Қазақстан Республикасы қор рыногының негізгі мәселелері және оларды шешу жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2013 в 19:42, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі заманғы қор биржалары әрине, өздерінің түп тамырынан мүлде өзгеше, бірақ бұған қарамастан осы уақыттың ішінде биржалық сауданың негізгі қағидасы өзгерген жоқ. Биржа дегеніміз бұл – ұйымдастырылған, дәйекті жұмыс істейтін нарық, онда сұраныс пен ұсыныстың негізінде ресми түрде белгіленетін бағалар бойынша бағалы қағаздар саудасы (қор саудасы), стандарттар мен үлгілер бойынша көтерме сауда (тауар саудасы) немесе валюта саудасы (валюта) іске асырылады.
Қор биржасы қандай да бір бағалы қағаздарды сатады деп ойлайтын адамдар көп. Шын мәнінде биржада сатылатын бағалы қағаздар онда жоқ. Биржаның өзі ештеңе де сатпайды, сатып та алмайды! Бұл әншейін мыңдаған компаниялар мен адамдар бағалы қағаздарды өздерінің агенттері арқылы сатып алатын жер, бұл агенттер брокерлер деп аталады.

Содержание работы

Кіріспе
1.Биржаның пайда болуы мен даму тарихы
ІІ бөлім. Биржаның турлері
2.1. Қор биржасы және оның қызметі
2.2. Тауар биржасы және оның құрылымы
ІІІ бөлім. Қазақстанның қор биржасы
Мазмұны
Кіріспе 3
1 Қор биржаның пайда болуы және құрылымы 5
1.1 Қор биржаның пайда болуы және мәні 5
1.2 Қор биржаның құрылымы 7
1.3 Шетелдерде қор биржаның қызмет етуі 10
2 Қазақстан Республикасы қор биржаның даму ерекшелігі 13
2.1 Қазақстанда қор биржаны дамуы 13
2.2 Қор биржада мәміле жасауды талдау 14
2.3 Қор рыногы нарығы және оның дамуы 17
3 Қазақстан Республикасы қор рыногының негізгі мәселелері және оларды шешу жолдары 21
Қорытынды 23
Қолданылған әдебиеттердің тізімі 25

Файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word.doc

— 187.00 Кб (Скачать файл)

 

 

Жоспары:

Кіріспе

1.Биржаның пайда болуы мен даму тарихы

ІІ бөлім. Биржаның турлері

2.1. Қор биржасы және оның қызметі

2.2. Тауар биржасы және оның құрылымы

ІІІ бөлім. Қазақстанның қор биржасы

Мазмұны 

Кіріспе 3

1 Қор биржаның  пайда болуы және құрылымы 5

1.1 Қор биржаның  пайда болуы және мәні 5

1.2 Қор биржаның  құрылымы 7

1.3 Шетелдерде қор  биржаның қызмет етуі 10

2 Қазақстан Республикасы  қор биржаның даму ерекшелігі 13

2.1 Қазақстанда қор  биржаны дамуы 13

2.2 Қор биржада  мәміле жасауды талдау 14

2.3 Қор рыногы  нарығы және оның дамуы 17

3 Қазақстан Республикасы  қор рыногының негізгі мәселелері  және оларды шешу жолдары 21 

Қорытынды 23 

Қолданылған  әдебиеттердің тізімі 25  

 

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Қазіргі заманғы қор биржалары  әрине, өздерінің түп тамырынан мүлде өзгеше, бірақ бұған қарамастан осы уақыттың ішінде биржалық сауданың негізгі қағидасы өзгерген жоқ. Биржа дегеніміз бұл – ұйымдастырылған, дәйекті жұмыс істейтін нарық, онда  сұраныс пен ұсыныстың негізінде ресми түрде белгіленетін бағалар бойынша бағалы қағаздар саудасы (қор саудасы), стандарттар мен үлгілер бойынша көтерме сауда (тауар саудасы) немесе валюта саудасы (валюта) іске асырылады.

Қор биржасы қандай да бір бағалы қағаздарды сатады деп ойлайтын адамдар көп. Шын мәнінде биржада сатылатын бағалы қағаздар онда жоқ. Биржаның өзі ештеңе де сатпайды, сатып та алмайды! Бұл әншейін мыңдаған компаниялар мен адамдар бағалы қағаздарды өздерінің агенттері арқылы сатып алатын жер, бұл агенттер брокерлер деп аталады.

