Өңдеуші өнеркәсіп салалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 12:04, реферат

Описание работы

Өнеркәсіп 3-ке ажыратылады:
1) бұйымдық (дайын өнім өндіру);
2) бөлшектік (дайын өнімді, керекті бөлшек);
3) техникалық (полуфабрикат).
Ауыр өнеркәсіп республикада өндірілетін бүкіл өнеркәсіп өнімінің 75%-ынан астамын береді.

Содержание работы

І.Кіріспе..........................................................................................................3
ІІ.Негізгі бөлім.
1. Өндіруші өнеркәсіп салалары..............................................................4
2. Металлургия өнеркәсіп саласына жалпы сипаттама........................6
3. Машина жасау өнеркәсіп саласының ерекшелігі.............................14
4. Химия өнеркәсібіп саласына сипатама..............................................16
5. Жеңіл өнеркәсіп өндіруші салалары...................................................22
ІІІ. Қорытынды...........................................................................................25
IV. Әдебиеттер.............................................................................................27

Файлы: 1 файл

Реферат Өндіруші кәсіп салалары.DOC

— 162.50 Кб (Скачать файл)

                       Жоспар

І.Кіріспе..........................................................................................................3

ІІ.Негізгі бөлім.

1.  Өндіруші өнеркәсіп салалары..............................................................4

2. Металлургия  өнеркәсіп саласына жалпы сипаттама........................6


3. Машина  жасау өнеркәсіп саласының ерекшелігі.............................14

4. Химия  өнеркәсібіп саласына сипатама..............................................16

5. Жеңіл  өнеркәсіп өндіруші салалары...................................................22

ІІІ. Қорытынды...........................................................................................25

IV. Әдебиеттер.............................................................................................27

 

 

 

                          

 

 

                             

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе.

Казақстан Республикасы шаруашылығының саласы. Ол республикада өндірілетін бүкіл қоғамдық өнімнің жартысын береді. Казақстан өнеркәсібінің жергілікгі шикізатпен және отынмен толық қамтамасыз етілуі республика өнеркәсібіне тән ерекшелік.Республиканың көп салалы ауыл шаруашылығы жеңіл және тамақ өнеркәсібін шикізатпен толық қамтамасыз етеді. Казақстан өнеркәсібінің құрылымында құрал-жабдықтар өндірісі (ауыр өнеркәсіп) жетекші орын алады. Ол республикада өндірілетін бүкіл өнеркәсіп өнімінің басым көпшілігін береді.

Мамандандыру  мен кооперативтендіру - дүние жүзіндегі  барлық дамыған елдерде осы заманғы  өндірісті ұйымдастырудың негізгі формалары. Олар экономиканың барлық салаларына енген әсіресе машина жасау саласында кең таралған. Мамандандыру мен кооперативтендіру дегеніміз - өндірісті ұйымдастырудың өзара байланысты формалары, олар бірінсіз-бірі қызмет ете алмайды. Мамандандырылған кәсіпорындардағы еңбек өнімділігі көп салалы кәсіпорындардағы еңбек өнімділігінен 2-3 есе артық болады, өнімнің сапасы да едәуір жоғары, ал өзіндік құны керісінше кемиді.

Өнеркәсіп 3-ке ажыратылады:

  1. бұйымдық (дайын өнім өндіру);
  2. бөлшектік (дайын өнімді, керекті бөлшек);
  3. техникалық (полуфабрикат).

Ауыр өнеркәсіп республикада өндірілетін бүкіл өнеркәсіп өнімінің 75%-ынан астамын береді.

 

 

 

 

                  1.  Өндіруші өнеркәсіп салалары.

Қазақстанның  отын-энергетика кешені отын өнеркәсібі мен электр энергетикасын қамтиды.

Отын  өнеркәсібі - Қазақстан энергетикасының негізі. Ол көмір, мұнай және газ өндіруден тұрады. Республи кадағы отынның негізгі түрі - көмір, оның жалпы қоры 140 млрд тоннаға жетеді. Жыл сайын 140 млн тоннадай көмір өндіріледі.


