Халықаралық экономикалық қатынастар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2013 в 15:57, реферат

Описание работы

Әлемдік экономика немесе дүниежүзілік шаруашылық дегеніміз – ұлттық шаруашылықтың жиынтығы. Ол үздіксіз қозғалыста және өсу үстінде болады. Өзара күрделі байланыстардың нәтежесінде бір - біріне қарама – қайшы, бірақ та біртұтас әлемдік экономикалық жүйе қалыптастырады.
Дүниежүзілік шаруашылықты оқыту мен зерттеудің үлкен теориялық - әдістемелік және тәжірибелер меңызы бар. Әрі қазіргі кезеңнің проблемаларын ғана түсініп қоймай, оның әр аймағында болып жатқан экономикалық даму деңгейінің ерекшеліктерін біле отырып , жалпы дүниежүзілік шаруашылықтың даму барысын ( бағытын ) ойластыруды терең түсіну ықпал етеді.
Халықаралық экономикалық байланыстарды зерттеу жұмысымен А. Смит , Д. Рикардо , К. Маркс , Ф. Энгельс , В. Леонтьев т.б. ғалымдар айналысты.

Файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word (2).docx

— 25.51 Кб (Скачать файл)

Халықаралық экономикалық қатынастар.

Әлемдік экономика немесе дүниежүзілік шаруашылық дегеніміз – ұлттық шаруашылықтың жиынтығы. Ол үздіксіз қозғалыста және өсу үстінде болады. Өзара күрделі байланыстардың нәтежесінде бір - біріне қарама – қайшы, бірақ та біртұтас әлемдік экономикалық жүйе қалыптастырады.  
Дүниежүзілік шаруашылықты оқыту мен зерттеудің үлкен теориялық - әдістемелік және тәжірибелер меңызы бар. Әрі қазіргі кезеңнің проблемаларын ғана түсініп қоймай, оның әр аймағында болып жатқан экономикалық даму деңгейінің ерекшеліктерін біле отырып , жалпы дүниежүзілік шаруашылықтың даму барысын ( бағытын ) ойластыруды терең түсіну ықпал етеді.  
Халықаралық экономикалық байланыстарды зерттеу жұмысымен А. Смит , Д. Рикардо , К. Маркс , Ф. Энгельс , В. Леонтьев т.б. ғалымдар айналысты. 
Дүниежүзілік шаруашылықты өзара байланысты екі жүйеден - ұлттық шаруашылықтың жиынтығы және халықаралық экономикалық байланыстардан тұрады. Оның дүниежүзілік шаруашылықты байланыстыратын бірнеше элементтері бар. Мысалы , егер бұл категорияға техникалық – экономикалық тұрғыдан қарайтын болсақ , дүниежүзілік шаруашылықтың дамуы және де аймақтық дамуы жалпы бір заңдылыққа бағынады. Қазіргі кездегі өндірістің материалдық негізі машина техникасы , ұлттық шаруашылықтың даму деңгейінің қандайы болсын , оның материалдық – техникалық базасының негізіне байланысты болады. Сондай – ақ , қоғамдық құрылымның сипаты мен жекелеген ерлердің ұлттық шаруашылығы , әр мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаты - оның басқа елдермен экономикалық байланыстарының бағытын, дүниежүзілік шаруашылықтың әлеуметтік экономикалық сипатын көрсетеді.  
Дүниежүзілік шаруашылық дегенде , тек бір ғана қарапайым байланысты ғана емес, сонымен бірге, шаруашылық жиынтығынан тұратын: халықаралық еңбек бөлінісі мен еңбекті кооперациялау нәтижесінде туындайды мемлекетаралық экономикалық қатынастарды да сөз етеміз. 
Қазіргі жағдайда кез – келген мемлекеттің экономикасының дамуы дүниежүзілік шаруашылық байланыс арқылы ғана толық деңгейде жан – жақты дами алады. 
Әлемнің біртұтастығы алуан түрлі , 160-тан астам тәуелсіз, экономикалық еркін субъектілерді қамтиды. Әр ел өзінің тарихи – географиялық , ұлттық , әлеуметтік – саяси құрылымы бойынша , бір – бірінен ерекшеленеді. Ұлттық экномикалық жүйелердің әлемдәк щаруашылыққа бірте – бірте кіруі қажеттіліктен туындап отыр , сондай – ақ оған XX ғасырдың соңындағы ғаламдық заңдылықтардың бірі деп қажет. Бұл заңдылықтар көптеген елдерде болып жатқан экономикалық және саяси реформаларға , әр елдің ішкі күрделі шешімдеріне байланысты сол елдрдің экономикасын дүниежүзілік еңбек бөлінісіне итермелейді. Социалистік елдердің экономикасы жалпы алғанда сыртқы әлемге жабық болды, мемлекеттік принципті уағыздады, соған байланысты ұзақ жылдар бойы ұлттық шаруашылықтың артта және бір орында қалуы байқалды. Буның өзі кәсіпорындардың ғылыми техникалық өзгерісті қабылдауын, сондай-ақ, бәсекелесу механизмін төмендетті, ал ол ұсыныс пен сұраныс заңдалақтарының құралы. 
Бүгінгі таңда аталған мәселелер уақыт ағымынан кейін артта қалып отыр, демек, тағы да бір мойындайтын қағида : ұлттық экономиканың дүниежүзілік шаруашылықтың бір бөлігі деп қаралуының өзі, оны ХЭК-тар пәнінде тереңірек қарастыруға бағыттайды. 
ХХ ғасырдың соңында әлемдік экономиканың негізгі бағыты оның ғаламдық сипат алуында және бұл шешуі фактор халықаралық экономикалық байланыстардың жаңа кезеңі болып табылады. 
Сонымен, әлемдік экономика – экономикадағы жалпы зандылықтармен бірге, нақтылы болып жатқан құбылымтарды да зерттейді.Бұл ғылым дүниежүзілік шаруашылықтың даму ерекшілігін (ұлттық экономиканы, аймақтық экономикалық кеңістікті) қарастырады. 
