Экономикалық теорияның қажеттіліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Сентября 2013 в 10:35, реферат

Описание работы

Дүниежүзіндегі экономистердің көбі экономикалық теорияны әмбебап теория деп атайды. Оқу пәні ретінде экономикалық теория, (экономика және саясиэкономия) қосалқы қорды қайта тапсыруға байланысты, өндірілетін және өндірілмейтін болып бөлінеді. Сонымен қосалқы қорды толтырудың көлемі мен деңгейінің шектеуі олардың өзара қарым-қатынасымен сипатталады, игілік сирек категория ретінде қарастырылады.

Файлы: 1 файл

экономика.docx

— 26.53 Кб (Скачать файл)

Кіріспе

    Дүниежүзіндегі экономистердің көбі экономикалық теорияны әмбебап теория деп атайды. Оқу пәні ретінде экономикалық теория, (экономика және саясиэкономия) қосалқы қорды қайта тапсыруға байланысты, өндірілетін және өндірілмейтін болып бөлінеді. Сонымен қосалқы қорды толтырудың көлемі мен деңгейінің шектеуі олардың өзара қарым-қатынасымен сипатталады, игілік сирек категория ретінде қарастырылады. Қолда бар игілік сол кездегі тұтынуды қанағаттандыруға  толық көлемде жетпеуі мүмкін, ол әр кезде орын алады. Егер, аз ғана игілікпен тұтынуды толық қамтамасыз етеміз деп елестетсек, онда нақты анық болады, экономикалық субъектілердің бір мезгілде болатын тұтынуы сол қаржымен толық қанағаттандырылса да, молықтырылған тұтыну, негізінен, жетіспеушілік болып қалатыны анық болды. Мынадай салыстырмалы тұтынудың шектеулі игілігі жетіспеушілік игілік категориясын құрайды.

    Көп жақты тұтынуды шектеулі қаржыда қанағат ету  мүмкін, шындығында барлығын толық қанағаттандыру мүмкін болмайды. Демек, әрбір экономикалық қимыл нақты жағдайды анықтайды. Қанағаттандыру үшін:

   - мүмкіншіліктің бір, не бірнеше болу жағдайына байланысты одан шығатын қорытынды: экономикалық проблеманы шешу кезінде, экономикалық тұрғыдан тиімді баламалы вариантты таңдау керек. Мұндай жағдай, егер нақты экономикалық субъектілер бар болса, сол уақытта мүмкін болады, баламалы варианттардың арасындағы мүмкіншілікті таңдау үшін тұтыну тоқталмайды, сондықтан өндірістік айырбас, бөлу, тұтыну әр уақытта қайталанып, олардың бірлігі мен өзара байланысы ұдайы өндірісті құрайды. Осымен байланысты экономика іргелі даму жағдайында экономиканың айналыс сипатын алады. Әрбір экономикалық әрекет тұтынуды тануы тиіс;

   - тұтынуды салыстырмалы және уақытша қанағаттандыру шеңберінде болмай қалмайтын қайта бастау, ұлғаю, күрделену, тереңдеу жағдайлары әр уақытта тұрақты жағдайға айналады. Басқа жағынан, біздің қаржы тұтынуымызды толық қамтамасыз етуге (ресурстар мен технология) практикалық тұрғыдан шектелген. Шектеу әр түрлі жағдайда болуы мүмкін.

Ең алдымен игіліктің сан  жағынан ара-қатынасы әртүрлі болады, табиғи жағдайға байланысты, аз не көп  кездеседі. Осыдан кейін адамдар  жасайтын материалдық игіліктер  шектеулі болады. Ол қайта өңдеу  мүмкіншілігіне, сол жағдайдағы материалдық  игіліктің қосалқы қордың шектеулі болуына және оны сол кездегі  қайта өңдеу мүмкіндігіне байланысты болады.

Экономикалық  теорияның қажеттіліктері

   Экономикалық қажеттілік – адамдарды өз мұқтаждарын қанағаттандыру мақсатында белсенді қызмет етуге мәжбүр ететін қозғаушы күш болып табылады. Қажеттіліктерді қанағаттандыру деңгейіне қарай жаңа қажеттіліктер туады. Оның құрылымы, саны, сапасы, өзгеріп отырады. Қажеттіліктердің үздіксіз өсуі адамдардың экономикалық эволюциясының көптеген деректерімен дәлелденді. Әр бір 10 жыл сайын тұтыну тауарлары мен қызметтердің түрлері екі есеге өсіп отырады. Мұндай экономикалық заңдылық қжеттіліктердің өсу заңы деп аталады. Қажеттіліктердің түрлері:

    Алғашқы (төменгі) — қажеттілік адамдардың өмір сүруіне ең алғаш керек қажеттіліктер. Оларға толық киім, баспана т.б жатады.

