Қазақстан кітапханаларындағы жаңа ақпараттық технологиялар жетістігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2012 в 06:31, реферат

Описание работы

Жаңа ғасыр, яғни ХХІ ғасыр - ақпарат және жаңа технологиялар ғасыры. Сондықтан кез - келген оқырман, кез - келген тұлға жаңа ақпараттық технологияларды меңгеріп, кең көлемде ақпаратты тұтынуға құқылы. Ақпараттық қоғамдағы жаңа технологиялар кітапхана саласын дамытатын бірден - бір жолы болып отыр. Қоғамға жаңа технологиялар ене бастауы кітапхана саласын одан әрі дамып, жетілуіне зор үлесін тигізетіні сөзсіз.

Содержание работы

І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім:
1.1. Интернет желісі
1.2.Электронды кітапханалар
1.3. "Оқу орны кітапханаларының оқу үрдісіндегі рөлі, даму кезеңдері мен бағыт алысы "
ІІІ.Қорытынды

Файлы: 1 файл

кітапханадағы компьютерлік технлогия - копия.docx

— 388.55 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасы Білім  және Ғылым министірлігі

М.Өтемісов атындағы Батыс  Қазақстан мемлекеттік университеті

" Мәдениет және өнер " факультеті

" Театрлық - хореографиялық  өнер және кітапханатану " кафедрасы

 

 

 

РЕФЕРАТ

 

Тақырыбы: " Қазақстан кітапханаларындағы жаңа ақпараттық технологиялар жетістігі "

 

 

 

Орындаған: 10106 топ студенті

Қайырғалиева Ә.Н.

Тексерген: Кожагалиева А.А.

 

 

 

 

 

 

Орал - 2012 ж.

    Мазмұны:

І.Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім:

       1.1. Интернет желісі

       1.2.Электронды кітапханалар

       1.3. "Оқу орны кітапханаларының оқу үрдісіндегі рөлі, даму кезеңдері мен бағыт алысы "

 

ІІІ.Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   

 

 

     Кіріспе 

     Жаңа ғасыр, яғни ХХІ ғасыр - ақпарат және жаңа технологиялар ғасыры. Сондықтан кез - келген оқырман, кез - келген тұлға жаңа ақпараттық технологияларды меңгеріп, кең көлемде ақпаратты тұтынуға құқылы. Ақпараттық қоғамдағы жаңа технологиялар кітапхана саласын дамытатын бірден - бір жолы болып отыр. Қоғамға жаңа технологиялар ене бастауы кітапхана саласын одан әрі дамып, жетілуіне зор үлесін тигізетіні сөзсіз. Кітапханада ақпараттық білім беру шаралары оқушылардың қажеттілігінен туындаған көптеген күрделі тақырыптарға қол жеткізуде маңызды роль атқарады. Қазақстан кітапханаларында ақпараттық білім беру жұмыстары автоматтандырлған  жаңа технологияларды енгізу, оқырмандарға көрсетілетін қызмет аясын кеңейтіп, оның сапасын жақсартуға, кітапханалық, ресурстарды пайдатехникалықлану, сондықтан техникалық үрдістерді жетілдіріп, оларды басқаруға мол мүмкіндіктер береді. Сондықтан Қазақстандық кітапханаларды ақпараттық мәдениетті қалыптастыру саласында көптеген ерекшеліктер қолға алынған.

     Олар:

     - біртұтас  аймақтық ақпараттық орта құру  мәселесі;

     - ақпараттық  технологияларды, автоматандырылған  кітапханалық жүйелерді меңгеру;

     - кітапханалық  ақпарат пен мәдениет орталығы;

     - оқырмандардың  ақпарат алудағы инновациялық  әдістері.    

     Осы әдістер  арқылы оқырманд мен қызметкерлер  арасында жаңа және оңай жолмен  ақпарат алу процесі туындайды.  Жалпы тұлғаны ашық ақпараттық  қоғамға бағыттауда көптеген  мақсат - міндеттерді білу қажет.  Оқырмандар ақпарат көзін алуда  ақпараттық қоғамның нақты даму  сатысын меңгеру қажет. Өйткені  қазіргі таңда жаңа қоғамда  адамзаттың қол жетпеген жетістігі  жоқтың қасы.

