Экономикалық ілім пәні мен әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 15:53, реферат

Описание работы

Экономикалық теория барлық экономикалық салалардың базалық білімі болып саналады. Қазіргі заманда экономикалық өзгерістер байланысты, нарықтық экономика негіздері туралы білімдерге қажеттілік туады. Сондықтан, «Экономикалық теория негіздері» курсы оқу маңызды болып саналады.

Содержание работы

Кіріспе бөлім
2. Экономикалық ілім пәні мен әдістері
2.1.Экономикалық ілімдер тарихы
2.2. Экономикалық ілім пәні.
2.3. Экономиканың зерттеу әдістері.
2.4. Экономикалық теорияның функциялары
3. Қорытынды

Файлы: 1 файл

Реферат.doc готов.doc

— 120.00 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Реферат

 

Тақырыбы: Экономикалық ілім пәні мен әдістері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар:

Кіріспе бөлім

2. Экономикалық ілім пәні мен әдістері

2.1.Экономикалық ілімдер тарихы

2.2. Экономикалық ілім  пәні.

2.3. Экономиканың зерттеу әдістері.

2.4. Экономикалық теорияның функциялары

 3.    Қорытынды

4.    Әдебиеттер  тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Экономикалық  теория барлық экономикалық салалардың базалық білімі болып саналады. Қазіргі  заманда экономикалық өзгерістер байланысты, нарықтық экономика негіздері туралы білімдерге қажеттілік туады. Сондықтан, «Экономикалық теория негіздері» курсы оқу маңызды болып саналады.

«Экономикалық теория негіздері» курсының мақсаты  мен міндеттеріне- студенттерге әр түрлі экономикалық жүйелердегі  қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму заңдылықтары мен эволюциясы және шектеулі ресуратар жағдайында адамның экономикалық қылығының принциптерімен себептері туралы теориялық білім беру, сондай-ақ оларда экономикалық дүниетаным мен мемлекеттік экономикалық және әлеуметтік саясатты жүзеге асыруда азаматтық бағытын ұстануды қалыптастыру Студенттердің білімдерін тестілік бақылау формасын тексеру, есептеу шығару, логикалық жаттығулардың және әр түрлі мәселелерді шешу, экономикалық негізгі түсініктер және категорияларға арналған тренигтар өткізу. Экономикалық құбылыстардың мәнін жүйелі түсіну, әр түрлі экономикалық жүйелердегі қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму заңдылықтарын білу.Шектеулі ресурстар жағдайында нарықтың өзін өзі реттеу механизмдерін білу.Экономиканы мемлекеттік реттеу принциптерін білу.Қазақстан Республикасының ұлттық мүддесі мен ғаламдану жағдайында әлеуметтік экономикалық дамуының стратегиялық басымдықтарын білу.Ақпаратты жүйелеу және бақылай білу.

Экономикалың  теорияның пәнін, әдістерін, қызметтерін қарастыру, оның Қазақстанда нарықтық жүйенің қалыптасуындағы және дамуындағы рөлін көрсету.

 

 

 

 

 

 

  1. Экономикалық ілім пәні мен әдістері

          2.1.Экономикалық ілімдер тарихы

 

 Экономикалық ілімдер тарихы адамзат қоғамы дамуының ажыратылмас бөлігі, онымен бірге дамып қалыптасты. Қалай өмір сүру, қажеттіліктерін, игіліктерді өндіру, бөлу процестеріндегі қарым-қатынастардың барлығы алғашқыда экономикалық ой-пікірлер, ілім негізінде қалыптасып, шаруашылықты жүргізудің белгілі бір әдісі түрінде көрінді. Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде экономикалық ойлар мен ойшылдар көріне қойған жоқ.

Экономикалық ілімдердің ғылым ретінде қалыптасу кезеңі XVII ғасыр болып табылады, бірақ  экономикалық қөзқарастар көне заманда  да кездеседі.

Оның өмір сүру кезендерінде бірнеше мектептермен, ағымдармен ауыстырылды.

