Қазақстан Республикасының экономикалық жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2015 в 16:45, реферат

Описание работы

Қазақстанның 1991 жылдан бері экономикалық жүйесі. Реформалар: бiрiншi кезең (1991-1992). Реформалар: екiншi кезең (1993-1994). Реформалар: үшiншi кезеңде (1995-1997).

Файлы: 1 файл

Эконом срс Асель.docx

— 33.62 Кб (Скачать файл)

Кіріспе

 

Қоғамдағы экономикалық қатынас – күрделіұғым. Біржағынан, олар адамдардың табиғат қа қатынасын, адамның табиғатпен өзара әрекетпен көрсетеді. Бұлқатынастабиғиресурстардырационалдықпайдаланубойынша.

Оларды техника-экономикалық   қатынас   ретінде   белгілеуге   болады. Басқа   жағынан   экономикалық   қатынас – бұл  қатынас өндірістің факторларына меншік   ретінде    анықталатын (өндірістікқатынас) адамдар  арасындағы  қатынас. Бұл  әлеуметтік – экономикалық  қатынас.

Техника-экономикалық және әлеуметтік экономикалық  қатынас  экономиканың   екі  жағынан   бірлігін   бейнелейді. Бұл  бірлік  ұйымдастыру – экономикалық   қатынаспен   бекітілген, яғни   барлық экономика мен оның  бөлек    бөліктерімен   ұйымдастыру   және

басқару     жүйесі.

 

          Экономикалық жүйе – экономикалық өнімді өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну барысында туындайтын негізгі экономикалық қатынастардың нысаны мен мазмұнын айқындайтын қағидаттардың, ережелердің, заң жүзінде баянды етілген нормалардың тарихи тұрғыда пайда болған немесе белгіленген, елде жұмыс істеп тұрған жиынтығы. Кеңестік кезеңде саяси құжаттар мен экономикалықжарияланымдарда “әлеуметтік-экономикалықжүйе” және “әлеуметтік-экономикалықсаясат” деген терминдерді қолдануды жөнсанады. Сол арқылы экономикалық дамудың әлеуметтік мәнін атап көрсетпек болды. Алайда объектінің мұндай атауымен келісуге болмайды, өйткені адамдар үшін және солардың тікелей қатысуымен жұмыс істейді. Экономикалық жүйенің барлық қырларын – экологиялық жағын, аумақтық жағын, әлеуметтік жағын, басқа жақтарын да кешенді түрде алып қараудың маңызы зор. Нарықтық қатынастарға өтпелі кезеңде Экономикалық жүйені ішкі екі жүйе: макродеңгей мен микро деңгей түрінде түсіну кеңінен таралды. Осы тұрғыдан алғанда макродеңгей республикалық заңшығарушы және атқарушы органдар және жергілікті билік органдары ретінде түсінілді. Микродеңгейтүрлісалаларретіндеұғынылды. Микродеңгейсоныменқатарменшікнысандарытұрғысынантүрліұйымдық-құқықтықнысандардыңжиынтығыретінде, яғниірі, орта жәнешағынбизнестіңжиынтығыретінде де зерделенуімүмкін. КезкелгенбасқажүйесияқтыЭкономикалықжүйеоныңқұрамдаснышандарыныңарасындағыбайланыстарменсипатталады. Бұлбайланыстар объективті экономикалық заңдардың әсерімен қалыптасады. Сонымен Экономикалықжүйе – мемлекеттің экономикалық саясатын жүргізу үшін теориялық тұғырнама ретінде қызмет ететін экономикалық ғылымз ерттеуінің күрделі, көп деңгейлі объектісі.

Қазақстанның 1991 жылдан бері экономикалық жүйесі

 

Қазіргі уақытта Қазақстан Бүкіл әлемдік банктің жіктеуі бойынша, кірісі орта деңгейден жоғары елдердің тобына жатады. Тұрмыссапасыныңнегізгікөрсеткіштерінсалыстырсақ, соңғы 10 жыл ішінде қазақстандықтардың ақшалай табысы орта есеппен 5 есе өсті; орташаайлықжалақы 6 есегежуықөсті; ең төменгі жалақы 25 есе өсті; еңтөменжалақымөлшері 25 есе; зейнетақының орташа айлық мөлшері 4,6 есе артты.

