Қазақстан Республикасын әлеуметтік қолдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2013 в 19:38, курсовая работа

Описание работы

Әлеуметтік қорғау жүйесі әркелкі қоғамның барлық мүшелері үшін ең төменгі тұрмыс стандарттарын қамтамасыз етуді ұйғарады. Осындай тәсілдің теориялық негізін алғаш рет Джон Роулз қалады. Оның философиясының мәні былай тұжырымдалады, әр азамат өзінің болашағын нық сеніммен болжай алмағандықтан, кедейшіліктен немесе табыс көзінен айырылудан сақтандыру әбден тиімді болуы мүмкін. Қоғам ауқамындағы мұндай сақтандыру оның ең аз қамсыздандырылған мүшелері жөнінде қамқорлық нысандарын қабылдауы ықтимал: өздерінің ағымдағы табыстарының бір бөлігін осы мақсаттарға беру арқылы, әрбір азамат, болашақтағы қолайсыз жағдайлардан өзін сақтандырғандай болады.

Содержание работы

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1. Әлеуметтік қорғаудың компоненттері, нысандары, деңгейлері
2.2. ҚР әлеуметтік қорғау жүйесінің салалары
2.3. ҚР әлеуметтік қорғау жүйесінде мемлекеттің ролі.
II.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

ҚР әлеуметтік қорғау.doc

— 103.00 Кб (Скачать файл)

   Дүниежүзілік  банктің деректер бойынша, 90-шы  жылдардың орта шенінде ЖІӨ-нің  жалпы құрылымында зейнетақылардың  үлесті салмағы  Германияда, Италияда, Францияда, Швецияда-12,2-16,6%

-ды, Шығыс Еуропадағы  өтпелі экономика елдерінде -10,3 %–ды, Балтияда-7,3%, бұрынғы  КСРО славян республикаларында, соның ішінде Молдава-6,6% –ды, Орта Азияда -5,4%-ды, Қазақстанда 4,5%-ды құрады.

   Сонымен,ағымдағы  зейнетақылық қамсыздандыру   деңгейі бойынша деректер бойынша  Қазақстан өтпелі экономикалы  18 едің ішінде соңғы орында(индустриялы дамыған мемлекеттерді қозғамағанда). 1998 жылғы реформадан кейін жеңілдікті зейнетақы алушылар санының азаюына және зейнеткерлік жастың көбеюіне байланысты зейнетақы төлемдерінің көлемі одан азайды.

 Әлеуметтік қорғау  дәрежесі бойынша Қазақстандағы зейнеткерлер халықтың үлестен ең құр қалған жіктеріне жатады. Мәселен, егер материалдық қамтамасыздықты қарайтын болсақ, оның жеткіліктілігі жөніндегі критириялердің бірі-зейнеткерлердің тұрмыс деңгейін халықтың жұмыс істейтін жіктерімен салыстыру. Мамандардың есептеріне қарағанда, жас бойынша зейнеткерлердің табысы жұмыс істейтін халық жіктері табыстарының шамамен 75% құраған кезде тең жағдайлар пайда болады. Алайда 2000 жылы еңбек зейнетақыларының мөлшері халық шаруашылығындағы жалақының орташа деңгейінің 30% –дан сәл-ақ астамын құрады.

  2000 жылы жас бойынша  тағайындалған зейнетақының орташа  мөлшері республикада-4462 теңге, ал  жас бойынша жәрдемақы (әлеуметтік  зейнетақы) мөлшері2175 теңге болды.  Ал күнкөріс минимумы 4007 теңге  еді. 2002 жылға айтылғандардың салдарынан зейнетке шыққан адамдар, қағида бойынша, өздері қалағаннан гөрі анағұрлым төмен тұрмыс стандарттарымен күн көреді.

   Әлемдік практикада  зейнетақылардың мынадай түрлері  ең көп тараған: еңбек, әлеуметтік, мүгедектік бойныша, асыраушыдан айырылған жағдайдағы зейнетақылар. Еңбек зейнетақылары халықтың жұмыспен қамтылуымен байланысты. Олардың мөлшері еңбек қызметінің ұзақтығына қарай белгіленеді.Қаржыландыру көзі- әлеуметтік қорғау жүйесі (Қазақстандағы әлеуметтік салық). Әлеуметтік зейнетақылар күнкөріске қаже ең төменгі қаражаттарды қамтамасыз етуге арналады да, жан басына шаққандағы табыстың төмен шамасы кезінде мелекеттік бюджеттен төленеді.

   Мүгедектік бойынша  зейнетақыларды еңбекке жарамдылық  қабілетінен айырылған және еңбек зейнетақысын алу құқына еңбек сіңіре алмағандар алады (сақтандыру қорына жарналар төлеудің мерзімі 3-5 жылдан аспайды). Асыраушыдан айырылған жағдайдағы зейнетақы жетім балаларға беріледі. (бірқатар батыс елдерде егер күйеуі зейнеткерлер болса, соның жесірі де алады). Зейнетақылар төлеу үшін кейбір мемлекеттерде белсенді жұмыс істеу аралығында азаматтардың жинақтаушы қорға жасаған аударымдары да, сондай-ақжұмыс берушілер жүзеге асыратын әлеуметтік қорғауға төленетін жарналар да пайданылады. Осы қаражаттар жетіспеген жағдайда тапшылықты қаржыландыруға бюджеттен мемлекеттік қаражаттар бөлінеді.