Экономикалық әдебиеттерде экономикалық ілімдер тарихының  пәні төңірегінде алуан түрлі  көзқарастар кездеседі. Экономикалық ілімдер тарихы пәні тұжырымдамасы  туралы экономикалық ғылым саласындағы  танымал беделділердің арасында да ортақ пікір жоқ. Қазіргі кездегі экономикалық көзқарастардың жіктелуі, экономикалық ғылымның пәнін түсінуге мүмкіндік береді. Олардың арасынан классиктерді (олар экономикалық ғылым пәнін қоғамдық байлықты ендіру заңдары деп есептейді); неоклассиктерді (олардың ойынша, экономика ғылымы шектеулі өндірістік ресурстар жағдайында ұтымды шешімдерді іздестірумен айналысуы тиіс); марксистерді (оларды өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процесінде туындаған экономикалық қатынастарды зерттейді); кейнсшілдерді (олар экономикалық өсу факторларын зерттеген және факторлық талдау негізінде макроэкономикалық реттеу ұсыныстарын жасаған); маржиналистерді (олар «экономикалық адамның» ұтымды іс-әрекетін зерттеген); монетаристерді (олар экономиканы тұрақтандыру және жұмысбастылықты қамтамасыз ету факторы ретінде монетарлық, яғни ақша несие саясатын алған); институционалистерді (олар экономикалық қатынастарды әлеуметтік, саяси және рухани қатынастармен байланыстырып қарастырған) және т.с.с. бөліп қарауға болады. Дегенмен, жасалған әр түрлі тұжырымдарға қарамастан, қарама-қайшылықтар жиі кездеседі және олар классиктердің көзқарастарымен ойдағыдай ұштасып жатады.

«Экономикалық ілімдер  тарихы» кітабының авторы Титова И.Е. осы ғылымның төмендегідей анықтамасын  береді: экономикалық ілімдер тарихы түрлі тарихи кезендердегі ғалымдардың экономикалық көзқарастарының негізгі жүйелерінін пайда болып, дамуының тарихи процесін зерттейді. Бұдан туындайтыны — экономикалық ілімдердің қалыптасуын және дамуын талдау, барлық қоғамдық дамудың – құл иеленушілік қоғамнан бастап барлық тарихи кезендердің тарихи процесін қамтиды. (Титова Н.Е. «Истории экономических учений» – М.:; Гуманит. Изд. центр «ВЛАДОС, 1997, 3 б).

Белгілі окулықтың авторы Худокормов А.Г. курстың пәні тек  қана қазіргі кезде жалпыға бірдей мойындалған тұжырымдар емес, сонымен қатар батыс экономистерін ортақ пікірге әкеліп қана қоймай, солармен ұштасып, ғылымды әрі қарай дамытып отыратын пікірталастар, дискуссиялар деп атап көрсетті. (История экономических учений: современный этап): Учебник/Под об. ред. А.Г.Худокормова. – М.: ИнфраМ, 1998, 3 б.).

Экономикалық ілімдер  тарихы пәнінің неғұрльгм кеңейтілген  тусініктемесін белгілі экономист  алыс және жақын шетелдердің ғылым  әлемінде жақсы танымал «Экономикалық  ілімдер тарихы» оқулығының авторы Я.С.Ядгаров берді. Ол былай деп жазды: «Бұл пәннің объектісі жекелеген экономистердің теорияларында, теориялық мектептерде, ағымдар мен бағыттарда орын алған экономикалық идеялар мен танымдардын, экономикадағы, ғылымдағы, техникадағы және әлеуметтік саладағы өзгерістерге сәйкес кұрылу, даму және ауысуының тарихи процесі болып табылады». (Ядгаров Я.С. «История экономических учений: Учебник для вузов. Изд. 4-е перерад. идоп. – М.: ИНФРА-М, 2000, 12 б.).

«Экономикалық ілімдер  тарихы» кітабының авторлар ұжымы  ресейлік экономист ұлтшылдардың идеяларына аздап талдау жасай отырып, курс пәніне төмендегідей анықтама береді: экономикалық ілімдер тарихы әлемдік экономикалық теорияның даму зандылықтарын, әр дәуірдегі және әр елдегі экономикалық көзқарастардың пайда болып, дамуының. күресуінің және ауысып отыруының тарихи процесін экономика тарихымен, философиялық ойдың негізгі бағыттарымен және нақты экономикалық пәндермен тығыз байланыстыра отырып зерттейді. (Гусейнов Р.М., Горбачева Ю.В., Рябцева В.М., «История экономических учений: Учебник/Под. общ. ред. Ю.В.Горбачевой – М., Инфра-М, Новосибирск: Сибирское соглашение, 2000, 9 б).

Г.А. Шмарловскаяның анықтамасы бойынша «Экономикалық ілімдер  тарихының зерттеу пәні экономикалық идеялардың пайда болып, дамуының, күресуінің және ауысып отыруының тарихи процесі және олардың адам өркениетінің дамуындағы ролі» («История экономических учений: Учеб. пособие/Под общ. ред. Шмарловский Г.А. – 2-е изд., испр.-Мн.: Новое знание, 2001, 4 6.).

Санкт-Петербургтік ғалымдардың  пікірінше, экономикалық ілімдер тарихының пәні — бұл экономикалық ілімдердің пайда болуының, қалыптасуының, дамуының, күресуінің және ауысуының тарихи процесі. (Павлова И.П., Владимировский Е.А, Оводенко А.А., Ильинская Е.М., «История экономических учений»: Учебное пособие. 5-е изд. – СПб.: Изд. «Лань», 2001, 5 6.)