2006 жылғы мамырдағы жұмыссыздық деңгейі 7,7 % мөлшерінде қалыптасты (2005 жылғымамырда – 8,2 %). Мемлекеттің 2005 жылы тегін медициналық көмектің кепілді көлеміне бөлінген шығыстары 2003 жылмен салыстырғанда 1,7 еседенастамөсті.

Тәуелсiздiк алғаннан кейiн (1991) Қазақстанда экономиканы реформалаудың бiрнеше тәсiлi қолданылды. Мемлекеттік экономикалық саясаттың базалық бағыттары мыналар болды:

1) социалистік экономикадан  кейiнгi қайта құру;

2) дағдарысқа қарсы бағдарлама;

3) макроэкономикалық тұрақтандыру;

4) дүниежүзілік экономикалық  дағдарысты еңсеру;

5) экономикалық өрлеудi қамтамасыз  ету.

Реформалар: бiрiншi кезең (1991-1992)

Бiрiншi кезең Қазақстанда социалистік экономикадан кейiнгi экономикалық жағдайдың шиеленiсiп, құлдырауымен сипатталады. Бұл 70-жылдардың аяғында КСРО экономикасы нақты секторының жаппай үдере қожырауы салдарынан туған едi, оның үстiне өзгерiске ұшыраған сыртқы және iшкi әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси бағытта жүргiзiлген экономикалық саясат өрiстеп кете алмады.

 

90-жылдардың басында ҚР-ның  экономикалық саясаты социалистік  экономикалық жүйенi өзгертуге және  ұлттық нарықтық экономиканы  құруға бағытталды. Негiзгi бағыттар  мыналар болды: экономиканы ырықтандыру: сыртқы реттеуiштердi енгiзу, әлеуметтік-экономикалық аяға мемлекеттiң қатысуын шектеп, қамқорлығын азайту, сыртқы экономикалық қызмет нысандарын кеңейту, сырттан инвестициялар тарту, валюталық тәртiптi тұрақтандыру; көп ұстынды экономиканың негiздерiн қалыптастыру: экономикада жекеше сектордың жұмыс iстеуi үшiн жағдай жасау, шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге нарықтық нышандар үлгiлерiн енгiзу, кәсiпкерлiктi, шағын және орташа бизнестi дамыту, толымды нарықтық бәсекенi өрiстету үшiн жағдай жасау.

Республиканың жалпы iшкi өнiмi 1991 ж. ағымдағы бағамен — 85863,1 млн. сом., 1992 ж. — 1217689,2 сом болды. Бағаны ырықтандыру салдарынан үдей түскен инфляцияға байланысты жалпы iшкi өнiм ағымдағы бағамен 15 есе көбейдi. Тұтыну бағасының индексi 1992 ж. 3060,8%-ды құрады, мұның өзi 1991 жылмен салыстырғанда 12,4 есе (247,1%) көп. Нақты бағамен жалпы iшкi өнiм деңгейi 5,3%-ға төмендедi. 1991 жылмен салыстырғанда 1992 ж. экономиканың барлық саласы бойынша өндiрiс көлемi күрт азайды. Өнеркәсiптiк өнiмнiң құлдырау қарқыны құрылыста 40,5%-ды, саудада 17,4%-ды, көлiкте 19,4%-ды құрады. Өндiрiстiң өсуi тек ауыл шаруашылығында ғана тiркелдi. Сатып алу қабiлетiнiң тепе-теңдiгi бойынша орта есеппен жан басына шаққандағы жалпы iшкi өнiм 1991 ж. 5756 АҚШ доллары, 1992 ж. 5561 АҚШ доллары болды. 1992 ж. Қазақстанның стратегиялық дамуының алғашқы бағдарламасы — “Қазақстанның егемендi және тәуелсiз мемлекет ретiнде дамуының қалыптасу стратегиясы” қабылданды, мұнда мемлекет дамуының басым бағыттары айқындалды және экономика аясында стратегиялық мақсаттар белгiлендi, олар: бәсекеге негiзделген, экономикалық және әлеуметтік өзара байланыстардың жалпы жүйесiнде әрқайсысы өз мiндеттерiн орындайтын негiзгi меншiк нысандары (жекеше және мемлекеттік) ұштасатын және өзара байланыста болатын әлеуметтік нарықтық экономика құру; адамның экономикалық өзiн-өзi билеуi қағидатын iске асыру үшiн құқықтық және басқа жағдай жасау.