Қараганды тас көмір алабы - республиканьщ басты отын базасы. Ол Қазақстанның орталық бөлігіндегі Қарағанды қаласы маңында орналасқан. Мұнда кокстелетін және аса куатты энергетикалық көмір, негізінен, шахталық әдіспен өндіріледі. Қөмір қабаттарының қалыңдығы 1,5-15 м аралығында ауытқып отырады, орналасу терең-дігі 300 м-ге дейін жетеді.

Екібастуз - маңызы жөнінен Қазақстандағы екінші көмір алабы. Ол республиканың солтүстік-шығысывдағы Павлодар қаласына таяу орналасқан. Бұл - аса куатты энергетикалық көмірдің бірегей кен орны, ондағы көмір қабатының қалындығы 100 м-ге дейін жетеді және одан да асады, әрі жер бетіне өте жақын орналасқан. Мұнда аумақты карьерлерде тек қана көмірді ашық әдіспен қазып алады. Сондықтан бұл көмірдің өзіндік кұны төмен (Қарағанды алабындағы көмірдің өзіндік кұнынан үш есе кем болады). Мұнда қазір жылына 50 млн тонна көмір өндіретін әлемдегі ең ірі "Богатыръ" көмір орны жұмыс істеуде. "Северный" және "Восточный" көмір кен орындарында да көмір өндіру ісі арта түсуде. Қазір мұнда № 1 -мемлекеттік аудандық электр станциясы мен №2-мемлекеттік аудандық электр станциясының бірінші кезегі жұмыс істеп жатыр. Олардың әрқайсысының куаты 4 млн кВт-қа  жетеді. Мұнда өндірілген электр энергиясы республиканың өзінде пайдаланылады және одан әрі Ресей Федерациясының Еуропалық бөлігінің орталығына жеткізіледі. Таяуда Екібастұздан оңтүстік-шығысқа қарай орналасқан Майкүбі қоңыр көмір кен ор-ны және Торғай қоңыр көмір алабындағы "Приозерный" көмір орны игеріле бастады. Қазақстан - біршама жас мұнайлы аудан. Мұнда алғашқы екі Доссор және Мақат мұнай кәсіпшіліктері бірінші дүниежүзілік соғыстың қарсаңында-ақ пайда болса да, мұнайды осы заманғы әдіспен өндіру 30 жылдардың басында ғана жүргізіле бастады және Атырау облысындағы Ембі алабы 60 жылдардың ортасына дейін республикадағы бірден-бір мұнайлы аудан болып кедді. 1963 жылдан кейін Маңғыстау түбегіндегі Өзен және Жетібай мұнай кен орындары игеріле бастады. Осыған байланысты республикада "қара алтын" өндіру күрт өсті.

Қазір республикада (Атырау, Павлодар және Шымкент) мұнай өндейтін үш зауыт жұмыс істеуде. Павлодар және Шымкент зауыттарын өнделмеген мұнаймен қамтамасыз ету үшін Омбы-Павлодар-Шымкент мұнай құбыры жүр-гізілген. Қазір Қазақстан мұнай өнеркәсібін "Қазақойл" ұлттық мұнай қоғамы басқарады. Маңғыстау түбегіндегі Жаңаөзен қаласында газ өндейтін зауыт салынған. Ол, негізінен, мұнаймен бірге алынатын ілеспе газды пайда-ланады. Таяуда Теңіз кен орнында да осындай зауыт жұмыс істей бастады.

Электр  энергетикасы - Қазақстан Республикасы экономикасының аса маңызды салаларының бірі. Қазақстанның электр станциялары электр энергиясын өндіру үшін түрлі энергия көздерін (көмір, мұнай, газ) және республиканың таулы бөлігіндегі өзендердің су байлықтарын пайдаланады. Қазақстанның су байлықтары ғана жылына 163 млрд кВт/сағат электр энергиясын өңдіруді қамтамасыз ете алады. Қазақстанның электр станциялары 1997 жылы 60 млрд кВт/сағатқа жуық электр энергиясын өндірді. Республиканың бір тұрғынына шамамен 3750 кВт/сағат электр энергиясы келеді.

