Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық себептері мен формалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2014 в 17:49, реферат

Описание работы

Жұмыссыздық түрлері және олардың себептері.
Жұмыссыздықтың теориялық негіздері.
Қазақстан Республикасыдағы жұмыссыздықты талдау.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Экономика.doc

— 394.00 Кб (Скачать файл)

Қазақстан  Республикасының Ғылым және Білім министірлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

 

 

 

Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық себептері мен формалары  

 

 

 

                                                                     

                                                                    Тексерген: Қуантқан Б.Қ.

                            Орындаған: Мусанова Арай

                            Курс:II                            

                            Тобы: АГ-313

                            Мамандық: Агрономия

 

 

 

 

                                          Семей  2014жыл

                                    

                           Жоспар

  • Жұмыссыздық  түрлері  және  олардың  себептері.
  • Жұмыссыздықтың теориялық  негіздері.       
  • Қазақстан  Республикасыдағы  жұмыссыздықты  талдау.  
  • Қорытынды
  • Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  • Жұмыссыздық  түрлері  және  олардың  себептері

Жұмыссыздық – елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың бір бөлігі өзіне пайдалы еңбекпен айналысатын кәсіп таба алмай дағдаратын әлеуметтік-экономикалыққұбылыс

Экономикалық әдебиеттерде кез келген қоғамдағы жұмыссыздық құбылыстары сипатына байланысты фрикциялық жұмыссыздық, құрылымдық жұмыссыздық, циклдік Жұмыссыздық болып ажыратылады. Фрикциялық жұмыссыздық – қызметкерлердің жұмыс орнын ерікті түрде ауыстыруымен және жұмыстан уақытша босау кезеңдерімен байланысты (қызметкерлердің бір жұмыстан екінші жұмысқа ауысқан кездегі уақытша жұмыспен қамтылмауы) құбылыс. Құрылымдық жұмыссыздық – елдегі тұтыну тауарларына сұранымның құрылымында және өндіріс технологиясында болатын өзгерістер салдарынан пайда болатын құбылыс. Бұл жағдайда қызметкер не өзінің кәсібіне (мамандығына) сұранымның жоқтығы салдарынан‚ не жұмыс алу үшін жеткілікті біліктілігінің жоқтығы салдарынан жұмыссыз қалады.

Жұмыс күші дегеніміз ел халқының жұмыс істеп жүрген, жұмыс іздеп жүрген, бірақ таба алмай жүрген еңбекке жарамды жастағы бөлігінің жалпы мөлшері. Жұмыссыздық деңгейін анықтау үшін жұмыссыздардың жұмыс күші мөлшеріне пайыздық қатынасын есептеп шығару керек.

Жұмыссыздық деңгейі = Жұмыссыздардың саны ÷ Жұмыс күшінің мөлшері.

Жұмыссыздық проблемасы тіпті дамыған елдердің өзінде өткір, зәру тұрады, мысалы мына елдерде 1985 жылдан 1990жылға дейінгі аралықта жұмыссыздық деңгейі былайша түзілген: АҚШ-та 5,3-тен 7,2%-ға дейін Канадада 7,5-тен 10,5%-ға дейін Жапонияда 2,1-ден 2,9%-ға дейін Францияда 9,4-тен 10,7%-ға дейін Ұлыбританияда 6,4-тен 11,2%-ға дейін.

Жұмыссыздықтың салдары қандай болады және ол қоғамға несімен қауіпті: • Адам еңбегі дегеніміз капитал сияқты жинап қоюға, қордалауға келмейтін айрықша ресурс. Жоғалған жұмыс уақытын орынына келтіру мүмкін емес, сондықтан жұмыссыздық салдарынан шығарылмаған және көрсетілмеген тауар мен қызметтің орыны өтелмейді.

• Егер адам жұмысынан айырылса, сөйтіп жалақысыз қалса ол қалайда күнкөріс көзін іздейді.Бұл жағдайда мемлекет жұмыссызға жағдай жасауды өз моынына алады. Алайда жқмыссыздығы үшін берілетін жәрдемақы тауар шығарғаны, қызмет көрсеткені үшін берілген сыйақы бола алмайды, себебі жұмыссыз адам ешнәрсе шығармайды, демек елдің әл-ауқаты да жоғарыламайды.

• Жұмыссыздар санының көбеюі тауар мен қызметке сұранымды азайтады. Халықтың табысының азаюы сұраныстың азаюының бір себебі екендігін ілгеріде көрдік. Тауаоға сұраныстың азаюы өз кезегінде өндірістің кемуіне және жұмыссыздықтың одан әрі өршуіне жол ашады, себебі өндірістің кемуі жұмыс орындарының қысқарып, жалақының кемуіне әкелетін жолдың басы.Сөйтіп қоғам өзі құрған тұзаққа өзі түседі.