Профессор С.А.Бартенов экономикалық процестерге және экономикалық теориялармен мектептердің қалыптасып, дамуының заңдылыктарына деген көзқарастар эволюциясы экономикалық ілімдер тарихының пәні деп есептейді. (Бартенов С.А. «Истории экономических учений» – М.: Юрист, 2002, 15 б.).

Әрине, курс әдебиеттерді зерттеп. белгілі экономистердің көзқарастарын  жүйелеумен және ашумен шектеліп қоймай, идеялардың өзара байланысың, реттілігін, әдістер мен қорытындылардың  трансформациясын анықтауға ұмтылады.

Экономикалық ілімдер  тарихы пәнінің қысқаша сипаттамасы  да қолданылады. Бірқатар ресейлік ғалымдар (Борисов Г.В., Шишкин М.В., Сутырин  С.Ф.) бұл курстың пәні өркениет дамуының түрлі сатысындағы экономикалық теориясының пайда болу, даму және басқалармен ауысу процесі деп есептейді. (Борисов Г.В., Шишкин М.В., Сутырин С.Ф. «История экономических учений» – С-Пб., Изд. дом «Сентябрь», 2003, 7 б).

Біздің айтуымызша, бір  анықтама екінші анықтаманы дамытады және олардың бәріне ортақ нәрсе  – экономикалық ой тарихының пәні қоғамдық өндірістің қалыптасып, дамуының тарихын зерттеу, ол сонымен бірге адам қоғамының эволюциясы барысындағы экономикалық концепциялардын (идеялар мен көзқарастардың) пайда болуының, дамуының және ауысуының тарихи процесі.

Экономикалық әдебиеттерде де қысқаша  талдау жасағаннан аңғарғанымыз, экономикалық ілімдер тарихы пәнін зерттеу  бойынша үлкен жұмыс Батыста  және Ресейде жұргізіледі.

Қазақстанда аталған мәселелер  осы күнге дейін жеткіліксіз  зерттелген. Экономикалык әдебиетте ғылым тұрғысынан алғандағы экономикалық ілімнің тарихи аспектілерін қамтитын бірқатар басылымдар бар (Я.Ә.Әубәкіров, О.Ж.Әлиев, В. К. Досқалиева, С. А. Досқалиев, М.К.Елеусізов, Р. Е. Елемесов, Е. Б. Жатқанбаев, Д.К Кабдиев, К. К. Қанатбаев,К. Н. Нәрібаев, Т. С. Сарбасова, О.Қ.Шеденовтың және т.б.). соған қарамастан.

Қазақстандағы экономикалық ілімдер тарихын кешенді тұрғыдан қарастыруға арналған ғылыми деңгейде зерттеулер әлі тиісті жолға койылмаған. Сондықтан да осы бағыттағы ізденістер әрі жалғасуда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Экономикалық ілім  пәні.

Экономикалық  теория - бұл адамдардың шексіз қажеттілігін  қанағат-тандыру үшін  қоғамдағы  шектеулі немесе сирек  кездесетін ресурстарды  пайдалану арқылы  игіліктерді  өндіруді  зерттейтін ғылым.

Экономикалық ойлау адамзат қағамының құрдасы болып табылады. Оның алғашқы қайнар көзі ежелгі Египеттен басталады.

Ең алғаш рет б.д.д. III- ғасырда грек ойшылдары Аристотель мен Ксенофонт еңбектерінде экономикалық болмыс түсініктерінің бірнеше нұсқаулары дүниеге келді. Философ, әрі экономист Аристотель айырбас, ақшаның пайда болуы мен атқаратын қызметін зерттейді. Бірақ бұл ғалымдар экономикалық ілімді дербес бір тұтас жүйеге айналдыра алмады. Экономика деген  гректің сөзі, сөзбе сөз аударғанда «үй шаруашылығын жүргізудің өнері» деген мағынаны білдіреді.

Қазір оның мазмұны айтарлықтай  өзгеріске ұшырады. Шаруашылық тек  отбасы төңірегінде емес, сондай ақ аймақ, ел, әлемдік шеңберде жүргізіліп, басқарылатын болды және тек теориялық  белгілеріне ғана емес, сондай ақ өндірістік белгілеріне байланысты (фирма, кәсіпорын, сала) ұйымдастырылатын болды.

Экономикалық теория дербес ғылым болып XVI-XVII ғасырларда тауар – ақша қатынастары кеңейген капитализм кезеңінде түбегейлі қалыптаса бастады.

Экономикалық  теорияның  даму кезеңдері төмендегідей бөлінеді.

