Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2015 в 22:38, реферат

Описание работы

Жекешеліндіру аса кең ауқымды процесстің – денационализацияның бір бөлігі. Денационализация - әлеуметтік-экономикалық және саяси мағынада - ұлттық, мемлекеттік меншікті жеке меншікке беруді жүзеге асыру процесі.
1991 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Конституциясы жеке меншікке деген құқықты анықтап, сол кезде мақсаты мемлекеттік меншікті басқа формаларға ауыстыратын, нарықтық эконмикаға көшуге жол ашатын жекешелендіру және мемлекетсіздендіруге байланысты алғашқы қадамдар жасалды.

Файлы: 1 файл

жекешилендиру.docx

— 161.59 Кб (Скачать файл)

    Жекешеліндіру  аса кең ауқымды процесстің  – денационализацияның бір бөлігі. Денационализация - әлеуметтік-экономикалық және саяси мағынада - ұлттық, мемлекеттік меншікті жеке меншікке беруді жүзеге асыру процесі.

1991 жылдан бастап Қазақстан  Республикасының Конституциясы  жеке меншікке деген құқықты  анықтап, сол  кезде мақсаты мемлекеттік меншікті басқа формаларға ауыстыратын, нарықтық эконмикаға көшуге жол ашатын жекешелендіру және мемлекетсіздендіруге байланысты алғашқы қадамдар жасалды.

Жекешелендіру келесі мақсаттарға жету үшін бағытталған:

  • Мемлекеттік шығындарды қысқарту;
  • Жеке меншік иелерінің қауымын қалыптастыру;
  • Белсенділігі бар ортаны қалыптастыру;
  • Кәсіпрынның өнімділігін ұлғайту;
  • Шетелдік инвесторларды қызықтыру.

Жекешеліндіруді мемлекеттік меншік туралы ҚР Мемлекеттік Комитеті және территориялық органдар қарастырады.

Жекешелендірудің келесідей әдістері бар:

  1. Аукциондағы бәйге бойынша сату-сатып алу
  2. Кәсіпорын капиталындағы акциямен бөлісу
  3. Жалға берілген кәсіпорын мүлкін сатып алу

Қазақстанда жекешеліндіру процесі «Жекешелендіру мен мемлекетсіздендірудің ұлттық жобасы» бойынша жүргізілді. Жекешелендірудің негізгі 3 бағыты (түрі) :

  1. Ұсақ жекешелендіру – 200 адамға дейінгі жұмыскері бар
  2. Массалық жекешелендіру – орта және ірі кәсіпорындарға (200 адамнан көп) есептелген
  3. Жеке бас жобалары бойынша жекешелендіру (5000 адамнан көп) – өнеркәсіптің ірі, стратегиялық салалары

Жекешелендiру дегенiмiз - меншiк иесi ретiнде мемлекеттiң еркiмен осы Заңда белгiленген арнайы рәсiмдер шеңберiнде немесе ол анықтайтын тәртiппен жүргiзiлетiн, мемлекеттiк мүлiктi жеке тұлғалардың, мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың және шетелдiк заңды тұлғалардың меншiгiне сату. Жекешелендiрудi жүргiзген кезде негiзгi принциптер жариялылық, бәсекелестiк, құқықтық сабақтастық, лауазым иелерiнiң жекешелендiрудi жүргiзудiң заңдылығына жауапкершiлiгi және сатуға шығарылатын объектiлер туралы берiлген мағлұматтардың растығы болып табылады. Жекешелендiру мынадай түрлерде:      

1) аукцион, тендер, қор  биржасындағы сауда-саттық, екі кезеңді  рәсiмдер жолымен өтетiн конкурс, туынды бағалы қағаздарды сату  нысанындағы сауда-саттықта сату;      

2) тiкелей бәсiрелi сату  түрлерінде жүзеге асырылады.

 

Жекешелендірудің субъектісі физикалық мағынада – жеке азаматтарды, заңдық мағынада – кәсіпорындар мен ұйымдар. Бірінші жағдайда мемлекет меншігі жеке меншікке ауысады. Дамыған елдерде жеке меншік негізгі өндірістік қорлардың 5-13пайызына иелік етеді.