• Елде жұмыссыздықты саяси жағдайдың шиленісуі өршітіп жібере алады, себебі әбден ашынған халық жұмыстың, ақшаның жоқтығы діңкелеткен адамдар үкімет өзгерсе жағдайымыз жақсара ма деген үмітпен қандай да бір ереуілге, шеруге, төңкеріске қатысуға даяр тұрады.

• Жұмыссыздық қылмыс, әсіресе жастар арасында қылмыс тамырланатын ұя, себебі күнкөріс көзін таба алмаған кісі оның басқа жолдарын, көбінесе қылмыспен пайда табу жолдарын іздестіруге көшеді.

Қашанда  өзекті  мәселелердің  бірі  жұмыссыздық – еңбек  нарығының  бөлінбес  элементі. Дегенмен, экономиканың  тұрақтылығы  еңбек  нарығында  жұмысқа  деген  сұранысты  тудырады. Жылдан – жылға  жұмыссыздық  деңгейі  әр  қилы  болып  келеді. Бір  жылы  жұмыссыздық  деңгейі жоғары болса, келесі  жылы  төмен  болады. Бұған  себеп  не?  Бұл  мәселеде  көптеген себептерді  алға  тартуға  болады. Ол мемлекеттің  экономикалық  деңгейі,  халқымыздың  әлеуметтік  жағдайы, білім  деңгейі, инфляция, жұмыс  орындарының  аздығы  немесе  жұмысшыларға  қойылатын   талаптардың  жоғарылығы, қатаңдығы, тіптен  еңдек  шартының  өзі  де  жұмыссыздықтың  туындауына  әсер  етпек. Қазіргі  таңда  жоғары  білімі  бар  немесе  жоғары  оқу  орнын  тамамдап,  өз  мамандығы  бойынща  қызметтерге  орналаса  алмай  жүрген  азаматтар  қаншама.  Бәрінен  де  күрделі  жағдайға  келіп  тірелетін  оқу  орнын  жаңа    бітірген  жас  мамандар. Өз  мамандықтары бойынша  жұмысқа  орналасқан  болса,  бұрын  соңды  жұмыс  істеген  өтілі  қажет  етіледі. Осыдан  барып  адамдардың  ағайын – туыс, жора – жолдас  арқылы  пара  беру  көмегімен  жұмысқа  орналасу  жолдары  пайда  болады.Басқа   қаладан  немесе  ауылды  жерлерден  келгендері  жұмыс  таба  алмаса  өз  жерлеріне  қайтып,  бірнеше  жыл  бойы  оқып, ауыр  еңбекпен  алған  дипломдары  жарамсыз  болып  қалады. Ал енді  біреулері  өз  мамандықтары  болмаса  басқа  жұмыстарға  орналсып, өлместің  күнін көреді. Осыдан  барып жоғары  арнайы  мамандығы  бар  жастардың  мейрамханаларда, автокөлік  жуу,  тағы  сол  сияқты  жерлерде  жұмыс  істеп  жатқандары  жиі кездеседі. Нарық  жағдайындағы  күрделі  мәселелердің  бірі жастардың  еңбек  нарығына  тез  қалыптаса  алмауы . Жалпы  жұмыссыздық  деңгейінің  азаюына  қарамастан, кейбір  мәселелер  шешімін  таба  алмай  отыр. Жұмыссыздық  әр  мемлекетте  бар  және  нарықта  белгілі  бір  көлемде  болып  табады.  Жұмыссыздықтың  шамадан  тыс  болуы  халықтың  әл – ауқатына  кері  әсерін  тигізері  хақ.  Ал  бұл  жағдай  мемлекеттің  араласуын  талап  етеді. Жұмыссыздықтың   мынадай  саналуан  түрлері  болады: жасырын,  фрикциондық,  маусымдық, құрылымдық, техналогиялық  және  т. б.

 

ОББ есептері бойынша әлемдегі 2006 жылғы жұмыссыздық деңгейі

 

Жасырын  жұмыссыздық  -  Өндіріс  пен   мемлекеттік  аппаратта   артық  жұмыскерлерді   қолданған  жағдайда  орын  алады. Шын  мәнінде,  олардыңжұмысына  аз  ғана  жұмыс  күшімен  орындауға  болады .

