Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2013 в 18:59, реферат
Мұнайдан кейінгі жер асты қазба байлығы саналатын көмір өнеркәсібі елдегі отынның 1/2 бөлігін құрап отыр. Табиғаттың қытымыр қысында әр жанұяны жылытып отыратын көмірдің маңызы зор.
Көмір өнеркәсібі – елдің халық шаруашылығындағы және минералдық-шикізат кешеніндегі базалық салалардың бірі. Ол энергетиканы, металлургияны, химия өндірісін, өнеркәсіптік және коммуналдық қазандықтарды, ауыл шаруашылығын, халықты отынмен қамтамасыз етеді, сондай-ақ қазба көмірді өндіру және өңдеу шараларын да қамтиды. Көмірден түрлі әдістермен шаруашылықтың әр саласына қажетті 350-ден астам құнды заттар алынады.
Кіріспе......................................................................................................................3
1. Қазақстандағы мұнай-газ өнеркәсібі және оның жетістіктері.................4
2. Қазақстандағы көмір өнеркәсібінің көкжиектері.....................................11
Қорытынды..........................................................................................................15
Қолданылған әдебиеттер....................................................................................16
Дербес газдың барланған
қорларын арттырудың шын мәніндегі
мүмкіндігі Каспий теңізінің қазақстандық
секторындағы жаңа кенорындардың, олардың
ішінде ірі кенорындардың да ашылуымен
байланысты. Және де мұндағы өнімді
болып табылатын мезозой
Қазақстанның газға деген потенциалында мұнайда еріген газдардың үлкен маңызы бар, олардың барланған қорлары дербес газдың барланған қорларынан артық. Еріген газдар қорының 85 %-дан астамы Атырау облысындағы Қашаған және Теңіз кенорындарында шоғырланған, сондықтан бұл кенорындарды игеру барысында алынған газды мұнай жатындарына жарым-жартылай қайтадан айдау шараларымен анықталатын технологиялық іс-шаралар жоспарланған. Алайда бұл кенорындардан алынған еріген газдың бүкіл мөлшері жатындарға қайтадан айдалмайтындығы сөзсіз, сондықтан олардың бір бөлігі республиканың ішкі өңіріндегі және экспорттық қажеттіліктерді қамтамасыз етуге жұмсалатын болады.
Пайдалы қазбалардың мемлекеттік балансымен 130 газ кенорны есепке алынған. Олардың ішінде 3 кенорын бастапқы өндірілмек қорларының пайдалы қазба қорларының Мемлекеттік комиссиясының жіктемесіне сәйкес бағаланған мөлшері жағынан ғаламат ірі (300 млрд. м3), екеуі өте ірі (100,1-300 млрд. м3), төртеуі ірі (30,1-100 млрд. м3), сегізі орташа (10,1-30 млрд. м3), он жетісі шағын (3,1—10 млрд. м3), жиырма бесі кішірек (1-3 млрд. м3) және жетпіс бірі өте кішкентай (1 млрд. м3-ге дейін) кенорындарға жатады. Республика бойынша дербес газға 41, еріген газға 44 кенорын игерілуде.
Конденсат Мемлекеттік баланспен 42 кенорында есепке алынған. Олардың 30-ы мұнай-газ-конденсатты, 12-і газ-конденсатты кенорындар. 42 конденсатты кенорынның 18-і игерілуде, 18-і игеруге дайындалған, 6 кенорын барлануда. Қарашығанақ дербес газ тұрғысынан ғана емес, конденсат тұрғысынан да ғаламат ірі кенорын. Қазіргі таңда Батыс Қазақстан аймағында тау шайырлардың 64 дербес шоғыры әртүрлі дәрежеде зерттелген, олардың 18-і барланған, 2 кенорында (Қарамұрат, Иманқара) тәжрибелік өндіру шаралары жүзеге асырылған. Қазақстан Республикасы мұнай өндіру тұрғысынан дүние жүзіндегі ежелгі елдердің бірі болып табылады. Қазіргі таңда көмірсутек шикізаты Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Жамбыл және Қызылорда облыстарында өндіріледі [2].
