Білім әлеуметтануы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2015 в 18:38, реферат

Описание работы

Қазіргі өркениетте білім әлеуметтік институттардың арасында алдыңғы қатардағы орындардың бірінде тұр. Қоғамдағы технологияның, экономиканың, саяси прогресстің қарқыны, мәдениеттің жағдайы,адамның аман-есендігі білімнің сапасына шешуші тұрғыда тәуелді болып келеді. Білім әлеуметтануы – келеңсіз тенденцияларды жоюға көмек көрсететін және қазіргі адамның мәдениетіне ықпал ететін жаңа күштерді іздестіретін ғылымдардың бірі.

Файлы: 1 файл

Білім әлеуметтануы.docx

— 14.72 Кб (Скачать файл)

Білім әлеуметтануы

Қазіргі өркениетте білім әлеуметтік институттардың арасында алдыңғы қатардағы орындардың бірінде тұр. Қоғамдағы технологияның, экономиканың, саяси прогресстің қарқыны, мәдениеттің жағдайы,адамның аман-есендігі білімнің сапасына шешуші тұрғыда тәуелді болып келеді. Білім әлеуметтануы – келеңсіз тенденцияларды жоюға көмек көрсететін және қазіргі адамның мәдениетіне ықпал ететін жаңа күштерді іздестіретін ғылымдардың бірі. Білім әлеуметтануы нені зерттейді? Оны қызықтыратын саланы қысқаша түйіндеп айтар болсақ, онда оның білімді әлеуметтік-мәдени институт ретінде, оның генезисін, өмір сүруін, құрылымын, ұйымдастыру тәсілдерін, білім беру саласының әлеуметтік құрылымы динамикасын, осы саланың басқа қоғамдық институттармен және адам өмірінің өзге де салаларымен өзара әрекеттерін зерттейді. Білім әлеуметтануының обьектісі қызметін білім жүйесі және ол туралы ақпарат атқарады. Ал осы саланың пәні жөніндегі анықтама белгілі бір пікір тартыстарын туғызады.Оқу адам өмірінің үлкен кезеңін қамтиды, оның жемісті шығармашылық жылдарын алып қояды. Орта деңгейлі кәсіби мамандыққа талпынған жас адам он үш жыл оқуы тиіс, ал жоғары білікті мамандық алу үшін оның оқуының мерзімі жиырма жылға жетеді. Оқу - адамның білім саласындағы негізгі әректінің түрі. Оқушының бүгінгісімен ертеңі, білім саласындағы әрекеттердің барлық факторлары, түптеп келгенде, оқу қызметінің мазмұны мен анықталады. Әдебиеттерді оқу процесін белгілеу үшін мынандай терминдер қолданылады: оқу, білім беру, ғылым, білім және т.б. Бәріне ортақ ұғым ретінде «оқу»түсінігі алынған. Оқу термині басқа да мазмұнда да айтылып, тек білімді меңгеруді білдіріп қана қоймай, белгілі бір білім жүйесін(ғылыми, теория, тұжырымдама) игеруді білдіреді. Ресей ғылымында оқуды «білімді меңгеру ретіндегі» түсінудің теориялық негізін көрнекті психолог С.Л.Рубинштейн қалыптастырған еді. Ол оқу мен ғылыми танымды әртүрлі деп есептеді.Оқу, түптеп келгенде, ерекше жағдайда оқушыларға білім беру мен олардың танымын басқарудағы танымның түрлерінің бірі. Соған сәйкес оқудың негізгі компоненттеріне: талдау, синтез,абстракциялау, «бүкіл таным үрдісінің жалпы бөлгіш» ретіндегі қорытындылау қызметін атқарады. Әлеуметтік өмірде оқу 1) адамның мадениетті меңгеруіне, қоғамдық практикаға, еңбек қызметіне кіруіне қажетті дайындық кезеңі; 2) оқудың фунциялары субьектіде қызметтің мәдени механизмдерін жасауға, яғни қайсыбір социумның мәдени жетістіктеріне негізделген қызмет болып табылады; 3) оқу тәжірибені меңгеруді ұйымдастырады;Орта оқу орнының қалыптасуы мен білім жүйесінің құрылымы.Мектеп - қазіргі білімнің негізгі, базалық институты. Оның өзіне тән функциясы – оқыту. Мектепті ұйымдастыру оқытушылар мен оқушылардың арасында белгілі бір өзара қарым-қатынасты бекіткен және солардан туындайтын басқа адамдармен өзара қарым-қатынастарды бекіткен. Әрбір мектепте оқытудың стандарты бар, оның міндеті оқушыларға белгілі бір деңгейде нақты міндеттерді атқаруға дайындау. Оқытудың басқа формаларынан мектепті әмбебаптық, көп тәртіптілік дайындық ерекшелейді.Білім жүйесінің құрылымы тұрақты элементтердің жиынтығын көрсетіп, олардың өзара әрекеті бүкіл қоғамдағы білім берудің институттық өмір сүруін қамтамасыз етеді. Бұл жүйенің құрылымы білімнің әлеуметтік зерттеу обьектісі ретінде қарастыруға толық мүмкіндік береді.Білім беруде келесі функциональді жүйешелерді бөліп көрсетуге болады:- әр деңгейдегі басқару және үйлестіру;

 


Информация о работе Білім әлеуметтануы