Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2014 в 10:41, доклад
«Экономика» деген сөз алғашқы ұғымында отбасы шаруашылығын білдірген. Қазіргі уақытта экономика кең көлемде: өндіріс, тұтас халық шаруашылығы, жалпы өндірістің әр саласы, қаражат-ақша айналасы, т.б. байланысты айтылады. Біздер экономиканы кең көлемде, қоғамдық өндірістің жүйесі деп түсінеміз.
Өндіріс-қоғамның өмір сүруіне және дамуына қажетті материалдық игілікті жасайтын процесс. Жұмысшы күші-өндірістің адамдық факторы, ал өндіріс құралы-заттық фактор. Бұл факторлар өзінен-өзі ештеңе де өндірмейді. Тек оларды біріктіру ғана игілікті шығаруға жағдай жасайды, яғни өндірісті іске асырады. Жұмысшы күші, еңбек құралы мен еңбек тәсілінің арасында күрделі қатынас жүйесі пайда болады.