    

 

 

 

        1.1. Интернет желісі

     Қазіргі таңда ақпараттандыру технологиясы саласын меңгеру қажеттіліктері туындап отыр. Сондай - ақ кітапхана жұмысын компьютерлендірумен бірге интернет жүйесіне қосу процестері жұмыстары қолға алынып, сапалы мағұлматтар мен ақпарат көздерін дүниежүзілік көлем бойынша алу мүмкіндіктері туындап отыр. Кітапханадағы интернет тұлғаның мәдениетін қалыптастырудағы арнайы технология жүйесі. Мұндағы интернеттің мақсаты жаңадан пайда болған ақпараттық әдістерді қалыптастыруды түсіндіріп және ақпараттарды өңдеп, пайдаланушыға ақпарат көздерін нақты әрі тиімді жолмен ұсыну болып отыр. Сондықтан интернет технологиялар оқырмандарға жаңа программалармен, браузерлермен, ақпарат іздеу жүйелерімен, каталогтармен қалай жұмыс істеу керек екендігін баяндайды. Арнайы сайттармен жұмыс істеу виртуалды қатынастарды танып білуге үлкен септігін тигізеді. Интернет желісі - бүкіл әлемдік ақпараттық байланыс өрнегі. Интернет желісі кітапхана саласының жаңа заман талабына сай дамуына алып келетін бірден - бір жол. Интернет желісі ақпарат іздеушіге кез - келген уақытта тиімді әрі жылдам уақытта ақпарат көзін тауып бере алады. Сонымен қатар кітапханаға басқа кітапханалар жүйесімен байланыс орнатуға ,сонымен қатар серіктестік қарым - қатынас орнатып, сапалы білім, таза ақпарат көздерін бере алатын көптеген кітапханалармен тәжірибе алмасуға мол мүмкіндіктер береді. Қазақстан кітапханалары осы бағытта өптеген жетістіктерге жетуде. Ендігі жердегі мәселе интернет желісінде Қазақстандық кітапханалар сайттарды көптеп ашу болып отыр. Бұл мәселе де жуық арада өз кеззегінде шешімін табады деген ойдамыз. Өйткені осы бағытта көптеген жұмыстар жүргізілуде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     1.2. Электронды кітапханалар

     Қазіргі таңда Қазақстан кітапханаларындағы жаңа технологиялар жетістігі - электронды кітапханалар. Электрондық кітапхана түсінігі - бұл электронды құжаттардың тәртіпке келтірілген қорын және осы қорларды жасау, қолдану және сақтау қызметін жүзеге асыратын бағдарламалық - техникалық құралдар кешенін қамтитын ақпараттық жүйе. Электрондық кітапхана нақты кітапхана мекемесінің өнімі, сондай - ақ ғылыми немесе білім беру ұйымдарының, жеке тұлғаның жинақтауы мүмкін. Заманауи электрондық кітапхана тек өзінің электрондық ресурстарына ғана емес, басқа ұйымдардың ресурстарына да қолжетілімділікті қамтамасыз ете алады.

     Электрондық кітапханаларды жасау электрондық құжаттамалар кеңістігімен шартталған көптеген дәстүрлі және пайда болып отыратын мәселелерді шешу қажеттілігін тудырады.

     Электрондық кітапханалардың функциялары:   

  • барлық салалар бойынша пайдаланушылардың әртүрлі санаттарының ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған ақпараттылық;
  • тарих пен мәдениет саласы бойынша кітаптарды, манускриптерді және басқа да құжаттарды танымал ету мақсатында жүзеге асырылатын ағартушылық;
  • дайындығы жоғары ғылыми қызметкерлер мен мамандардың көмегімен, оның ішінде диссертациялар мен қолжазбаларды зерттеудің жаңаша әдістерін ұсыну арқылы тереңірек зерттеуге бағытталған ғылыми - зерттеушілік;
  • формалды және формалды емес білім беруді қолдауды жүзеге асыратын білім беру;
  • белгілі бір құжаттарда мазмұндалған сенімді мәліметтерді алуға мүмкіндік беретін анықтамалық.