Қазір республикада жылу электр станциялары  кең таралған. Олар, негізінен, Қарағанды және Екібастүз көмірімен жұмыс істейді, әрі бүкіл электр энергиясының 90%-дан астамын береді.

Олардың ең ірілері Екібастұзда, Ақсуда, Таразда, Қарағандыда, Алматыда орналасқан. 1973 жыддан бастап Ақтау қаласының маңында Каспий теңізінің жағасында шапшаң нейтронды реакторы бар атом электр станциясы жұмыс істейді, ол су тұщыландыратын қондырғымен жалғасқандықтан, бір мезгілде әрі электр энергиясын, әрі тұщы суды өндіреді.

Республикада  электр энергиясының оннан біріне жуығын су электр станциялары береді. Ертіс өзенінде Бұқтырма және Өскемен Сырдарияда Шардара, Іледе Қапшағай су электр станциялары салынған. Кенді Алтай мен Іле Алатауындағы тау өзендерінде бірнеше кішігірім су электр станциялары жұмыс істейді. Қазіргі уақытта Ертістегі су электр станциялары тобының ең куаттысы Семей маңындағы Шулбі СЭС-інің бірінші кезегін салу аяқталып келеді.

Барлық  электр станцияларын жоғары вольтты  бір желіге біріктірген бірыңғай энергетика жүйесін құру Қазақстан Республикасьшдағы электр энергетикасын дамытудың аса маңызды міндеті болып табылады .

2. Металлургия өнеркәсіп саласына жалпы сипаттама.


Бұл салааралық кешендер (металлургиялың және химиялық) мен екі өнеркәсіп салалары (құрлыс материалдары және ағаш) шикізатты  конструкциялық материалдарға айналдырады. Дайын өнім шығару мен құрылыста колданылатын материалдар конструкциялық материалдар деп аталады .

Қазіргі заманғы  техника берік әрі әр алуан  конструкциялық материалдарды қажет  етеді. Сондықтан, олардың түрлері  үнемі молайып отырады. Металл пластиктердің, металл керамиканың, темір бетонның, яғни аралас материалдардың маңызы артуда. Олар қазіргі технологиялық процестерге тән жоғарғы кысымға, үлкен жылдамдықтар мен температуралык ауытқуларға төзімді келеді. Сапалы мрыш (коспалық металдар - хром, марганец қосылған), жеңіл металдар (титан, алюминий), полимерлер (пластмасса, химиялық талшықтар) өндірісіне ерекше көңіл бөлінеді.

      Конструкциялық материалдар салалары өндірістің барлық сатыларын - шикізатты өндіруді, өңдеуді, дайын өнім алуды тұтас-тай қамтиды. Олар - табиғи корлардың ірі түтынушылары әрі қоршаған ортаны ластаушылар болып табылады.

Елдің бір тұрғынына  есептегенде жылына 20 т пайдалы  қазба өндіріледі. Ал оларды өңдеуде  шығатын қалдықтары 17 млрд т. асады, яғни әр қазакстандыққа 1200 т. келеді.

Сондықтан, бұл салалардың дамуы табиғатты қорғау және оның бай-лықтарын тиімді пайдалану шараларымен сипастыра жургізілуі керек.

 Металлургия  кешені: құрамы мен ерекшеліктері.  Қарапайым механизмдерден күрделі  машиналарға дейінгі негізгі  өндіріс құралдары металдан жасалған. Сондықтан, металл өндіретін салалардың үлкен шаруашылық маңызы бар. Тығыз байланыстар арқылы олар біртұтас металлургия кешенін қүрайды. Бұл кешен металдар мен олардың қорытпаларын шығарады. Қара металдар (темір) және түсті (барлық қалған металдардың түрлері) және соған байланысты, — қара және түсті металлургияға бөлінеді.

Қазақстанда алынатын металдардың 90% үлес салмағын темір  қорытпалары, яғни қара металдар кұрайды . Түсті металдардың өзіндік ерекше қасиеттері бар. Олар өнеркәсіпте, басқа салаларда кеңінен қолданылады және дүниежүзілік саудадағы үлес салмағы мол. Сондықтан, қара металлургия сияқты, түсті металлургияның да еліміздің экономикасы үшін маңызы зор.

