Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Июня 2014 в 22:05, доклад
Қазақстан өз азаматтары үшін өмір сүрудің жоғары стандарттарын жасай отырып, әлемнің тиімді дамып келе жатқан елдерінің қатарына қосылуға тиіс. Біз мұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабілетті болған жағдайда ғана істей аламыз. Инновациялық экономика құру және шикізаттық емес секторды дамыту, біз экономиканы диверсификациялауға бағытталған индустриялық-инновациялық стратегияны іске асыруымыз керек. Бұл болашақтың бағдарламасы.
Индустриялық-иннновациялық дамудың инфрақұрылымы қазірдің өзінде қалыптасты. Мемлекеттік даму институттарын капиталдандыру жыл басында 730млн. АҚШ долларын құраса, инвестициялық жобалар портфелі 1млрд. 200млн. АҚШ долларынан асып отыр.
Оған қоса, біз ауқымды халықаралық ғылыми-зерттеу жобаларына әбден-ақ белсене қатыса аламыз. Бұл бізге ғалымдарымыздың күш-жігерін шетелдік ғылыми-зерттеушілік қоғамдастықпен стратегиялық инновациялық бағыттар бойынша ықпалдастыруға мүмкіндік береді. Біздің мақсатымыз – жаһандық технологиялық төңкерістің бөлшегіне айналу.5
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1.А.В.Сидорович, Ә.Ә.Әбішев «Ұлттық экономика». Алматы, 2010ж.
2. Ахметов Қ.Ғ.; «Менеджмент негіздері», Алматы, 2003
3. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан
2030» Қазақстан халқына
4.Нұрғалиев Қ.Р. «Қазақстан экономикасы»
5. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан 2050» Қазақстан халқына жолдауы
Информация о работе Инновациялық инфрақұрылымының дамуының экономикалық механизмі