Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Декабря 2012 в 15:56, курсовая работа
Курстық жұмыстың соңғы бөлімінде ұзақ мерзімді қаржыландыру көздерін басқаруда кездесетін бір қатар өзекті мәселелелерді талқыладым. Олардың алатын деңгейімен қаншалықты екенің анықтап, сондай-ақ қаржыландырудың ұзақ мерзімді көздері, яғни инвестициялар мен лизингтер, бағалы қағаздарда тууы мүмкін мәселелердін шешу және оңтайландыру бағыттары мен жетілдіру жолдарын қарастырдым.
Кіріспе…………………………………………………………………...................3
I-тарау. Инвестициялық қызметтің экономикалық мәні мен мазмұны.............5
1.1 Инвестицияның пайда болуы және даму тарихы..........................................5
1.2 Инвестицияның қызметі мен операциялары..................................................8
1.3 Шет мемлекеттердегі инвестициялық қызметті қаржыландыру барысында тартымды ресурстардың құрылымы мен даму ерекшелігі............13
II-тарау. Қазақстан Республикасының инвестициялық қызметті қаржыландыру ресурстарын бағалау...................................................................15
2.1 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметті реформалау заңдары...................................................................................................................152.2 2004-2006 жылдардағы инвестициялық қызметті қаржыландыру ресурстарына талдау.............................................................................................19
III- тарау. Қазақстан Республикасының инвестициялық қызметті қаржыландыру барысында тартымды ресурстарында кездесетін мәселелер мен шешу жолдары................................................................................................25
3.1 Қазақстан Республикасының инвестициялық қызметті қаржыландыру барысында кездесетін мәселелер.........................................................................25
3.2 Қазақстан Республикасының инвестициялық қызметті қаржыландыру барысында кездесетін мәселелер және жетілдіру жолдары..............................28
Қорытынды............................................................................................................31
Пайдаланған әдебиеттер.......................................................................................32
2.2 2004-2006 жылдардағы инвестициялық қызметті қаржыландыру ресурстарына талдау
Қазақстан тұңғыш президенті Н.Ә Назарбаев нарықтық қатынастары ерте қалыптасқан, нарықтық құрылымдары әбден дамыған Америка Құрама Штаттары, Европа, Азияжолбарыстары болып саналатын Оңтүстік Корея, Гонконг, Тайвань, Сингапур, Индонезия, Малайзия, Тайланд және Филипин елдерімен дипломатиялық достық қарым-қатынас орнатып, олардың әлемдегі ірі-ірі транс-ұлттық компанияларын Қазақстан экономикасына тартты. Соның арқасында, әсіресе, шикізат саласына миллиардтаған доллар шетелдік қаражат ұзақ мерзімге әкелініп, Қазақстан экономикасына қан жүгіре бастады. Мысалы, Қазақстан экономикасына тартылған инвестицияның көлемі 28 миллиард долларды құрады. Қазақстан шетелдік инвестиция тартудан ТМД елдері арасында бірінші орынға шықты. Ал 1993 жылдан 2004 жылға дейін 31 миллард долларға инвестиция тартылды. Қазақстан нарығында инвестиция тартуда Америка Құрама Штаттың пайыздық көлемі, басқа мемлекеттермен салыстырғанда өте жоғары екен. Мәселен, Америка Құрама Штаты 30,7%, Англия 13,7%, Италия 7,0%, Швецария 5,7%. Алдағы 25 жылға сомасы 100 миллиард Америка Құрама Штат долларын құрайтын келісім шарт жасалып қойылды. Тағы бір қуатты жағдай Қазақстанда шетелдік қаражатпен 5500 бірлескен кәсіпорын ашылып, қазір тәп-тәуір жұмыс істеп отыр. Ресейде бірлескен кәсіпорынның 1042 жұмыс істесе, Қырғызстанда 99, Украинада 74 ғана жұмыс істеуде. Қазіргі экономикалық өрлеуіміз, жетістіктеріміз шетелдік инвесторлардың арқасы. Сол ағылып келіп жатқан инвестициялардың әсерінен ел еңсесі біршама көтеріліп қалды. Инвестиция тартудың ең маңызды жері – тәуелсіз еліміздің тұтастығын, шекарасын қорғайды. Америка Құрама Штаты, Европа мемлекеттері, еліміздің экономикасына миллиарттаған қаржы сала отырып, Қазақстанға басқа мемлекетің қоқон-лоқы жасалуына жол бермейді. Мәселен, Шеврон, басқа да транс-ұлттық шет мемлекеттік компанияларда Кондализа Райс секілді мемлекет қайраткерінің акциялары бар. Шетелдік ірі компаниялар Қазақстан нарығынан үлкен пайда тауып отырады, сыртқы жауға беріп қоймайтыны анық. Мысалы, кеңестік империя ыдыраған соң, Каспий теңізін бөлер кезде Тұран заманындағы қызылбас ағайындылар теңіздегі шекераны бұрынғысынша қалдырайық деп дипломатиялық қарсылық көрсетіп бақты.
