Экономикалық теория және экономикалық саясат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2013 в 16:03, реферат

Описание работы

Экономикалық теория — бұл адамдардың шексіз қажеттілігін қанағат-тандыру үшін қоғамдағы шектеулі немесе сирек кездесетін ресурстарды пайдалану арқылы игіліктерді өндіруді зерттейтін ғылым. Экономикалық ойлау адамзат қағамының құрдасы болып табылады. Оның алғашқы қайнар көзі ежелгі Египеттен басталады.Ең алғаш рет б.д.д. III- ғасырда грек ойшылдары Аристотель мен Ксенофонт еңбектерінде экономикалық болмыс түсініктерінің бірнеше нұсқаулары дүниеге келді. Философ, әрі экономист Аристотель айырбас, ақшаның пайда болуы мен атқаратын қызметін зерттейді. Бірақ бұл ғалымдар экономикалық ілімді дербес бір тұтас жүйеге айналдыра алмады. Экономика деген гректің сөзі, сөзбе сөз аударғанда «үй шаруашылығын жүргізудің өнері» деген мағынаны білдіреді.Қазір оның мазмұны айтарлықтай өзгеріске ұшырады.

Содержание работы

Кіріспе:
Экономикалық теория түсінігі;
Экономикалық теорияның даму кезеңдері;
Экономикалық қажеттілік;
Негізгі бөлім:
2.2. Экономикалық саясат;
2.3. Сыртқы экономикалық саясат;
Қорытынды;
Пайдаланылған әдебиеттер;

Файлы: 1 файл

Экономикка.docx

— 31.68 Кб (Скачать файл)

Қ.Р. Білім  және ғылым министрлігі

Академик  Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанда мемлекеттік университеті

 

 

 

 

 

Реферат

Тақырыбы: Экономикалық теория және экономикалық саясат.

 

 

 

 

Орындаған: Медекова Г.С

Тексерген: Жакина Г.

 

 

 

 

 

 

Қарағанды – 2013жыл.

Жоспары:

Кіріспе:

    1. Экономикалық теория түсінігі;
    2. Экономикалық теорияның даму кезеңдері;
    3. Экономикалық қажеттілік;

Негізгі бөлім:

2.2. Экономикалық саясат;

2.3. Сыртқы экономикалық саясат;

Қорытынды;

Пайдаланылған әдебиеттер;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Экономикалық  теория — бұл адамдардың шексіз қажеттілігін  қанағат-тандыру үшін  қоғамдағы шектеулі немесе сирек кездесетін ресурстарды пайдалану арқылы  игіліктерді  өндіруді  зерттейтін ғылым. Экономикалық ойлау адамзат қағамының құрдасы болып табылады. Оның алғашқы қайнар көзі ежелгі Египеттен басталады.Ең алғаш рет б.д.д. III- ғасырда грек ойшылдары Аристотель мен Ксенофонт еңбектерінде экономикалық болмыс түсініктерінің бірнеше нұсқаулары дүниеге келді. Философ, әрі экономист Аристотель айырбас, ақшаның пайда болуы мен атқаратын қызметін зерттейді. Бірақ бұл ғалымдар экономикалық ілімді дербес бір тұтас жүйеге айналдыра алмады. Экономика деген  гректің сөзі, сөзбе сөз аударғанда «үй шаруашылығын жүргізудің өнері» деген мағынаны білдіреді.Қазір оның мазмұны айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Шаруашылық тек отбасы төңірегінде емес, сондай ақ аймақ, ел, әлемдік шеңберде жүргізіліп, басқарылатын болды және тек теориялық белгілеріне ғана емес, сондай ақ өндірістік белгілеріне байланысты (фирма, кәсіпорын, сала) ұйымдастырылатын болды.Экономикалық теория дербес ғылым болып XVI­XVII ғасырларда тауар – ақша қатынастары кеңейген капитализм кезеңінде түбегейлі қалыптаса бастады.Экономикалық  теорияның даму кезеңдері төмендегідей бөлінеді:

  • Меркантилизм – Ең алғаш экономикалық ілім XVI­XVII ғасырларда меркантилизм мектебі болды (итальян сөзі «мерканте» — саудагерлер көпес, сауда, пайда). Бүл ілімнің негізінде қоғам байлығының қайнар көзі материялдық өндіріс емес, тауар ақша қатынастарында болды.Меркантелистердің талабы бойынша тауарды шет елдерге көп сату олардан аз сатып алу, сөйтіп елдегі ақша қорын көбейту. Олар сыртқы сауданы дамыту арқылы елдегі алтын мен күмістің көлемін молайту негізінде халықты байытуға болады деді. Демек меркантелистер тек сауда капиталының мүддесін қорғады. Сондықтан халық шаруашылығын толық қамтитын ілімге айнала алмады. Бұл ілімнің көрнекті өкілдері Т.Мен, А.Монкретьен, І Петр, И.И.Посошков.
  • Физиократизм – (XVIII) қоғамның байлығы саудада емес өндірісте деген қағида ең бірінші «физократтар» мектебінің өкілі Франсуа Кэненің еңбегінде пайда болды, бірақ ол ұлттық байлықтың қайнар көзі ауыл шаруашылығының еңбегінде деп есептеді.«Физио» — табиғат, «кратос» — үстемдік. Алайда өндірісті тек ауыл шаруашылығымен шектеп халық шаруашылығын басқа салаларын өнімсіз деп есептеу дұрыс болмады. Бұл кезеңнің көрнекті өкілдері Ф.Кенэ, А.Тюрго, Дюпон де Немур.
  • Классикалық саяси  экономия — ХҮІІІ ғасыр (У.Петти, А.Смит, Д.Рикардо, Буагильбер) — өндірістің барлық саласын зерттеп, барлық тауарлардың құндылық өлшемі негізі еңбекте деп  дәлелдеген. Экономиканың нарықпен реттелуін және қоғамның барлық топтар табыстарының қайнар көзін анықтаған. ХІХ ғасырдың ІІ жартысы басында саяси экономия екі бағытқа бөлінді: марксизм және маржинализм.

а) Марксизм – (К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин, Г.В.Плеханов). Зерттеудің негізгі  нысаны – капитализмнің экономикалық заңдылықтары. К.Маркстың ашқан басты жаңалығы: қоғамдық-экономикалық формация, капитализмнің даму заңдылықтары, социализмнің жаңа жүйе ретінде пайда болуы, ұдайы өндіріс пен экономикалық дағдарыстар теориясы, тауарға сіңген еңбектің екі табиғаттылығы, қосымша құн туралы ілімдерді қалыптастырды, абсолюттік рентаның, жалдамалы еңбектің мәнін қарастырды. К.Маркс қоғамды екі топқа  бөлу арқылы барлық экономикалық  құбылыстар да талданды. Қосымша  құнның теория  мағынасы  өндірісте  пролетариаттың қаналуы арқылы  көрініс тапты.

б) Маржинализм – (К.Менгер, У.Джевонс, Л.Вальрос). Маржинализмнің басты категориялары шекті пайдалылық, шекті өнімділік, шекті шығындар. Шаруашылықты тиімді ұйымдастыру  үшін шектеулі ресурстарды ең пайдалы бөлудің әдістерін іздестіру жүргізілді. Микроэкономикалық талдауда шекті  көрсеткіштер қолданылу әдістері қарастырылды. Маржинализм экономико-математикалық тәсілдер мен үлгілерді кең қолданады. Л.Вальрос математикалық мектептін негізін қалаған. Ол жалпы нарықтық тепе-теңділік үлгісін жасаған, оның негізі сұраныс пен ұсынысты талдау.

Неоклассикалық теория - ХІХ ғасырдың 90 жылдары (Д.Кларк, А.Маршалл, А.Пигу). Неоклассиктердің ойы келесіде: егер нарықтық экономиканың субъектілеріне  мүмкіндігінше экономикалық еркіндік бірлесе өте жақсы қызмет атқарған болар еді деп  есептеді.Кейнсиандық мектеп – ХХ ғасыр (Дж.Кейнс). Бұл ағымның «капитализмді реттеу» теориясы бойынша: экономиканы нарықтық реттеумен қатар  мемлекеттің араласуының  қажеттілігін айқындады. Институционализм – ХХ ғасырдың 50 жылдарының аяғы (Т.Веблен, У.Митчел, М.Вебер, В.Зомбарт, Д.Гэлбрейт және т.б.). Экономикалық  дамудың  сипатын  құрайтын тек нарық емес, ол – экономикалық институттардың барлық жүйесі. Бұл  бағыт өкілдері қоғамның жоғары мұратының  көрінісіне  әлеуметтік бағдарламаларды, индикативтік жоспарлау және басқа да экономикадағы мемлекеттің араласу шараларды жатқызуы.

