсіпорындардағы қаржы жағдайының нашарлауын, олардың айналым каражатының күрт төмендеуін, сұраныс пен халықтың басым көпшілігінің накты табысы кемуіне байланысты өнім өндірудің құлдырауын, сондай-ақ сауда және банк құрылымдарындағы өрекелдіктерді туғызған басты себептердің бірі болды. Қалыптаскан технологиялық , экономикалық және ұйымдастырушылық деңгейі сыртқы экономикалық байланыстар әлеуметтік елеулі ықпал етті. Бұрынғы КСРО-ның экономикалық кеңістігінің тұтастағы  орталықтандырылған мемлекеттік жоспарлау аркылы қамтамасыз етіліп отырды, мұның өзі  әкімшілік  басқару тәсілдерінен жүзеге  асырылды.   Осындай жағдайда елде экономикасы біріңғай цех тәртібімен жұмыс істеді, алайда нарық тұрғысынан алғанда осынау өндірістік шаруашылық байланыстар әрі тиімді бола береді деп айтуға болмады. Бұрынғы КСРО-ның бүкіл экономикалық кеңісіндегі нарықтық шаруашылыққа көшу түбегейлі құрылымдық қайта құруды қажет етті, ал бұл үшін қыруар ресурс пен уақыт жұмсауға тура келді .  Республика экономикасының әлемдік сауда жүйесіне белсенді түрде кіріктіру- теңгені нығайтудың мүмкін-қадірлі ең ықпалды шарасы, ол Қазақстанды өркениеті дүниенің ажырамас бір бөлігіне    айналдыруға    мүмкіндік    береді.    Халықаралық   ортақ  рынокқа барар жол оған кіретін мемлекеттерді тәуелсіз экономикалык және саяси өркендеу бағытында дамудың неғұрлым биік сатысына көтеру жолы.    Сөйтіп, 1992-1995 жылдары Қазақстанда экономикалық саясатты жүзеге асыру экономиканы ырықтандырып, ашық етуге, жеке кәсіпкерлікті өрістетуге жағдай жасалды.        Нарықтың инфрақұрылымда елеулі өзгерістер болды: сауда,банк, секторы жедел қарқынмен дамыды, басқалай қаржы институттары, яғни экономикалық бұрын тым кеште дамыған, бірақ нарықтық экономиканың жұмыс істеуі үшін өте-мөте қажетті салалары пайда болды.   Сыртқы және ішкі сауданы ырықтандыру жөнінде республикада жүргізілген шаралар 1994 жылы және1995 жылдың басында жалпы ішкі өнім кәлемінің құлдырауымен салыстырғанда экспорттың шамалы ғана қысқаруына соқтырды. Тауарлардың экспорт, әсірісе ТМД елдеріне шығарылатын тауарлар, 1994 жылы шамамен 3,3 млрд. доллар және 1995 жылы 4,97 млрд. доллар болды. Экспорттың көп үлесі Ресей Федерациясына тиді- 1994 жылы 47%(1,4 млрд. доллар), 1995 жылы ТМД елдеріне 2,8 млрд. доллар болса,соның ішінде Ресейге 2,7 млрд доллар болды.

Мұнай және мұнай-химия өнеркәсібінің, қара және түсті металлургияның шикізаттары  мен материалдарды да, бұрынғыша, Қазақстанның Ресейге шығарар экспорт саласы болып қалуда.Экспорт кәлемінің едәуір бөлігін қара металл (35,2%), мыс пен одан жасалатын бұйымдар (15,1%) құрайды. Қазақстан мұнайының және оны өңдеуден алынатын өнімдердің негізгі тұтынушысы да Ресей кәсіпорындары, мұның өзі экспортқа шығарылатын минерал өнімдерінің жалпы кәлемінің 40%-н кұрайды.

1995 жылы 26 қаңтарда Қазақстанның Ресейдің және Белоруссияның үкімет басшылары экономикалық одақтың өзге де мүдделі мемлекеттерінің үштіктің кеден одағына қатысуы туралы бірлескен мәлімдеме жасап, меморандум қабылдауды, үш мемлекеттің өз ара ынтымақтастығын жүзеге асыру жөніндегі іс қимыл бағдарламасын бекітті және сонымен бір мезгілде тиісті ұлттық министрліктер минведомстволарға осы бағдарламаны орындау жөнінде жұмыс атқаруды тапсырды.Қазақстан мен Ресейдің болашақтағы экспорттық және импорттық мамандануын таңдағанда нарықтық конъюнктураның шамалы өзгерісін сезетін тауарларға артықшылық берген жөн. Бұл үшін ұзақ мерзімді келісімдерге артықшылық беру керек.