 

Қазақстан республикасындағы  жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу процесін 4 кезеңге бөлуге болады:

1.     1991-1992 ж.ж.- мемлекет меншігінің реформасы кең көлемде  нарықтық экономикаға көшуге жағдай жасау  үшін жүргізілді. Бұл кезде мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу жекешелендіру жүзеге асырыла бастады. Негізгі мақсат өндірістік қатынастардың жаңа түрін қалыптастыру, меншік иелерінің жаңа тобын құру. Мемлекеттік меншікті азаматтарға бағалы қағаз түрінде мүлкін бөліп беруді көздеді. Бұл кезде ашық аукциондар мен конкурстар арқылы шағын, орта кәсіпорындар жекешелендірді.

2.     1993-1995 ж.ж. – мемлекет   иелігіндегі мүлікті  халыққа қайтару арқылы нарыққа көшу жағдайын жасауы. Бұл кезеңде шағын және жаппай жекешелендіру жүргізілді. Мұндағы негізгі мақсат нарықтық экономикаға өту жағдайын қалыптастыру, мемлекет иелігінен алу барысында әлеуметтік әділеттілікті сақтауға, жекешелендірудің тәртіппен, мемлекеттің бақылаумен жузеге асуын қамтамасыз ету. Жекешелендірудің әртүрлі бағыт бөлімінде халықтың меншік деген құқығы инвестиция тарту, оның ішінде шетелдік инвестицияларды мүмкіндігі жүзеге асуына жағдай жасалды.

3.     1996-1998 ж.ж. экономикадағы жеке сектордың басымдылығымен қатар мемлекеттің халыққа мүлікті қайтаруының  аяқталуы. Бұл кезеңде басты мақсат жекешелендіру саясатын аяқтау, экономикадағы жеке меншік үлесін арттыруы және тұрақтандыру, осыған байланысты жаппай жекешелендірумен бірге жекелеген жобалар бойынша жекешелендіру жүргізілді. 

4.     1999-2000 ж.ж. – мемлекеттік меншікті басқару мен жекешелендіру заңдылық негізін жетілдіру және басқарудың  тиімділігін көтеру. Мемлекеттік  үлеске қатысы бар кәсіпорындар белгіленді.

 

Ал енді әрбір жылға жеке тоқтала кетсем. 1993 жылдың  соңына қарай жекешелендірудің бірінші кезеңі аяқталды.10 мыңдаған қазақстандықтар жеке меншік шаруашылықтарын жүргізді.1993    жылдың   қазанында республикада 3,5 мыңнан астам кооператив,15 мыңнан астам шағын кəсіпорын, 11 мың жеке кəсіпорын, 15 мыңға жуық фермерлік жəне шаруа қожалықтары құрылды. 160 коммерциялық банктер, 37 түрлі биржалар болды. 7 мың кəсіпорын жекешелендірілді. Оның 5 мыңға жуығы сауда жəне қызмет көрсету саласы болды. 

1994 жылдың көктемінде жекешелендірудің екінші кезеңі басталып, тұрғындарға жекешелендіру купондары таратылды. Азаматтар жан  басына 100 купоннан алып, орта жəне ірі кəсіпорындардың иесіне айналу мүмкіндігіне ие болды. Азаматтар мен кәсіпорындар арасында делдалдық қызмет көрсету үшін қаржы салымының қорлары құрылды. Азаматтардың жекешелендіру чектерінің сатып алған акциялары енді жыл сайын белгілі бір мөлшерде үлеспайда түсіріп тұруға тиіс болды.

Жекешелендіру купондары қағаз күйінде қалып қойды. 

Ұлттық валютаның айналысқа енгізілуі     мен жекешелендіру  үдерісінің  аяқталуы  халықтың əлеуметтік-психологиялық бейнесін өзгертті.    Халықтың тұрмысы мүлдем нашарлап кетті. Қазақстан əлемнің 174 елінің арасында 93-орында, ал КСРО құрамында болған елдер арасында

7-орында (1997 ж.). 1990-1995 жылдар арасында қазақстандықтардың өмір    жасының ұзақтығы 4,7 жасқа қысқарған. Білім   алушылардың   мөлшері   39%-ға азайған. Ұлттық табыс мөлшері 7 есе кеміп, 1995 жылы республика бұл көрсеткіш бойынша 129- орында болған. 

1997жылдың соңына қарай республика тұрғындарының жартысынан астамы кедейлікте өмір сүрді. Тұрғындар арасында әлеуметтік аурулар меңдей бастады.Үлкен əлеуметтік келеңсіздіктердің бірі-жұмыссыздық. Осының  бәрі бұқараның наразылығын туғызды. Наразылық түрлері: ереуілге, пикеттерге шығу, аштық жариялау. Наразылықтар Жаңатас, Кентау, Шымкент, Тараз қалаларында жиі қайталанды. 