   Екінші реттік (жоғарғы) қажеттіліктер. Екінші реттік (жоғарғы) қажеттілік – бұл адамның рухани жағдайы, әлеуметтік ортасы, интелектуалдық деңгейіне байланысты пайда болатын қажеттіліктер. Бұл қажеттіліктерді альтернативті (таңдау) қажеттіліктері деп те атайды. Мысалы: кітаптар, сәнді киімдер, қымбат бұйымдар, сондай-ақ білімге мәдениетке қажеттіліктер. Қанағаттандыру түріне қарай қажеттіліктерді жеке және ұжымдық деп бөлуге болады.

   Жеке қажеттіліктер – бұл жеке адамның өзін қанағаттындыра алатын қажеттіліктер. Мысалы: киім, тамақ, мұздатқыш, машина т.б тауарлар сатып алуы.

   Ұжымдық қажеттіліктер — өмірде жеке бір адам қанағаттандыруға мүмкін емес,көп шығын қажет ететін қажеттіліктер бар. Оларды көпшілік көмегімен ұжымдық түрде қанағаттандырады. Ұжымдық қажеттіліктерді қанағаттандыру жөнінде шешімдерді басқару органдары қабылдайды.

    Экономикалық игіліктер – бұл қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатындағы нәрселер мен заттар. Олардың біреулері шексіз түрде болады. (Мысалы: ауа). Оларды еркін игіліктер деп атайды, басқалары шектелген оларды экономикалық игіліктер деп атайды. Экономикалық игіліктер заттар  (тауарлар) мен қызметтерден тұрады. Қызметтердің заттай тауарлардан айырмашылығы:

  1.Олардың өндірісі мен тұтынылуы бір мезгілде болады

  2.Оларды мұраға қалдыруға болмайды.

  3.Оларды сақтауға немесе жинақтауға болмайды.

Экономикалық  теорияның функциялары

   Экономикалық теорияның бірнеше функциясы бар:

  1. Танып – білу функциясы - қоғамдық экономикалық процестер мен құбы-лыстарды терең, әрі жан-жақты зерттеп бөлуі және түсіндіруі тиіс.
  2. Дүниетанымдылық көзқарас функциясы – экономикалық құбылыстардың сипаттамасына тіршілік позиция құруына жағдай жасайды.
  3. Ғылыми болжам функциясы - ғылыми болжам жасап және қоғамдық дамудың болашағын айқындайды.
  4. Практикалық функция – нақты принциптерді және шаруашылықтың тиімді әдістерін жасаумен, сондай-ақ мемлекеттің саясатын ғылыми дәлелдеумен түсіндіреді.

5. Методологиялық  функция – экономикалық теория барлық экономиканың ғылыми жүйесі үшін методологиялық негіз болып табылады. 

    Экономикалық теория басқа экономикалық ғылымдармен өзара байланысы арқылы шектелмейді, қоғамның табиғи кешеніне, сонымен бірге техникалық ғылымдарға да әсер етеді, адамдардың шаруашылық қызметінде оларды пайдаланудың тиімді нәтижесін анықтайды. Бұл экономикалық социологияға қатысты, мәдени экономия, химия ғылымының экономикасы, металлургия салаларының экономикасы т.с.с. экономикалық ғылымның ішкі саласы қолданбалы ғылымдардың барлық салаларымен байланысты. Бұл ғылымдардың техника мен технологиясының интегралдық байланысының дамуына әсер етеді, бұл жағдай келешек инженер кадрларды дайындауға, техникалық шешімді тиімді пайдалануға өте қажетті.

    Келесі функциясы прагматикалық және практикалық-болжамалы. Экономикалық әдебиеттерде бұл екі түсінікке бір жағдайда талдау жасау керек. Практиканы алдын-ала жасалған болжамнан бөліп қарастыру қоғам өлшемін  жағымсыз жағдайға әкелу мүмкін. Толық жағдайда негізделмеген және ғылыми  бағдарлама жасалмаған оның көп варианттылығын шешуді экономикалық практикада валюнтаризм деп атайды. Бұл вариант қоғам шығынына әкеледі.

    Экономикалық теория басқа ғылымдар сияқты танымның әр түрлі формаларын қолданады. Олардың барлығы шаруашылық өмірді зерттеу әдістерінен тұратын ғылыми методологияны құрайды. Ол әдістер жалпы ғылыми және жеке болып бөлінеді.