Дүниежүзілік шаруашылықтың пайда болуы ұзаққа cозылатын процесс.Ал өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының дамуы транспорттық және экономикалық байланыстардың қалыптасуының толық нәтижесі. Дүниежүзілік шаруашылық жүйесі болса, дүниежүзілік сауда –экономикалық, қаржылық және ғылыми –техникалық байланыстарды біртұтас мақсатқа біріктіреді. 
Ұлттық экономиканың дүниежүзілік шаруашылықпен қосылуының өзіндік ерекшеліктері бар.Кез келген мемлекеттің (мейлі, ол үлкен немесе кіші болсын) сыртқы экономикалық байланыс жүйесіндегі ең сезімтал тұсы-оның экономикалықсаясаттағы, яғни халықаралық байланыстар жүйесінде атқарып отырған қызметінде.Бұдан қоғамның ішкі жағдайы, оның әлеуметтік –экономикалық және саяси бағыты, мәдени байлығы жан-жақты көрінеді. 
Қазіргі кезде кез келген мемлекеттің сыртқы зкономикалық байланысы, оның көлемі, құрылымы, ол байланыстардың бейнесі барлығы – ұлттық шаруашылықтың дүниежүзілік байланыстағы деңгейін көрсетеді.Дүниежүзілік шаруашылықтың әр жүйесінде мемлекет арасында күрделі байланыстар және құрама –қайшылықтар болып тұрады. 
Дегенмен, өндірістің классыкалық капиталистік әдісі өзінің даму заңдылықтарында ұлттық шекарадан шығып халықаралық деңгейге жетті.Еңбекі бөлудің интернационалдық жүйесі машина индустриясының пайда болуына байланысты болды.ХІХ ғасырдың 50-60 жылдарында дүниежүзілік нарық тез дамып, әлемдік өндірістің дамуының жеделдеуіне ықпал етті.1917 жылдарда дүниежүзілік шаруашылық екі жүйе ауқымында дамыды.Бұл, бір жағынан, өндірістік әдістің жеке немесе аралас түрі болса, екінші жағынан, мемлекеттік меншік жағдайында олардың өзара байланыс жасауы еді. 
Әрине, дүниедүзілік шаруашылықтың бұл екі түрі күрделі байланыста дамыды.Дүниежүзілік социалитік жүйенің ыдырауына байланысты геосаяси кеңістікте үлкен өзгерістер болды.Солтүстік пен Оңтүстіктің бұрыңғы байланысы қайта жаңғырды.Ол байланыстардың қандай болуын болашақ көрс етеді.Белгілі бір нәрсе, шаруашылықтың дұрыс деңгейде дамуының екі бастамасы бар: біріншіден, мемлекетаралық экономикалық байланыстардың объективті қажеттілігі; екіншіден, даму барысында екі жақтың да өзара қызығушылығы. Бұндай бастапқы элементтерсіз халықаралық қарым-қатынас пен ынтымақтастықтың болуы мүмкін емес. Бұларға : баға заңы, ұсыныс пен сұраныстың түйісу заңы, уақытты үнемдеу және соған байланысты еңбекті бөлудің тереңдеу заңыдары жатады. 
Бұл заңдар ұлттық шаруашылықты дүниежүзілік шаруашылыққа , ХЭБ –ге кіруге итермелейді.Шаруашылық өмірді интернаиализациялау мәселесі бірнеше рет көтерілді.Оның негізгі күші технологиялық революция еді.Әрине, интернаиализациялау барысында елдер арасындағы байланыстар жылжымайды, әрі күрделене түседі. Сыртқы сауда, тауар айырбастау, басқа да жаңа экономикалық байланыс түрлерімен толықтырылады.Бұлар автоматты түрде өздегеннен іске аспайды, сондайөақ саяси іс-қимылмен кедергілерді жоймаса, бірте-бірте ұлттық шаруашылықта хаос туындайды. 
Әрине, әр ұлттық шаруашылық өзіне табыс әкелетін айырбас түріне ұмтылуы керек.Бұндай байланыстарды ұйымдастыруда мемлекет өзіне табыс түсетін жағын ойластырады.Ал бұл тек дайын өнім айырбастауға ғана жүзеге асуы мүмкін.Сондықтан өндіріске ең алдымен білікті маманның, ғалымның, инженердің күрделі еңбегін қажет етеді.Тек сонда ғана әр ұлттық экономиканың экономиканың халықаралық экономикалық байланыстар жүйесінде деген тең құқықтығы сақталады. 
Экономикалық байланыстардың даму қарқынының күшеюі:экономикалық саяси, мәдени, әскери, экономикалық т.б. барлық сферада халықаралық байланыстың негізін терендете түседі.Бірақ бұл формула түгел емес:бұл байланыстардың сапа жағынан болуы қажет.Мысалы, егер бір жағы шикізат және энергия, екінші жағы дайын өнім айырбастаса, бұл жеғдайда екі ел тепе –тендікте дами алмайды.себебі өзара тең түсетін базасы жоқ.Осындай қарама-қайшылық бірте-бірте экономикалық, содан соң саяси түсінбеушілікке әкеледі.Сонымен, сыртқы экономикалық байланыс «екі функциялық» бірлестікте көрінеді. Бұл, бір жағынан, жалпы саяси, глобалды, ал екінші жағынан, ұлттық, халықшаруашылылығы аспектіде көрінеді. 
ТМД елдердің әлемдік нарықа шығуы, сондай-ақ шетелдік крпорациялардың жаңадан қалыптасып келе жатқан ұлттық нарыққа кіруі көптеген пробремаларды тудырды.Олар шаруашылықта бұрын-сонды кездеспеген қиындықтар еді.Егемендікке қолы жеткен Қазақстан Республикасы да осындай қиындықтарға тап болды.Қорыта келгенде мұның барлығы ТМД елдерінде нарық жағдайында теориялық жіне тәжірибелік біліммен қаруланған халықаралық деңгейдегі мамандардың жетіспеуінен деуге болады. 
Әлемдік шаруашылық және оның бір бөлігі болып саналатын ХЭК –тың дамуы 80-жылдармен салыстырғанда , 90-жылдары жаңа жағдайда дами бастады. Біріншіден, әлемнің біртутастығы айқындала бастады.Қазіргі әлемдік шаруашылық, бір жағынан, әлемнің бір бөлігі болып саналатындықтан, бүкіл әлемнің біртутас зандылықтары мен қағидаларына бағынады.Сондықтан экономикалық тұрғыдан толық шеттеу мүмкін емес.Екінші жағынан, дүниежүзілік шаруашылықтың негізіне нарық қатынасы жатады.

