Болашағымыздың нұрлылығы- салауаттылық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2013 в 22:36, реферат

Описание работы

• Салауатты өмір салтын қалыптастыру;
•Адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін ұғындыру;
•Наша, арақ, темекінің зияндылығын көрсету;
•Денсаулыққа пайдалы кеңестер беру;
•Дені сау, шығармашыл, сымбатты, сұлу болуға тәрбиелеу.

Файлы: 1 файл

Салауатты өмір салты.docx

— 147.29 Кб (Скачать файл)

“Болашағымыздың нұрлылығы- салауаттылық”

 Мақсаты:

• Салауатты өмір салтын қалыптастыру;

•Адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін  ұғындыру;

•Наша, арақ, темекінің зияндылығын  көрсету;

•Денсаулыққа пайдалы кеңестер беру;

•Дені сау, шығармашыл, сымбатты, сұлу болуға тәрбиелеу.

 

I. Ұйымдастыру

Бағдарлама:

1. Салауатты өмір салты бойынша не білеміз?

 2. «Ой толғау»

а)  СӨС неден басталады, жеке бас гигиенасын қалай сақтауға  болады, оны сақтау ережесін дайындаңыз

Салқын тиюдің алдын алу  үшін табиғи заттарды калай 

колданып жүруге болады?                 (Пайдалы кеңес)

ә)  Дұрыс тамақтану  ережесін айтыңыз, қалай ойлайсыз адамдар 

неге тамақтанады? Тамақтану  не үшін керек?

б)  «Ішімдік, есірткі, темекі адам өміріне несімен зиян?

Есірткі, темекі, ішімдікті  қолдануға болмайтынын көрсететін

сурет ойлап салыңыз                         (Пайдалы кеңес)

в)  Таза ауада ойнау, спортпен шұғылдану не үшін қажет?  (Пайдалы кеңес)

3. «Жаңа мәлімет»

4.     «Спорт әлемі» 1.    Пантомимо (Спорт түрлерін көрсету)

5. "Денсаулық әлемі" "Өз ойыңша жалғастыр"     

6. Қорытындылау

      1.     Салауатты өмір салты ережелерін қайталайық

      2.     Есіңде болсын

      3.     Біз салауатты өмір салтын ұстанамыз!

 

II. Негізгі бөлім

 

1. Салауатты өмір салты бойынша не білеміз?

                                    Салауатты өмір салты ережелері

Елбасы Н.Ә. Назарбаев  «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында  «Салауатты өмір салты – әрқайсымыздың  дене тәрбиесімен айналасуымызға, дұрыс  тамақтануымызға, тазалық пен сауықтыру  шараларын сақтауымызға бағытталған» деп көрсеткен.

2. «Ой толғау»

  ( Көрсетілген тапсырмалар бойынша оқушылар жауабы тыңдалады, пайдалы кеңес беру)

               Табиғи затпен емделгің келе ме?

               Бал, сәуірдің майы.

   Бұл заттар салқын тиген кезде көп көмектеседі. Салқын тиген кезде кеудедегі қақырықты түсіру үшін қойдың сүтіне бал немесе сәуірдің майын қосып, азғантай тары салып, ысытып ішсе қақырықты түсіреді, дене қызуды басады. Тамақ ауырса, балды жылытып, тамаққа жағып, жауып кояды (компресс). Жалпы дүниедегі суық тиген жерге бал жағып демдеп қойса, суықты сорады. Ауырмай тұрып бал мен сәуірдің сары майын пайдалансаң ауырмайсың, ауруға шалдықпайсың.

  Денім сау болсын десең,                                                      Салауатты өмір  салтын                                                    

Сымбатты болғың келсе,                                                                сақтаңдар,                                       

Зиянды әдеттерден  аулақ болам десең,          }        Болашаққа нық қадам

Ұзақ өмір сүргің келсе                                                                     бастаңдар!     

 

3. «Жаңа мәлімет»        

                      «Игерілетін жұқпалы аурулар»

 

Мысқыл, Оба, Қызылша, Көкжөтел, Полиомиелит, туберкулез, т.б.

 

 Мысқыл – бұл жұқаннан соң 1-12 күннен кейін пайда болатын вирустық жұқпалы ауру. Ауру өте ауыр басталады. Қызу көтеріліп, құлақ айналасы ісіне бастайды.Сөйтіп құлақтың айналасы, жақ асты сілекей бездері де қабынады.