   Жалпы ғылыми әдістер – бұл көне грек философтары негізін салған және кейінгі буын ғалымдары дамытқан диалектикалық материалистік қағидалар. Олар бір-біріне тәуелді, қайшылықты түрде дамытып, ұдайы қозғалыста болады. Бұл процестерді зерттеу барысында тарихи және логикалық тәсілдер қолданылады. Тарихи әдіс құбылыстардың пайда болып, дамып және бірінің орнын бірі басқанын тізбекті талдауға жағдай жасайды. Логикалық (теориялық) тәсіл тарихи құбылыстардың тарихи дәлме-дәл даму жолы емес. Ол зерттеліп отырған құбылыстың мәнін ұғыну мен асбтракциялауды, яғни олардың болмысы мен қасиеттерін жорамал түрде таза зерттеуді көздейді. Осының негізінде бұл құбылыс жайында ғылыми түсінік пайда болады, яғни логикалық түсінік немесе тауар, баға, ақша, акция, бәсеке т.б.сияқты экономикалық категориялар қалыптасады. Зерттеудің осындай әдісін ғылыми абстракция деп атайды. Ғылыми-техникалық жекелеген әдістерге: байқау, синтездеу мен анализдің көмегімен алынған материалды өңдеу, индукция мен дедукция, заңдар мен категориялар жүйесін құру, оларды тексеру, тәжірибе-сынақтар жүргізу, модельдер құрастыру, олардың математикалық формализациясы және т.б. жатады. Математикалық модельдер индивидиумды көрсетеді. Альферд Маршаллдың көрсетуінше «Экономикалық ғылым жеке және қоғамдық қызметтің сол бөлігін, негізінен, материалдық игіліктің жасалуын және пайдалануын зерттейді».

    Рейман Барр «Экономикалық ғылым – бұл сирек ресурстарды басқаруды, адамдардың тәртіптік формаларын және оны пайдалануды сансыз көп шектелмеген тұтыну қамтамасыз ететіндігін зерделейтін ғылым» деп жазды.

Экономикалық ғылым – бұл  білімнің жиыны, қоғамда үстемдік құратын  шаруашылық идеологиясының құрамдас базасы және экономикалық ойларды қалыптастырушы. Қазіргі кезде экономикалық ғылым экономикалық құбылыстар мен процестерді түсіндіріп болжаушы, экономикалық игілікті пайдалану және жасау тенденциясының үрдісінің заңдылығын қарастырушы маңызды әлеуметтік институт. Экономикалық теория экономикалық ғылымның құрамдас бөлігі болып саналады. Шаруашылық практикасының тәжірибесін талдайды және экономикадағы табиғи процесті реттеу шаруашылық қызметінің аясы ретінде қоғам мен индивидиумның тұтынуын қажеттіліктерін қанағаттандыру жағдайын зерттейді.

Экономикалық теорияның зерттеу  әдістері

    Экономикалық динамиканы және статиканы зерттеу мен талдаудың екі амалы қалыптасқан: зерттеуді ұдайы өндірістік бағытта жүргізу және байланыстар мен тәуелділіктерді экономикалық өсу бағытынан зерттеу. Кеше ғана ұдайы өндірістік бағыт экономикалық өсудің марксистік теориясы деп, ал экономикалық өсу бағыты-ұдайы өндірістіктің біршама, буржуазиялық теориясы деп тұжырымдалатын.Зерттеудің осы екі бағыттарының екеуінеде ортақ қасиеттері және олардың айырмашылықтарын сипаттайтын қасиеттері болады. Оларды зерттеуде өндіріс құрал-жабдықтары, жұмыс күші, жұмыс және бос уақыт, жалпы қоғамдык өнім, ұлттық табыс және басқадай ортақ категориялар мен көрсеткіштер қолданылады.

    Бірақ, бұлардың айырмашылықтары да бар. Біріншіден, ұдайы өндіріс теориясы өндірістің динамикасын оның өсімінің қарқынымен есептеспей зерттейді. Мұндағы басты мәселе — қоғамдық өндірістердің бірінші және екінші бөлімдерінің байланыстарының пропорциялары. Ал осыдан темптер шығарылады. Экономикалық өсу темптері бастапқы деп және пропорцияларды белгілейді деп тұжырымдалады. Осының объективтік негізін қоғамдық қажеттілік құрайды. Сөйтіп, экономикалық өсу теориясында себепті-салдарлы байланыстардың керісінше сипаты болады.