Қор биржасының өзінің сатылатын  және сатып алынатын акциялардың  бағасын белгілеуге тікелей қатысы жоқ.  Оларды нарық белгілейді. Бағалар сұраныс пен ұсыныстың ықпалымен қалыптасады. Бірақ биржада нарықтық бағаларды айқындау үшін арнайы жағдайлар жасалған. Сатып алушылар қай жерде болса да және қашан болса да тауарды мүмкіндігінше арзанырақ сатып алуға, ал сатушылар – мүмкіндігінше қымбатырақ сатуға тырысады. Қор биржасы – нарықтардың барлығының ішіндегі ең серпінді нарық. Биржа сұраныс пен ұсыныстың өзара еркін әрекеттесуі үшін барлық кедергілерді жоюға тырысады. Биржадағы мәмілені жасаған сәтте, бағалардың арасалмағы сатушы мен сатып алушы үшін ең оңтайлы болатындай етіп жасауға болады.

Егер сатушы акцияларды ең жоғары бағаға сатса, бұл сатушыға пайдалы болар еді де, бірақ сатып алушы үшін пайдасыз болар еді. Егер сатып алушы акцияларды ең төмен бағаға сатып алса, бұл оған пайдалы болар еді де, бірақ сатушы үшін мүлде пайдасыз болар еді. Бұл орайда, әрине, әңгіме жоғары және төмен бағалардың ақылға қонымды шектері туралы айтылып отыр. Себебі, биржаға нарықтың беталысымен мүлде мөлшерлес келмейтін, ақылға сыймайтын төмен немесе жоғары бағаға сатып алу немесе сату ниетімен шығатын болса, бұл сұраныс та емес, ұсыныс та емес. Бұл әншейін орындалмас қиял ғана, салиқалы инвесторлар ондай қиялдарға жол бере алмайды.

Оңтайлы бағалар туралы мәселеге оралатын болсақ, биржада мәміле жасаудың бағасы – бұл сатушы үшін мәміле жасалған сәттегі мүмкіндігінше оңтайлы жоғары сату бағасы, ал сатып алушы үшін – мүмкіндігінше оңтайлы төмен сатып алу бағасы. Кәдімгі базарда сіз өзіңізге керекті тауар арзанырақ сатылатын жерді байқамай өтіп кетуіңіз мүмкін. Биржада бұлай болуы мүмкін емес. Сіз әр секунд сайын барлық бағаларды көріп отырасыз.

Бәлкім, сіз сатып алушы  немесе сатушы ретінде өзіңіз бастапқыда жоспарлаған баға бойынша сатып  алмассыз және сатпассыз, бірақ сіз  өзіңіз жасаған мәміленің сол сәттегі ықтимал нұсқалардың ішіндегі ең жақсысы екеніне сенімді боласыз. Және де сіз, әрине, өзіңізге қолайлы бағаға сатып ала алмадым немесе сата алмадым деп биржаны тіпті де кіналай алмайсыз. Ауа райы нашар болса, сіз ауа райын болжаушыны кіналай алмайсыз ғой.

Әңгіме қор биржалары  туралы болғанда, көптеген адамдардың басына акциялардың биржалық бағамының  күрт ауытқулары, бағалардың күрт көтерілуі  мен күрт түсіп кетуі, алаяқтықтар мен алыпсатарлықтар туралы ойлар келеді.

Әрине, биржалық бағам қатты  ауытқуы мүмкін, алайда мұндай жайттар  едәуір сирек болады. Көбінесе бағамның күрт өзгерістері акцияларды иеленушілердің көңіл-күйіне байланысты болады, ал ол өз кезегінде елдегі жалпы экономикалық жағдайға және нарықтың оптимистік немесе пессимистік күйіне әсер ететін, әдеттен тыс оқиғаларға байланысты болады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.1 Биржаның пайда болуы  және мәні        

 

