Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2015 в 23:13, реферат
Алғашқы рет жалпы экономикалық теория ғылым ретінде зерттеудің пәнін экономикалық теорияның классикалық мектебінің өкілі А.Смит жасаған. Ол былай деген: бұл ғылым объективті, адамның еркі мен санасына тәуелді өмір сүретін қоғамдағы материалдық игіліктерді өндіру, болу, айырбастау және тұтыну заңдарын қарастыруы қажет. Сондай-ақ әртүрлі таптар мен адам топтарының арасындағы өнімді бөлудің табиғи тәртібінің және онымен байланысты болу қатынастарын да қарастырады.
I.Экономика: түсінік және қызметтері
а).Экономикалық теорияның дамуы.
б)Экономикалық теория пәні.
II.Классикалық саяси экономия.
а)Меркантилистер
б)Физиократтар
Қорытынды.
Жоспар:
I.Экономика: түсінік және қызметтері
а).Экономикалық теорияның дамуы.
б)Экономикалық теория пәні.
II.Классикалық саяси экономия.
а)Меркантилистер
б)Физиократтар
Қорытынды.
Жалпы экономикалық теория пәнін зерттеу және оның методологиясы
Алғашқы рет жалпы экономикалық теория ғылым ретінде зерттеудің пәнін экономикалық теорияның классикалық мектебінің өкілі А.Смит жасаған. Ол былай деген: бұл ғылым объективті, адамның еркі мен санасына тәуелді өмір сүретін қоғамдағы материалдық игіліктерді өндіру, болу, айырбастау және тұтыну заңдарын қарастыруы қажет. Сондай-ақ әртүрлі таптар мен адам топтарының арасындағы өнімді бөлудің табиғи тәртібінің және онымен байланысты болу қатынастарын да қарастырады.
К.Маркстың пайымдауынша,саяси экономия заттарды материалдық игіліктерді қарастырмайды,адамдардың арасындағы өндіру,бөлу,айырбастау және тұтыну туралы экономикалық, өндірістік қатынастарды қарастырады. К.Маркстың “Саяси экономикаға сын” (1859ж.) еңбегіне Ф.Энгельс комментарий жасап былай деген: ”Саяси экономия затпен емес, адамдар арасындағы қатынастардың іс-әрекетін қарастырады”, бірақ “бұл қатынастар зат пен байланыстар және заттар арқылы байқалады”
Қазіргі уақытта шет елде кең тараған “Экономикс” оқулығының авторы Пол Самуэльсон экономикалық теорияның бірнеше анықтамасын келтіреді:
“Бұл тізімнің ұзақ екенін” пайымдай отырып отыра П.Самуэльсон мына ойды жалғастырады: ”жақсы кітапхананың бөлімінде бір сағат қызмет істеген сауатты адам уақытын барынша соза түседі”, сондықтан да “экономикалық теория сөзсіз өзіне осы анықтамаларда көрсетілген барлық элементтерді кірістіреді және олар ұзақ тізімге созылады”. Одан кейін П.Самуэльсон: ”экономикалық теория пәнінің ешқандай анықтамасының, дәл болуы мүмкін емес, тіпті олай болудың қажеттілігі жоқ”, - дейді. Оған қарамастан П.Самуэльсон өзінің пәнге деген қорытынды анықтамасын келтіреді. ”Экономикалық теория қайдағы бір сирек өндіруші ресурстарды адам мен қоғам уақыттың өтеуіне қарай,ақшаның көмегімен немесе олардың қатысуынсыз, әртүрлі тауарды өндіру үшін таңдайды және оларды қазір мен болашақта тұтыну мақсатында әртүрлі адам мен қоғам топтары арасында бөлуді қолдану туралы ғылым.
П.Самуэльсон бұл анықтамасында адамдардың экономикалық мінез-құлқы жайлы айтылады.Әңгіме нарықтық жағдайдағы және бәсекелестік ортадағы - адамның, өндірушінің, тұтынушының, үй-шаруашылығының, кәсіпорынның, мемлекеттің мінез-құлқы туралы болуда. Себебі біреуінің мінез-құлқы басқа адамның психологиясынан өрбиді. Бәрібір мынаны тұжырымдауға болады:адамның рынок жағдайындағы мінез-құлқы табиғаттан тыс күштерден туындайды, ол адамдар арасындағы өзара экономикалық қатынастармен байқалады. К.Макконелл мен С.Брю “Экономикс” оқулығында былай деген: ”Бұл ғылымның мәселелері әдетте жеке ғана емес,ол қоғамдық көзқарас тұрғысынан оқытылады. Тауар мен қызмет көрсетуді өндіру, бөлу және тұтыну мұнда жалпы қоғам көзқарасы тұрғысынан қарастырылады. Осыдан түйетін ой: жалпы экономикалық теория әлеуметтік-экономикалық қатынастарды, экономикалық заңдар мен экономикалық категорияларды бейнелеу арқылы оқытады.
Сонымен жалпы экономикалық теорияны оқытудың пәні әлеуметтік-экономикалық қатынастар болып табылады және олар барлық қоғамдық өндіріс фазаларында (өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну) экономикалық заңдылықтар негізінде қалыптасады.
Бүгіндері экономикалық теорияның мазмұны бұрынғы саяси экономия шеңберінен әлдеқайда шығып кеткен - ол жалпы экономикалық теорияға және әртүрлі экономикалық мектептер мен бағыттардың экономикалық ойлар жетістігі жиынтығында трансформацияланады.