Тақырыптың  өзектілігі

Бүгінгі курстық  жұмысымның тақырыбы – халықаралық  қатынастардағы аумаққа қатысты  проблемаларды шешу.

Халықаралық қатынастар теориясы — ортақ заңдылықтарға негізделген құрылымдары бар халықаралық қатынастар жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуын зерттейді.

Халықаралық қатынастар әлемдік  кеңістіктегі әлеуметтік қауымдастықтардың  арасындағы қатынастар ретінде қалыптасады, өмір сүреді және жұмыс істейді. Халықаралық  қатынастар алуан түрлі: мемлекеттік, әскери, экономикалық, саяси, қоғамдық және зияткерлік, т.б. күштер әртүрлі деңгейде (жаһандық, өңірлік, көп жақты және екіжақты) түйісетін және өзара әрекет ететін кеңістік болып табылады.

Халықаралық деңгейдегі саяси  іс-әрекет бүтіңдей бір мемлекет пен  халықтың тағдырын айқындайды. Демек, қазіргі әлем бір-бірімен өзара байланысқан көптеген халықтар мен мемлекеттердің күрделі жүйесі болып саналады. Олардың арасында түрі мен мазмұны әртүрлі қатынастар болады. Әлемдік саяси процестің негізгі субъектісі — халықтар. Халықаралық қатынастардың субъектілері — мемлекеттер, халықаралық ұйымдар, ұлтаралық корпорациялар, солтүстік құрылымдар, саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстар, жеке адамдар.