Металлургия - Қазакстан  өнеркәсібінде жүмысшылар саны жөнінен  бірінші (27%) және өнім күны жөнінен екінші (39%) салааралық кешен. Ол баска кешендерді металмен, қүбырлармен, шикізатпен жабдықтап, оның орнына отын мен электр энергиясын, машина мен кұрал-жабдық, химиялық және ағаш материалдарын алады. Темір жол көлігімен тасымалдауда металдар мен кендер тек отынға ғана жол береді.

Металлургиялық  кешеннің бірқатар ерекшеліктері бар. Біріншіден, оны құрайтын салалар - материалды, қаржыны, еңбекті көпқажет ететін және экологиялық жағыпан «лас» болып келеді.

Екіншіден, онда өндірісті құрамдастыру таралған. Қара метал-лургияда комбинаттар шикізатты біртіндеп дайын өнімге айналдырады (мысалы, кен- шойын болат), ал түсті металлургияда -әр түрлі металдарды шығарумен де қатар айналысады (мысалы, титан мен магний, мыс пен сирек кездесетін металдар). Олардың қалдықтарын басқа өнеркәсіп салалары пайдаланады (құрылыс материалдары, химия өнеркәсіптері.Үшіншіден, оның елеулі айырмашылығы - өндірістегі шоғырлану деңгейінің жоеары болуында. Мысалы, еліміздегі барлық титан бір комбинатта (Өскеменде), ал барлық мыс - екі комбинатта (Балқаш пен Жезқазғанда) балқытылады.Осындай ерекшеліктер металлургия кешенінің географиясын анықтай.Кеннің құрамында бірнеше бағалы компоненттер кездеседі. Мысалы, Жезказған кенінде мыс, қорғасын, мырыш, күміс, алтын, висмут, осмий, күкірт бар. Бұл минералдық шикізатты кешенді пайдалануеа мумкіндік береді.


 Кеннің барлығына жуығын 3 кен байыту комбинаттары (КБК) өндіреді: ТМД-дағы ең ірі Соколов-Сарыбай (Рудный каласы), Лисаков жөне Қаражал комбинаттары .

Өдетте, кендегі металл мөлшері көп болмайды. Соншама босынысты текке балқытпас үшін, кенді байытады. Байыту фабрикаларында оларды ұнтақтап, сумен және реагенттермен (мысалы, техникалық маймен) араластырады. Осы қоспа аркылы күшті ауа немесе су ағынын өткізеді. Металы бар бөлшектер реагенттерге жабысып, көбік түзеді. Көбікті қалқып, кептірген соң, концентрат алады. Байытудың бұл тәсілін флотация деп атайды. Бастапқы шикізатқа карағанда, концентраттағы металл мөлшері бірнеше есе көп болады.

Болат өндіру екі қайта  қолданылымнан түрады: 1) темір кенін домна пештерінде шойын алу  2) сүйык шойыннан конверторларда болат алу.

3. Қара металлургия: негізгі  екі қайта қолданылым. Қара меаллургия  ең жаппай колданылатын конструкциялық  материал -болат шығарады. Оны негізінде шойыннан алады.

Болат пен шойын темірдің көміртектік қорытпасы. Көміртегінің жоғары мөлшеріне байланысты шойын морт, осал болып келеді. Ал өндіріске соғуға, июге және тегістеуге жарамды пластикалык (иілгіш) материал қажет. Сондықтан, шойынның көп бөлігін болатка айналдырады.

Блат корыту үшін шикізат пен отын қажет. Отынды (коксті) кокстелетін тас көмірден алады. Ал негізгі шикізат темір кені боып табылады.