Реформалар: екiншi кезең (1993-1994)

Екiншi кезең экономикалық дағдарыстың түйiндi кезеңiне айналды, бұл дағдарыс мыналардан көрiндi: Ресей Федерациясымен шаруашылық байланыстардың үзiлуi және осының салдары ретiндегi төлем төленбеу дағдарысы: кәсiпорындардың өзара борыштары 1993 — 94 ж. және 1995 жылдың басында 634913 млн. теңге болды; инфляция(гиперинфляция) өрши түстi: 1993 ж. тұтыну бағасының индексi 2265% деңгейiне жеттi (Ресей Федерациясының жаңа рублiнiң инфляциясы); өнеркәсiптiң шегiне жете құлдырауы: өндiрiлген ұлттық табыс 1991 — 93 ж. 1976 жылғы деңгейге дейiн төмендеп, жалпы құлдырау 38,2% болды. 90 жылдардың басындағы жалпы экономикалық дағдарыс халық тұрмысының күрт нашарлауына әсерiн тигiздi: 1990 жылдан 1994 жылға дейiн тұтыну қабiлетiнiң тепе-теңдiгi бойынша жан басына шаққанда орта есеппен жалпы iшкi өнiм 20%-ға азайып, 4711 АҚШ доллары болды. Бұл кезеңде халықтың жаппай көшi-қоны басталды, ол 1994 ж. терiс сальдоға жеттi (–410387 адам). Жалғастырылған реформалардың мақсаты мына шараларды көздедi: меншiк қатынастарын қайта құру жеке меншiктi заңдастыру жағына ойысты; “рубль аймағынан” шығу және ұлттық валюта — теңгенi енгiзу (1993 ж. қараша); валюта-қаржы және банк жүйесiн өзгерту; инфляция мен бюджет тапшылығын кемiтуге қатысты қатаң шектеу шараларын жүзеге асыру; алтын-валюта сақтық қорларын еселей түсу. Бұл кезеңде үкiмет дағдарысқа қарсы шаралар бағдарламасын қабылдады, ол инфляция деңгейiн азайтуға және өндiрiстiң құлдырауын шектеуге бағытталды. Қаржы секторы беретiн қарыздардың көлемiн шектеуге қосымша несиенiң “бағасын ұтымды ету” талабы, яғни жоғары пайыздық мөлшерлеме белгiлеу қарастырылды. Бұл шара жекеше жинақ ақшаның өсуiне септiгiн тигiзетiн, қарыз қорларына жұмсалатын шығынның өсуi себептi банк секторының қарыздарына жалпы сұранымды қысқартуға жәрдемдесетiн барынша тиiмдi шаралардың бiрi ретiнде қарастырылды. Мұндай жағдайда ҚР-ның Үкiметi басшылық нұсқамасымен “директивалық” несиелер беру есебiнен кәсiпорындарға талғамалы қолдау көрсетуге тырысты: 1994 ж. оның көлемі 14063,7 млн. теңге болды. Тұрақтандыру бағдарламасы шеңберiнде қолданылып жатқан шараларға қарамастан мемлекеттiң нысаналы несиелерi көбiнесе қайтарылмайтын несиелерге айналды. 1994 жылдың аяғына қарай шамамен 2300 млн. теңге (яғни бөлiнген несиенiң алтыдан бiр бөлiгi) қайтарылды. Бұл кезеңде жалпы iшкi өнiмнiң серпiнi өндiрiстiң шапшаң құлдырауымен сипатталды, ал 1995 жылдың басына қарай жалпы iшкi өнiмнiң көлемi 1990 жылғымен салыстырғанда 61,4% болды. Дағдарысқа қарсы бағдарламаның нәтижесiнде таза жинақ қаражат — өндiрiстi тұрақтандыратын әлеуеттi инвестициялар өсуге тиiс едi. Алайда, жинақ қаражат күткендегiдей өсе қоймады: халықтың салымы небәрi 606,9 млн. теңгеден (1.1. 1994) 1673,5 млн. теңгеге дейiн (1.7.1994) ғана көбейдi, ал банкiлердегi ағымдағы, есеп айырысу және депозиттiк шоттардың қалдықтары тиiсiнше 4154,1 млн. теңгеден 12472,0 млн. теңгеге көбейдi. Сөйтiп, экономиканың нақты секторында болған тұрақсыздану өндiрiстiң құлдырауын ушықтыра түстi. Тек 1994 ж. ғана Қазақстан өз өнеркәсiбiнiң ширегiнен астамынан айрылды. Дағдарысты шектеу қатаң экономикалық саясат жүргiзудi талап еттi, соның салдарынан әлеуметтік-экономикалық ахуал одан әрi нашарлады. Қазақстанның экономикалық саясатына түзету енгiзудiң нәтижесiнде экономика дәрменсiздiктен серпiлiп, макроэкономика тұрақтану үшiн жағдай жасауға мүмкiндiк туды. Бұл кезеңде Қазақстан Халықаралық валюта қорына кiрдi, ол елге дағдарысты еңсеру үшiн нысаналы несие бөлдi.