 

 

 

 

 

 

1.3. "Оқу орны кітапханаларының оқу үрдісіндегі рөлі, даму кезеңдері мен бағыт алысы "

     М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың 80 жылдық мерейтойына орай, Батыс Қазақстан облысындағы жоо, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары кітапханаларына әдістемелік орталық болып табылатын университет ғылыми кітапханасы «Оқу орны кітапханаларының оқу үрдісіндегі рөлі, даму кезеңдері мен бағыт алысы» атты облыстық семинар өткізді.

Конференцияға Жәңгір хан  атындағы БҚАТУ ғылыми кітапханасы, Біліктілікті арттыру институтының кітапханасы, Жәнібек, Шыңғырлау, Переметное, Ақсай техникалық колледж кітапханалары, Орал қаласындағы №12, №1, №3, №4 кәсіптік лицей кітапханалары, Орал гуманитарлық-техникалық колледжі, Орал медициналық колледжі, Орал газ, мұнай және салалық технологиялар  колледжі, Орал қаржы-экономикалық колледжі, Батыс Қазақстан инженерлік-техникалық колледжі, Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық  колледж кітапханаларының кітапханашылары  қатысты.

Конференцияның ашылу мәжілісінде сөз алған т.ғ.д., профессор, БҚМУ-дың ХБ және ҒЖ жөніндегі проректоры Ә.Қ.Мұқтар университет ғылыми кітапханасының арнаулы кәсіптік білім беру орындарының кітапханаларына әдістемелік орталық болып табылатындығын, жыл сайын жоспарға сай түрлі тақырыпта семинарлар өтетіндігін баса айтып өтті. БҚМУ-дың 80 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған облыстық конференцияға қатысушы кітапханашыларға ақ жол, шығармашылық табыстар тіледі.

Кітапхана директоры Т.Алимбекерова облыстық конференцияға қатысушыларға  қош келдіңіз айтып, жұмыстарына  сәттілік тіледі. «Университет інжу маржаны» 80 жылдық тарихы бар ғылыми кітапхана  өмірі мен даму барысы» атты тақырыбында  баяндама жасады.

Конференцияның жұмыс  бағдарламасына сәйкес Жәңгір хан атындағы БҚАТУ кітапханасының директоры  А.Б.Есенаманова электронды кітапхананың дамуы барысын, әр түрлі жобалармен тығыз байланыста екендігін слайд  арқылы тізгіндеп айтып берді. Орал газ, мұнай және салалық технологиялар  колледж кітапханасының меңгерушісі  К.Ж. Умбетова «Кітапханада ақпараттық-электронды ресурстарды қолдану» атты баяндамасында  кітапхана саласында қолданылып жатқан жаңа ақпараттық технологиялар, электрондық ресурстар, пайдаланушыларға қызмет көрсетудің жаңа формалары, кітапхана  қорларын сақтау – бұл бүгінгі  күннің белесі екендігін баса айтып, колледж кітапханасында 12 компьютерден тұратын электронды оқу залы жұмыс  жасайтындығын мақтанышпен атап өтті.

Орал газ, мұнай және салалық  технологиялар колледжінің кітапханашысы  Т.С.Шимко мен Орал қаржы-экономикалық колледжі кітапханасының меңгерушісі  В.Искакова өз баяндамаларында білім  беру ошақтарындағы кітапханалардың  қалай жабдықталуы керектігін, оқырмандармен  жүргізілетін жұмыстарды, заманға сай  жүргізілген ақпараттық-библиографиялық  іс-қызметтерді атап өтті. Ғылым  мен техниканың ерекше алға басқан қазіргі кезеңінде кітапхананың қызмет көрсету ауқымы электронды ресурстармен толығып жатқандығын көрсетті.

Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық  колледж кітапханасының меңгерушісі  М.Ә.Такеева «Колледж кітапханашыларының кәсіби біліктілігі, оқырмандармен  жүргізілетін тәрбие жұмыстары» атты баяндамасында кітапханада басқа  жұмыс түрлерімен қатар өткізілетін  түрлі іс-шаралар ұйымдастырылатындығын, жастардың рухани жан дүниесін, ой-өрісін байытуға, жоғары эстетикалық талғамын, адамгершілікке, елі мен жерін  сүюге, құрметтеуге, кітапқа деген  өзіндік махаббатын оятуға ықпал  етуге маңызы зор екендігін атап өтті.

