Елдің болашағын салауатты өмірге тәрбиелеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Сентября 2013 в 15:15, реферат

Описание работы

Салауатты өмір салты - белгілі популяцияның денсаулығын сақтап, нығайтуға, салауаттандыруға арналған мінез-құлқы, тәрбиесі. Салауатты өмір салты - тек медициналық емес, сонымен қатар өндіріс пен өндірістік қатынастардың дамуына байланысты болып келетін әлеуметтік-экономикалық категория. Салауатты өмір салты жеке адамның тіршілік жағдайын денсаулығына сәйкес таңдауы, яғни жеке әлеуметтік топтар мен жалпы қоғамның жоғары гигиеналық мәдениеті.

Содержание работы

1. Оқушыларды салауатты өмірге тәрбиелеу
2. Денсаулық - адам бақытының бірінші байлығы
3. Адам экологиясы туралы білім және тәрбие беру

Файлы: 1 файл

Салауатты омир салты.doc

— 96.50 Кб (Скачать файл)

Ал рухани қажеттілік деген ұғым - рухани жетілуі,яғни жанның тазалығына, адалдығына,имандылығына байланысты. Қай заманда да бір «Аллаға» деген сенім негізінде құрылған адамзат қоғамы адамгершілікті,имандылық пен мейірімі мол,тәуелсіз де бейбіт болуын тілегенін тарихтың өзі дәлелдеп отыр. Ислам дінімен енген «иман» ұғымы «Аллаға сену», «наным», «сенім» түсінігін береді.

Бір Алла тағала арқылы имандылық  негізінде адамдар өтірік, өсек,қиянат,қорлық,зорлық,қайырымсыздық  деген сияқты «имансыз» әрекеттерден бойларын аулақ ұстаған. Ондай адамдардың көңілі тазарып, «Алланың нұрына бөленген» деген сенімде болған. .[№12,7-8бет]

Салауатты өмір тұғыры –  имандылық. Сыныбымда «Шапағат - Нұр», «Алладан мейір,адамнан пейіл», «Имандылық иірімдері», «Имандылық - инабаттылық айнасы» атты тәрбиелік шаралар ұйымдастырып, Мұхаммед Пайғамбардың хадистерін оқушыларға таныстырып келемін.

Ұлттық теле арнада салауатты  өмір салтын насихаттау мақсатында өтіп жатқан жаңашыл әдістегі бағдарламалардың желісінде «Намыс дода», «Дарабоз», «Толағай» атты спорттық,ұлттық ойындар сайысын сыныбымда және сынып аралық топтық сайыс түрінде өткіздім. Себебі дене тәрбиесімен айналысатын адам өзін әрқашан сергек сезінеді.Ал сергек адамның өмірге көзқарасы ерекше.Спорт қайратты қажет етіп,өмірге құштарлықты арттырады.Яғни,өмірді сүйіп өмірді қадірлей білуге, тек жақсылыққа ұмтылуға тәрбиелейді.

Спорт және дене тәрбиесі жүйесіндегі өзекті мәселелер бүгінгі  келеңсіз тенденциялармен анықталады.Оларға біздің Республикамыздағы балалар  ауруларының көбеюі,балалар және жасөспірімдерге арналған спорт мектептерімен бұқаралық дене шынықтыру жұмысын қаржыландырудың азаюы,дене тәрбиесінен оқушылар дайындығы деңгейлері нашарлауы,т.б.жатады.[№10,12бет]

       Жоғарыда аталған ұлттық спорттық ойындардың өтілу нәтижесінде оқушының:

- Салт - дәстүрді құрметтеуі;

- Ұйымшылдығы,ізденімпаздығы;

- Намысқойлығы;

- Жүйке жүйесінің шынығуы;

- Ойлау қабілетінің  дамуы;

- Білім алуға құштарлығы;

Денсаулығының ширақ  шынығуы; (шапшаңдығы, төзімділігі, ептілігі,т.б.)

Әрқашан алға ұмтылып,жеңіске жетуге құштарлық қабілеттері арта түсті;

Бәсекеге қабілетті  елдің болашағы тек жалаң адамдар  тобынан ғана емес,сонымен бірге  денсаулығы мықты,рухани дүниесі бай,жаны мен тәні таза,танымдық белсенділігі мен өзіндік білім алуға деген ынтасы және шығармашылық қабілеті ерекше тұлғалардан тұруы тиіс. Салауатты өмір салты - келеңсіз жағдайлардың алдын алу,адамдардың денсаулығын күшейтумен олардың жан-жақты үйлесімді дамуына қалыпты жағдайды туғызуды көздейді.