Реформалар: үшiншi кезеңде (1995-1997)

Үшiншi кезеңде Макроэкономиканы тұрақтандыру бағдарламасы қабылданды, ол қатаң шектеу арқылы инфляцияны төмендетудi көздедi. Тұрақтандыру бағдарламасы мынадай мақсаттарды алға қойды: нарықтық экономикалық институттары мен инфрақұрылымды дамыту; халықаралық стандарттарға сәйкес екi деңгейлi банк жүйесiн жаңғырту, инвестициялық және сақтандыру компанияларын, биржалар мен аудиторлық фирмалар құру; қатаң ақша-несие және нысапты бюджет-салық саясатын жүргiзу; ұлттық валюта бағамының тұрақтылығына қол жеткiзу; атаулы жалақыны шектеу; берiлетiн несиелердi шектеу және ақша массасының қатаң көлемiн (11722 млн. теңгеден аспайтын) белгiлеу. Бұл кезеңде шет ел капиталы кеңiнен тартылды, рыноктер мен нарықтық құрылымдарды дамыту үшiн жағдай жасалды. Қолданылған шаралардың нәтижесiнде 1996 жылдың қарсаңында теңгенiң валюталық бағамы тұрақтанды (1994 ж. — 1 доллары үшiн 35,76 теңге, 1995 ж. — 60,93 теңге, 1996 ж. — 67,29 теңге), бюджет тапшылығы азайды, өнеркәсiптiң сыртқа шығаруға бағдарланған бiрқатар салаларында өндiрiс жанданды. әлеуметтік аядағы қаржы-экономикалық қайта құрулар қаржы жүгiн республикалық бюджеттен жергiлiктi бюджетке беру, көрсетiлетiн әлеуметтік қызметтердiң сапасын арттыру, әлеуметтік сала мекемелерiнiң қызметiне жаңа экономикалық бәсекелестiк қатынастарды енгiзiп, дамыту, қаржыландырудың бюджеттен тыс көздерi мен көлемдерiн ұлғайту бағытында жүзеге асырылды. Қаржы қорларын шектеу жағдайында негiзгi қаржы-экономикалық өзгертулер аралас қаржыландырудың жаңа үлгiсiне көшу негiзiнде қаржыландыру жүйесiн өзгертумен ұштастырыла жүргiзiлдi, мұнда бюджеттен қаржыландыру, сақтандыру жарналары мен жекеше инвестициялар негiзгi көздерге айналды. Жан басына шаққандағы жалпы iшкi өнiм 1994 жылмен салыстырғанда 1997 ж. 14,1 млрд. теңге деңгейiне дейiн көбейдi. 1997 жылдың бас кезiндегi экономиканың жай-күйiн мынадай факторлармен сипаттауға болады: iс жүзiнде барлық тауарлар мен қызметтердiң бағасы босатылды немесе ырықтандырылды, негiзгi заңдық актiлер өзгертiлдi, олар реформаларды жүргiзуге мүмкiндiк туғызды, сыртқы экономикалық қызмет ырықтандырылды, нарық талаптарына сай келетiн жаңа салық базасы жасалды, меншiктi қаржы рыногi құрылды, банк жүйесi жаңғыртылды, оның инфрақұрылымы дамытылды; мемлекеттік бағалы қағаздар рыногi құрылды, мемлекеттік меншiктi жекешелендiру қарымды қарқынмен жүргiзiлдi. Алайда, қатаң ақша-несие, бюджет-салық саясатының экономикалық тұрғыдан тиiмдi нәтижелерiне қарамастан бұл кезеңде халықтың әлеуметтік-демографиялық ахуалы күрт нашарлады: халықтың өсiп-өну деңгейi кемiдi; өмiрдiң ұзақтығы қысқарды; бiлiм деңгейi төмендедi; материалдық әл-ауқат құлдырап кеттi: қазақстандықтардың 31%-ға жуығы тұтыну қоржынының ең төмен деңгейiнде өздерiнiң күн-көрiс қажеттерiн қанағаттандыра алмады, жұмыссыздық деңгейi екi есеге жуық көбейдi. Бұл кезеңде бұрынғы әлеуметтік саясат қағидаларын өзгерту қажеттiгi туды: халықты әлеуметтік қорғаудан әлеуметтік көмек пен қолдауға көшу, сондай-ақ, әлеуметтік саладағы мемлекеттік қамқорлықты қысқарту қажет болды. Бұл нарықтық реформалар кезеңiнiң басты жетiстiктерi: елде тұрақты әлеуметтік-экономикалық жағдай сақталды; ұлттық ақша бiрлiгi енгiзiлдi және дербес ұлттық ақша саясатын жүргiзу мүмкiндiгi туды; Қазақстан рыногi тұтыну тауарларымен молая түстi; респбликаның тәуелсiздiгi мәртебесiн дүниежүзілік қоғамдастығы мойындады және ол халықаралық қаржы институттарына кiрдi. Әлеуметтік-экономикалық шаралардың iске асырылуы Қазақстанда жекеше зейнетақы, сақтандыру және медициналық қорларын құруға жол ашты.