Фрикциондық  жұмыссыздық –еңбек  нарығында  бос  жұмыс  күші  туралы  ақпарат  жорқтығының  нәтижесінде  болады.

Маусымдық   жұмыссыздық – ауыл  шаруашылығының  кейбір  салалағында, әсіресе  қайта  өңдеу  өнеркәсібінде  жұмыс  күші  тек маусымдық  кезеңдері  қолданылғанда  болады.

Құрылымдық  жұмыссыздық -  өндіріс  қуатының  жетіспеуінің  нәтижесінде, сондай – ақ  жынысының,  жасының, ұлтының, мамандығының  және  басқа  жеке  қасиеттерінің  ерекшеліктеріне  байланысты  жұмыс  таба  алмаған  жағдайда  болуы  мүмкін.

Техналогиялық  немесе  өтпелі  жұмыссыздық  адамдарды  машинамен  ауыстру  нәтижесінде  болады,  ол  жұмыскерден  кәсібін  өзгертуді  немесе  мамандықта  игеруді  қажет  етеді. Жұмыс  істейтіндер  өндіріс  тауарлары  мен  көрсетілген   қызмет  түрлеріне  байланысты   жұмыстарды  атқарады, ал  жұмыссыздар  атқармайды,  осыған  байланысты  жұмыссыздық  деңгейінің   жоғарылауы  нақты   ЖҰӨ  көлемінің  төмеңдеуіне  әсерін  тигізеді. Бұл  жұмыссыздық   деңгейі  мен  ЖҰӨ  көлемі  арсындағы  жағымсыз   тәуелділік,  бірінші  болып  осы  тәуелділікті  зерттеуші, экономист  Артур  Оукеннің  есімімен  Оукен  заңы  деп  аталады. Енбек  нарығы  бұл  нарықтың  ерекше  түрі,  онда  жұмыс  күші  тауарын  сату  және  сатып  алу  жүзеге  асады. Осы  жерде  оның  құны  мен  жалдану  жағдайы   бағаланады . Еңбек  нарығы – экономикаға  жағдай  көрсетудің  айнасы,  тұрғындарды  жұмыспен  қамту көлемі  мен динамикасын, жұмыссыздықтың  сала  бойынша,  кәсіби  біліктілік, демографиялық  және   басқада көрсеткіштерінің  құрылымын  байқатады. Осы  құбылыстар  АҚШ тағы  еңбек  рыногында  айқын  көрінеді. Осындағы  салалық  құрылымда   екі  тенденция  байқалады:  ауыл  шаруашылығымен  айналысатындар  санының  тез  қысқаруы  және  олардың  қызмет  көрсету  саясатында  артуы.  Себебі  бұл  сала  бойынша  ұлғая  түсті  және  ол  қоғамдық  еңбекті  қолданатын   басты  салаға  айналды. Жұмыссыздық  мәселесін  шешуде  ерекше  орынды  еңбек  биржалары   ( тұрғындарды  жұмыспен  қамту  орталығы )  алады.  Еңбек  биржасы – бұл  тұрақты  негізде  қызмет  жасайтын  мекеме, мұнда  еңбекті жалдау  кезінде  жұмыскер  мен  кәсіпкер  арасындағы  делдалдық  іс - әрекет  жүзеге  асады.Қазақстан  Республикасы ˝Тұрғындарды  жұмыспен  қамту  туралы˝  жұмыссыздығы үшін  олардың,  негізгі  жалақысының  50 % - нан  төмен  емес  мөлшерде  кепілдікпен  ақы  белгіленді. Ол  төлем  республикадағы   қалыптасқан  жағдайға,  күн  көру  деңгейімен  төмен  болмауы  қажет. Салыстыру  үшін  жұмыссыздық бойынша   ақы  мөлшерін  келтірейік: АҚШ – да  жалақының  50 % - ын құрайды,  Жапонияда  жұмыссыздардың  жас  ерекшелігі  мен  басқада  көрсеткіштеріне  байланысты 3 – 12 айдың  жалақысының  - 60 – 80 %  құрады,  Францияда 1 – 2,5  жылдағы  жалақының  42 % - ын  құрап,  қосымша  күніне  40 франк  төленеді, ал 3 жыл  бойы  ерекше  ақы  төленеді. Ұлыбританияда  52  апта  бойы  28,5 фунт  стерлинг  төлейді. Жұмыс  істейтіндердің  жалақысынан шегеріліп, сол  жиналған  соммалардан  арнайы  қор  пар  құрылады. Қалай  десек  те, жұмыссыздық  дерті – ауыр  дерт. Осыншама  жастарымыздың  жұмыссыз  болып, олардың  арасында  нашақорлық,  түрлі  қылмыс  көбейе  түскендігіне  түк  тандануға  болмайды.