 

Оба-  жұқпалы індет.

Тарихи деректерге сүйенсек обаның дүние жүзінде үш пандемиясы болған. Бірінші пандемия 100 млн. адамды құрбан еткен, екінші пандемия 50 млн., ал үшінші пандемия 25 млн. Адамның өмірін жойған. Табиғатта обамен кеміргіштер аурады., кеміргіштерден басқа обамен қоян, түлкі, борсық, киіктер де ауырып, індеттің көзі болуы мүмкін. Үй жануарлары ішінде обаға маңызы зор түйе. Ауру кеміргіштердің қанын сорған бүргелер адамдарды шағып обаны жұқтырады. Оба ауруы кенеттен басталады, дене қызуы көтеріліп, 39-40 жетеді, басы ауырып, жүрегі айниды, құсады, ұйықтамайды, бұлшық еттері ауырып, әлсіздік пайда болады.

 

Сақтану үшін:

             -Дер кезінде обаға қарсы егілу керек.

            -Ауру аңдардың терісін сыпыруға  болмайды.

            -Індердің үстінде аяқ киімсіз  жүруге болмайды

                 Сақтану жолдарын біліп ал!

 

Қызылша – вирус тудыратын  жұқпалы ауру.

Адамға бұл ауру ауадағы тамшы жолымен, яғни ауру адамның вирусы ауа арқылы жұғады. Оның белгісі 1-17 күн аралығында білінеді. Аурудың алғашқы белгілері дене қызыуның көтерілуі, көзінің қызаруы, жас ағуы, тұмау, жөтелу арқылы байқалады. 3-5 күннен кейін денеде қызғылт дақтар пайда болады. Бұл аурудан сақтанудың ең басты, сенімді тәсілі-алдын ала егудің өз уақытында жүргізу.

 

Көкжөтел – жұқпалы ауру.

Ауру ауа арқылы, ауру адам микробының таралуы арқылы жұғады. Аурудың белгілері 1-2 апта бойы жөтелдің күшеюі болып табылады. Сонан соң жөтел, әсіресе, түнде күшейіп қылшылдатып, жүректі айнытып құсуға ұласады. Бұл жөтел ұзақ уақыт, тіпті бір айға дейін үзілмейді. Аурудың жолы-алдын ала егу жүргізу.

Полиомиелит – қауіпті жұқпалы ауру. Жұғу қоздырғышы вирус болып табылады. Бұл ауру адамнан оның заттарымен-ойыншығы, ыдысы, орамалы, тамақ өнімдері, су арқылы жұғады. Бұл қауіпті аурудан алдын ала егу арқылы ғана сақтануға болады.

Түйінді сөз:

«Мен білетін жалғыз ғана сұлулық бар, ол- денсаулық" Г. Гейне

4. «Спорт әлемі»

                          1. “Пантомимо”  (спорт түрлерін көрсету)

5. «Денсаулық әлемі» 

                               «Өз ойыңша жалғастыр»

    • Әркім өзінің денсаулығының нашарлауына….
    • Денсаулық – адам өміріндегі баға жетпейтін ең..
    • Денсаулықты сақтаудың жолынүйрену әрбір адамның...
    • Денсаулық- адамның өзі көтерілуі тиіс…
    • Денім сау болсын десең-….
    • Денсаулық- адам бақытының бірінші…

 

6. Қорытындылау

   Денсаулық – адам өміріндегі баға жетпейтін ең бағалы дүние. Өмірдің шаттығы мен қызығы денсаулыққа байланысты. «Бірінші байлық- денсаулық”,-деп текке айтпаған.  Денсаулықты сақтаудың жолын үйрену әрбір адамның басты міндеті. Әркім өзінің денсаулығына жауапкершілікпен қарап, оның өмірі үшін маңызды екенін білуі керек. Ауруды ағзаларға жолатпау – адамдардың өз қолында.           

Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол-

салауатты өмір салты екенін ұмытпа.

Есіңде болсын!

Деніңнің сау болуы:

               20% - қоршаған ортадан

               20% - тұқым қуалаушылықтан  

               10%-  мед. қызметтен

               50%-  салауатты өмір салтына  байланысты.

 

 

 

№5 Ғ.Мүсірепов  атындағы орта мектеп

“Болашағымыздың нұрлылығы- салауаттылық”

Сынып сағаты

 

 

 

 

 

 

Атырау-2011 жыл


Информация о работе Болашағымыздың нұрлылығы- салауаттылық