Экономикалық қажеттілік – адамдарды өз мұқтаждарын қанағаттандыру мақсатында белсенді қызмет етуге мәжбүр ететін қозғаушы күш болып табылады. Қажеттіліктерді қанағаттандыру деңгейіне қарай жаңа қажеттіліктер туады. Оның құрылымы, саны, сапасы, өзгеріп отырады. Қажеттіліктердің үздіксіз өсуі адамдардың экономикалық эволюциясының көптеген деректерімен дәлелденді. Әр бір 10 жыл сайын тұтыну тауарлары мен қызметтердің түрлері екі есеге өсіп отырады. Мұндай экономикалық заңдылық қжеттіліктердің өсу заңы деп аталады. Қажеттіліктердің түрлері:

Алғашқы (төменгі) — қажеттілік адамдардың өмір сүруіне ең алғаш керек қажеттіліктер. Оларға толық киім, баспана т.б жатады.

Екінші реттік (жоғарғы) қажеттіліктер. Екінші реттік (жоғарғы) қажеттілік – бұл адамның рухани жағдайы, әлеуметтік ортасы, интелектуалдық деңгейіне байланысты пайда болатын қажеттіліктер. Бұл қажеттіліктерді альтернативті (таңдау) қажеттіліктері деп те атайды. Мысалы: кітаптар, сәнді киімдер, қымбат бұйымдар, сондай-ақ білімге мәдениетке қажеттіліктер. Қанағаттандыру түріне қарай қажеттіліктерді жеке және ұжымдық деп бөлуге болады.

Жеке қажеттіліктер – бұл жеке адамның өзін қанағаттындыра алатын қажеттіліктер. Мысалы: киім, тамақ, мұздатқыш, машина т.б тауарлар сатып алуы.

Ұжымдық қажеттіліктер — өмірде жеке бір адам қанағаттандыруға мүмкін емес,көп шығын қажет ететін қажеттіліктер бар. Оларды көпшілік көмегімен ұжымдық түрде қанағаттандырады. Ұжымдық қажеттіліктерді қанағаттандыру жөнінде шешімдерді басқару органдары қабылдайды.

Экономикалық  саясат – мемлекеттің экономикалық іс-шараларының жүйесі, яғни мемлекет, үкімет жүргізетін іс-қимылдардың, экономиканы басқару саласындағы шаралар жүйесі, елдің мақсаттарына, міндеттеріне, мүдделеріне сәйкес экономикалық үдерістерге белгілі бір бағыттылық беру. Экономикалық саясаттың мақсаттары мен құралдары қоғамдық құрылыстың сипатымен, елдің дамуының ішкі және халықаралық жағдайларымен айқындалады. Экономикалық саясат құрылымдық, инвестициялық, қаржы-несие, әлеуметтік, сыртқы экономикалық, ғылыми-техникалық, салық, бюджет саясатын қамтиды.

