Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2013 в 10:43, лекция
Бүгінгі таңдағы, шаруашылық субъектілердің өз еркімен өндірістік бағдарламаларын, өндірістік және әлеуметтік даму жоспарларын дайындай кезінде, баға саясаты аясында стратегияны анықтау жағдайында, ондағы қабылданған басқарушылық шешімдеріне басшылардың жауапкершілігі ерекше артып отыр. Бұл жағдайда, яғни шаруашылық субъектілердің әртүрлі меншік нысандарына жекеленуі, мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру процесінің дамуы, өндірілетінөнімнің ассортиментін өз бетінше жоспарлау мен еркін баға белгілеу механизмін енгізуі, нарықтық экономиканың басқа жақтарын дамытуда басқарушы есепке біртіндеп қажеттілігі артып келеді.
1.Басқару есебінің мағынасы, оның мәні, мақсаттары және міндеттері.
2.Басқару және қаржылық есеп жүйелерінің салыстырмалы сипаттамасы.
3.Шешімдер қабылдаудағы басқару есебінің ролі.
Басқарушы есеп – бұл басқару шешімдерін қабылдау үшін ақиқат (релевнттық) ақпараттарды беру. Немесе басқа сөзбен айтқанда: «Басқарушы есептік жүйе, ол басшылықтың алға қойған мақсаттарына қол жеткізу үшін қажет мәліметтерді ұсыну және жинақтау жүйесі болып табылады». Сондай-ақ, басқа да, ғылыми сипатта емес бірқатар сөзбе-сөз үзінділерді келтірейік: «Басқарушы есеп – ұйымдардың қызметтерін өзіндік басқару, бақылау және жоспарлау үшін қолданылатын, тек бір тұтас ұйымның аясында, оның басқарушылық аппаратын, ақпаратпен қамтамасыз ететін бухгалетрлік есептің ішкі жүйесі».
Басқарушы есеп – шаруашылық қызметтерінің нәтижелері бойынша басқарылатын әрбір объектілердің есептік жүйесі, жоспарлауы, бақылауы мен шығындары туралы мәліметтерді талдауы болып көрінуі, осының негізінде ұзақ және қысқа мерзімді перспективада кәсіпорынның қаржылық қызметінің нәтижесін оптималдандыру мақсатында әр түрлі басқарушылық шешімдері жедел қабылдау.
Барлық жоғарыда келтірілген «басқарушы есептің» анықтамалары таза «есеп» тұрғысынан қарауды негіз етіп санайды, «басқару» термині емес, сондықтан мұнда анық және маңызды ажыратуды жүргізу қажет. Осындай ажыратулар өндірістік пен басқарушы есепке де керек. Ажырату барысында жіберілген қателіктерді Рэй Вандер Вил, В.Ф. Палий бірден байқады да, және оны олар былай деп пайымдады: «блұ айырмашылықты сезудегі қабілетсіздіктің арқасында басқарушы есеп жүйесін пайдалану талпыныстары кезінде менеджерлердің жіберген көптеген сәтсіздіктерінің терең себеп-салдары болып табылады».
Әдетте, «басқарушы есеп» терминнің шешуші сөзі етіп «есеп» саналғанда, келесі жағдайлардың жүйелілігі байқалады. Бірінші кезекте, бұл жүйесі пайдалану кезінде өте үлкен көңіл цифрларға бөлінеді. Екіншіден, мақсаттың қойылу процесі сандық өлшем арқылы соқыр тиісті міндеттердің тізбесін жасауды талап етеді. Мндай міндеттер, кәсіпорынның алдына қойылған мәселелерді шешу үшін, қажет болатын алдын ала шараларды орындамай, әдетте түк те емес нәрселерден ойластырады. Нәтижесінде менеджерлер үнемі қолынан шығып кететін баластанбаған және үйлестірілмеген мақсатты міндеттердің тізбесі пайда болады.
Отандық және шетелдік зерттеулердің
талдауы бізге мынадай
Бұл анықтама, біздіңше, жүйе ретінде, сондай-ақ ерекше ішкі жүйе ретінде кәсіпорындарды басқарудағы иерархияның барлық деңгейіне қолайлы.
Басқарушы есептің мәнін сипаттай келе, оның маңызды ерекшелігін, яғни оның басқару процесін есептік процеспен байланыстыратындығын ерекше атап өту керек. Басқарудың барлық циклдық процесінде көрініс табатын басқарушы есебінің объектілерінің жиынтығын оның пәні деп атайды. Басқарушы есеп пәні болып ұйымдардың жалпы және оның жекелеген құрылымдық бөлімшелеріндегі өндірістік қызметі болып табылады.