Реформалар: төртiншi кезеңде (1998-1999)

Төртiншi кезеңде Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясы қабылданды. “Қазақстан — 2030”: Барлық қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл-ауқатының жақсаруы: ел Президентiнiң “Қазақстан халқына жолдауы” (1997 ж. күз) бағдарламасы — ҚР-ның ұзақ мерзiмдiк стратегиялық дамуының тұжырымдамалық негiзi — даму бағыттары және елдiң дамыған елдер тобына шығу жолдары айқындалды. Стратегияның мiндеттерiне сәйкес Қазақстан 2030 жылға қарай дамыған мемлекеттердiң деңгейiне жетiп, әлемнiң ең дамыған 20 елiнiң қатарына қосылуға тиiс (Қазақстан — 2030 даму стратегиясы). 1997 жылдың аяғында басталған дүниежүзілік қаржы дағдарысы Қазақстанның экспорттық салаларына айтарлықтай ықпал жасады. Ұзақ мерзiмдi стратегияның алдын-ала белгiленген кезеңiн iске асыру мақсатында Президенттiң 1998 ж. 28 қаңтардағы Жарлығымен ҚР дамуының 1998 — 2000 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекiтiлдi, ол дүниежүзілік қаржы дағдарысының зардаптарын еңсеруге, экономиканың нақты секторын сауықтыру жолымен экономикалық өрлеудi қамтамасыз етуге, бюджеттiк аяны реформалауға, белсендi әлеуметтік саясат жүргiзу жағдайында ел экономикасына жұмсалатын инвестицияларды көбейтуге бағытталды. Бұл кезеңде теңгенiң өзгермелi бағамы енгiзiлдi (1 АҚШ доллары 1998 ж. — 78,29 теңгеге, 1999 ж. — 119,64 теңгеге тең болды), мұның өзi 1996 жылмен салыстырғанда 12%-ға азайған (1998) өнiм экспортын ынталандыруға мүмкiндiк бердi. 1999 ж. экспорт көлемі 5592,2 млн. АҚШ доллорына жеттi; Бұл кезеңде тұтыну қабiлетiнiң тепе-теңдiгi бойынша жалпы iшкi өнiм 74891,6 млн. АҚШ доллорынан (1998) 77976,8 млн. АҚШ доллорына (1999) көбейдi. Жалпы iшкi өнiмнiң нақты көлемі 2,7%-ға артты. Бұл кезеңде зейнетақы реформасы (ынтымақты зейнетақы жүйесiнен жинақтаушы зейнетақы жүйесiне көшу) жүргiзiлдi, ол iшкi қорлануды одан әрi ұлғайтып, iшкi инвесторлардың қалыптасуына жағдай жасады. 1998 жылдың соңында зейнетақының қоры 23542 млн. теңгеге жеттi, бiр жылдан кейiн ол 2,7 есе көбейдi (64504 млн. теңге).