Меркантилизм – Ең алғаш экономикалық ілім XVIXVII ғасырларда меркантилизм мектебі болды (итальян сөзі «мерканте» - саудагерлер көпес, сауда, пайда). Бүл ілімнің негізінде қоғам байлығының қайнар көзі материялдық өндіріс емес, тауар ақша қатынастарында болды.

Меркантелистердің талабы бойынша  тауарды шет елдерге көп сату олардан аз сатып алу, сөйтіп елдегі ақша қорын көбейту. Олар сыртқы сауданы  дамыту арқылы елдегі алтын мен күмістің көлемін молайту негізінде халықты  байытуға болады деді. Демек меркантелистер тек сауда капиталының мүддесін қорғады. Сондықтан халық шаруашылығын толық қамтитын ілімге айнала алмады. Бұл ілімнің көрнекті өкілдері Т.Мен, А.Монкретьен, І Петр, И.И.Посошков.

Физиократизм – (XVIII) қоғамның байлығы саудада емес өндірісте деген қағида ең бірінші «физократтар» мектебінің өкілі Франсуа Кэненің еңбегінде пайда болды, бірақ ол ұлттық байлықтың қайнар көзі ауыл шаруашылығының еңбегінде деп есептеді.

«Физио» - табиғат, «кратос» - үстемдік. Алайда өндірісті тек ауыл шаруашылығымен шектеп халық шаруашылығын басқа салаларын өнімсіз деп есептеу дұрыс болмады. Бұл кезеңнің көрнекті өкілдері Ф.Кенэ, А.Тюрго, Дюпон де Немур.

Классикалық саяси  экономия - ХҮІІІ ғасыр (У.Петти, А.Смит, Д.Рикардо, Буагильбер) - өндірістің барлық саласын зерттеп, барлық тауарлардың құндылық өлшемі негізі еңбекте деп дәлелдеген. Экономиканың нарықпен реттелуін және қоғамның барлық топтар табыстарының қайнар көзін анықтаған. ХІХ ғасырдың ІІ жартысы басында саяси экономия екі бағытқа бөлінді: марксизм және маржинализм.

а) Марксизм – (К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин, Г.В.Плеханов). Зерттеудің негізгі  нысаны – капитализмнің  экономикалық заңдылықтары. К.Маркстың ашқан басты жаңалығы: қоғамдық-экономикалық формация, капитализмнің даму заңдылықтары, социализмнің жаңа жүйе ретінде пайда болуы, ұдайы өндіріс пен экономикалық дағдарыстар теориясы, тауарға сіңген еңбектің екі табиғаттылығы, қосымша құн туралы ілімдерді қалыптастырды, абсолюттік рентаның, жалдамалы еңбектің мәнін қарастырды. К.Маркс қоғамды екі топқа  бөлу арқылы барлық экономикалық  құбылыстар да талданды. Қосымша  құнның теория  мағынасы  өндірісте  пролетариаттың қаналуы арқылы  көрініс тапты.

б) Маржинализм  – (К.Менгер, У.Джевонс, Л.Вальрос). Маржинализмнің басты категориялары шекті пайдалылық, шекті өнімділік, шекті шығындар. Шаруашылықты тиімді ұйымдастыру  үшін шектеулі ресурстарды ең пайдалы бөлудің әдістерін іздестіру жүргізілді. Микроэкономикалық талдауда шекті  көрсеткіштер қолданылу әдістері қарастырылды. Маржинализм экономико-математикалық тәсілдер мен үлгілерді кең қолданады. Л.Вальрос математикалық мектептін негізін қалаған. Ол жалпы нарықтық тепе-теңділік үлгісін жасаған, оның негізі сұраныс пен ұсынысты талдау. 

Неоклассикалық  теория - ХІХ ғасырдың 90 жылдары (Д.Кларк, А.Маршалл, А.Пигу). Неоклассиктердің ойы келесіде: егер нарықтық экономиканың субъектілеріне  мүмкіндігінше экономикалық еркіндік бірлесе өте жақсы қызмет атқарған болар еді деп есептеді.

Кейнсиандық мектеп – ХХ ғасыр (Дж.Кейнс). Бұл ағымның «капитализмді реттеу» теориясы бойынша: экономиканы нарықтық реттеумен қатар  мемлекеттің араласуының  қажеттілігін айқындады.

Институционализм  – ХХ ғасырдың 50 жылдарының аяғы (Т.Веблен, У.Митчел, М.Вебер, В.Зомбарт, Д.Гэлбрейт және т.б.). Экономикалық  дамудың сипатын құрайтын тек нарық емес, ол – экономикалық институттардың барлық жүйесі. Бұл бағыт өкілдері қоғамның жоғары мұратының көрінісіне  әлеуметтік бағдарламаларды, индикативтік жоспарлау және басқа да экономикадағы мемлекеттің араласу шараларды жатқызуы.

Информация о работе Экономикалық ілім пәні мен әдістері