Бұл арада кәсіпорынның өзі басқарушы есептің пәні ретінде, сондай-ақ оның (басқарушы есептің) сыртқы ортасымен өгеше қатынастырамен байланысты болатын өте күрделі ашық әлеуметтік-техникалық жүйесі ретінде көрінеді. Табыс табу мен басқа мақсаттарға қол жеткізу үшін, кәсіпорындарға сырттан келіп түсетін сұранысты қанағаттандыру үшін, игіліктерді (тауарлар мен қызмет көрсетулер) өндіреді. Одан басқа, біз «ішкі жүйе» деп атайтын кәсіпорындардың потенциалдық элементтері (персонал мен өндіріс құралдары) объектілермен өзара әрекеттеседі.
Бұл әрекетке материалдық және материалдық емес, нақты және номиналды игіліктерді (ақшаларды) жинақтау, беру, қайта өңдеу, алумен байланысты процестер жатқызылады. Көбінесе нақты игіліктер – осылар әрекет ететін объектілер – кіретін және шығатын элементті кіргізетін болса, онда олардың арасында ақпараттық, тауарлы (материалдық), сондай-ақ ақшалай ағындар пайда болады. Бұл ағындар кәсіпорын арқылы өтеді де және сыртқы ортамен байланыстырады. Ақпараттық ағындар ішінара тауарлы және ақшалай ағындарының қатысуынсыз жүреді. Тауарлар ағынын және басқа нақты ағындары, сондай-ақ ақшалай ағындары ақпараттық ағындаркмегімен басқаруға болады.
Тікелей қаржылық сипатқа ие шаруашылық операциялар (бағалы қағаздармен операциялар, мүлікті сату немесе сатып алу, жалға және лизингтік операциялар, еншілес және тәуелді қоғамдарға инвестициялар және т.б.) басқарушы есептің пәні аясынан шығып кетеді.
Қазіргі кезде басқарушы есеп пәнінің анық анықтамасы жоқ. Бұл мәселені шешу мүлдем қазііргі есеп жүйесін бөлшектеу және оның батыстық үйлестікке ауыстыруды білдірмейді. Ол теориялық та, практикалық та тұрғыда мүмкін емес. Мәселе есеп объектісінің аясын табиғи ұлғайтумен байланысты күрделі өзгерістер төңірегінде өрбиді, қолданыстарғаикемділік беру және жаңа есеп әдістемесін енгізу, шаруашылық процестерін басқаруда бухгалетрдің алатынорнын өзгерту.
Басқарушы есеп іс жүзінде басқару процесін есеп процесімен байланыстырады, өйткені олармен бірдей объектілері бар:
Кестеде келтірілген объектілер ауқымды сипатқа ие және оны бірінші топқа жатқызады. Мұнда тікелей басқарушы есептің арқасында ғылыми-техникалық прогрестің осы және басқа да бағыттың мақсатқа сәйкестігі мен дәлелділігі анықталады, сондай-ақ олардың тәжірибеде іске асырылу механизмі дайындалады.
Ал басқарушы есептің
Басқарушы есептің басқа да объектілерінің топтамасы таңдап алынуы мүмкін, бірақ кез келген жағдайда ол басқарудың негізгі мақсатарына жауап беру керек. Басқарушы есеп жүйесінде оның объектілері белгілі бір ерекше көрініске ие болады. Ең алдымен, өндіріс ресурстарының жағадйы, қозғалысы бойынша және олардың шаруашылық қызметінің процесінде мақсатқа сай пайдалануы көрініс табады.
Бұл кезде басқарушы есепте әр түрлі әдістер мен тәсілдер қолданады:
Пәннің мазмұнын ашатын тәсілдер мен әдістердің жиынтығы басқарушы есептің әдістері деп аталады. Әдістің барлық элементтері бір-бірінен әрекет етеді, ал шаруашылық байланысын йымдастыру жүйесі, басқару мәселелерін шешуге бағытталған, және сонымен қоса бақсарушы есептің тәсілі ретінде, ақпараттарды жүйелі жедел талдауы көрсетеді.
Жоғарыда айтылғандай, бақсарушы есептің дамуы өндірістік, калькуляциялық есептің негізінде орын алды. Сондықтан оның негізгі мазмұнын калькуляциялау мен өндіріс шығындарының есебі құрайды.
Кесте. Басқарушы есептің элементтерінен тұратын ғылыми-техникалық процестің негізгі бағыттары.