Республикада табиғи газдың айтарлықтай қоры бар, алайда ол өз қажеттілігінің үлкен бөлігін Түрікменстан, Өзбекстан және Ресей газдары есебінен жабады. Мұның негізгі себебі газбен қамтамасыз етудің әбден қалыптасқан, яғни бұрынғы КСРО-дан мұраға қалған инфроқұрылымы болып табылады, бұл инфрақұрылым газ өндірілетін және газды тұтынатын аймақтардың бір-бірінен қашық орналасуымен, газ құбырларының тармақталған тораптары болмауымен сипаттала отырып, барланған және игеруге дайындалған кенорындарды іске қосу ісіне айтарлықтай дәрежеде кедергі келтіреді. Газ негізінен Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында, азырақ мөлшерде Атырау және Ақтөбе облыстарында өндіріледі. Маңғыстау облысында газ 8 конорыннан өндіріледі, олар - Теңге, Оңіүстік Жетібай, Батыс Теңге, Тасболат, Жетібай, Ақтас, Қарамандыбас және Өзен кенорындары. Республикада өндірілетін газдың негізгі бөлігі (50 %-дан астамы) соңғы жылдары Қарашығанақ кенорнының үлесіне тиіп отыр. Республиканың табиғи газға деген қазіргі таңдағы сұранысы жылына 7-8 млрд. м3.
Сонымен, Қазақстан өте ірі мұнай-газ потенциалына иелік етеді, оның ішінде сұйық және газ түріндегі көмірсутектердің барланған қорының биік үлесімен сипатталады. Мұның өзі мұнай мен газды өндіру деңгейін арттырып қана қоймай, мұнай-газ өндіру өнеркәсібінің шикізат базасын жаңадан ашылған, соның ішінде Каспий теңізінің қазақстандық секторынан табылған жаңа кенорындар есебінен нығайта түсуге де мүмкіндік береді.
2015 жылы тәулігіне 300 мың
тонна (2,3 млн баррел) мұнай өндіру
болжамы мұнай өндіру қарқынын
жылына 5,7 %-ға өсіре отырып, 8-9 жылдан
соң Қазақстанның мұнай
Қазақстан нарығында Қытай
өзінің компанияларымен танылған, бұның
ішіндегі ең бастысы ҚҰ МК-сына тиесілі.
Тиімді бірлестіктін жарқын үлгісі «Петро
Қазақстан» болып табылады. Оның акционерлері
– 2 ұлттың, ҚР және ҚХР мұнай-газ
компаниялары - «КазМұнайГаз» және
«ҚҰ МК». Компанияның өзінің интеграциялануы
арқасында өндіріс сапасын
Технологиялық тұрғыдан қытай
компаниялары - мұнайды барлау, бұрғылау,
қойма мекені мен мұнай мен
газды өңдеу, жемістілігін көтеруде
табысты. Мысалы, ҚҰ МК технологиясының
арқасында геологиялық тұрғыдан
күрделі болып табылатын
Сонымен қатар, ілеспе газды пайдаға жарату жұмысы жүргізілуде. Мәселен, Қызылорда облысында «Петро Қазақстанның» Оңтүстік Торғай бассейніндегі мұнай орнында ілеспе газды пайдаға жарату жобасы өз уақытында жеміс бермекші. Бүгінгі күні Қызылорда өңірінде 160-тан аса факел сөндірілген.
Ақтөбе облысы Жаңажол аулындағы 2 жаңа газ өңдеуші зауытты салу мен ескі зауытты жаңарту жұмысына 600 млн доллар жұмсалды.
Қазақ-Қытай серіктестігінің нәтижесінде жүзеге асырылған ірі жобаларға газ өндіруші зауыттарын, Мұнай магистралі мен газ құбырларын жатқыза аламыз. Жақын арада 2733 км алатын Түркістан мен Хоргос арасында магистральді газ құбыры жүргізілмекші. Оның 1304,5 км-і ҚР-да жатады. Қытайға шығаратын газ көлемі шамамен 30 млрд м 3болмақшы (40 млрд м 3-қа дейін).
Айта кетерлік тағы бір жағдай, газ құбырын салудағы «ҚазСтройСервис» компаниясымен бірлесіп істелген жұмыста, бір жұмыс ауысымында 262 шва құбыр дәнекерленіп, әлемдік рекорд жасалды. Бұл жетістік құбыр салушы компаниялардың халықаралық ассоциация каталогында ресми түрде тіркелген. Оның алдындағы рекордта осы бірлестікпен 2010 жылғы Атасу-Алашанкоу мұнай құбырын салуда жасалған болатын. Шикізат өнімімен ғана шектелмей, Қазақстан Қытаймен серіктестігін ары қарай күшейтуді көздеп отыр [4].
Қазақстанның шикізат
өнімі мен квалификациясы машина
құрастыру, металлургия, азық және текстильдік
өндіріс, көлік және логистикалық қызмет,
құрылыс материалдарын шығару сияқты
салаларда жеміс алу
Мұның бәрі де екі елдің арасындағы серіктестіктің үлкен мүмкіндігі мен тиімді жұмысын айқындай отырып, шын мәнінде стратегиялық масштаб пен мінез қалыптасуы мүмкін екенін көрсетеді. Екі жақтыңда қызығушылығы мен мақсатын, талабын орындап, екі жақтық пайда тең дәрежеде болуының қамтамасыз етілуі өте маңызды. Үлкен жоба да бір күні өз мәресіне жетпейді ме? Кімнің жерінде жүргізілгеніне қарамастан, болашақ алдында оның экономикалық, саяси, экологиялық, қоғамдық әсері үшін екі жақта бірдей.
Жоғарыда келтірілген
өте маңызды қорытынды
2. Қазақстандағы көмір өнеркәсібінің көкжиектері
Көмір халық шаруашылығы
мен өнеркәсіп кешенінде
Қазақ жерінде көмір өндіру
ісі ерте замандарда пайда болғаны
белгілі. 1833 жылы Аппақ Байжанов мал
жайып жүріп, Қарағандыда алғаш
рет «отқа жанатын қара тасты»
кездейсоқ тауып алғанын
1990 жылы елімізде 131 млн. тонна
көмір өндірілсе, 1997 жылы өндірілген
көмірдің көлемі 72,6 млн. тоннаны
құрады. Ал 1990-1997 жылдары елімізде
көмір өндіру деңгейі 44,6 пайызға
дейін құлдыраған еді.
Еліміз егемендік алып елдің барлық өндірісі өз қарамағымызға толықтай өтті. Дегенмен қиыншылықтар да аз болмады. Мәселен, 1990-97 жылдары дағдарыс белең алып, елде көмір өндіру көлемі 44,6 пайызға құлдырады. Нарықтық экономикаға көшудің өтпелі кезеңіндегі қайта құру барысында көмір өнеркәсібі саласындағы мұндай дағдарыстың өзіндік обьективті себептері болды.
Елдегі көмір кәсіпорындарының басты сипаттамалары сандық көрсеткіштер болған соң, сапаға назар аударылмады. Жаппай мемлекеттік меншіктен жекеше, ұжымдық, аралас қолдарға өте бастады. Көптеген шахталар жабылды. Осы саланы мемлекет тарапынан қаржыландырудың тоқтатылуына, төлемнің төленбеу дағдарысына байланысты, салаға жекеше және сыртқы инвестициялар тартуда қиындықтар туды. Экономиканы дамытудың жаңа басым бағыттарын белгілеуде және экспортқа бағдарланған салаларды басым дамытуда, көмір өнеркәсібіне жіті назар аударылмады. Тек саланың жағдайы 1999 жылдың 2 жартысынан бастап жақсара бастады.
Көмір өндіру көлемінің өсу қарқыны (58,2 млн тонна) 1999 жылмен салыстырғанда, 2000 жылы (74,8 млн тонна) 28,5 пайызға өсті. 2001 жылы көмір экспортының жалпы көлемі 27 млн тоннадан асып түсті. Көмір өнімін шетелге экспорттау ұлғайып, отандық көмірді Румыния, Польша, Эстония сияқты елдер тұтына бастады. Қазіргі кездегі өндірістік әлеует республиканың шетелге шығарылатын көмір көлемін 30-35 млн тоннаға жеткізуіне мүмкіндік береді. Соңғы жылдары Шұбаркөл, Шөптікөл, Қаражыра кеніштеріндегі сапалы көмірдің үлесін молайту есебінен өндірілетін көмірдің құрылымын жақсартуға мүмкіншілік туды.
Тәуелсіздік жылдары Қарағанды
көмір алабында көмірді ашық және
жерасты тәсілдерімен өндірудің
арақатынасы айтарлықтай
Нарықтық экономика жағдайында «Богатырь Аксес Көмір» Қазақстан-Американ компаниясы құрылып, «Богатырь» кенжармасы соның қарамағына берілді. Екібастұз көмір алабының елдің отын-энергетика балансындағы рөлі арта түскендіктен Үкімет «Екібастұз көмірі» бағдарламасы мен «Екібастұз тас көмір алабын игерудің кешенді жобасы» әзірленгені белгілі. Бұл бағдарламалық құжаттар жер қойнауының ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етуге, көмір өндіру көлемін Қазақстан тұтынушылары мен экспорттың қажеттері деңгейіне дейін жеткізуге, өткізу рыноктарын сақтауға бағытталған болатын. 2011 жылы көмір экспортының жалпы көлемі 27 млн. тоннадан асып түсті. Көмір өнімін шет елге шығару аумағы кеңейтілді, Тәуелсіздіктің арқасында Қазақстан көмірін Румыния, Польша, Эстония тұтына бастады. Қазіргі таңда елімізде өндірілген көмірдің 30-35 млн. тоннасы жыл сайын сырт елдерге экспорттайтынын айтуға тиіспіз. Соңғы жылдары Шұбаркөл, Шөптікөл және Қаражыра кеніштері пайда болып, елімізде сапалы көмірдің үлесі молайа түскен. Қазіргі таңда Қазақстанда 100-ден астам көмір кеніштері орналасқан, олардың қоры 176,7 млрд. тоннадан асады. Соның ішінде барланған көмір қоры – 38,63 млрд. тонна болса, бүгінде өндіруге жарамды көмір қоры 34,1 млрд. тоннаға жетіп отыр. Тас көмірдің негізгі кеніштері ретінде Қарағанды, Екібастұз алаптарын атауға болады. Осы ретте кокстелген көмір Қарағандыда өндірілетінін және оның үлесі 50 пайызды құрайтынын айта кетуіміз керек. Кокстелетін көмірдің жалпы қоры 6,12 млрд. тоннаға тең. Олар, негізінен, А+В+С1 (5,82 млрд. тонна) және С2 (0,31 млрд. тонна) санатына жатады. Елімізде көмір қорлары мынадай тәртіппен орналасқан. Шығыс Қазақстанда 4,5 млрд. тонна (3,04 млрд. тоннасы барланған), Батыс Қазақстанда 2,9 млрд. тонна (1,79 млрд. тоннасы барланған), Солтүстік Қазақстанда 81,8 млрд. тонна болып жіктеледі. Бүгінде еліміздің көмір өндірісінде 62 кәсіпорын табысты жұмыс істеуде. Осы ретте Үкімет «Көмір өнеркәсібін дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын» қабылдаған. Бұл құжатта көмір өндіру көлемін 2012 жылғы 98,90 млн. тоннадан 2020 жылы 158,35 млн. тоннаға дейін жеткізу көзделген. Өндіру өсімі көрсетілген кезең ішінде 59,45 млн. тонна көмірді немесе 60,1 пайызды құрайды. Жаңа тұжырымдама еліміздегі көмір өндіру ісіне жаңа деңгейге көтеріп, ел ырысын арттыратыны анық.
Қорытынды
Сонымен, қорытындылай келе, Қазақстанның басты өндірістері – мұнай-газ және көмір өндіру саласына талдау жасадық. Басты деректерге тоқтала кетсек, Қазақстандағы ең бірінші мұнай 1899 жылы Орал-Ембі алабындағы Қарашүңгілден игерілді. Ол жердегі тереңдігі 40 метрлік үңғыдан мұнай фонтаны атқылап, теулігіне 25 тонна мұнай береді. Алғашқы кезде мұнайды арнайы қазылған шұңқырға жинаған. Мұнайды Самарадағы мұнай өңдеу зауытына жеткізу үшін алғашқы кезде түйені пайдаланған. 1915 жылы Қазақстандағы ең бірінші мұнай құбыры Ракушечная айлағына дейін салынды. Ол жерден мұнай баржаға жүктеліп, Каспий теңізі одан ары Еділ өзені арқылы тасымалданды.
Информация о работе Қазақстандағы мұнай-газ және көмір өнеркәсібі