Жалпы экономикалық теория - бұл фундаментальды экономикалық ғылым, гуманитарлық, әлеуметтік және кәсіби экономикалық білімінің негізі. Осы тұрғыдан жалпы экономикалық теорияны байлық туралы ғылым, экономикалық қатынастар және экономикалық заңдар ретінде анықтауға тура келеді.
Экономика: түсінік және қызметтері.
Экономикалық теория пәні.
Қазіргі жағдайда "экономика" сөзі көп мағыналы мәнге ие болуда. Біріншіден, "экономика" сөзімен өндірістік және өндірістік емес салалардың жиынтығы түсіндіріледі және онда игіліктер мен қызметтер көрсетіледі, онсыз адамзат қоғамы өмір сүре алмайды. Сондай-ақ "экономика" сөзімен экономикалық қатынастар жиынтығы түсіндіріледі. Ол қатынастар өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну жүйесінде қалыптасады. Бұл қатынастар қоғамның экономикалық базисін құрайды, онда идеологиялық және саяси қондырма орналасады. Екіншіден, "экономика" сөзімен ғылым саласының экономикалық қатынастардағы қызметтік немесе салалық аспектіерін қарастыру түсіндіріледі. Экономикалық теорияның өкілдері өндіріс деңгейінің макро мен микроэкономикасын және интерэкономикасын бөліп қарағанда да "экономика" ұғымын түсінген. Интерэкономика дүниежүзілік шаруашылықтың пайда болуы мен даму заңдылығын сипаттайды. Сондай-ақ экономикалық теорияда бірнеше экономика түрлерін бөліп қарайды: дәстүрлі, нарықтық, еркін-бәсекелік, әкімшілдік-әміршілдік, аралас және басқалары. Үшіншіден, ”экономика” сөзі ретінде экономикалық ғылымды және экономикалық теорияны түсінеді. Ең соңында, ”экономика” сөзімен оқыту пәні түсіндіріледі. Қоғамдық қатынастар жүйесінде экономикаға ерекше орын беріледі, себебі ол саяси, құқықтық, рухани және басқада қоғамдық, өмір саласының мазмұнын анықтайды. Экономикалық саясат экономиканың шоғырланған мағынасын білдіреді. Генетикалық көзқарас тұрғысынан алғанда саясат экономикадан өрбиді деген сөз. Саяси көзқарастар, мекемелер мен қатынастар екінші реттегі байланыстар болып табылады, себебі олар экономикалық қатынастардан туындайды, олармен анықталады және соларға қызмет жасайды. Өз кезегінде саясат әрдайым қоғамдық дамуда ерекше рөль атқарады. Экономикалық заңдардың дамуын адамзат қоғамы саясатты қолдану арқылы жүзеге асырады.
Экономикалық ғылым - ең ертедегі ғылымдардың бірі. Алғашқы рет “экономия” (“ойкономия”) термині біздің дәуірімізге дейін III-ші ғасырда ертедегі грек ойшылдары Ксенофонт (б.д.д.430-355ж.ж. ) және Аристотель (б.д.д.384-322 ж.ж. ) еңбектерінде пайда болды.
“Ойкономия” (экономия) сөзі ретінде - (үй, шаруашылық) деп Аристотель құлиеленушілік шаруашылықты жүргізуді ұйымдастыру туралы ұсыныстар жиынтығын түсінген. Кейінірек осы бір талаптарға сүйене отырып,феодалдық иелікті жүргізу үшін ұсыныстар жиынтығы жасалды.
”Экономика” түсінігін үш түрлі тұрғыдан қарастырады, оны ажырату білу қажет.
Бірінші, экономика-шаруашылық әрекет, адамдар өмірінің ерекше саласы ретінде қарастырылады.
Екінші, экономиканы шаруашылық жүргізу туралы ғылым деп қарастырады.
Үшінші, экономика-шаруашылық жүргізу процесінде пайда болатын адамдар арасындағы қарым-қатынас.
Осы тұрғылардың (көзқарастардың) мазмұнын қарастырайық.
а) зерттеу аясы-экономикалық өмір немесе шаруашылық әрекет жүзеге асатын орта;
ә)зерттеу объектісі-экономикалық құбылыстар;
б) зерттеу субъектісі - адам, топ, мемлекет;
в) зерттеу пәні - адам, топ, мемлекеттің экономикалық өмір сүруі; олардың өздері өмір сүріп отырған экономикалық ортамен байланыстағы экономикалық әрекеттері;
Экономикалық теория - материалдық игіліктерді өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатымен, оларды пайдалану үшін бәсекелестік туғызатын жағдайда, шектеулі ресурстар мен өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну кезеңіндегі адамдар мен топтардың әрекетін зерттейтін қоғамдық ғылым. Экономикалық теория әдістемелік ғылым болып табылады, өйткені ол басқа нақты ғылымдарды экономикалық құбылыстарды зерттеудің әдіс-тәсілдерімен қаруландырады.
Қолданылған әдебиет тізімі:
1.С.С.Мәуленова,С.Қ.Бекмолдин,
2.Маршалл А.,Саяси экономика принциптері,1993 ж.
3.Жалпы экономикалық теория,2001 ж.