Экономикалық саясаттың  пайда болуы алғашқы мемлекеттердің қалыптасуымен байланысты болды. Ежелгі және орта ғасырларда Экономикалық саясат әдетте салықтар алумен, ақша, айналыс  және жер қатынастарын реттеумен  шектелді. Капиталдың бастапқы қорлануы кезеңінде Экономикалық саясатқа капит. мануфактуралардың құрылуына және сауданың дамуына септігін тигізген меркантилизм мен проекционизм тән  болды, ал өнеркәсіптік буржуазияның өсуіне қарай еркін кәсіпкерлік саясат пен фридредерлік барған сайын үлкен  рөл атқара бастады. Қазіргі заманғы  монополистік капитализмге мемлекеттің  экономикалық рөлінің күшеюі сияқты Экономикалық саясат белгілері тән: мемлекет ұдайы өндіріске белсене  араласады, халық ш-ндағы секторды дамытады, экономиканы бағдармалайды, дағдарысқа, инфляцияға қарсы шараларды  жүзеге асырады, фирмалардың, соның  ішінде халықаралық монополистік ұйымдардың сыртқы экономикалық қызметін реттейді. Экономикалық саясаттың нысандары  мен әдістері көбінесе экономиканың жай-күйіне, нарықтық экономиканың ұдайы  өндіріс үдерісін мемлекеттік реттеумен  ұштастырылуына байланысты. Экономикаға  оны жанама түрде реттеудің кейнстік теориясына негізделген мемл. ықпал  ету идеялары мемлекет тиісті салық  және несие-қаржы саясатын жүргізе  отырып, қор жинауға бейім шаруашылық жүргізуші субъектінің психологиясын  ықпал ете алады, қоғамның тиімді жиынтық сұранымына ынталандыра  алады, сол арқылы нарықты реттеп, бағыттай алады, экономикалық өрлеуді  жеделдете алады, халықтың жұмыспен қамтылуы деңгейі мен оның әлеуметтік әл-ауқатын арттыра алады дегенге  саяды. 1929 – 33 ж. Ұлы тоқырау кезеңінде  АҚШ Президенті Ф. Рузвельт кейнстік идеялар тұрғысынан Экономикалық саясат жүргізді, бұл саясат “жаңа бағыт” деп аталды. Соғыстан кейінгі жылдары  көптеген елдер жаңа дағдарысқа қарсы  шараларды әзірлеу, соғыс қиратқан шаруашылықты қалпына келтіру және өрге бастыру кезінде де осы кейнстік қағидаларды басшылыққа алды. Алайда 1950 – 60-жылдардан бастап Экономикалық саясатта неолибералдық монетаристік доктриналардың ықпалы белең алды. Мұнда нарықтық шаруашылыққа ерекше орын берілді, мұның өзі экономика  мемлекеттің араласуын қажет  етпейді деген идеяға алып келді. Кейнсшілдікке қарама-қарсы қағида болып табылатын монетаризм теориясына сәйкес сұранымды ынталандыру жөніндегі  Экономикалық саясат шаралары экономиканың жағдайын жақсартпайды, қайта үйлесімсіздік  туғызады, жағдаятты нашарлатады, өйткені  “теңдестіруші” нарықтық тетіктердің  әрекетіне кедергі жасайды. Монетаристер тиімді жиынтық сұраным қағидатын  емес, ұсыным қағидатын, кәсіпкерлік  қызметті мемл. реттеудің күшін жоюды  бірінші орынға қойды. Олар кәсіпкерлерден алынатын салықты азайтуды, бюджет тапшылығын төмендетуді, бағаның құралуын ырықтандыруды, ақша шығарылымын шектеуді, сондай-ақ әлеум. мұқтаждарға жұмсалатын шығынды азайтуды жақтады. Олардың пайымдауынша, мемлекеттің Экономикалық саясатның атқарымы ақша шығарылымын және несиелендіруді реттеумен шектелуге тиіс. Монетаризм идеясы бірқатар елдерде: Ұлыбританияда (тэтчеризм), АҚШ-та (рейгономика), Чилиде, Израильде, Ресейде жүргізілген Экономикалық саясатта көрініс тапты. Экономиканы басқарудың әкімшілдік-әміршілдік жүйесі қираған, өтпелі экономикасы бар, қазіргі заманғы нарықтық тетіктері әлі қалыптаса қоймаған бұрынғы соц. елдерде Экономикалық саясаттың өздеріне тән ерекшеліктері болды. Қазақстанның Экономикалық саясаты нарықтық қатынастарды батыл енгізе отырып, мемлекеттің рөлін арттыруға, барлық деңгейде экономиканың басқарылуын қалпына келтіруге негізделді. Экономикалық реформаларды жүзеге асыру барысында әлемдік тәжірибе ескерілді, экономиканы нарықтың өзін-өзі реттеуі мен мемлекеттік реттеудің өркениеттік тетіктері оңтайлы түрде ұштастырылды. Нәтижесінде Қазақстанның Экономикалық саясат ТМД елдерінің ішінде алғашқылардың бірі болып өтпелі кезеңдегі экономиканың дағдарысын еңсеріп, экономиканың қарқынды өрлеуі жолына түсті, қоғам дамуының толғағы жеткен міндеттерін дәйектілікпен шеше бастады.