 

 

Конференцияның қадірлі  қонақтары Краснодар мемлекеттік  мәдениет және өнер университетінің  профессоры, п.ғ.д. А.А. Горбачев, университет  ғылыми кітапханасының ардагерлері  Ф.Н.Сұлтанова, Г.Т.Бурекешева, Г.З.Таушевалар кітапхана тарихы мен даму кезеңдерінен естеліктер айтып өтті. Университет  ұжымына, кітапханашыларға жетістіктер  тіледі.

Конференция барысында кітапхананың өзекті мәселелері де сөз болды. №13 кәсіптік колледж кітапханасының кітапханашысы  И.П.Черкова жалпы кітап қорын, жасалып жатқан жұмыстарды айта келе, кітапханада компьютердің жоқтығын айтты. Жәнібек колледжінің кітапханашысы  А.С.Баташева кітапханада өтетін көпшілік іс-шараларды, мектеп кітапханаларымен байланысын, бірлесе жұмыстанып жатқандығын, баспасөз басылымдарын уақытылы алатындығын, кітапханады жұмыс компьютерінің  бар екендігін, жұмыс барысының  қанағаттанарлық жағдайды жүргізіп жатқандығын тілге тиек етті. Сондай-ақ, қаладағы колледж кітапханалары  кітапханалық бағдарламалармен әлі  де болса жабдықталмағандығы сөз  болды. О.Р.Димухаметовтың авторлық жобасы «Библиотечное дело» бағдарламасы тиімді, әрі арзан екендігі осы  бағдарламаны алып қолданысқа енгізу қажеттілігі айтылды.

Оқу орнындағы кітапханалардың  өзекті мәселелері мен алдағы жоспарлары, жасалып жатырған жұмыстары мен  жетістіктері айқындалған конференция  жұмысы өз мәресіне жетті. Конференцияға  қатысушыларға естелікке университет  тарихынан кітаптар мен қалта  кітапшалары ұсынылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     Қорытынды

     Елімізде кітапханаларға күніне мыңдаған оқырмандар келіп, өздерінің біліктілігін арттыру мақсатынла түрлі кітаптар, мерзімді басылымдар, басқа да ақпараттық құжаттар алып отырады. Олардың баспасөз шығармагалына деген сұранымдарымен талап –тілектері, оқыған кітаптарды түсіну қаблеттері мен кітапханалық-библиографиялық білім дәрежелері әр деңгейде екіндігін кітапхана мамандары еркін айыра біледі.

Осы себепті, кітапханаларымыздың  қазіргі кезеңдегі орнына ресми  статусын байланыстырып, тек бір  жақты қарап баға беру орынсызден түсінетін.

Ал, кітапханаларымыздың  бүгінгі күн талабына сай болуы, біріншіден, тұрақты және жігерлі  ізденушіліктің арқасында жұмысты  табысты түрде қамтамасыз ету  болса, екіншіден, тиянақты, шындық және жедел түрде ақпарат беру мақсатында, пайдаланушыларды қанағаттандыруден  есептейтін.

Себебі, қазіргі заманның кітапханалар жүйесі – бұл тек  мәдени –демалу мекеме ғана болмай әрі іскерлікақпарат орталығы болу керек. Бірақта, осы түсінікті сөзді  біле тұра кейбір «демократияшылдар»: Неге? ақпараттық қызмет бірінші орында тұрады», - деген сауалдар айтып жүргені  бәрімізге мәлім.

Осы тұрғыда, менің түсүнуінше, бүгінгі нарықтық демократиялық  жедел даму жүйесінде ақпаратсыз экономиканың, ғылымнң, білімнің дамуы, нәтижелі саясаттың болуы, тіпті  ақпаратсыз өмір жоқ екендігін мойындай білуіміз керек. Өйткені, ақпаратсыз үйрене білу, ақпаратсыз жұмыс істей дегеніміз  – бұл бір білмегендіміске  жатады. Бұған бір ғана мысал. Қазіргі  пайдаланушылардың мақсаты, кітапханадан тек библиографиялық әдебиеттер тізімін алу ғана емес, керісінше  сұрақтарына тиісті әрі тиянақты түрде дұрыс жауап алу болып есептеледі.

 

 


Информация о работе Қазақстан кітапханаларындағы жаңа ақпараттық технологиялар жетістігі