Қазақстан азаматтарының  өз өмірінің аяғына дейін сау болуы, және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін көптеген ізгі істер атқарылуда.Менің өз сыныбымда оқушыларды салауатты өмір салтына әзірлеу мақсатында «Біз бағбаншы боламыз» атты акция ұйымдастырылып, оқушылар сынып ішіндегі гүлдерді баптап,олардың әдемі де,таза өсуіне көптеген жұмыстар жасалынды.Мектеп ауласындағы өсіп тұрған ағаштардың түбін көктем айларында әктеп,сынған бұталарды тазалап жөнге келтіру жұмыстарын сынып ұжымымен біріге атқарып келеміз. Тазалық - саулық негізі,саулық - байлық негізі дей отырып «Таза сынып», «Таза аула» атты акцияларға үнемі сынып ұжымы белсене атсалысады.

Адам мен табиғат  әрқашан егіз, табиғатты аялау,одан алар сый-сыяпатты бағалай білуі  оқушылардың міндеті деп білеміз. Оқушылардың денсаулығын сақтау мен нығайту бүгінгі мектептердің басты мақсаттарының бірі болып көзделуде. Осы мақсатты іске асыруда салауаттану пәні мұғалімдері, мектеп медбикесін қатынастыра отырып өткізген «Жасыл дәріхана » атты ашық тәрбиелік шара өткізген болатынмын. Бұл шарада балаға ауырмауды, дені сау болуды,аурудың алдын - алуды тек теория жүзінде үйрету мүмкін емес екендігі дәлелденіп,оқушылар практикалық әдістерді кеңінен қолданды.

Бұл шара «Евразия» теле арнасындағы «Малахов +» шоу түрінің  желісі - мен өтілді.

- Табиғатта кездесетін түрлі өсімдіктерді,жеміс-жидектерді т.б.емге қолданатын табиғи заттарды өз денсаулығының еншісіне қолдана білуді ашып көрсетті.

- Дене мүшесін қалыптастыратын  жаттығулар.

- Халықтық медицина  әдістерін қолдану.

- Әрқашан ізденісте  болу,кітапханамен байланысты нығайтуға жаңалық ашу,білгендерін басқаларға үйрету.

- Қоршаған орта табиғатты  қорғау.

- Аурудың алдын - алу,жан  сұлулығы мен тән сұлулығын  сақтау.

«Адамның табиғатсыз күні жоқ,оны айтар табиғаттың тілі жоқ» - деген сөздің мағынасын оқушылар «Жасыл дәріхана» атты шараның өтілу барысында түсіне білді.

Адам экологиясы туралы білім және тәрбие беру

Салауатты өмір салты - ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру  жолындағы белсенді іс-әрекет. Адамның салауатты өмір сүру салты өздігінен қалыптаспайды. Салауатты өмір сүру салты өмір сүруде мақсатты түрде қалыптасады.Балалардың салауатты өмір сүруін отбасынан,балабақшадан бастап,одан кейін мектептерде жалғастыруымыз керек.

Дені сау адамның  көңіл-күйі көтеріңкі өмірге құштар,қандай іске болсын дайын, мақсатына жету жолындағы қиыншылыққа төзімді болады.

Ал, ауру - адамның мүмкіндігін  шектейді,көңіл күйі жабырқаулы адам ештеңені жоспарлап,алдына айқын мақсат қоя алмайды. Баланың денсаулық жағдайы көптеген факторлардың әсеріне байланысты.Мысалы:ата-ананың денсаулығы,үйдегі жалпы жағдай,білім алу мүмкіншілігі,әлеуметтік жағдай,т.б.