Қазақстан мен Ресей президенттерінің арасындағы Байқоңыр мен Каспиге қатысты қол жеткізген келісімдерін газет сұхпатын сыйғызу мүмкін еместігін алға тартқан болатын. Қазақстан мен Россияның стратегиялық қарым қатынасы бағытындағы экономикалық ынтымақтастық саласындағы және кедендік қатынасқа байланысты 2008 жылдарға қабылдаған құжаттардың қабылдануының дұрыстығын бүгінгі уақыт дәлелдеп отыр. Жалпы алғанда, Қазақстан мен Россияның экономикалық ынтымақтастық елдерінің бәріне де ортақ мәселелер мен интеграциялық қадамға негіз болатын жайттардың қатарында мыналарды атауға болады:

  • бүгінгі таңда өзара экономикалық ынтымақтастық елдер негізінен экономикалық тұрғыдан дамушы елдер қатарына жататындықган, бәріне ортақ біршама мәселелердің төңірегіндегі ұқсас фактілер (ел ішіндегі жемқорлықпен күрес, елді демократияландыру бағыттары, өркениетті қоғам құру мәселелері т.с.с);
  • тарихи-мәдени байланыстары мен ортақтықтары;
  • Қазақстан мен Россияның геосаяси тұрғыдан қолайлы аймаққа орналасуы, яғни оның шын мәніндегі үлкен транзиттік рөлі, дүние жүзінің маңызды нүктелерінің біршама бөліктерін камтып жатуы.

Қазіргі таңдағы  жаһандану процестерінің шынайылыққа айналып келе жатқанын ескерсек, ендігі жерде бұл аймақ елдерінің де болашақтағы саяси-экономикалық түрлі деңгейдегі Ұйымдарға бүгіндері негіз салуда жәнс оның айналасында қалыптасқан жағдайдың өзі соған итермелейтінін анық байқаймыз.Аталмыш аймақ елдерін өзара жақындастыра түсетін, яғни аймақтық интеграцияға негіз бола алатын тарихи-мәдени, конфессионалды, этникалық, географиялық, шаруашылық-мәдени, аймақтық-әкімшілік және т. б. факторлар көптеп саналады. Солай бола тұрғанмен де, бұл елдер өзінің жаңа экономикалық байланыстар кезеңіне көшкеніне қарамастан, әлі де болса Кеңес Одағы көзіндегі аграрлық-шикізаттық аймақ дәрежесінен аса алмай отыр. Жаңа ғасырдағы әлемдік деңгейде болып жатқан өзгерістерге және олардың негізгі экономикалық инвистициялық салымдардың осы аймақтар маңында өтіп жатқанына қарағанда, әлемдік деңгейге көтерілетініне оңай көз жеткізуге болады.

Экономикалық келісімдер бөлігі бойынша орталықта ғана емес, облыстарда да қаражат-өнеркәсіп топтарын, ортақ бірлестіктер, сауда үйлерін құру жөніндегі уағдаластықты ерекше бөліп атау керек. Сондай-ақ еркін сауда тәртібіне, капиталдың, жұмыс күшінің еркін жүріп-тұруына, екі мемлекеттің біртұтас кедендік кеңістігін кезең-кезеңмен қалыптастыруға жағдай жасау жөнінде бірқатар дәйекті шаралар жүзеге асты. Демек, екеуара болса да, бастаған жөн. Біз ұлттық валюталардың — сомның да, біздің теңгенің да алмастырылу курсының тұрақтылығын қолдап отыруға міндеттенді. Азаматтардың валюта алмастыруына, ақша, зейнетақы, стипендия аударуына байланысты барлық кедергілер жойылды. Екі елдің үкіметтері бір ай мерзім ішінде өзара төлем, есептесу-төлем және валюта-кредит қатынастарын реттеуге тиіс болды. Екі мемлекет мүддесіне қызмет ететін өндірісті бірлесе қаржыландыру жолы ашылды. Бұл орайда қаржыландырушылар бірдей құқықтарға ие болды. Біздің елдер өнеркәсібінің қорғаныстық салаларының өзара тиімді байланыстарын, ғылыми техникалық кооперациясын одан әрі дамытудың жолдары айқындалды. Қазақстандағы қырықтан астам қорғаныстық зауыт, неліктен екенін кім білсін, атомдық сүңгуір қайықтарды жарақтауға бағдарланды. Енді не істеу керек — далалы Қазақстанда олар тұрғанда, Ресейдің әскери-теңіз флоты үшін жаңа зауыттар ашу керек пе? Осы сапарым көзінде біре-гей Байқоңыр космодромын пайдалану, тұтас алғанда стратегиялық ядролық қару статусы сияқты қиын мәселелер бойынша, екі елдің әскери-техникалық ынтымақтастығы бойынша қолайлы шешімдер табылды.