Біздің еліміздегі кокстелетін көмір қоры әлі де 600 жылға, ал  емір кені (әлемде 8-орында) - 800 жылға жетеді. Темір кені шикізатының 90%-ы Қостанай мен Атасу алаптарында орналасқан.Болатты қалыптарға кұяды. Олардан алынған салмағы 5-7 т. бо-латын кұймаларды прокат машиналарының (орнактың) айналып тұратын біліктерінің арасымен өткізіп, әр түрлі прокат алады бойынды, болатты және прокатты жекелей шығаруға да болады. Бірақ оларды алуды бір кәсіпорында - комбинатта біріктіру үнемдірек болып келеді. Өндірістің аталған үш сатысын да біріктіретін өндірісті (шойын, болат және прокат алу) толық циклді металлургия комбинаты деп атайды. Оның қалдықтарын қандай кәсіпорындар өңдейді? Ондай| құрамдастырудың қандай артықшылығы бар? Құрамдастыру технологиялык процестердің үздіксіз жүруін қамтамасыз етіп, дайын өнімді алуды жылдамдатады, көлік шығынын азайтады.15кесте бойынша толық циклді («домналық металлургия») комбинат-тарды орналастырудың шешуші 1 т. шойын алуға орта есеппен 1,5 тоннадан көмір мен кен керек. Сондықтан, толық циклді комбинаттарды шикізат, отын базаларының маңында немесе олардың ортасында орналастырады. Бұл - орналастырудың ең негізгі принципіне жатады. Сонымен қатар сумен, электр энергиясымен, табиғи газбен камтамасыз етілуі және экологиялық фактор ескеріледі. Біздің еліміздегі толық циклді өндірістік жалғыз кәсіпорын -Теміртау қаласындағы «Миттал Стил Теміртау» АҚ болат  комбинаты (бұрынғы Қарағанды металлургия комбинаты). Ол шойын мен прокаттың 100%-ын, болаттың 95%-ын өндіреді. Ол отын-шикізат базасына қатысты алғанда колайлы орналасқан. Комбинат кокстелетін көмір мен темір кенін қайдан алатынын анықтаңыздар. Оның құрылысын салуда қандай фактор шешуші рөл атқарады? Комбинат прокат табақтарын шығаруға маманданған.Өнімнің пайдалану мерзімін ұзартатын корғаныс бетті (алюминий, мырышпен қапталған) болат табактарын шығарады. Консерві сауыттарын даярлау үшін калайымен капталған жұқа табақшалар (ақ каңылтыр), ал тұрғын үй шаруашылығы үшін су жөне газ құбырлары шығарылады.Прокат орнағы (станы) үшін көп мөлшерде электр энергиясы мен су қажет (салқындату үшін). Сондықтан комбинаттың өз жылу электр орталығы (ЖЭО) бар. Судың бір бөлігі Сәтбаев атындағы каналдан (Ертіс-Қарағанды-Жезказған) келеді.«Миттал Стил Теміртау» мамандануын кеңейтіп келеді: ол Теміртауда (сортты прокат алу) және Ақтауда (үлкен диаметрлі құбырлар шығару) жаңа өндіріс түрлерін ашуда.Комбинаттармен катар толық емес циклді қайта балқыту за-уыттары бар. Олардан шойын алынбайды, болатты металл сынықтарынан балкытып, прокатқа «айналдырады».корытылуы да жатады. Оларсыз сапалы металлургия қалыптастыру немесе жеңіл, ыстыққа төзімді, тот баспайтын болат балқыту мүмкін емес. Болаттың ондай түрі ғарыштық авиацияльщ, кеме жасау өнеркәсіптеріне қажет. Сондықтан, шығарылатын ферро қорытпалардың түрлері мен мөлшері жалпы металлургияның деңгейін көрсетеді. Қазакстандағы ферроқорытпа өндірісі шикізатпен жақсы қамтамасыз етілген. Хромның қоры жөнінен біздің еліміз әлемде екінші орын (Оңтүстік Африка Республикасынан кейін), ал марганец қоры-нан үшінші (Украина мен ОАР-дан кейін) алады.Қазақстандағы хром мен марганецтің ірі кенорындары қайда орналасқанын естеріңізге түсіріңіздер. Кенорындарын картадан табыңыздар. Олар қалай аталады?Хром кені Дөң КБК-да (Хромтау каласы), ал марганец - Жезді және жаңа, куаттырақ Жәйрем КБК-да өндіріледі.

Информация о работе Өңдеуші өнеркәсіп салалары