Көтерме сауданың алғашқы  нысанына тарихшылар керуенді сауданы  жатқызады. Оны бөлшектік, жүйесіздік, қағиданың және айқындалған өткізу орнының болмауы ерекшелендірді. Оған кезекке жәрмеңкелік сауда келді. XII–XIII ғасырларда Еуропа жәрмеңкесінде дереу төлеумен және мерзімін өткізіп төлеу тәрізді қолма қол тауармен мәлімдеме жүргізілді. Жәрмеңкелік сауда қатаң әзірленген ішкі қағидалар бойынша жүргізілді. Мысалы, көпестердің мінезінің ағылшын кодексі мәміле контрагенттерінің арасындағы өзара қатынастардың тәртібін реттеді, тауарлық келісімшарттар, түбіршіктер және т.б. нысандарын белгіледі. Жәрмеңкелік сауда қатаң әзірленген ішкі қағидалар бойынша жүргізілді. Мысалы, көпестердің мінезінің ағылшын кодексі мәміле контрагенттерінің арасындағы өзара қатынастардың тәртібін реттеді, тауарлық келісімшарттар, түбіршіктер және т.б. нысандарын белгіледі. Жәрмеңкеде даулы мәселелерді шешудің өзіндік тәсілі болды – жәрмеңкелік сот, оның құрамына сол уақыттың анағұрлым беделді көпестері кірген. ХVI ғасырға қарай Американың ашылуына және Еуропадағы капиталдандыруға байланысты тұрақты сауда орындары пайда болды, мамандандырылған сауда орталықтары туындады, басқа сөзбен айтқанда биржалар пайда болды. «Биржа» деген сөздің түсінігі XIII-ХV ғасырда Солтүстік Италияда пайда болды, бірақ оның іскер әлемінде кеңінен қолдануын биржа XVI ғасырда ең алдымен Антверпенде, Лионда және Тулузада, одан кейін Лондонда және Гамбургте бастау алды. Биржалар астарында іскер адамдар және көтерме сауда белгіленген қағидаға сәйкес келіссөздер жүргізу және мәмілелерін жасау үшін саудаға тартылған адамдар жиналатын ғимарат жатыр. Алғашқы биржалар тек тауарлық қана болып табылды, олардың мағынасы тауарды қолма қол сатып алу-сатуды биржалық делдал арқылы үлгілер бойынша сатып алуға алмастырды.

Өндірістік күштерді дамытудың жаңа деңгейіне сәйкес келетін алғашқы халықаралық биржа Антверпендегі биржа болып табылады, ол 1531 жылы негізделген болатын, өзінің үй-жайы бар, оның кіреберісінде «In usum negotiatorum cujuscunque nationis ac linguae» деген танымал жазу жазылған болатын, бұл жазу «Барлық халықтар мен тілі басқа сауда адамдары үшін» дегенді білдірді. XVII ғасырдың басында аса маңызды рөлді Амстердамдағы биржа атқарды, ол бір мезгілде сауда және биржалық болып табылды. Мұнда алғашқы рет жедел мәмілелер пайда болды, ал биржалық операциялар техникасы жеткілікті жоғары деңгейге қол жеткізді. Осы биржада тек Голландияның, Англияның, Португалияның, Испанияның мемлекеттік қарыздарының облигациялары ғана емес, сонымен қатар Голландтық және Британдық Ост-Үндістандық, ал кейіннен Вест-Үндістандық сауда компанияларының акциялары да баға белгіледі. Биржалар тауарлар тобы мен операция түрлері бойынша қалыптасқан мамандықтарға ие. Ресейде алғашқы ресми биржа Петербургте, 1703 жылы ашылған болатын, ал 1914 жылы 115 биржа жұмыс істеді, онда тауарлармен және бағалы қағаздармен сауда жүзеге асырылды. Бірінші дүниежүзі соғысының басында биржалар ресми жабылған болатын. 1917 жылғы 23 желтоқсандағы СНК декреті бағалы қағаздармен операцияға тыйым салды, ал 1918 жылғы 21 қаңтардағы ДОСК декреті патшалық үкімет шығарған мемлекеттік қарыз облигацияларын жойды. ҰЭП кезеңінде биржаларға рұқсат қайта берілді. Кеңес дәуірінің алғашқы биржасы Мәскеуде, 1921 жылғы 29 желтоқсанда ашылған болатын. 1922 жылы қор бөлімдері мен қор биржаларына рұқсат берілді. 1922 жылғы тамызға қарай олардың пайда болуы негіз болатын, биржалар туралы Еңбек және қорғаныс кеңесінің қаулысы шыққанда, олардың саны 50 жетті. Биржалық айналымдағы ең үлкен мәнге Мәскеу сауда биржасы ие болды, оның айналымы барлық биржа айналымының 39,3% жетті, одан кейін Ленинград (9,1%), Харьков (8,1%), қалған 109 биржаға – 43,5% келді.