Байқоңыр жайында: «Байқоңырдың»  біртұтас ғылыми техникалық және әлеуметтік кешенін құрайтын космодромның сынақ  және технологиялық объектілері, Ленинск қаласының инфрақұрылымы Ресейге 20 жыл мерзімге  арендаға берілді. Бұл орайда екі елдің үкіметтері 1995 жылы Ленинск қаласында тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету механизмін әзірлеп шықты (Ленинскіде 100 мың адамның жартысы Қазақстанның азаматтары, жартысы — ресейліктер). 1994 жылы Америка Құрама Штаттары қорғаныс министрлігінің делегациясы келіп қайтты, олардың айтуынша бүкіл әлемде ондай кешен жоқ. Бәріміз жабылып жасаған кешен азып-тозып құрдымға кетпес үшін, қайта бәріміздің игілігімізге жұмыс істеуі үшін басты міндетті саясаткершілікке салынбай шешу керек болды. Оны шешті де. Бұл орайда Байқоныр космодромында, біздің уағдаласқанымыздай, Қазақстан Президентінің арнайы өкілі болып, ол өзара байланысты қамтамасыз етіп отырады. Ол жерде азық-түлік және су, электроэнергия, транспорт мәселелерін де шешу керек болды. Ресей жағы соңғы жылдары Байқоңырды ұстап тұруға және пайдалануға байланысты Қазақстанның мүліктік залалдары мен шығындарын өтейтін болды.

Келесісі - әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық туралы шарт. Ресей мен Қазақстанның ортақ әскери-стратегиялық кеңістігі шеңберінде бірлескен сенімді қорғанысты қамтамасыз ету мақсатында республикамыздың аумағында уақытша орналасқан стртегиялық ядролық күштердің статусы туралы уақдаласты. Екі елдің қорғаныс министрлері өзара қауіпсіздіктің мүддесі үшін бірлесіп жоспарлау және әскерлерді қолдану мәселелері бойынша келісімдерге қол қояды. Іс жүзінде біртұтас әскери кеңістік құрылды.Өзара берілетін әскери өнім мен кооперация бойынша әскери-техникалық қамтамасыз етуге және баға қоюға, сондай-ақ  Ресейдің орталық банкісі далалық мекемелерінің қызмет етуіне байланысты мәселелер реттелді, әскери мамандар мен офицерлер даярлауға көзқарастар келісілді.

2002 жылы17 қаңтарда Мәскеуде Қазақстан мен Ресей арасында шаруашылық қызметтегі шектеулерді жою туралы келісімге қол қойылды. Онда: кәсіпкерлік, тауарларды өткізу, сатып алу, ауыстыру, жұмыс және қызмет ету бостандығын қамтамасыз ету көзделген. Үкіметтер өз аумақтары арқылы жүктің барлық түрін тасымалдауға қосымша алым алмауға міндеттенді.

2000 жылы қазан айында бұрынғы Кеден одағын /мүше елдер: Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан/ Еуразиялык экономикалық қоғамдастық /ЕуразЭҚ/ етіп құру туралы келісімге қол койылды. Кеден одағы көзінде сырткы сауда тарифтері алынып тасталған болатын.

Ендігі жерде  ЕуразЭҚ-тың жоғарғы органы Мемлекет аралық кеңес, оның құрамына мемлекет басшыларымен қатар премьер-министрлер енді. Мемлекетаралық кеңестін төрағасы болып Нұрсұлтан Назарбаев сайланды. Күнделікті  жұмыс істейтін орган — кірігу комитеті құрылды.

ЕуразЭҚ-тық негізгі міндеттері: сыртқы сауда мен кеден саясатында еркін сауда ережесін толық сақтау, бірыңғай кеден тарифін калыптастыру, дүниежүзілік сауда ұйымымен қатынас жасауда үйлестірілген бағыт ұстау, қоғамдастықтың сыртқы шекарасында экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, контрабанда және басқа да кеден заңдарын бұзумен күрес, сыртқы шекараны жасақтап, нығайту, т.б.