Сонымен қатар «Адам  өзінің дені сау ,бақытты сезіну үшін не істеу керек?» деген сұрақты  негізге ала отырып, салауатты  өмір салтын қалыптастыруда сынып сағатында «СПИД - деректер мен дәйектер»деген тақырыпта баяндама оқыдым. Ондағы мақсатым адам экологиясына кері әсерін тигізетін жазылмас дерттен сақтану,өзін-өзі лас жолға бейімдемеу жолдары туралы толық мағлұматтар беру.Оқушылардың өз пікірлерін ортаға салу мақсатында қызуқанды тартысқа түсіп,болашақ ұрпақтың сақталуына келеңсіз жағдайлардан әруақытта аулақ болуға жұмыстануды өрбітті. .[№4,11бет]

Салауатты өмір салты  –ол адам экологиясының таза болуы. Осы мақсатта наркомания ,СПИД,арақ ішу,шылым шегу.т.б қоғамға үлкен кеселін тигізіп отырған бұл дерттің алдын - алу шаралары мен таныстыру,үйрету мақсатында «Сәнге берілу ме,әдет пе, әлде ауру ма?», «Дені саудың - жаны сау», «Нашаға жол жоқ» деген тақырыптарда пікірлесу кештері ұйымдастырылып,кештің қонақтары мектеп медбикесі, салауаттану пән мұғалімдері оқушыларға дәрігер тілімен сындарлы ,саналы етіп жеткізе білді.

  Оқушылар сұрақтар қойып,тақырыптың негізгі идеялары ашық айтылды.Кітапханадағы «Салауатты ұрпақ - ұлт байлығы» атты көрмемен таныстыруды жоспарладым.

           Оқушылар ЖҚТБ-ға қарсы жаңа ақпараттармен кітапханашылар арқылы танысып білді. Онда «Есірткінің жас өмірді улаушы» атты бөлімінде есірткінің адам өміріне зияны туралы тәжірибелер,көрсетулер арқылы толық мағлұмат,түсінік берілді. «Есірткі есікті қағып тұр», «Ужас норкоманий», «Есірткі меңзеген есалаң өмір» атты газет бетіндегі мақалаларды оқып,таны-сып, талқылады. «Дүниені дүрліктерген дерт» бөлімінде АН-1,N-1,құс тұмауы ауруларының кеселі, одан қорғану жолдарымен танысты. Мектеп кітапханашысы Сүгірова Фариданың «СПИД абайламаса адамды аямайды» атты өткізген дөңгелек үстеліне сынып оқушылары қатынасып,өздерінің СПИД туралы деректерімен таныс екендіктерін дәлелдей білді.Дөңгелек үстелдегі берілген сұрақтарға сыныбымның оқушылары дұрыс,нақты жауаптарын таба отырып,өз белсенділіктерін көрсетті.

Оқушыларды салауаттылыққа тәрбиелеуде кітапханамен тығыз  байланысуды жоспарға қойдым. Салауатты  өмір салтын қалыптастыру оқушының ағзаны улайтын заттардан аулақ болып, саналы азамат болып тәрбиеленуіне үздік үлесімді қосып,оқушыларды мектепішілік шараларға қатынасуға үнемі бағыт беріп отырамын. «Тәні тазаның - жаны таза»- дейді қазақ. Тиімді жұмыстар арқылы әр бала мына нәтижеге қол жеткізуге болады:

Қорытынды

 «Он екі мүшең сау болса - жарлымын деме»,- деп халқымыз денсаулықты адам өміріндегі орнын,тән сұлулығын,жан тазалығын еш нәрсемен айырбастауға,теңестіруге болмайтынын ұрпақтарына ескертіп отырған.Дене тәрбиесі мен салауатты өмірді,денсаулықты,салауаттылықты және табиғи факторларды пайдалану жолдарын халық педагогикасымен тығыз байланыстыра отырып, батыл да,жүректі, елжанды, парасатты дені сау,бақытты азамат тәрбиелеуде жетістіктерге қол жеткізіп келемін.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында бәсекеге қабілетті елдің  болашақ тұлғаларының бойынан табылатын ізгі қасиеттер:

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

  1. С. Жұманова. Спорттық морфология негізіндегі тәнтану. — Алматы: Рес. Бас. Каб., 1994.

 

  1. Г. Икіманова. Саулық пен сымбат. — Алматы: Қайнар, 1991.

 

  1. Б. Төтенаев. Дене тәрбиесі. — Алматы: Мектеп, 1988.Әдебиеттер

 

  1. Неменко Б.А. Оспанова Г.К Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы(Оқулық).- Алматы 2002.344б.

 

  1. Кучма В.Р. Гигиена детей и подростков., М., Медицина, 2004.,

 


Информация о работе Елдің болашағын салауатты өмірге тәрбиелеу