Реформалар: бесiншi кезең (2000 ж.)

Бесiншi кезеңде Қазақстан экономикалық өрлеу жолына түстi. ҚР дамуының 1998 — 2000 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын iске асырудың оң тәжiрибесi бюджеттiк-қаржылық өзара iс-қимыл мен реттеудiң жаңа қағидаларына негiз қалады, оның серпiнi мына мақсаттармен айқындалды: 2000 — 02 ж. орталық және жергiлiктi атқарушы органдар арасында қаржы-экономикалық мiндеттердi бөлiсу; 2001 жылдан бастап елдiң экономикалық дамуын жоспарлауға көшу. Бұл кезеңде жалпы iшкi өнiм жыл сайын өсiп отырды: тұтыну қабiлетiнiң тепе-теңдiгi бойынша 2000 ж. — 87607,5 млн. АҚШ доллоры, 2001 ж. — 101674,1 млн. АҚШ доллоры. 2002 ж. жалпы iшкi өнiм көлемi бұрынғыдан 9,5%-ға көбейдi. 1999 — 2000 ж. бейқаржылық активтер негiзiнен шетелдiк инвестициялардан құралса (тиiсiнше 57% және 51%), 2001 ж. iшкi инвестициялар тұңғыш рет салымның 60%-ынан астамын құрады. Инвестициялардың жалпы сомасы 1158,1 млрд. теңгеге жеттi. 2000 — 02 ж. елдiң экономикалық дамуы үшiн инвестициялық мүмкiндiктер жасауға баса назар аударылды. Өз қызметiн экономиканың басым секторларында жүзеге асырушы инвесторлармен 119 келiсiмшарт жасалды, негiзгi капиталға 165 млрд. теңгеден астам сомада (1,2 млрд. АҚШ доллоры) инвестициялық мiндеттеме қабылданды. 2001 ж. негiзгi капиталға жұмсалған инвестициялардың көлемі 775,7 млрд. теңгенi құрады, бұл бұрынғы жылдағыдан 21%-ға көп. 2001 ж. 4 желтоқсанда Президенттiң Жарлығымен “Қазақстан Республикасы дамуының 2010 жылға дейiнгi стратегиялық жоспары” бекiтiлдi. Қазiргi кезде 2010 стратегиясы (2001), Үкiметтiң 2002 — 04 ж. арналған iс-қимылдар жоспары (2002) және соның негiзiнде әзiрленген 2003 — 05 жылдарға арналған республикалық бюджеттiң болжамдық көрсеткiштерi (2002) экономика үшiн негiз ретiнде басшылыққа алынып отыр. Негiзгi мақсат — бәсекелестiк қабiлетi күштi экономика құру, жалпы iшкi өнiмдi 2002 жылмен салыстырғанда 2 есе көбейту. Мұндай iлгерiлеуге стратегиялық салаларды — мұнай-газ секторын, энергетика мен агро-өнеркәсiптiк секторды оңтайлы реттеу жолымен қол жеткiзiледi. ҚР-ның 2003 — 2005 жылдарға арналған мемлекеттік агротехникалық азық-түлiк бағдарламасының қабылдануы осыны қуаттайды. Бұл бағдарламада негiзгi басым бағыттар көрсетiлдi, олар: елдiң азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету; агро бизнестiң белсендi жүйесiн қалыптастыру; iшкi және сыртқы рыноктарда ауыл шаруашылығы өнiмiн және оның ұқсатылған өнiмдерiн сату көлемiн ұлғайту; ауыл шаруашылығы өндiрiсiн мемлекеттік қолдау шараларын ұтымды ету. Соңғы екi жылдағы экономикалық өрлеу Қазақстандағы әлеуметтік ахуалға дұрыс ықпалын тигiздi: жұмыссыздық қысқарып, халықтың кедей топтарының үлесi азая түстi. Тәуелсiздiк алғаннан кейiнгi 12 жылдың iшiнде Қазақстанда әлеуметтік, зейнетақы жүйесi, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық реформалары жүргiзiлдi, қызмет көрсету аясы 100% жекешелендiрiлдi, жер реформасын жүргiзу үшiн жағдай жасалды.

Информация о работе Қазақстан Республикасының экономикалық жүйесі