Ресейдегі саяси  ахуалды есепке алғанда, Қазақстан-Ресей қатынастарындағы айрықша кезең болғанын атап айтқан абзал. 2000 жылғы қазанда Қазақстан елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Мәскеуге, Ресей Президенті В.В.Путиннін Астанаға аса маңызды ресми сапарлары болып өтті. Басшыларымыз экономикалык ынтымақтастыққа, әскери-саяси, мәдени-гуманитарлык өзара іс-қимылға катысты бірқатар принципті мәселелерді карады. Президент Н.Ә.Назарбаев Ресейге өткен жаздағы ресми сапары барысында Ресей үкі-метінің басшысымен, федералдык жиналыс палаталарының төрағаларымен, «ЕЭС Россия» және «Газпром» акционерлік қоғамдарының жетекшілерімен кездесті. Елбасымыз Құтқарушы Иса пайғамбар храмында патриарх Алексий ІІ-мен, сондай-ақ жетекші ресей ақпарат құраддарының басшыларымен кездесті. Сапар барысында қол қойылған құжаттар екі жақты қатынастың көкейтесті салаларын, атап айтқанда, Байқоныр кешенінің одан арғы қызметін қамтамасыз ету, екі елдің байланысы мен ақпараты келісілген көлік саясаты, ар-наулы қызметтердің езара іс-қимылы, ақыр сонында, екі елорда — Астана мен Мәскеудің арасындағы байланыстар қаралды. Экономикалык мәселелер ең алдымен мұнай-газ секторындағы, энергетика мен көлік саласындағы екіжакты ынтымақтастықтың күллі келешегі Ресей Президентінің өткен күздегі Қазақстанға ресми сапары көзінде кеңінен талқыланды. Астанада кол қойылған Құжаттар бумасында Каспийдегі ынтымақтастық туралы жасалған Декларация энергетика кешені саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум бар.

Президент Н. Назарбаев  өзінің «Жүз жылға татитын он жыл» атты сөзінде: «...таяу жылдары өзіміздің негізгі экономикалық серіктестіктеріміз ретінде Ресеймен және Орта Азия елдерімен ықпалдастығымызды едәуір ілгері бастыруымыз қажет. ЕуразЭҚ-тың барлық мүшелерімен саясатымыз бен заңнамамызды үйлестіруге карай қадам жасауымыз керек » деп атап көрсетті.

2002 жылы 26 ақпанда Мәскеуде Еуразиялык экономикалық коғамдастықтың Мемлекетаралық Кеңесінің үкімет басшылары деңгейіндегі мәжілісіне Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Иманғали Тасмағамбетов қатысты. Мәжілістің күн тәртібінде коғамдастыққа мүше елдер үкіметтері басшыларының баяндама-лары, экономикалық өзара ықпалдасу проблемалары жөніндегі шаралар туралы, қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің сыртқы шекараларындағы іс жағдайына кешенді талдау жүргізу жоспарының жобасы, Кеден одағы және ЕуразЭҚ шеңберінде қол қойылған халықаралық шарттардың күшіне енуі жөніндегі ішкі мемлекеттік ресімдердің орындалу барысы туралы мәселелер болды.

2002 жылғы 5 ақпанда Президент Н.Назарбаев ақпарат құралдарының өкілдерімен әңгімесінде: «Бүкіл әлемді шырмап алған ғаламдасуға карсыласудың ешқандай мән-мағынасы жоқ... Біз Қазақстандағы нашар өнімнің сапасын бұқтырып ұстап, соны көрсетпеу үшін шекараларымызды жауып коя алмаймыз. Одан да біздің компа-нияларымыз бәсекеге түсіп, басқалармен таласа-тармаса жүріп өссін, түптің түбінде олар да әлемдік рынокқа шығуы тиіс қой... Өйткені, біздің Қазақстанда 16 миллион ғана адам бар. Біздің өзімізде өндірілген тауарлардың бәрі бірдей Қазақстанда сатылуы мүмкін емес. Адамдардың саны 60 миллионнан кем түспейтін мемлекет қана өзін өзі толық қамтамасыз ете алады... Осы тұрғыдан алып қарағанда, Орталық Азияның бірде-бір мемлекеті өзін-өзі дербес күйінде қамтамасыз ете алмайды... Ал егер бұған Ресейді қоссаңыз, онда 200 миллион адам болып шығады. 200 миллион адам өз ішінде өз тауарларын өндіре де алады, сата да алады. Сонда өндіріс те дамиды, адамдар да жалақыға ие болады...» деп түйінді мәселені сөз етті.

2002 жылғы 1 наурызда Алматыда Қазакстан, Ресей, Түрікменстан, Өзбекстан президенттерінің бірлескен мәлімдемесі кабылданды. Онда табиғи газ ондіру мен тасымалдау саласындағы кең  ауқымды тығыз ынтымақтастық деген обьективті мүдделілік біздің елдеріміздің өзара байланысының ғана емес, сонымен бірге, әлемдік экономикадағы ғаламдастыру мен интернационалдану процестерінің күшеюінен де туындап отыр, деп атап көрсетілген.

Сонымен, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2008 жылғы "Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мелекеттік саясаттың басты мақсаты"атты Қазақстан халқына жолдауында. "Біз Ресеймен, Қытаймен және орталық азия мемлекеттрімен өзіміздің экономикалық және саяси ынтымақтастығымызды әрі нығайта беруге тиіспіз. Өңірдегі тұрақтылық, ашық пікір алысу және өзара іс-қимыл таныту үшін берік негіз қалауымыз қажет "деген болатын.

Информация о работе Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияның тартылуы