1930 жылы кеңес биржасының қызметі  тоқталды.

Қазіргі уақытта әлемде шамамен 150 сауда биржалары есептелуде.

2.1. Қор биржаның құрылымы 

 

Қор биржасы деген бағалы қағаздар сатып алынатын және сатылатын  негізгі нарық орны. Қор биржаларында ірі банктер қожалық етеді. "Биржа" деген термин ежелгі грек сөзі - "бурзэ", яғни әмиян деген мағынаны аңғартады. Алғашқы қор биржасы XVIғ. Голландияда бағалы қағаздар (облигация, содан кейін акция) шығару және сату үшін пайда болған. Ал XVII ғ. биржалар тауар және қор биржасы болып бөліне бастады. Қор биржаларының ең кең түрде дамыған кезі капитализмнің монополизм сатысына өту кезі, яғни XX ғ. бас кезі. Ол уақытта қор биржаларының негізгі операциялары өндіріс кэсіпорындарының акцияларын шығару және сату болды. Биржа өнеркөсіп циклын және жалпы елдің экономикасы мен саясатындағы өзгерістерді қадағалап отыратын барометр сияқты. Сондықтан қор биржасы өнеркәсіптің өрістеу фазасында экономиканың өсуіне, ал дағдарыс фазасында оның баяулауына себепші болады

Экономикасы дамыған мемлекеттерде  биржалар бірнеше түрге бөлінеді. Мысалы,   
• қор биржасы (бағалы қағаздар сатады);   
• валюта биржасы;   
• тауар биржасы;   
• еңбек биржасы.  
Сонымен, биржа - нарықтың ұйымдасқан түрі, онда сұраным мен ұсыным негізінде тауармен, бағалы қағаздармен "сауда жасалады және қызметкерлер жалданады. Ол - сатушылар мен сатып алушылар келісімге келу үшін кездесетін орын.  
Қор биржасы жеке кәсіпкерлік принципінде жұмыс істейді (мысалы, Лондон, Нью-Йорк биржалары), немесе оны мемлекет ұйымдастырады (мысалы, Францияда, Италияда). Қор биржасын ұйымдастыру және оны басқаруда әр елде көптеген өзгешеліктер бар.  
Қор биржасының жұмысы жарғы бойынша ұйымдастырылады. Жарғыда қор биржасы құру, оны басқару тәртібі және оның әрбір буынының қызметі, мүшелерінің құрамы және сол сияқты ұйымдастыру принциптері анықталады.

Биржаның бысшы  органы болып биржалық комитет саналады, ал оның мүшелерін брокер (немесе маклер) деп атайды. Олар бағалы қағаздар нарығында клиенттердің есебінен және солардың атағынан делдал болып операциялар жүргізеді. Себебі нарыққа клиенттердің өздері қатысуға болмайды. Брокерлер сол жұмысы үшін куртаж деп аталатын төлем ақы алады. Брокерлермен қатар өз есебінен ақша жұмсап алыпсатарлықпен айналысатын дилер де жүреді. Дилердің табатын пайдасы бағалы қағазды сататын және сатып алатын бағасының (курсының) айырмашылығына тең, ия болмаса клиент Берген мәміле сомасының белгілі бір келісілген нақты проценті болуы мүмкін. Бұл әрине келісім шартта көрсетіледі. 

 

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Тауар  биржасы

Тауар биржасы (ағыл. commodity exchange) — бұл таза бәсекенің тұрақты  жұмыс істейтін көтерме нарық, онда айқындалған ережелер бойынша сапалы біртекті және жеңіл өзара алмасатын  тауарларға сатып алу-сату мәмілелері жасалады. Тауар биржасындағы сауда-саттық биржалық шұңқырдағы «дауыс» сияқты және электрондық тауар жүйесінің  көмегімен де жүргізілуі мүмкін. Тауар  биржасында тауарлар мен шикізаттарға арналған фьючерстер (фьючерстік конторалар) сатылады. Тауар биржаларында тауар ғана емес, сонымен қатар фьючерстер де сатылатындығын түсіну маңызды. Әрбір фьючерстік келісімшарт тауар биржасында бір тарап үшін бір уақытта сатып алу және басқа тарап үшін сату болып табылады. Сатушы тарап сататын болғандықтан қысқаша ұстанымды, ал сатып алушы тарап сатып алатындықтан ұзақ ұстанымды жүзеге асырады. Тауар нарығы ықпалды немесе құбылмалы. Осыған байланысты ол жылдам пайда табуға бағытталған көптеген қатерлер алыпсатарларын тартады. Тауар нарығына тек тәжірибелі трейдерлердің кіргені абзал, өйткені фьючерстік келісімшарттар акцияларға немесе басқа да қаржы құралдарына қарағанда күрделі. Тауар нарығы әлемдегі және жергілікті көптеген факторларға өте байланысты. Ең ықпалды құбылыстар мен факторлардың арасында мыналар атауға болады.

