Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Декабря 2013 в 18:48, реферат
Экономикалық теория классикалық мектебінің негізін қалаушы Адам Смит пен Рикардоның ойынша, тауар құны оған жұмсалатын еңбектің мөлшерімен анықталады деп есептеген. Адам еңбегі тауар құнының субстанциясы, қайнар көзі. Сондықтан да классикалық мектептің өкілдері еңбектің құн теориясының негізін қалады. Оны кейіннен К.Маркс дамыта түсті. Егер К.Маркс өзінің барлық зерттеуін тауардың еңбек құнын талдауға арналса, Батыс елдердегі экономикалық ойдың өкілдері: мейлі либерализм, неолиберализм, кейнстік, неокейнстік, радикализм – барлығы дерлік бағаның шығуын зерттеді.
І. Баға құрылымы
1.1. Бағаның қалыптасуындағы теориялар
1.2. Бағаның мәні мен атқаратын қызметтері
ІІ. Бағаны тұрақтандырудың модельдері
2.1. Бағаны мемлекеттік реттеу
2.2. Баға, сұраныс және ұсыныс
ІІІ. Қазақстан Республикасының баға жүйесі
3.1. Бағаны тұрақтандырудың Қазақстандық аспектілері
Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақстан өз тәжірибесінде көптеген баға тұрақтандыру мәселелеріне байланысты басты сұрақтардың шешімін тиімді етіп шешіп келеді және шешу үстінде. Осы тұрғыда мемлекет баға тұрақтандыру шараларын қалыптастырып үлгерді.
· Банкноталарды монополиялы түрде эмиссиялау;
· ақша-несиелік қатынастарды реттеу;
· сыртқы экономикалық қатынастарды жүргізу;
· банктердің қызметін жүйелеу;
· үкімет тарапынан бағаны қадағалау және т.б..
Ақша-несиелік саясат жүргізу үшін мемлекет заңды бекітілген құралдары мен операциялар арқылы жұмыс жасауда, олар: қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемелері, банкілерге қойылатын резервтік талаптар нормативі, қысқа мерзімді ноталардың шығарылымы, ашық нарық операциясын жүргізу, кредиттік және депозиттік операциялар, вексельдерді қайта есепке алу және т.б.
Оларды пайдаланудың тиімділігін республикада 2001-2004 жж. қалыптасқан инфляция деңгейімен (6,4-6,8%) шамалауға болады.
Сонымен қатар болашақта
артық өтімділікті «
Институционалдық жағынан қарасақ несие жүйесі валюта қаржы мекемелерінің кешені, оны мемлекет экономиканы реттеп атқару үшін белсенді пайдаланады. Ақша-несие жүйесі қоғамдық ұдайы өндірістің барлық механизмін қамтып, өндірістің шоғырлануы мен капиталдың орталықтануын күшейтіп, бос ақша қаржыларын елдің экономикасына қолдануға септігін тигізеді.
Қазіргі нарықтық экономикада зейнеткерлер қоры, сақтандыру компаниялары, өзара қорлар, инвестициялық банктер, ипотекалық банктер, қарыз сақтау ассоциациялары және т.б. осы сияқты арнаулы қаржы несие институттары ерекше орын алады. Көп көлемде ақша ресурстарын шоғырландырған бұл институттар капиталды тиімді орналастыру және қорлану процесіне белсене қатысады.
Мемлекет өзінің ішкі экономикасын біршама тұрақтылықта дамытуда. Бағаны тұрақтандыру әр қашаан алдын ала өз жоспарлары арқылы есептелінетін елдің экономика саласындағы ұтымды қадамдарымен қамтамасыз етіледі. Осы орайда баға мен елдегі инфлиясия шараларының арасындағы байланыстарды жүйелі түрде шешу мен мемлекеттің игілігіне қызмет жасауын қадағалау негізгі бағыттардың біріне саналады.
Халықаралық ақшалай талаптар мен міндеттемелерді мемлекеттік реттеумен байланысты бейнелейтін және жекелеген елдің немесе барлық
елдің төлем қабілетін сипаттайтын - халықаралық өтімділік валюталық жүйенің элементі болып табылады. Халықаралық валюта өтімділігінің құрылымына шетел валютасы, алтын, Халықаралық валюталық қатынастарға резервтік позиция, СДР және ЭКЮ-дағы шоттар кіреді. Аймақтық валюталық жүйелердің пайда болуының себептерінің біріне, жаңа валюталық орталықты құру және оны дүниежүзілік валюталық жүйе аумағына қосу жатады. Аймақтық валюталық жүйе - валюталық бағамдардың ауытқуын азайту және интеграциялау процессті ынталандыру мақсатында бірлестікке мүше елдердің валюталық қатынастарын мемлекеттік-құқықтық ұйымдастыру формасының және экономикалық интеграция негізінде валюталардың қызмет етуімен байланысты қалыптасатын қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады.
Мемлекеттің валюта ресурстары былайша пайдаланылады:
1) Ұлттық банк: "валюталық басқыншылықтарды" - елдегі тұрақты ақша айналысын қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттің стратегиялық жоспарлармен анықталатын, реттелетін деңгейде ұлттық валюта бағамын қолдап отыру мақсатында валютаны сатуды жүзеге асыру үшін; Ұлттық банктің қарыздары мен басқа міндеттемелері бойынша есеп айырысу үшін;
2) Қаржы министрлігі: қарыздар
туралы келісімшартпен
3) Үкімет органдары: мемлекеттік қажеттерді - тауарлар мен көпшілік қолды бұйымдарды импорттау жөніндегі орталықтандырылған сатып алуды қанағаттандыру үшін;
4) Басқарудың жергілікті органдары - коммуналдық шаруашылықтың, өндірістік емес сфераның қажеттіліктерін, аймақтардың жергілікті инфрақұрылымын дамытуды, халықтың түрлі елеулі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Ашимбаев Т.А. Экономика
Казахстана на пути к рынку:
тенденции и размышления.
2. Берденов Қ. Қазақстан мемлекет ретінде қалыптасуы мен экономиканың дамуы. – Алматы, 1998 ж. – 216 б.
3. Воловой В.В. Политэкономия. М, 1999.
4. Елемесов Р. Переходная
экономика: проблемы
5. Ермекова Э.М. Состояние
и перспективы развития
6. Информационно-статистический сборник «Казахстан: 2003-2004годың, Алматы, Агенство РК по статистике.