Уақытша  жұмыссыздық. Кейбір  адамдар өз мамандықтары бойынша  қызмет  түрлерін  таңдау  мүмкіншіліктері  бар  кезде “жұмысаралық”  жағдайда  қалады. Кейбіреулерін  жұмыстан  шығарып  жіберіп,  олар  басқа  жұмыс  орнын  іздеп  жүреді. Басқа   біреулер  тұрақты  жұмысын  жоғалтқандықтан уақытша  жұмыссыз  болады (мысалы, құрылыстағы  қолайсыз  жағдайы).  Сонымен  қатар  жастар  арасында  алғаш  рет  жұмыс  іздеп  жүрген  адамдар  санаты  болады. Осы  жұмыссыз  адамдар  жаңа  жұмыс  орнына  немесе  уақытша  жоғалтқан  жұмысқа  қайтып  келген  кезде,  олардың  орнын  басқа  жұмассыздар  басады. Сондықтан, әр  түрлі  себептермен   жұмыссыз  қалған  адамдар  санаты   құрамын  өзгертсе  де, осы  жұмыссыздық  типі  қала  береді. Жұмыс  іздеп  жүрген   немесе  жұмыс  орнын   алуын  күтіп  отырған  адамдарға  экономистер  «уақытша  жұмыссыздар»  деген  термин  қолданылады  (Ол  жұмыстың  қайта  жаңғыруымен  немесе  іздеумен  байланысты). Уақытша    деген  анықтама   бұл  құбылыс  мәнін  нақты  көрсетеді:  еңбек  нарығында  жұмыс  орны  мен  жұмыс  күші   арасындағы  сәйкестілік  орындалмайды. Уақытша  жұмыссыздар  еңбек  нарығына  ұсынатын  «білімдері»   бар  деп  есептелінеді. Уақытша жұмыссыздық міндетті және ерікті болып белінеді. Жұмысшылардың  көпшілігі  жұмысаралық   жағдайға өз еркімен түседі, олар - өздерінің төмен  жалақылы жұмыстарын жоғары  жалақылы  жұмысқа  араластырады. Бұл жұмысшылардың өздеріне үлкен табыс  әкеледі  және  еңбек  ресурстарының  ұтымды  пайдасын  арттыру  дегенді  білдіреді. Яғни, жалпы  экономикадағы  нақты  өндіріс  көлемінің  ұлғаюы.                                                                  Құрылымдық  жұмыссыздық.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          Уақытша жұмыссыздық  ақырындап  “Құрылымдық  жұмыссыздық” деп  аталатын екінші санатқа  ауысады. Экономистер  “құрылымдық” терминін  құрамдық деген  мағанада  қолданды. Уақыт өте келе технология   мен сұраныс  құрылымында  өзгерістер  болды, олар  өзалдына  еңбек  күштеріне  жиынтық  сұраныс  құрылымын  өзгертеді. Осы  өзгерістердің  нәтижесінде  кейбір  мамандықтарға  деген  сұраныс  азаяды  немесе  мүлде  жойылады. Басқа  мамандықтарға, соның  ішінде   жаңаларына  сұраныс  көбейеді. Бұл  жағдайда  еңбек  күші  еңбек  орындарының  құрылымындағы  жаңа  жаңа  өзгерістерге  бірден  және  толық  жауап  бере  алмағандықтан  жұмыссыздық  пайда   болады. Кейбір  қызметкерлердің  өздерінің  мамандық  тәжірибелері  нарық  сұранысына  сәйкес  келмейтіндігіне  көздері  жетеді, олардың  тәжірибесі  мен  іскерлігі  технология  мен  сұраныс   сипатында  болған  өзгерістерге  байланысты  ескіріп,  керексіз  болып  қалады. сонымен  қатар  жұмысбастылықтың  географиялық  құрылымы    әрдайым  өзгеріп  отырады.  Бұдан  соңғы  10 жылда  байқалған  жұмыс орындарының  “қысқы  белдеуден ” -  “жазғы   белдеуге”  миграциясы  мысал  бола  алады.Уақытша  және  құрылымдық  жұмыссыздық  арасындағы  айырмашылық  анық  емес. Уақытша  жұмыссыздар да  “сатуға болатын” тәжірибе  бар, ал  құрылымдық  жұмыссыздар  жаңа  жұмыс  орнына  орналасуы  үшін  арнайы  оқу  курсын  өтуі  керек,  ал  кейде  тұрғын  жерін  де  ауыстыруы   керек. Уақытша   жұмыссыздық  қысқа  мерзімді, ал  құрылымдық  жұмыссыздық  ұзақ  мерзімді,  сондықтан  ол қауіпті  болып  саналады.     

