Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2014 в 19:59, реферат
Трансформатор — айнымалы токтың кернеуін жоғарылатуға немесе төмендетуге арналған электр приборы. Үй жағдайында, трансформаторды пайдаланып, электр приборын кернеуі 127 В желілен кернеуі 220 В желіге және керісінше қосуға болады. Егер трансформатор жоғары кернеулі желігеауыстырылып қосылса, онда оны кернеуі 220 В желіге қосуға болмайды. Өйткені одан алынатын жоғары кернеу (380 В-тан астам) транформаторлық және ол арқылы қосылған электр приборларының бұзылуына әкеліп соқтыруы мүмкін. Трансформатор таңдаған кезде оның қуаты электр приборларын бір мезгілде қоректендіруге арналған құрал-жабдықтардың жалпы қуатынан кем болмауын есте сақтаған жөн.
Кірісе
Тарау І. Бірфазалы және үшфазалы трансформаторлар
1.1 Трансформаторлардың қолданылу аймақтары
1.2 Электр энергиясын пайдалану. Тұтынушылардың (жүктемелердің) түрлері, ерекшеліктері.
1.3 Трансформаторларды жұмысқа параллель қосу шарттары
1.4 Бірфазалы трансформаторлар
1.5 Үш фазалы трансформатордың құрылысы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.5 Үш фазалы трансформатордың құрылысы
Қысқа тұйықталу (ҚТ) деп фазалар арасындағы тұйықталуларын, тікелей – және тиімді - жерлендірілген бейтараптамалар тораптарында фазаның жерге тұйықталуын және де электрлік машиналарда орамдық тұйықталуларын айтады.
Сурет – Кернеуі өзгеріссіз шина жүйесінен (шектеусіз қуат көзі) қоректенетін үш фазалы симметриялы тізбек Қалыпты жұмыс тәртібінде және ҚТ кезінде қысқыштарда суретте көрсетілгендей симметриялы және мәні бойынша өзгеріссіз үш фазалық кернеу жүйесі сақталады.
Қысқа тұйықталу кезінде тоқ пен кернеу арасындағы кернеу өзгерді, ал тоқтар артады. Қысқа тұйықталу торапты екі бөлікке бөледі: оң жағы, r1және х1=ωL1кедергілермен, және сол жағы, қорек көзі және ҚТ тізбегінде rк және xк=ωLккедергілері бар.
Тізбектің оң бөлігі ҚТ шунтталады және тізбектегі тоқ индуктивтілікте L1жиналған магнитті өріс энергиясы, активті кедергіде r1бөленітін жылуға өткенше ұсталынып тұрады. Бұл тоқ мәні қалыпты режим тоқ мәнінен артпайды және нөлге дейін ақырын сөніп, қондырғыға қауіп тудырмайды.
Қорытынды
Оқшаулатқыштар тізбектің тоқ жүретін бөліктерін бекіту үшін, оларды жерден және қондырғының басқада бөліктеріннен оқшаулау үшін қолданылады. Сондықтанда оқшаулатқыштың электірлік және механикалық беріктігі жеткілікті болып, ыстыққа төзімді, әрі ылғал өткізбеуі тиіс.
Оқшаулатқыштар станциялық,аппараттық және желілік болып бөлінеді.
Станциялык окшаулаткыштар электр станциялары мен косалкы станцияларының тарату курылгыларындагы шиналарды бекіту, әpi окшаулау ушін колданылады. Олар өз кезегінде тіректікжәне өтпелі болып бөлінеді. Өтпелі окшаулаткышты шиналардың керегеден өтетін жеріне және панажайда, сондай-ак оларды панажайдан шыгатын жерге орнатады.
Аппараттык окшаулаткыштар аппараттардын ток журетін бөліктерін бекітуге арналган. Олардын формасы тіректі және өтпелi болуы мүмкін. Отпелі окшаулаткыштар кұндақпен жабдыкталган аппараттардан ток журетін бөліктерді шыгару үшін, мәселен май ажыраткыштардан күштік трансформаторларды шыгару үшiн колданылады. Қосалқы станциялардың тұтынушылық, аудандық және тораптық түрлері болады. Электр энергияны жеткізіп беру жерлеріне қосу бойынша тұйық, тарамды және транзитті қосалқы станциялар деп бөлінеді. Сонымен қатар трансформаторлық қосалқы станциялар екі, үш, төрт және одан да көп кернеуде жұмыс істеуі мүмкін. Қосалқы станциялардың көбін (80%) 35-220 кВ кернеуінде тұрғызады және де, көбінесе ажыраткышсыз жоғары кернеуде немесе қарапайым сұлбаларда тұрғызылады. Мұндай қосалқы станцияларда трансформатор саны 1-2 ғана болады.
Зауытта дайындалған 35-110 кВ комплектілі трансформаторлы қосалқы станцияны (КТҚС) қолдану ұсынылады. Олардың техникалық мүмкіншілігі, оңтайлылығы, сенімділігі және ептілігі жүктемені динамикалық есептеумен, кешенді бағалаудың тиімділік жолымен таңдап алынады.
Жоғары және орта кернеулі 35-500 кВ түйінді қосалқы станциялар үшін айналма шинасы бар бір жүйесі секцияланған шина-трансформаторлар сұлбасы, көп бұрышты және тізбектегі бір ажыратқыш бар сұлбасы қолданылады.
Екі трансформаторлы және төрт желілі сұлба сенімді және үнемді. Бұл жағдайда желі-шина немесе қиыстырылған төртбұрыш сұлбалары қолданылады.
Қосалқы станцияның төменгі кернеу (6-10) кВ жағында қосарланған шина жүйесі немесе дара секцияланған шина жүйесінің сұлбасы қолданылады. Электр кондыргыларында реакторлар кыска туыкталу тогын шектеуге колданылады.Тізбекке қосылған реактордан кейін ақау болса, онда реактор жинақтаушы шинадағы кернудің белгілі деңгейін сақтайды.Қуатты және жауапты электр жеткізу желісінде жеке реакторлардың қолдануы мүмкін,немесе оларды желілік реакторлар деп атайды.Жинактағыш шинаның екі генератордың арасында тізбектеп қосылған реактор-секциялық реактор деп аталады.Ал егерде,тізбекті реакторлар арқылы бірнеше жүктемелер қоректенсе,онда олар топтық реакторлар болады.
Ректорлардың негізгі түрлері
-Құрғақ оқшауламасы бар реактор(35Кв-қа дейін)
-Майлы оқшауламасы бар реакторлар(35Кв-тан жоғары)
Реакторлардың құралымы:іргесі беттоннан жасалған реакторлар,бұған РБ-10-400,55;РБГ-10-1000-0,14 типті реакторлар.
Іргесі ағаштан жасалған реакторлар,бұған: РД-6-2000,25;РД-10-100-0,3 типті реакторлар жатады.
Реакторлар темірден немесе болаттан жасалынғанын колданбайды себебі электр энергиясының шығыны коп болады.
Реакторлардың негізгі параметріне оның индуктивті кедергісі жатады
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006.
2.Жоғарыға көтеріліңіз Қазақ энциклопедиясы, 8 том
3.Жоғарыға көтеріліңіз Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990
4.Жоғарыға көтеріліңіз Физика: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-Ф49 математика бағытындағы 11 сыныбына арналған оқулық 5.С. Түяқбаев, Ш. Насохова, Б. Кронгарт, т.б. — Алматы: "Мектеп" баспасы. — 384 бет, суретті.
Информация о работе Бірфазалы және үшфазалы трансформаторлар