Екіншіден, болжамдайтын деңгей үшін ұдайы өндірістік негізі деп динамиканың бір жылдық мерзімі алынады. Міне, осылай бір жылдық циклда жасалған игіліктердің сомасы ретінде жиынтық қоғамдық өнім белгіленеді. Экономикалық өсуді есептеудің негізін "ұзын толқындар" құрайды және ол ұдайы өндірістің бірнеше циклдарынан түрады. Осы мерзімде темптердің жалпы тенденциясының сипаты бұрынғыдай, немесе, одан төмен тұрақтылықта болады. Үшінші айырмашылық — экономикалық өсу жүйесінде бос уақыт өсудің резерві, өсу потенциалының құрамдас бөлігі болып табылады. Бос уақыт — бұл адам капиталы дамуы үшін қажет кеңістік болып табылады. Ұдайы өндірісті талдауда бос уақытты еленбейді, бос уақыт аз болған сайын жұмыскерді қанау дәрежесі жоғары деп есептеледі. Өмір үшін қоғамның дамуына қажет ресурстардың шектелген жағдайында экономикалық өсу процесінде қалыптасатын қатынастар мен заңдылықтарды экономикалық теория зерттейді. Пәннің ерекшелігі зерттеудің методологиясы мен методтарының ерекшелігін тудырады. Методология дегеніміз-экономикалық жағдайларды зерттеуде қолданылатын жалпылама әдіс, белгілі философиялық көзқарастар тұрғысынан қарағанда ол субъективтік, диалектикалық-материалистік, эмпирикалық, рационалистік және т.б. бағыттарды қолдануды талап етеді. Бұл методология адамдардың таптық құрамына қарамастан, экономикалық жүйені тұтас зерттеп, осының негізінде экономикалық өркениеттің объективтік рационалистік заңдар ашып зерттеуді талап етеді. Құрал ретінде математикалық эконометрика, кибернетика пайдаланылады. Зерттеу нәтижесі экономикалық үлгілер, схемалар, графиктер пайда болады. Рационалистік әдіс объективтік шындықты талдаудың тұрақты динамикада жүргізілуін тілейді. Бұған өндіріс, болу, айырбас және тұтынушыдың ішкі байланыстары мен заңдарын зерттеу тәсілі жатады.

    Рационалистік және аналитикалық әдістердің өзара байланыстары әсіресе ұдайы өндіріс пен экономикалық өсу процестері талдауда толық байқалады. Позитивтік әдіс экономика ғылымының белгілі бір философиясын құруды, экономика туралы білімді тұжырымдауды, фактілеу суреттеп баяндау және жүйеге келтіру негізінде экономикалық ортаның даму заңдары мен категорияларын ашуды, тәжірибе қолдануды, нарықтық байқау-бақылауды талап етеді. Демек, экономикалық ғылымның философиясы бұйрық-әкімшілік, нарық жүйелерінің тепе-теңдігі және эволюциясы туралы ілімді, олардың құрылымы мен инфрақұрылымы туралы ілімді қалыптастырады.

    Танып білудің нормативтік әдісі адамдардың барынша жоғары үнемділік принциптерге негізделген практикалық әрекеттерін талдауды талап етеді. Бұл әдістің басты принципі шаруашылық іспен шұғылданатын барлық субъектердің пайдасын көздейтін нәтижеге жету болады. Экономикалық өмір нақты жағдайдағы фактілердің жиынтығы болып табылады. Сондықтан бұл әдісті қолдану үшін, неғұрлым жоғары дәрежені талдап, қорытынды шығару дәрежесіне көтеруді тілейді. Экономикалық құбылыстарды талдау экономикалық құбылысты, оның жеке элементтеріне бөліп және әр элементті тұтас құбылыстын қажетті құрамды бөлігі деп зерттеуді талап етеді. Ал синтез құбылысты алдымен әр бөліктен тұратын құрылым деп, бұдан кейін осы элементтердің біртұтас қосылуымы деп зерттеп, жалпы қорытынды шығарады.

   Экономикалық теорияда қолданылатын әдістердің ішінде эксперимент пен экономикалық реформа елеулі рөл атқарады. Олардың зерттеудегі орны ерекше болады және жан-жақты дайындықты, терең болжауды дәлелдеуді, ғылыми сынақ өткізуді тілейді. Міне, ғылыми талдауды және экономикалық мәселелердің оптималдық шешімдерін іздестіруді ұйымдастырудың негізгі әдістері мен тәсілдері осындай болады.


Информация о работе Экономикалық теорияның қажеттіліктері