Циклдік  жұмыссыздық. Циклдік  жұмыссыздық  құлдырау  кезеңінде,  яғни  жалры  немесе  жиынтық  шығындардың   жетіспеушілігімен  сипатталатын  кезеңдепайда  болады. Тауарлар  мен  қызметтерге  жиынтық  сұраныс  азайғанда, жұмысбастылық төмендейді, жұмыссыздық өседі. Сол  себепті   циклдік  жұмыссыздықты кейде  сұраныс  тапшылығына  байланысты  жұмыссыздық деп  атайды.                   

  • Жұмыссыздықтың  теориялық  негіздері.       

Қандай  мемлекет  болмасын  халықтың  тұрмысына, әл-ауқатының  деңгейінің   жоғары  болуы  сол  елдің  экономикасының  артып,  барлық  жағынан   дер  қарқынмен  дәйекті  дамып  келе  жатқандығын  көрсетеді.  Осыған  байланысты  қазіргі  таңда  нарықтық  экономикамен  әлеуметтік  әділеттік  негізіндегі  жоғарғы  өркениетті  демократиялық  қоғам  құру  жолында  әртүрлі оқиғаларды  басынан  кешіріп  отырған  республикамыздың  бүгінгі  тіршілігіміздің  негізгі  мақсаты  мемлекеттегі  әрбір  азаматтың  бақытты  өмірін  және мұң  мұқтажсыз  ауқатты  тұрмысын  қамтамасыз  ету. Жұмыссыздық – Қазақстандағы  кедейшіліктің  басты  себебінің  бірі  болып  отыр. Кедейлік  себептерінің   қатарына  жұмыссыздықпен  қатар  халықтың  шағын  бизнеске  қатысуының  шектеулі  қол  жеткізуінің,  жұмыс  істейтін  кедейлер  жалақысының  төмен  деңгейін,  комуналдық  және  білім  саласындағы  қызметтерге  қол  жеткізудің  төмендігін,  әлеуметтік  қорғаудың  қазіргі  жүйесінің  жеткіліксіз  тиімділігін   адамзаттардың   жекелеген  санаттарының  масылдық, көңіл – күйін, сондай – ақ  кедей халықтың  төмен  хабардарлығын  және  қоғам  өміріне  қатысу  дәрежесінің  төмендігін  жатқызған  жөн. Жұмыссыздық  деңгейі – экономикалық  белсенді халық  санындығы  жұмыссыздар  үлесі. Еңбек  өндіріс  факторы, ерекше тауар болып табылады. Оның  тауарлық формасының  ерекшелігі  мыналардан  тұрады:

  1. Бұл  ресурс,  әдетте,  өзінің  толық  көлемде сатылу  объектісі болып          

 шықпайды.

  1. Жалдау  формасындағы  сату.
  2. Шамалы  жинақылық  (аймақтық, өндірістік  және  т.б.)
  3. Тұтас  еңбектің  бөлігі (әлеуметтік  формада)  тұрақты  өтімді 

таппайды.

Қорытындысында  тұрақты  құбылыс -  жұмыссыздық  туады. Жұмыссыздықтың  бөлінуінде  бірнеше  формалар  бар.Экономикалық  теорияда “жұмыссыздықтың  табиғи  деңгейі” деген  ұғымды”  пайдалану  қалыптасқан.  Оның  мөлшері  тапжылмастай  емес.  Әр  елдерде  ол мөлшер   2-ден – 7% дейін  әртүрлі  деңгейге  жетеді. Мемлекеттің  міндеті – жұмыссыздықтың  іс  жүзіндегі  деңгейінің  табиғи  деңгейден  асып  кетпеуін  бақылау  болып  табылады. Америкалық  экономист  А.Оукен  (Оукен заңы )  көрсеткен  заңдылық  бар. Жұмыссыздық  іс жүзіндегі  деңгейі  оның  табиғи  деңгейінен  1% -ға  жуық   артуы , іс  жүзіндегі  ЖҰӨ   көлемін  әлуеттік  көлемін  салыстырғанда  2.5%-ға кейіндеуге  жаткізеді. Қазіргі   замандағы  жұмыссыздықтың  сипатына  бірнеше  факторлар  әсер  етеді :

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық себептері мен формалары