Қазақстанның тағы бір
ерекшелігі – географиялық құрылымдық
жағдайы мұхиттармен
«Миттал – Стил Темиртау»
трансұлттық корпарациясын
Инвестицияларды кейде капиталды салымдар ретінде қарастырады. Осындай қате түсінік, инвестициялық ресурстарды пайдалану объектілері толық анықталмағандықтан туындаған. Егер де олар тек жай және ұлғаймалы ұдайы өндірістің негізгі қорларына бағытталса, инвестиция түріндегі капитал салымдары құрылыс - монтаж жұмыстары, сатып алынған құрал-жабдықтар және тағы басқадай шығындар құны енеді. Сондықтан инвестиция түсінігі капиталды салымдар мәнінен кең ұғым болып табылады. Бұл түзетудің маңыздылығы "юридикалық тұлғалар, азаматтар мен мемлекеттің инвестицияларды жүзеге асырудағы тәжірибелік іс-әрекеттер жиынтығы" түсінігіндегі инвестициялық іс-әрекет мәнін түсінуге қажет. Оларды жүзеге асыру инвестициялық сфералардың:
Инвестицияны тар мағынадағы анықтамасын капитал құнын сақтау мен оны өсіруді қамтамасыз ететін, пайда, басқаша айтканда оң табыс көлемін әкелетін капитал орналастыруын айтуға болады. Бос ақшалай қаражаттар инвестиция емес өйткені ақшаның құндылығын ицфляция азайтуы мүмкін және ол ешқандай табыс акелуін қамтамасыз ете алмайды. Егер осы соманы жинақтау банкісіне салынса, оны инвестиция ретінде қарастыруға болады. Өйткені осы салым кепілденген табыс береді. Көбінесе инвсстиция деп - пайда, табыс пен әлеуметтік қажеттіліктерді алу мақсатындағы кәсіпкерлік іс-әрекет пен әртүрлі экономика салаларының объектілеріне салынатын мүліктік және интеллектуалды құндылықтардың барлық түрлері түсіндіріледі инвестиция құрамына ақшалай қаржылар, мақсатты банк несиелері акциялар мен басқадай құнды қағаздар, қозғалмалы және қозғалмайтын (ғимараттар, құрал-жабдықтар және тағы басқалары) мүлік, жерді пайдалану құқығы. табиғи ресурстар, мүліктін құқықтар және тағы басқалары кіреді.
Инвестицияның экономикалық
мағынасындағы анықтамасында
Дж.М.Кейнс пікірінше
инвестиция дегеніміз, капиталды мүліктің
осы кезендегі өндіріс әрекеті
нәтижесіндегі құндылықтың
2005 жылы Қазақстан Республикасындағы инвесгициялық қызметтің нәтижесі - қаржы емес активтерге жұмсалған 1307,2 млрд. теңге инвестицияны шеру болды, мұның 1100 млрд теңге инвестициясы негізгі капиталға жұмсалған. Қаржы емес активтерге жұмсалған инвестициялардың жалпы көлеміндегі негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың үлесі 84,2 % қүрады.
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі 2003 жылғымен салыстырғанда 10,6 % (2004 жылы 44,7 % , 2005 жылы 48,5 % , 2006 жылы 33,0%) өсті.
2003 жылдың деңгейіне қарағанда негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың өсуі республикадағы 14 облыстың онында және Алматы, Астана қалаларында байқалды. Көлемнің едәуір өсуі Қызылорда (1,9 есе), Ақмола (1,2 есе) облыстарында және Алматы қаласында (1,2 есе) байқалды. Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың 13 - 1 % шегінде өсуі Батыс қазакстан, Қарағанды, Қостанай және Атырау облыстарында, Астана қаласында байқалды.
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардын өңірлік құрылымындағы көлемнің жартысынан астамын (53,1 %) республиканың батыс өңірлеріндегі кәсіпорындар (Атырау облысы - 22,2, Батыс Қазақстан - 18,0 %, Ақтөбе - 7,5 %, Маңғыстау -5,4%) игерген. Мұнда, Алматы (13,9%) және Астана (9,3 %) қалаларының үлесі басым.
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлеміндегі ірі кәсіпорындардың үлесі - 47,0%, орташаларынікі - 27,9%, шағындарынікі - 23,9%, халық үлесі -1,2% құрады.
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың түрлік құрылымына сәйкес тұрғын емес үйлер мен ғимараттарға кеткен шығындардың үлесі 45,0% құрады, бұл 2004 жылғы көрсеткіштен 9,6 пайыздық пункте артық. Тұрғын үйлерге салынған салымның үлесі 0,6 пайыздық пункте өсіп, 4,8% құрады. Машиналарға, жабдыққа, құрал-сайманға, керек-жарақтарға кеткен шығындардың үлесі 1,6 пайыздық пунктке төмендеді.