Аумақ ұғымының халықаралық  кұқықтағы кең мағынасы жер шарының  құрлық және су айдынын, жер асты қойнауы  мен әуе кеңістігін, сондай-ақ ғарыштық кеңістік пен ондағы аспан денелерін  білдіреді.

Негізгі түрлеріне  қарай барлық аумақ (территория) мынадай  үш типке бөлінеді:

• мемлекеттік аумақ;

• халықаралық аумақ;

• аралас режимді (конвенциялык) аумақ.

Аумақтық проблемалар  тұтастай алғанда кең ұғым, оған аумақтық шектеулер мен аумақтык режимдер мәселелері кіреді. Аумақтық шектеулерге: аумақтық даулар, халықтар мен ұлттардың өз тағдырын өзі  шешуі; мемлекеттік аумақтың қол  сұғылмаушылығы мен тұтастығы шекаралас  мемлекеттердің арасындағы келісім  бойынша және халықаралық құқыққа  сәйкес континенттік қайраң мен экономикалық аймақтардың шекараларын бекіту жатқызылады. Аумақтық режимдерге: аумақтық тәуелсіздік және аумақтық юрисдикция, шетел аумағынан транзиттік өту, мемлекеттер келісімімен құрылған арнайы аумақтық режимдер және басқа  да мәселелерді жатқызуға болады.

Мемлекеттік шекаралар  мемлекеттік аумақтардың шегін  белгілейді және олардың негізгі  мәнінің өзі сол болып табылады. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік  шекарасы дегеніміз Қазақстан аумағының  шегін - құрлығын, суын, жер қойнауын және әуе кеңістігін айқындайтын  сызық және осы сызық бойынша  тігінен өтетін үстіңгі қабаты" - бұл Қазақстан Республикасының  мемлекеттік шекарасы туралы 1993 ж. 13 қаңтарындағы заңының 1 -бабының 1 - тармағында берілген анықтама, ол көпшілік таныған  халықаралық стандартқа сәйкес келеді.

Мемлекет аумағын  құрлық, су және әуе кеңістігі шекаралары деп бөледі. Құрлыктағы шекаралар, әдетте, жергілікті жердің жер бедерінің  ерекшеліктерін ескере отырып белгіленеді (таулар, өзендер және өзге де сипаттық белгілері) және орографиялық шекаралар  деп аталады. Кейде олар екі нақты  нүкте арасындағы түзу сызықтар бойынша (астрономиялық шекаралар) белгіленеді.

Тақырыптың  зерттеу мақсаты: Осы заманғы қатынастардағы аумақтық мәселелердің қандай маңызы барын білу, халықаралық қатынастағы аумақты өзгерту әдістерімен танысу, аумақтық дауларды шешудің әдістерімен, халықаралық қатынастың проблемаларымен жақынырақ танысу.

Тақырыптың  зерттеу міндеттер:

- халықаралық қатынастар  ұғымына түсінік беру;

- халықаралық қатынастағы  аумаққа, оның түрлеріне тоқталу;

- халықаралық қатынастағы  шекараларға қатысты қағидалармен  таныстыру;

- халықаралық қатынастағы  шекаралар мәселелерін көтеру;

- аумақтық дауларды  шешу жолдарын қарастыру;

- қазіргі халықаралық  қатынастағы проблемаларға тоқталу.

Тақырыптың  зерттеу кезеңдері:

- жұмыстың тақырыбына  байланысты әдебиеттер жинақтау;

- әдебиеттерді негізге  ала отырып, тақырыптық жоспар  жасау;

- құрылған жоспар  бойынша теориялық бөлімді жазу;

- жұмыстың өзекті  мәселелерін жетілдіру жолдарымен  анықтау. 

Жұмыс барысында халықаралық  қатынастардағы аумаққа қатысты  проблемаларды шешуде отандық және шетелдік авторлардың педагогикалық  еңбектері, мерзімді басылымдар қолданылған. Отандық авторлар ішінде Ж.Құлжабаева, С.Абдулпаттаевтың редакциясы бойынша жазылған оқулықтар қолданылды.

Курстық жұмысымыз  үш тарауды қамтиды. Бірінші тарауда  халықаралық қатынастағы аумақтың түрлеріне, халықаралық қатынас  теориясына, шекаралар жөнінде қағидаларға  жауап аламыз. Екінші тарауда халықаралық  қатынастарда шекара, шекара мәселелері, Антарктика мен Арктиканың халықаралық  құқықтық режимі, халықаралалық өзендер  мен бұғаздардың аумақтық қатынастарына  байланысты мәліметтер алатын боламыз. Ал, үшінші тарауда халықаралық қатынастағы  аумақтық даулардың шешу әдістерімен, халықаралық қатынастың қазіргі  проблемалары жайында кеңінен айтатын  боламыз.


Информация о работе Халықаралық экономикалық қатынастар