• ауа-райы;

• әскери жағдай;

• сыртқы және ішкі қарыз;

• экологиялық жағдай, қоршаған ортаның  ластануы

Тауар биржасының экономикада  маңызды рөлі бар. Тауар биржасының алыпсатарлық операцияларынан басқа 2 маңызды функциялары бар:

- бағаны айқындау;

- қатерлерді сақтандыру.

Бағаны айқындау

Өйткені тауар биржасы және фьючерстік келісімшарттардың бағасы көптеген факторларға байланысты, тауарларға сұраныс пен ұсынысты олардың  нарықтық құны айқындайды, бұл ретте, тауарлармен шынайы алмасу болмайды. Тауар нарығы және шикізат пен тауарлар бағасы әлемдегі өзгерістерге тез қалыптасады, және баға тиісінше тауар нарығында байқалады. Өйткені тауар биржасы құралдарға баға айқындау үшін құрал болып қызмет етеді.

Қатерлерді сақтандыру

Қатерлерді сақтандыру немесе хеджирлеу шынайы саудагерлерге  тауардың немесе шикізаттың бағасына ықпал етуі мүмкін күтпеген өзгерістерге өзін сақтандыруға көмектеседі. Жоғарыдағы мысалда, диқаншы өзін қатерден сақтандырды: ол жайшылықта өмір сүруді және ол өзінің бидайын қандай бағада сататынын білгісі келді. Өйткені жағдай оған қарсы болуы мүмкін еді, және бидай бағасының түсуі мүмкін еді. Қандай да бір жағдайда жеткізуші өз тауарын келісілген бағада, оның ішінде тоннасын 10 ш. б. сататын еді. Яғни тауар биржасы тауар және шикізатты жеткізушілер мен сатып алушыларға осы тауар немесе шикізаттың нарықтық бағасының ауытқуынан өзін сақтандыруға көмектеседі. 

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

 

 

  

 

ІІІ бөлім. Қазақстандағы биржалар түрлері, дамуы

Қазақстан қор биржасының (KASE) негізі 1993 жылы қаланған. Айналымында акциялар, корпоративтік облигациялар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары, халықаралық қаржы ұйымдарының облигациялары мен шетелдік мемлекеттік бағалы қағаздар, вексельдер, мемлекеттік және корпоративтік бағалы қағаздармен автоматтық және тікелей репо инструменттері, шетел валютасы бар Орталық Азияның ең ірі, әмбебап, ұйымдастырылған қаржы нарығының операторы болып табылады.

Қазақстан қор биржасының (KASE) стратегиялық мақсаты - әлемдік инвесторларға қауіп-қатері төмен әр түрлі қаржы инструменттерін жетілген халықаралық тәжірибеге сәйкес сатып, сапалы қосымша биржа қызметтерін пайдалануға мүмкіндік беретін, жетекші өңірлік қаржы орталығы ретінде қалыптасу.

Бүгінгі тауар биржасы – бұл  әлемдік экономиканың тез дамитын  саласы, оған көптеген қатысушылар  саны, оның ішінде Қазақстан да тартылуда. Бұл ретте, қазақстандықтардың тауарлық биржа туралы жеткілікті көлемде  ақпарат ала алмау проблемасы әлі де өзінің өзектілігін жоғалтқан  жоқ. Көптеген азаматтар жұмысты  бастауға ниеттене отырып, неден бастау керектігін және қазіргі тауар биржасы  қандай мүмкіндіктерді беретінін білмейді.

Информация о работе Қазақстан Республикасы қор рыногының негізгі мәселелері және оларды шешу жолдары