Негізгі капиталға жұмсалған басқа шығындар 131 млрд. теңгені құрады, оның 89,1% геологиялық барлауға жұмсалған.
Негізгі капиталға жұмсалған
инвестициялар көлемінің
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың салалық құрылымы 2004 жылмен салыстырғанда аздаған өзгерістерге ұшырады. Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың жалпы көлеміндегі ең көп үлес салмақ бұрынғысынша кең өндіру өнеркәсібіне (41,5%), өңдеу өнеркәсібіне (9,4%), көлік және байланысқа (11,1 %) келеді.
Кең өндіру өнеркәсібінде негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың барлық көлемі дерлік шикі мұнай мен табиғи газ өндіруге және осы салаларға қызмет көрсетуге келеді (93,8 %).
Өңдеу өнеркәсібі салалары арасында металлургия өнеркәсібінің үлесіне ғана негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемінің 44.4 % тиеді.Көлік және байланыста негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың елеулі үлес салмағы құбырлармен айдауға (42,3 % ), әуе көлігіне (15,4 %) және электр байланысқа (19,8 %) келеді.
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың үлес салмағы жылжымайтын мүлік операцияларымен, жалға берумен және тұтынушыларға қызмет көрсетумен (12,6%) байланысты қызмет түрлерінде елеулі, мұньң 68 % геологиялық барлау мен іздестіруді жүзеге асыратын кәсіпорындардың үлесіне тиеді.
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың көлемі ауыл шаруашылығында бұрынғысынша мардымсыз (1,3 %).
Білім беру мен денсаулық сақтаудағы инвестициялық белсенділік денгейі әлі төмен қалпында. Бұл салалардың негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлес салмағы тиісінше 0,7 және 0,4 % кұрады.
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың көлемі де табиғат қорғау шараларына мардымсыз болды (2,0%). Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың жалпы көлемінде үйлер мен ғимараттарды күрделі жөңдеуге кеткен шығындар үлесі 13,3 % құрады, бұл 2004 жылғы көрсеткіштен 4,2 пайыздық пунктке артық. Күрделі жөндеуге кеткен шығындардың жалпы көлемінен үйлер мен ғимараттарға - 52,3 %, машиналар мен жабдықтарға кеткен шығындар - 47,7% құрады.
Негізгі капиталға жұмсалған инвестицияларды қаржыландыру көздерінің құрылымында меншікті және сырттан тартылған қаражаттың ара салмағы сақталады. Басым қаржылаңдыратын көз ретінде кәсіпорынның меншікті қаражаты қалады, оның негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлесі 55,2 % (2004 жылы 59,3 % ) құрады. Сонымен, меншікті қаражат экономикалық қызметтің мына түрлерінде: темір кеңін ашық әдіспен өндіруде; ағашты өңдеу және жиһаздан басқа ағаш пен тоздан жасалған бұйымдар өндіруде; қағаз массасын, қағаз, картон және осылардан жасалған бұйымдар өндіруде; кокс, мұнай өнімдерін және ядролық материалдар өндіру мен темір жол көлігін шығаруда негізгі капиталға жұмсалған инвестицияларды қаржыландырудың бірден-бір көзі болды. Меншікті қаражаттың едәуір үлес салмағы киім өндіру, үлбір өндеу және бояу; химия өнеркәсібі, темекі өнімдерін өндіру, электр энергиясын өндіру және бөлу, металлургия өнеркәсібі, уран және торий кеңдерінен басқа түсті металл кеңдерін өндіру бойынша кәсіпорындарда және құрылыс қызметін жүзеге асыратын ұйымдарда байқалды (98,5 - 83,2 %). 2005 жылы инвестициялық мақсаттарға жұмсалған меншікті қаражаттың едәуір бөлігі бөлінбеген табыс есебінен қаржыландырылды (89,6%). Негізгі капиталға жұмсалған инвестицияларды қаржыландыруға жұмсалған амортизациялық аударымдар 5,5 % құрады. Маңызды бөлігі - кәсіпорынның жұмыстарды іске асыру мен қызмет көрсетуден түскен айналым қаражаты болып табылатын меншікті қаражаттың басқа түрлері 4,9 % құрады. Сырттан тартылған қаражат құрылымында бюджет қаражатының үлесі 2004 жылғымен салыстырғанда 1,5% өсті, бұл республикалық инвестициялық жобаларды іске асыру үшін республикалық бюджеттен қаражат бөлуге байланысты. Отандық банктердің және өзге де қаржыландыру көздерінің кредиттер үлесі тиісінше 2,7 және 0,6 % есті. Шетелдік банк кредиттері үлесін 5,7 % темендегені, басқа шетелдің қаражаттың 5,0 % өскені байқалды.