Сыртқы экономикалық саясат (СЭС) — бұл сыртқы экономикалық байланыстарды (СЭБ) реттеу тәртібін анықтау және елдің халықаралык еңбек бөлінісіне қатысуын оңтайландыру бойынша мемлекет пен оның органдарының нысаналы түрде бағытталған іс-әрекеттері.Сыртқы экономикалық саясаттың негізгі құраушыларына жататындар:

•  сыртқы сауда саясаты (құрамына экспорттық және импорттық  саясат кіреді);

•  шетел инвестицияларын  тарту және шетелдегі ұлттық капитал  салымдарын реттеу саласындағы саясат;

• валюталық саясат.

Сонымен бірге, сыртқы экономикалық саясат жекелеген мемлекеттермен, аймақтармен  сыртқы экономикалық операцияларды  жүргізудің географиялық теңестірілуі міндеттерін де шешеді, бұл іс елдің  экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысқан.Сыртқы экономикалық саясат — сыртқы экономикалық қызметті де (СЭҚ) реттейді, оның айрықша белгілеріне мыналар жатады:

•   тауарлар мен қызметтердің халықаралық сауда-саттығы;

• материалдық, ақша, еңбек  және интеллектуалдық ресурстардың халықаралық қозғалысы.

Көптеген мемлекеттерде  сыртқы экономикалық саясат құралдарының кең ауқымды жиынтығының болуы  — өздерінің сыртқы экономикалық байланысының құрылымы мен даму бағыттарын құруға ғана емес, сонымен бірге  басқа елдермен сыртқы экономикалық байланысы мен сыртқы экономикалық саясатын да белсенді түрде ықпал  етуге мүмкіндік береді. Сыртқы экономикалық саясат құралдарының бұл жиынтығын  саудалық-саяси механизм ретінде  қарастыруға болады.

Қазақстан тәуелсіздік алған  сәттен бастап экономикалық саясатты жүргізіп келеді, оның негізгі басымдықтары мыналар болып табылады: макроэкономикалық  тұрақтылықты, әлеуметтік қолайлылық пен ел экономикасын жаңғыртуды қамтамасыз ету. Ел экономикасын дамытудың заманауи үрдістері оң құрылымдық және институционалдық өзгерістермен сипатталады.2008-2010 жылдардағы әлемдік қаржы дағдарысы Қазақстандағы экономиканың өсу қарқынын баяулатты, алайда қабылданған дағдарысқа қарсы шешімдердің нәтижесінде елде макроэкономикалық және әлеуметтік тұрақтылық сақталуда.«Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарысы экономиканың өсу қарқынына ықпал етті, бірақ біздің дамуымызды тоқтатқан жоқ. Жинақталған экономикалық әлеует соңғы үш жылдың аса қиын дағдарыстық шайқасында бізге тұрлаулылықты қамтамасыз етті» «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Мемлекет басшысының 2010 жылғы халыққа Жолдауы.Өзгеріп отырған әлемде экономикалық саясатты жүргізу кезінде оза қимылдайтын, стандартты емес және жедел шаралар қабылдау қажет. Бұл үшін елдің ішіндегі сияқты әлемдегі ағымдағы экономикалық жағдайға тұрақты түрде мониторинг және талдау жүргізу керек. Орталық экономикалық саясаттың түрлі аспектілері бойынша талдамалық зерттеулер жүргізу бойынша өз қызметтерін ұсынады, олардың арасында мыналар бар: экономикалық өсу факторларын талдау және салалар мен өңірлердің макроэкономикалық болжамдары, талдау және даму үрдістері, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті проблемаларын зерттеу, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты талдау, елдің бәсекеге қабілеттілігін көтеру бойынша ұсынымдар әзірлеу.

              

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Экономикалық теория негіздері» Н.Балқияұлы, Алматы.
  2. «Экономикалық теория» С. Әкімбеков, А.С. Баймухаметов, У.А. Жанайдаров, Астана.
  3. «Эффективная экономика» К. Эклунд, Москва
  4. Экономикалық сөздік

 


Информация о работе Экономикалық теория және экономикалық саясат