   Қазіргі кезде  әлемде жұмыс істейтін зейнетақылық  жүйелердің көпшілігі бөлу қағидаларына  негізделген, яғни зейнетақылар  зейнеткерлердің өздерінің жинаған  қорларынан емес, ал жұмыс істейтіндер жарналарының есебінен төленеді.1998 жылға дейін қолданылып келген ҚР зейнетақылық жүйесі де сондай-ақ бөлу қағидаларына негізделіп, бұрынғы КСРО-ның зейнетақылық  заңнамасына сүйенетін еді. 

  1991 жылдан бастап (зейнетақылар туралы бірінші заң қабылданған кез) Қазақстанның зейнетақылық заңнамасы оған қатаң талап қою мен азаматтардың  көптеген санаттарының (категориялырының) әлеуметтік қорғауын азайту жағына қарай көбірек өзгере бастады.

  Қайсыбір елдің  экономикасы үшін қор жинау жүйесінің ең басты ұтымды тұсы мынада, жинақтаушы зейнетақы қорларындағы халықтың көбейе түскен жинақ ақшалары инвестицилардың аса ірі көзіне айналады(теориялық тұрғыда), ол бұрынғы кеңестік мемлекеттер, соның ішінде Қазақстан үшін де маңызды. Одан басқа, жинақтаушы зейнетақы жүйесі кезінде зейнетақылық қор жинауларды тек салымшылар жарналарының есебінен ғана емес, сонымен бірге олардың әр түрлі қаржы құрылдарына инвестициялаудан түсетін инвестициялық табыстар алу арқылы да жүргізу мүмкіндігі пайда болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Адам дамуына қолданылатын тәсіл әлеуметтік шығындардың бір  мезгілде өзіндік нәтиже де, сондай-ақ нәтиженің тәсілі де бола алатынын көруімізге көмектеседі. Бастапқы медициналық  қамтамасыздыққа жұмсалатын шығындар, мысал үшін, адам дамуына тікелей ықпал етеді және сондықтан олар өз ішіндегі нәтиже болып табылады, бірақ олар сондай-ақ еңбек өнімділігінің өсуіне де септігін тигізеді және осылайша өндірілетін тауарлар мен қызметтер көлемін ұлғайту арқылы адам дамуына жанама түрде жәрдемдеседі. Отбасын жоспарлау бойынша қызметтер әйелдердің өз таңдаулары бойынша өмір сүрулеріне тікелей ықпал жасайды. Олар адам дамуына бала туу деңгейі мен халықтың жан басына шаққандағы табысының өсуіне әсер ету арқылы жанама түрде ықпал жасай алады. Әлеуметтік қызметтерге жұмсалатын қоғамдық шығындар- адам капиталын жасау түрлерінің бірі ғана емес, сонымен бірге өзінше нәтиже, адам дамуның маңызды аспеті екендігін атап көрсету қажет. Демек, әлеуметтік жұмсалымдарды азайтатын даму стратегиясы, өзге қандай артықшалықпен дараланса да, адам дамуының деңгейін төмендетіп алу қаупін төндіреді және өзінің дербес мақсаттары мен міндеттеріне зиян келтіреді.

Әлеуметтік қорғау жүйесі нарық жүйесіне қатыстырылған және оның бөлінбес элементі болып табылады. Нарықтық экономиканың қалыптасуы мен дамуы халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметтің өзіндік түріне айналуына әкелді, ол ең алдымен нарық қатынастарының қолайсыз әсерлерінен қорғау ретінде жаңа мағына мен мән алуы.

  Қазақстан Республикасының  халқын әлеуметтік қорғау және еңбек вице-министірінің ойы бойынша, мемлекет үшін әлеуметтік сұрақтары ылғи бірінші орында тұрады. Мемлекет осы байланыста қазіргі әлеуметтік қамсыздандыру саясатына және халықты әлеуметтік қорғауға көп көңіл аударады, әлеуметтік сақтандыру саласында үкіметпен дайындаған заң жобасы қатарын қарастырады.

   Әлеуметтік қорғау  қажеттіліктерінің негізгі алғышарттары  нарық заңдарымен белгіленеді,  оның мәнінен қалыптасады. Халықты  әлеуметтік қорғау жүйесі мемлекеттің  экономикалық және әлеуметтік саясатының маңызды құрамды бөлігі бола бастады.   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Әлібаев А.Б. Қазақстанның зейнетақы реформасы: Алматы, 1998
  2. Межибовская И.В. Қазақстан Республикасындағы мүгедегектерді әлеуметтік-еңбек тұрғысында қатарға қосу: теориялық-құқықтық аспект.-Алматы,1997
  3. Сансызбаева Г.Н. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі және оның проблемалары/ Оқу құралы.-Алматы: Экономика,1998
  4. Халықаралық актілер жинағы/Адам құқықтары, негізгі еркіндіктерін қамтамасыз ету, еңбекті қорғау, көшу-қон саясаты саласындағы Қазақстан Республикасы ратификациялаған  халықаралық шарттар. Т.1.Т.2:/Құраст: Межибовская И.В., Мұхамеджанов Э.Б.-Алматы: Жеті жарғы,2000
  5. Төлепбаев К. Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық ресурстарын жасау көздері мен әдістер//Қазақстандағы еңбек.2001. №6
  6. Адам дамуы: әлеуметтік-экономикалық прогрестің жаңа өлшемі/Колесов В. және Маккинли ред. М.: Адам құқықтары ( Права человека),2000
  7. Қазақстандағы халықтың тұрмыс деңгейі / А.А. Смайыловтың редакциясымен шыққан статистикалық жинақ.-Алматы ҚР статистика жөніндегі Агенттігі,2001
  8. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегі туралы» №246-II   ҚР3 Заңы
  9. Қазақстан Республикасының « Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Заңы// Казахстанская правда 24.12.1999

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




Информация о работе Қазақстан Республикасын әлеуметтік қолдау