1997 жылдың соңында  үкімет зейнеткерлер алдындағы қарызын түгел өтеуге мүмкіндік алды. Жұмыссыздар үшін шағын несие бөлінді.

Баға біршама тұрақтанып, құнсыздану ауыздықталды. 

1998   жылдың   соңында экономиканың 90%-ы жеке сектордың қолында болды. 500 мыңға жуық кәсіпкерлер тобы дүниеге келді. Қазақстан шетелдерден инвестиция тарту жөнінен ТМД елдері ішінде алдыңғы орында болды. 

1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап “ҚР зейнетақымен қамтамасыз ету туралы” заң күшіне енді. Азаматтар еңбекақыларынан зейнетақы қорына қаражат аудару арқылы  қартайған  кезін  қамтамасыз етуге тиіс болды. 

1991 жылдан Қазақстанда белсенді  көші- қон (миграция)үдерістері басталды. “Көші-қон туралы” заң        қабылданды. Көші-қон  жəне демография жөніндегі агенттік құрылды.

Көші-қон үдерісі екі бағытта жүрді. Республика   аумағынан   еріксіз   кеткен жергілікті халықтың тарихи отанына қайтып оралуы. Екінші бағыт, Қазақстанда тұратын орыс,    украин, беларусь, неміс диаспораларының өздерінің тарихи отандарына кетуі. 

Республика тұрғындарының жалпы саны кеми бастады. 5 жыл ішінде əр 1000 адамға шаққандағы туу коэффициенті 19,1-ден 14,7-ге түсті.

1997 жылдың 1 шілдесінде  жергілікті  халық үлесі 50%-дан асты. Кеңес кезінде өз жерінде ұлттық азшылық жағдайында болған қазақ халқы қайтадан сандық және үлестік басымдыққа жетті.

1999 жылы ақпан, наурыз айларында әр он жыл сайын жүргізілетін халық санағы өткізілді. Қазақстанда 14 млн 952,7 мың адам тұратыны анықталды. 1989 жылы тұрғындар саны 16 млн 199,2 мың болған еді.

2009 жылы 25 ақпан – 6 наурыз аралығында кезекті халық санағы өтті. Халық саны 16 млн 402 мың адамға жеткен. Қазақтардың үлесі 67%-дан асқан. 

2000 жылдан кейінгі кезеңде ел экономикасы біртіндеп дағдарыстан шықты, онда өрлеу нышандары байқала бастады. Павлодарда жобалық қуаты 250 мың т алюминий құймасын шығаратын электролиз зауыты және жіксіз болат құбырларын шығаратын 10 мың жұмыс орны бар зауыт іске қосылды. Ақтөбеде қуаты 6 млрд текше метр газ өңдейтін Жаңажол зауыты салынды. 2008 жылы 70млн т-ға жуық мұнай өндірілді. 

Дүниежүзілік қаржы дағдарысы басталғанға дейін Қазақстанда ішкі жиынтық өнім (ІЖӨ) жылына 9-10% өсім беріп тұрды. Соның нәтижесінде 2007 жылы ІЖӨ жан басына шаққанда жылына 7000 АҚШ долларын құрады. Орташа номиналды еңбекақы 50800 теңгеге жетті. 

Жас отбасылары мен мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері қол жететін бағамен ипотекалық несие арқылы пәтер алуын қамтамасыз ететін мемлекеттік бағдарлама қабылданды. Үш жыл ішінде (2005-2007жж.) 160 мың отбасы немесе жарты млн-нан астам қазақстандықтар жаңа пәтердің кілтін алды.

 

     Жекешелендіру бағдарламаларында ерекше орын шетел инвесторларына беріледі. 
     Өткен уақыт ішінде жеке проектілер арқылы жекешелендірілді 170 объекті өтіп, оның 4-уі жекешелендірілді. Олардың қатарына Алматы темекі комбинаты, Алматы және Қарағанды май зауыттары және Шымкент кондитер фабрикасы жатады. 
     Сонымен, Қазақстандағы жекешелендіру процесі күрделі әрі ұзақ процестерге жатады. Оның мақсаты еркін кәсіпкершілікті жанданту ғана емес, сонымен бірге, экономикалық жіне әлеуметтік процестердің жаңа талаптарына сай келетін жаңа жүйе құру да болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Камаева В.Д. «Основы экономической теории» , - Москва, 1996 год
  2. Әубәкіров Я. «Экономикалық теория негіздері»- Алматы, 1998 жыл

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру