Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2013 в 16:12, реферат
Қазіргі қоғамда үш дәстүр — бұқаралық қоғам, бұқаралық мәдениет және бұқаралық медиа үстем етіп отыр. Бұқаралық дәстүр мен қоғамдық қозғалыс күшіне енген дәуірде БАҚ-тың рөлі мен оның даму бағдары қандай болмақ? Өркениетті елдерде мынандай ақпараттық заңдылық айқындалуда: 1. Бұқаралық ақпараттың саны да, оның атқаратын қызметтері де көбеюде; 2. Оның ұғымдары мен ұстанымдары туралы түсініктер мен көзқарастар сала-салада ауқымдалуда; 3. Информация мен коммуникативті қызметтердің адам мен қоғамның әр жағына әсер етер сапалық көрсеткіштері де өсуде.
Қазіргі қоғамда үш дәстүр — бұқаралық қоғам, бұқаралық мәдениет және бұқаралық медиа үстем етіп отыр. Бұқаралық дәстүр мен қоғамдық қозғалыс күшіне енген дәуірде БАҚ-тың рөлі мен оның даму бағдары қандай болмақ? Өркениетті елдерде мынандай ақпараттық заңдылық айқындалуда: 1. Бұқаралық ақпараттың саны да, оның атқаратын қызметтері де көбеюде; 2. Оның ұғымдары мен ұстанымдары туралы түсініктер мен көзқарастар сала-салада ауқымдалуда; 3. Информация мен коммуникативті қызметтердің адам мен қоғамның әр жағына әсер етер сапалық көрсеткіштері де өсуде.Информациялық дәуірдің және оның коммуникативті сипаттамасының ерекшеліктері қарқындауда. Бүгінгі таңда информацияны екі деңгейде — әлеуметтік-мәдени жаңғырудың және әлеуметтік субъектілердің арақатынасының жүйелі тәсілі ретінде қабылдау қалыптасқан. Ал бұқаралық медиа саясаттың қуатты құралына, идеологияның кең таралған көрсеткішіне, әлеуметтік-мәдени практиканың жалпылама түріне айналуда. Қысқасы, ол адам іс-әрекеті мен өркениеттің барлық саласында шешуші стратегиялық факторға айналуда. Батыста тіпті «информацияны кім иемденсе, билік сонда» (3.Ж.-Ф. Лиотар) деген пікірде кең таралған. Тегін айтылмаған сөз.Себебі БАҚ адамның өмірлік кеңістігінің қалыптасуына ықпалын арттыруда. Ал кезкелген адам қазіргі БАҚ-ң ықпалын күн санап тереңірек әрі саралап сезінуде. Сезімталдық қос заңдылықты айқындауда: 1. Адамның ұнату қабілеті жаңғырған, күшейген және кеңейген сайын БАҚ жүйесінің реттеуші және бақылаушы рөлі шектелінуде; 2. ¬Өзінің ішкі дүниесін ұйымдастыратын, үйлестіретін, ұстайтын адам ақпараттың шашыранды ықпалына ұрына бермейді. Содан әр әлеуметтік орта мен идеялық жүйеде басқа коммуникативті-мәдени жағдайдың қалыптасуы, сыртқы насихаттық ықпалдың күшеюі аңғарылады. Осыдан ХХ ғ. ортасында Г. Лассуэл: «бұқаралық коммуникацияның негізгі функциясы — ортаны бақылау, қоғамның түрлі бөліктерін реттеу және әлеуметтік-мәдени мұраны жеткізу» деген тоқтамды ұсынды (1).