Кәсіпорынның потенциалының
|
Ғылыми-техникалық ҒТП-нің объектілері |
Басқарушы есеп пен ғылыми-теникалық прогрестің жетістіктерін жүзеге асыру салалары | |
Өндіріс саласындағы ҒТП-нің |
Басқару және басқарушы есеп саласындағы объектілері | ||
1. Өнімді жетілдіру |
Инвестициялық жобалар, өнім және қызмет |
Басқарушы шешімдерін, өнімді әзірлеудің әдісті шешімдерін әзірлеу және т.б. | |
2. Еңбек құрал-абдығын жетілдіру |
Машиналар механизмдер, монтаждау жабдықтар, көлік және т.б. |
Электронды есептеу техникалық құралдары, ұйымдастыру техникасы (ТБҚ-техникалық басқару құралдар) | |
3. Еңбек заттарын жетілдіру |
Материалдар, конструкциялар, бұйымдар,
инженерлері-технологиялық |
Ақпараттық жүйелер, ақпаратты иеленушілер (тасымалдаушылар) және т.б. | |
4. Еңбек процестерін жетілдіру (технология, ұйымдастыру, жоспарлау, басқару және т.б.) |
Өндірістік процестерді |
Басқаруды ұйымдастыру технологиясын; басқару әдістері мен құрылымдарын таңдау; ақпараттық ағындарын жасау және оларды өңдеу; талдау; жоспарлау; бақылау; басқару шешімдерін қабылдау үшін жобалық шешімдерді типтендіру және үйлестіру |
«Өндірістік есептің негізінде бақсарушы есеп жүйесі келіп шықты», - деп Вахрушина М.А. тектен текке айтпаса керек.
Бүгінгі күні өндірістік есеп өндіріс шығындарын бақылуа, артық шығындардың есептерін алдағы кезеңдермен, сметалармен, болжамдармен салыстыра отырып талдау жасау, сондай-ақ үнемдеудің мүмкін резервтерін анықтауды талап етеді. Ол шаруашылық субъектінің өнімін өндіру және өткізумен байланысты баролық процестері анық және толық көрсетуі керек. Қазіргі кездегі өндірістік есептің негізгі тараулары болып мыналар табылады:
Шығындардың түрлері бойынша есебі есепті кезеңде өнімді өндіру (жұмыс жасау, қызмет көрсету) процесінде шаруашылық субъектіде қандай шығындар топтарының орын алғанын көрсетеді.
Олардың шығу орындарына байланысты шығындар есебі, қажетіне жұмсалған шығындардың мөлешерін арасында, оларды бөлуге мүмкінді береді.
Тұрақты иеленушілер (тасымалдаушылар) бойынша шығындар есебі қандай да бір нақты өнім бірлігін өндіру немесе белгілі бір тапсырысты орындаумен байланысты барлық шығындарды анықтауды жорамалдайды.
Сөйтіп, тек қана ндірістік есептің аясында өнім бірілігінің өзіндік құнын, оған келетін табыс пен рентабельділік деңгйеін есептеудің түседі.
Шаруашылық қызметті басқарудың күрделі
және кещенді процесс болып
Басқару талаптарына жауап беретін есеп жүйесі өте күрделі (қиын) және де көптеген процедуралардан тұрады. Оған қоса басқарушы есеп жүйесінің элементтерінің құрамы басқару мақсаттарына тәуелді болып келеді. Бұл арада, жалпы қабылданған қағидаларға, шаруашылық субъектісінде ұйымдастырылған кез келген есептің жүйесі, (оның ішінде басқарушы есепте) жауап керек.
Басқарушы есептің қағидаларының қатарына мыналар жатады: шаруашылық субъектінің үздіәксіз қызметі; жоспарлау мен есептеуде (жоспарлы-есептік) біртұтас өлшем бірлікті пайдалану; шаруашылық бөлімшелерінің қызметінің нәтижесін бағалау; басқару мақсатында алғашқы және аралық ақпараттардың сабақтастығын сақтап және бірнеше рет қайталап пайдалану; басқару деңгейілерінің арасында коммуникациялық байланыстың негізі ретінде ішкі есеп беру көрсеткіштерін қалыптастыру; шығындарды, қаржыны, коммерциялық қызметтерді басқарудың бюджеттік (сметалық) әдісін қолдану; есептің объектілері жнінде толық ақпараттарды камтитын толықтылық пен аналитикалығын арттыру; есептік саясатта белгіленген шаруашылық субъектілердің ндірстік және коммерциялық циклдарын көрсететін мерзімділігі және т.б. осы сияқтылар. Аталған қағидалар жиынтығы басқарушы есеп жүйесінің әрекеттілігін қамтиды, бірақ ол оның есептік процесін үйлестірмейді.